Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы




Скачать 449.38 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
страница4/4
Дата конвертации20.11.2012
Размер449.38 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

III. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
6 сынып оқушылары:


  • өсімдіктер мен жануарлардың клетка құрылысының айырмашылықтарын;

  • өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жалпы құрылысының ерекшеліктерін;

  • өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтар мен бактериялардың жалпы құрылымын;

  • табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін;

  • экологиялық факторларды, организмдердің қоректену ортамен өзара байланысын;

  • тірі организмдердің өзара қатынасын, қоректену тізбегін;

  • табиғи және жасанды қауымдастықты;

  • өсімдік және жануарлар жасушасының құрылыс ерекшеліктерін; бір және көпжасушалы организмдердің;

  • табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігінің себептерін;

  • өсімдік және жануарлар организмінің жалпы құрылысын түсіндіруі керек;

  • табиғатта және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтай алуы;

  • жеке бас гигиенасы, жұқпалы және паразитті аурулардан сақтану ережелерін біледі;

  • бөлме және мәдени өсімдіктерді өсіру технологияларын, жануарларға күтім жасай алу дағдыларын меңгереді;

  • лабораториялық экспериментті жеке практикалық жұмыстарды жеке дара немесе топ ішінде орындай алуы;

  • жеке клеткалар мен ұлпаның микроскопиялық құрылысын оқып-үйренеді;

  • тірі табиғат объектілермен, муляждармен, микропрепараттармен жұмыс жасайды.


7 сынып оқушылары:

  • вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың ішкі және сыртқы құрылыстарын сипаттайтын негізгі биологиялық ұғымдарды;

  • органикалық дүние жүйесін;

  • тірі организмдерді жүйелеу принциптерін, тірі табиғаттың көптүрлі болу және күрделену себептерін;

  • тірі организмдердің негізгі жүйелік топтарының (вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың) жалпы сипаттамасын;

  • вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың өкілдерін;

  • тірі организмдердің қоректену ортасына бейімделуіне байланысты тіршілік ерекшеліктерін;

  • тірі организмдердің негізгі бірлестіктерін, организмдердің тіршілік ортасымен өзара байланысын;

  • тірі организмдердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін;

  • жергілікті жердегі өсімдіктер мен жануарлардың Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін;

  • жергілікті жердегі өсімдіктердің, жануарлардың түрлерін, мәдени өсімдіктердің, үй жануарларының қолтұқымдарын түсіндіре және сипаттай алады;

  • вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың құрылысын және тіршілік әрекеттеріндегі өзара байланысын;

  • тірі табиғаттың көптүрлілік себептерін және Жер бетіндегі биологиялық көптүрлілікті сақтау қажеттігін;

  • тірі организмдердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу белгілерін;

  • Жер бетіндегі тірі организмдердің жойылу себептерін болжай алады;

  • микроскоптың құрылысын, зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережелерін;

  • зертханалық құрал-жабдықтармен, биологиялық нысандармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы тиіс;

  • зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстарды жеке және топпен жүргізе алуы тиіс;

  • ұлпалар мен жеке жасушалардың құрылысын микроскоп арқылы зерттей алуы тиіс;

  • тірі табиғаттың нысандарымен, нақпішіндерімен, микропрепараттармен жұмыс істей алуы тиіс;

  • органимздердің тіршілік орта жағдайларына бейімделу белгілерін ;

  • организмдердің өсу және даму процесінде жүретін өзгерістерді;

  • өсімдіктер мен жанауарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді сипаттай алуы тиіс;

  • алынған нәтжелерді қорыта білу және оларды сипаттама, сурет, сызбанұсқа түрінде көрсете алуы тиіс;

  • экожүйелердің құрылымына әсер ететін факторларды;

  • экожүйелердің биотикалық ортасының ерекшеліктерін;

  • вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар арқылы таралатын аурулардың алдын алу шараларын білуі тиіс;

  • өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясын, олардың шығу тегін болжай алады;

  • түрлі организмдердің адам өміріндегі рөлін;

  • қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін;

  • өсімдіктердің әртүрлі тұқымдастарының айырмашылық белгілерін түсіндіре алады;

  • анықтауыштың көмегімен жергілікті кең тараған өсімдіктер мен жануарларды;

  • адамға қауіп төндіретін өсімдіктер мен жануарларды;

  • жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтарды танып, сипаттай алуы тиіс;

  • әртүрлі табиғи бірлестіктердегі тірі организмдерің түрлік құрамын анықтай алады;

  • өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігіне, олардың тіршілік ортасына адам әрекетінің әсерін негіздей алады;

  • табиғи және жасанды бірлестіктердегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ерекшеліктері туралы білімдерін оларды шаруашылық және басқа да мақсатта өсіруге қолдануға;

  • вирустар мен бактериялар туралы білімдерін тағамдық өнімдерді сақтауға, жануарлар мен адамның түрлі ауруларының алдын алуға пайдалана алуы тиіс;

  • табиғатта және жасанды бірлестіктердегі тәртіп ережелерін;

  • биологиялық нысандармен, құрал-жабдықтармен, құралдармен жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін;

  • саңырауқұлақтармен, өсімдіктермен, жануарлармен кездескендегі қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы тиіс.


8 сынып оқушылары:

  • адам ағзасының және қоршаған ортаның өзара байланысын;

  • жасушалардың тіршілік әрекетіндегі негізгі процестерді және құрылысындағы ерекшеліктерін;

  • ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйесінің құрылысындағы және атқаратын қызметіндегі ерекшеліктерін, олардың жүйкелік-гуморальды реттелуін, сүтқоректілердің және адамның мүшелер жүйесіндегі ұқсастық және айырмашылық белгілерін;

  • әлеуметтік өмір салты және тік жүру, еңбек етудің нәтижесіндегі, адам ағзасындағы ерекшеліктерін;

  • биосферадағы адамның орнын;

  • физиологиялық процестердің маңызы (қоректену, тыныс алу, зәр шығару, ас қорыту, қан айналым, көбею, өсу, даму, зат алмасу және энергия өзгеруін);

  • адам ағзасындағы негізгі мүшелердің орналасуын;

  • -омыртқа жотасының қисаюы, түзу мүсіннің бұзылуы және түйетабандылықтың дамуының себептері мен жолдарын көрсетеді біледі;

  • біртұтас ағзадағы мүшелер жүйесінің өзара байланысын дәлелдеп түсіндіреді;

  • адам денсаулығын сақтайтын және нығайтатын факторларды ашып көрсетеді;

  • кестелерден адамның мүшелер жүйесін және мүшелерді танып біледі;

  • адам мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметтеріндегі өзара байланысты таба біледі;

  • еңбек және демалыс тәртібін, рационалды тамақтану ережесін, гигиенаны сақтайды;

  • адам ағзасына дене еңбегінің және спорттың әсерін, шылым шегудің және ішімдіктің, есірткінің зиянын түсіндіреді;

  • адам денсаулығына қоршаған орта факторларының әсерін сараптайды;

  • эволюция процесіндегі тірі ағзалардың құрылысын дағы күрделенулерін және адам ағзасының құрылысына байланысты құрылым деңгейлерін негіздейді;

  • зертханалық және практикалық сабақтарда микроскопты қолдануды біледі;

  • зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізеді;

  • микроскопты пайдаланады, өз бетінше бақылау жүргізеді;

  • микропрепараттармен, нақ- пішіндермен жұмыс жасайды;

  • адамның жеке мүшелер жүйесінің қызметтерін зерттейді;

  • дұрыс тамақтану нормасын анықтайды;

  • алған білімдерін талдайды және оларды сипаттама, суреттер, құрылымды сызбанұсқалар түрінде ұсынады;

  • жұқпалы ауруларды алдын алу және сақтану шараларын: ішек – қарын, ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар, соз аурулары және ЖҚТБ біледі;.

  • тірек-қимыл, тыныс алу және қан айналу жүйелеріне белгілі факторлардың әсерін түсіндіреді;

  • тірек – қимыл жүйесі жарақат- танғанда, қан кеткенде, үсік шалғанда, күйген кезде, суға батқан жағдайда, күн өткенде алғашқы көмек көрсетеді;

  • топсеруен кезінде улы жәндіктер, жыландар шаққан кезде және басқа да қауіпті аурулармен ауырған жағдайда алғашқы көмек көрсетеді;

  • тамақтан уланғанда алғашқы көмек көрсетеді;

  • денсаулыққа байланысты негізгі тазалық талаптарын түсіндіреді.

  • гиподинамиямен күресуде белсенді демалыстың қажеттілігін негіздейді;

  • қоршаған орта жағдайына қарай адам іс - әрекетінің нәтижелерін сараптайды;

  • адам денсаулығын және биосфераны сақтауға бағытталған шараларды негіздей алады;

  • биосфераны сақтауға бағытталған шараларды негіздей алады.


9 сынып оқушылары:

    • тірі ағазалардың жалпы белгілерін;

    • биология пәні және оның міндеттерін;

    • биологияның ғылым ретіндегі дамуының кезеңдерін;

    • тіршіліктің құрылымдық деңгейлерін;

    • жасушалық теорияның негізгі қағидаларын;

    • Прокариот және эукариот жасушаларының жалпы құрылысын;

    • жасушадағы тіршіліктің негізгі процестерін;

    • жасуша бөлінуінің негізгі тәсілдерін;

    • жасушадағы органикалық және анорганикалық заттардың негізгі рөлін;

    • тіршіліктің негізгі қасиеттерін;

    • жеке даму заңдылықтарын;

    • генетика пәні және оның зерттеу әдістерін;

    • өзгергіштік, тұқымқуалаушылық, генотип, фенотип, мутация құрылымдарының маңызын, рөлін;

    • тұқымқуалаушылыққа қоршаған орта факторларының зиянын, әсерлерін;

    • тұқымқуалаушылық, өзгергіштіктің түрлерін;

    • органикалық дүние эволюциясының дәлеледемелерін;

    • жердегі тіршіліктің даму кезеңдерін;

    • Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидаларын;

    • эволюцияның қозғаушы күштерін;

    • ағзалардың бейімделуін;

    • түрдің пайда болуын;

    • антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторларын;

    • ертедегі, ескі және қазба адамдардың негізгі ұқсастықтарын;

    • экология пәні және міндеттерін;

    • экология факторларын;

    • экожүйенің құрылымы мен қызметін;

    • популяция, түр, экожүйе, биоценоз, биосфера құрылымдарының мәнін;

    • адам іс-әрекеттерінің экожүйеге әсерін;

    • табиғатты тиімді пайдалану және оны қорғаудың ғылыми негіздерін;

    • табиғатты қорғаудың халықтық салт-дәстүрлерін түсіндіре немесе сипаттай алуы керек.

    • биолгия пәні және оны зерттеудің негізгі әдістерін;

    • биологияны зерттеудің нысандарын;

    • түрдің жалпы белгілерін;

    • биологияның даму кезеңдерін;

    • жердегі тірі ағзалардың көптүрлілігін пайда болу себептерін;

    • эволюцияның себептері мен нәтижелерін;

    • биологияның дамуына отандық және шетелдік ғалымдардың қосқан үлестерін;

    • биолгияның дамуына үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдардың аттарын атауы тиіс.

    • Биологиялық көптүрліліктің рөлін;

    • табиғат бірлестіктерін қорғауды;

    • биосферадағы тетеп-теңдіктің сақталуын;

    • эволюция процесіндегі тірі ағзалар құрылысындағы құрылымдық күрделену мысалдарын;

    • табиғи экожүйелерге адам іс-әрекеттерінің әсерін;

    • мутагендік факторлардың қоршаған ортаға тәуелділігін негіздей алуы керек.

    • Зат алмасу процестерінің арақатынасын;

    • тірі ағзалар үшін өзгергіштіктің әртүрлі формаларының маңызын;

    • тұқымқуалаушылыққа есірткі заттардың, радияцияның қолайсыз әсерлерінің себептерін;

    • тірі ағзаларға экологияның зиянды әсерлерін;

    • тіршілік жағдайларына тірі ағзалардың бейімделуін;

    • өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарынан көптүрліліктің шығу себептерін;

    • қоректену тізбегінің сызбанұсқасын түсіндіре алуы керек.

    • Эволюция процесіндегі өсімдіктер мен жануарлардың күрделенуіне;

    • табиғи және жасанды бірлестікке;

    • қоректену ортасына өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне;

    • кең тараған өсімдік сорттары мен жануарлар тұқымдарына мысал келтіре алу керек.

    • Ағзалардың жасушалық құрылысына;

    • органикалық дүние бірлігіне;

    • эволюция прцесіндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің күрделуіне,

    • адамның шығу тегіне қорытынды жасай алу керек.

    • Бірлестіктің ауысуын түсіндіру үшін экологиялық білімді;

    • биологиялық зерттеу құралдарын және қарапайым әдістерін;

    • биологиялық нысандарды, құралдарды, аппараттарды;

    • биологиялық нысандар, құралдармен жұмыс істеген кездег қауіпсіздік ережелерін;

    • ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, анықтағыштарды, анықтау материалдарын қолдана алуы керек.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Негізгі орта мектептегі «Биология» пәнінің базалық мазмұнына сәйкес оқу үрдісін оқушылардың оқу және танымдық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Білім берудің басты ерекшелігі - әртүрлі іс-әрекеттердің түрлеріне байланысты оқушы іскерлігінің қалыптасуына ықпалын тигізетін білімдер мен біліктерді өздігінен игеруге қабілеті бар оқу үрдісінің субъекті ретіндегі оқушының рөлін жоғарылату болып табылады.

Сондай-ақ биологиялық білім беру бағдарламасының оңтайлығы тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпыбиологиялық заңдылықтар мен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі орта деңгейінде-ақ олардың жалпы білімдік дайындығының толық болуын қамтамасыз етуінде, яғни негізгі орта деңгейде биология біртұтас курс түрінде оқытылып, оның мазмұны дидактикалық дәстүрлі ұстанымдар мен бірге, тіршілікті тұтас жүйемен қарастыратын концентрлі және «абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу арқылы тану» дейтін дамыта отырып оқыту идеясының тұжырымдамалық іргелі ұстанымдарына орай қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесі негіздерін тұтастай қамтиды. Мектепте биологиядан білім берудің түйінді бағыттарының бірі білім берудің әлеуметтік-мәдениетке бағдарлануы, яғни, мұғалімдер ең алдымен оқушының құндылық-бағдарлы әрекетін қалыптастыруды, шығармашылық қабілетін дамытуды көздеуі қажет.

«Биология» оқу пәнінің зерттеу объектілері ретінде тіршіліктің молекулалық, жасушалық, ұлпалық, организмдік, популяциялық-түрлік және биогеоценотикалық-биосфералық деңгейлері қара стырылады. Биология курсындағы тірі жүйелер құрылымдық-қызметтік (молекулалық деңгейден биосфераға дейін) жүйелілік-құрылымдық және экологиялық-эволюциялық тұрғыда оқытылады. Сондай-ақ биологияны оқытудағы ерекше орынды биоәлеуметтік және өз еңбек іс-әрекеттерімен қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға ретінде қарастыру жатады.

Сонымен қатар ұсынылып отырған бағдарлама тіршілікті жоғары құндылық ретінде түсінетін, дүниенің ғылыми бейнесіндегі тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын; теорияларды, заңдарды, зандылықтарды, ұғымдар жүйесін, биологияның ғылыми және логикалық таным әдістерін жеткілікті меңгерген; салауатты өмір сүруге, өндірісті экологиялауға, сан-алуан экожүйелер мен түрлерді қорғауға, сақтауға өз білімін тиімді қолданатындай біліктілігі бар биологиялық және экологиялық сауатты тұлға дайындауға бағытталған. Тұлғаның дамуын қаматамасыз ететін, өзінің биологиядан алған білімдерін әр-түрлі салаларда белсенді іс-әрекеттері арқылы қолдана алатындай мақсатты анықтау және биологиядан білім беруді соған мақсаттандыру болып отыр.

«Биология» пәнінің негізгі мазмұны оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай. Мектептегі биологияның жаңа әдістемесіндегі тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттестік қарым-қатынас, оқушы тұлғасы дамуының қисыны мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімнің жалпы мәдениетегі орнын анықтайтын гуманизация идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны, құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделген. Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес оқу үрдісінде білім мазмұнының мынандай құрамдас бөліктеріне:

- тірі табиғат туралы алғашқы ұғымдардың болуы, қарапайым деңгейде биологиялық ұғымдардың дамуына;

  • тірі организмдердің құрылысы және қызметі туралы түсініктің болуы, олардың көптүрлілігі және қоршаған ортамен байланысы, яғни жүйелі түрде биологияны суреттеу деңгейінде оқытуға;

- тірі организмдердің жалпы биологиялық даму заңдылықтары, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәні ашуға, биологиялық көптүрлілікті пайдаланудың маңызы және биосферадағы тепе-теңдікті сақтау, алдыңғы оқыған оқу материалдарын жалпылауға ерекше назар аударылу қажет.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақты рухани-мәдениетпен қанықтыру үшін биология ғылымының жетістіктерін, қоршаған ортаны қорғау мәселесінде мәдени мұра, салт-дәстүрлерді білу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады.


1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница