Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы




Скачать 449.38 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
страница3/4
Дата конвертации20.11.2012
Размер449.38 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі. Ішкі секреция бездері (3 сағат)
Ішкі секреция бездері. Гармондар. Гуморальды реттелу. Гипофиз. Қалқанша без. Қалқансерік безі. Тимус (айырша без). Бүйрекүсті бездері. Аралас бездер. Қарынасты безі. Жыныс бездері. Ағзаның қызметінің реттелу жолдары.
Көрсетілім:

Ішкі секреция бездері салынған кесте, рельефті кесте «Ішкі секреция бездері».

Жүйке жүйесі (5 сағат)
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі. Рефлекс – жүйке қызметінің негізі. Жұлынның құрылысы және қызметі. Бас мидың құрылысы және қызметі. Үлкен ми сыңарлары. Вегетативті жүйке жүйесі (симпатикалық, парасимпатикалық). Жүйке жүйесінің гигиенасы.
Көрсетілімдер:

Кестелер «Жүйке жүйесінің құрылысы», жұлынның суреті салынған кесте. Кесте «Бас ми», диафильм «Бас мидың құрылысы және қызметі».
Практикалық жұмыстар:

№1.Адамның рефлекторлы реакциясын зерттеу.

№2.Тізе рефлексін бақылау.
Сезім мүшелері (3 сағат)

Сезім мүшелерінің құрылысы және маңызы. Рецепторлар. Көру анализаторы. Көздің құрылысы және қызметі. Көру сезімінің пайда болуы. Аккомодация. Көздің рефракциясы. Көру қызметінің бұзылуы. Жақыннан, алыстан көргіштік. Көз гигиенасы. Есту мүшесінің құрылысы және қызметі, оның гигиенасы. Тепе – теңдік, бұлшық ет сезімі, сипап сезу, иіс және дәм сезу мүшелері.

Көрсетілімдер:

Кесте «Көру анализаторы»; ылғалды препараттар: «Ірі сүтқоректінің көзі», құрастырылатын көз моделі; кестелер: «Есту анализаторы», «Иіс сезу және дәм сезу мүшелері».

Тірек-қимыл жүйесі (6 сағат)

Адамның тірек-қимыл жүйесі, оның құрылысы. Адам қаңқасы, адам және жануарлар қаңқасының ұқсастығы. Еңбек ету және тік жүруге байланысты адам қаңқасындағы ерекшеліктер. Сүйектердің байланысу түрлері. Сүйектің құрылысы, құрамы және қасиеті, сүйектің өсуі. Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Бұлшық еттер. Бұлшық еттердің құрылысы және қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттің жұмысы. Бұлшық ет қызметіндегі жүйке жүйесінің маңызы. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қажу, белсенді демалыстың маңызы. Тірек-қимыл жүйесінің дамуы үшін дене шынықтыру жаттығуларының маңызы. Омыртқа жотасының қисаюы мен түйе табандылықтың алдын алу.
Көрсетілімдер:

Адам және сүтқоректі жануарлардың қаңқалары, бассүйектері, сүйектері, омыртқалары, кестелер «Сүйектің құрылысы», «Сүйектердің байланысу түрлері», диафильм «Буындар». Кестелер «Адамның бұлшық еттері», «Қаңқа бұлшық еттері», «Адам ағзасына дене шынықтыру жаттығуларының әсері», «Омыртқа жотасының қисаюын алдын алу», «Жалпақ табандылықтың алдын алу», қарапайым шендеуіштер, байлам материалдар, орамалдар.
Практикалық жұмыс:

№3. Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
Қан және қан айналым (11 сағат)

Ағзаның ішкі ортасы (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа) және оның салыстырмалы тұрақтылығы (гомеостаз туралы). Қан құрамы. Қан плазмасы. Тромбоциттер. Қан ұю ағзаның қорғаныштық реакциясы. Эритроциттер және лейкоциттердің құрылысы мен қызметтері. Иммунитет. Иммунитет туралы ілімнің қалануына И.И.Мечниковтың қосқан үлесі. Қан топтары. Қан құю. Донорлық.

Қан айналым мүшелері: жүрек және тамырлар (салатамыр, көк тамыр, қылтамыр). Жүрек, оның құрылысы және қызметі. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Тамыр бойымен қанның жылжуы. Қан қысымы. Лүпіл. Жүрек және қан тамырлар қызметінің реттелуі. Лимфа айналым. Жүрек және қан тамырлар ауруларының алдын алу шаралары. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек. Шылым шегудің және ішімдіктің жүрек және қан тамырларына зиянды әсерлері.ЖҚТБ және басқа да жұқпалы аурулар және олармен күрес.
Көрсетілімдер:

Кесте «Қан», диафильм «Қанның құрылысы және қызметі», микроскоптар, адамның және бақаның қандарының микропрепараттары, кестелер.«Қан айналым жүйесі», «Жүрек», «Қан айналымның сызбанұсқасы», тонометр және фонендоскоп, «Қан кету және оның түрлері», «Байламдардың негізгі түрлері», байламды дәкелер.
Практикалық жұмыстар:

№ 4 Тамыр лүпілін анықтау.

№ 5 Салатамыр қысымын өлшеу.

№ 6 Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.
Тыныс алу ( 3 сағат)

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасулар. Тыныс алу қозғалыстары. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік – гуморальды реттелуі. Тыныс алу мүшелеріне қоршаған ортаның әсері. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу шаралары. Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы. Шылым шегудің тыныс алу мүшелеріне зиянды әсері. Ауаны таза сақтау.
Көрсетілімдер:

Көмекейдің моделі, кесте «Тыныс алу мүшелері», диафильм «Тыныс алу қозғалыстарының реттелуі», спирометр.
Зертханалық жұмыс:

№3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.
Практикалық жұмыстар:

№ 7.Тыныс алу қозғалыстары.

№8.Тыныс алу және қан айналым жүйелерінің қызметтеріндегі өзара байланыс.
Ас қорыту жүйесі (7 сағат)

Ас қорыту жүйесінің маңызы. Маңызды қоректік заттар және тамақ өнімдері. Ас қорыту жүйесінің құрылысы және қызметі. Ауыз қуысында тамақтың қорытылуы. Тістің құрылысы және оның гигиенасы. Сілекей бездері. Ас қорыту ферменттері және олардың маңызы. Ас қорыту мүшелерінің жұмысын зерттеудегі И.П.Павловтың еңбегі. Қарында және ішекте тамақтың қорытылуы. Бауыр және қарынасты бездері, олардың ас қорытудағы маңызы. Қоректік заттардың сіңірілуі. Ас қорыту процестерінің реттелуі. Тамақтан улану. Дұрыс тамақтану және денсаулық. Ішек-қарын ауруларының алдын алу шаралары. Шылым шегудің және ішімдіктің ас қорыту мүшелеріне зиянды әсері.
Көрсетілімдер:

Кестелер «Ас қорыту жүйесінің құрылысының сызба нұсқасы», «Тістер», рельефті кесте «Ас қорыту мүшелері».
Зертханалық жұмыс:

№ 4. Сілекейдің астың қорытылуына әсері.
Зат және энергия алмасу (3 сағат)

Зат және энергия алмасуға жалпы сипаттама. Пластикалық және энергетикалық алмасу, олардың өзара байланысы. Май, белок, көмірсу, су және минералды тұздардың алмасулары. Ішімдіктің, улы заттардың және есірткінің зат алмасу процестеріне әсері.

Дәрумендер. Зат алмасу процесіндегі маңызы. Гиповитаминоз. Гипервитаминоз. Тамақ өнімдерінде дәрумендерді сақтау шаралары. Тамақтану нормасы. Дұрыс тамақтану.
Көрсетілім:

Бейнефильм «Пластикалық және энергетикалық алмасулар».

Практикалық жұмыс:

№ 9 . Тәуліктік тамақ мөлшерін анықтау.
Зәр шығару жүйесі (4 сағат)

Зәр шығару жүйелерінің мүшелері, олардың қызметтері. Несептің түзілуі. Несеп түзілуінің реттелуі. Зат алмасудың соңғы өнімдерінің ағзадан шығарылуының маңызы.

Көрсетілімдер:

Кестелер «Зәр шығару жүйесі», «Сүтқоректілердің бүйрегінің құрылысы», бүйректің нақ пішіні.
Тері (3 сағат)

Терінің құрылысы және қызметі. Жылу реттеудегі терінің маңызы. Ағзаны шынықтыру. Тері гигиенасы. Киімге, аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Шаш гигиенасы. Тері аурулары. Күн өткенде, күйген кезде, үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
Көрсетілімдер:

Рельефті кесте «Адамның терісі», «Тері» туралы кестелер.
Көбею және даму ( 4 сағат)

Көбею. Көбею мүшелер жүйесі. Жыныстық ерекшеліктер. Ұрықтану және құрсақта даму. Нәрестенің дүниеге келуі. Баланың өсуі және дамуы. Ішімдіктің, никотиннің және басқа факторлардың ұрпаққа әсері. Соз ауруларын және ЖҚТБ-ны алдын алу шаралары.
Мінез – құлық және психика. Адам денсаулығы (8 сағат)

Адамның мінез-құлқы. Жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі туралы И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың ілімі. Шартсыз және шарты рефлекстер. Шартты рефлекстің қалыптасуының және тежелуінің биологиялық маңызы. Адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметінің ерекшеліктері. Сөйлеу және ойлау. Сана – мидың қызметі. Ерік – жігер, ес, эмоциялар, зейін. Тұлғаның жеке ерекшеліктері: қабілеттілік, мінез, темперамент. Биологиялық ырғақ. Ұйқы, оның маңызы және гигиенасы. Табиғи және әлеуметтік ортаға адамның бейімделуі. Адам ағзасына қоршаған ортаның әсері.

Көрсетілімдер:

«Бас ми» кестесі, адам миының құрастырмалы моделі, шартсыз және шартты рефлекстер доғасының сызба нұсқасы.
Жалпы биология негіздері
9 сынып

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Кіріспе (2 сағат)

Биология ғылым ретінде. Ғылымдар жүйесіндегі биологияның алатын орны.Әлемнің ғылыми бейнесін түсінудегі биологияның маңызы. Биологиялық зерттеу әдістері. «Тіршілік» ұғымы. Тіршіліктің мәні туралы қазіргі ғылыми түсініктер. Биология ғылымының адам іс-әрекетіндегі маңызы.

Көрсетілімдер:Қазақстандық ғалым - биологтардың суреттері; Биологияның басқа ғылымдармен байланысы туралы сызба нұсқалар.
Тірі организмдердің жалпы құрылымдық принциптері (17 сағат)

Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері (2 сағат)
Тірі табиғаттың негізгі құрылымдық деңгейлері (молекулярлық, жасушалық, организмдік, популяциялық - түрлік, биогеоценотикалық және биосфералық). Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері: зат және энергия алмасу, өзіндік реттелу, тітіркенгіштік, қозғыштық, қозғалыс, өсу және даму, ырғақтылық.
Жердегі тіршіліктіктің пайда болуы (2 сағат)

Тіршілік дамуының бастапқы кезеңдері. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.
Тірі ағзалардың химиялық құрамы ( 3 сағат)
Тірі ағзалардың химиялық құрамы. Органикалық және анорганикалық заттар. Белоктың биосинтезі. Биополимерлер – нуклейн қышқылы.
Жасушаның құрылысы мен қызметі (3 сағат)
Жасуша – тіршіліктің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Жасушаның химиялық құрамы. Жасушаның негізгі компоненттері. Мембрана мен ядроның құрылысы мен қызметі. Цитопалазма және оның негізгі органойдтары.

Олардың жасушадағы қызметі. Прокариоттар мен эукариоттар. Жасушаның бөлінуі. Митоздың биологиялық мәні. Мейоз.

Жасушады заттың алмасуы мен энергияның түзілуі (3 сағат)
Зат алмасу-тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі. Пластикалық алмасу -анаболизм. Энргетикалық алмасу - катоболизм. Тірі ағзадағы заттар алмасудың түрлері. Табиғаттағы зат алмасу.

Тірі ағзалардың реттелуі және гомеостаз (2 сағат )

Тірі ағзалардың өздігінен реттелуі. Гомеостаз. Тірі ағзалардың термореттелуі.
Тітіргенгіштік және қозғалу (2 сағат)

Тітіркенгіштік – тірі ағзалардың жалпы қасиеті. Тітіркенгіштікке тән негізгі сипаттама.
Тірі ағзалардың жеке дамуы және көбеюі (4 сағат)

Тірі организмдердің көбеюі (2 сағат)
Организм көбеюінің түрлері. Өсімдік және жануарлардың жыныссыз көбеюі. Өсімдіктер мен жануарлардың жынысты көбеюі.
Ағзалардың жеке дамуы (2 сағат)

Онтогенез туралы түсінік. Организмнің өсуі мен дамуы.
Ағзалар тіршілігінің жалпы заңдылықтары (40 сағат)

Эволюция ілімі (14 сағат)
Дарвинге дейінгі органикалық дүние эволюциясы туралы ілім

(2 сағат)

Эволюция туралы түсінік. Органикалық дүние эволюциясы. Оның негізгі бағыттары. Дарвинге дейінгі биологияның дамуы. К.Линней, Ж.Б.Ламарк.
Ч.Дарвиннің түрлердің шығуы туралы теориясы (3 сағат)
Ч.Дарвин - эволюция ғылымының негізін қалаушы. Эволюцияның қозғаушы күштері: жасанды сұрыптау, тіршілік үшін күрес, өзгергіштік, тұқым қуалаушылық, ағзалардың бейімделуі. Биологиялық прогресс және регресс. Биологиялық прогреске жету жолдары. Органикалық дүние дәлелдемелері.
Микроэволюция (2 сағат)

Түр, түрдің пайда болуы. Түрдің популяциялық құрылымы. Популяция түр тіршілігінің формасы, генетикалық жүйесі және эволюция бірлігі. Популяция санының реттелуі, оларды сақтаудың негізі.
Макроэволюция (2 сағат)

Эволюцияның негізгі бағыттары. Биологиялық эволюцияның заңдылықтары.
Жердегі тіршіліктің дамуы (2 сағат)

Органикалық дүниенің тарихи дамуы. Архей, протерезой, палеозой, мезозой, кайнозой эраларындағы тіршіліктің дамуы. Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Сүт қоректілердің эволюциясы.

Антропосоциогенез (3 сағат)

Адамның шығу тегі. Тірі табиғаттағы адамның алатын орны. Адам эволюциясыынң даму кезеңдері: ежелгі, ертедегі және қазіргі адамдар. Антропосоциогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары. Ақылды адам. Нәсілдердің шығуы және оның бірлігі. Адамның биоәлеуметтік мәні. Адамдардың бейімделуі.
Генетика және селекция негіздері (10 сағат)

Белгі бойынша тұқым қуалау заңдылықтары (4 сағат)
Генетика ғылымы, мақсаты және міндеті. Генетеиканың даму тарихы. Генетика ғылымына үлес қосқан ғалымдар: Г.Мендель, Т.Морган, Н.И.Вавилов. Ген, түқымқуалаушылық, өзгергіштік туралы ұғым. Доминантты және рецесивті белгілер. Гомозигота және гетерезиготалар. Тіркестік тұқым қуалау. Мутацияның мәні, себептері және мысалдары. Мутацияның жіктелуі. Мутагенді факторлар. Генотип және фенотип. Генофонд туралы түсінік. Медицинадағы гентиканың маңызы.
Адам генетикасы (2 сағат)

Тұқым қуалаушылықтың зерттеу әдістері. Гнеотип және адам денсаулығы. Генотипке зиянды заттардың әсері. Адамдағы тұқым қуалайтын аурулар. Генетиканың әлеуметтік мәселелері.

Өсімдіктер, жануарлардың және микроорганизмдер селекциясы

(4 сағат)

Өсімдіктер мен жануарлардың селекциясы, олардың міндеттері. Өсімдіктердің жаңа сорттарын және жануарлардың жаңа тұқымын шығарудың әдістері, олардың генетикалық негіздері. Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары туралы ілімі. Өсімдік селекциясының жетістіктері. Полиплоидия. Гендік инженерия. Биотехнология. Қазақстан сұрыптаушыларының жетістіктері.

Ағзалар мен ортаның арақатынасы (16 сағат)

Экологияға кіріспе (2 сағат)
Экология пәні, мақсаты және міндеттері. Экологияның даму тарихы. Экология бөлімдері. Дүние жүзінде, соның ішінде Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер.
Тірі ағзалар және орта факторлары (3 сағат)

Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы. Экологиялық факторлар (абиотикалық, биотикалық, антропогендік). Ағзаға әсер етуші факторлар (оптимум, минимум, максимум, пессимум). Шектеуші факторлар. Қоршаған орта факторларының бір-біріне әсері. Ағзаға әсер ететін факторлар. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.
Табиғи бірлестіктердің, экожүйелердің және популяция экологиясы

(3 сағат)

Популяция. Экожүйе бірлестігі. Бірлестіктің дамуы. Тірі ағзалар тұрақтылығының негізгі заңдары.

Өнеркәсіптік ландшафтар және ауылшаруашылық өндірістердің экожүйелері. Агроценоздар. Қала экологиясы. Табиғатты қорғау мәселелері. Табиғат ресурстарын үнемді пайдалану және қорғау. Адам өзінің практикалық іс-әрекетіне экологиялық білімдерін қолдануы.
Биосфера және оның құрылымы мен қызметі (3 сағат)

Биосфераның өнімділігі. Табиғаттағы зат айналымы және биосферадағы энергия ағыны. Биосфера және экожүйелерді қорғау. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Адамзат үшін биосфераның рөлі.
Биосфера және адам (2 сағат)

Адамның іс-әрекетімен болатын биосферадағы ауқымды өзгерістер (озон тесіктерінің кеңеюі, булану эффектілері, қышқыл жаңбырлар және т.с.с.) Биосфераны қорғау.

Қазақстанда табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын үнемді пайдалану (3 сағат)

Қазақстандағы табиғат ресурстары және оларды пайдалану. Антропогендік іс-әрекеттердің Қазақстан табиғатына әсері. Қазақстанда табиғатты қорғау. Қазақстаннның қызыл кітабы.
Қорытынды (1 сағат)

Уақыт қоры (4 сағат)
Зертханалық жұмыстар:

№1.Өсімдік және жануар жасушаларын салыстыру. Элодея жасушасындағы цитоплазма қозғалысы жылдамдығына сыртқы орта факторларының әсері.

№2.Ас бұршақ, бұршақ тұқымдарының әр түрлі сортының ерекшелік белгілерімен танысу.

№3.Өзгергіштік түрлерін зерттеу, варияциялық қатар қисығын түзу (Өсімдік жапырақтарының мөлшері және оқушылардың антрометрлік көршеткіштері мысалында).

№4.Қоршаған ортатынң экологиялық жағдайына ағзалардың бейімделуін анықтау.
Топсеруен:

1.Тұрғылықты өлкенің өсімдіктері мен жануарларының көп түрлілігін, биологиялық құбылыстарын зерттеу.

2.Қоршаған ортаның жай-күйіне баға беру.

3.Саябақ жасанды биогеоценоз үлгісі ретінде.
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница