Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері




Скачать 248.11 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Дата конвертации20.11.2012
Размер248.11 Kb.
ТипДокументы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
10-11 сыныптар

қоғамдық-гуманитарлық бағыт


Астана 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ

жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Ибраева А.С., Жусанбаева Г.М., Асанбекова Г.С., Лактионова С.Н.


Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы

10-11 сыныптарға арналған «Құқықтану негіздері» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 18 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І. ТҮСІНІК ХАТ
Бұл бағдарлама «Адам және қоғам» білім аймағының құрамды бөлігі болып табылады. Әр адамға, оның мамандығы мен кәсіп түріне қарамастан, жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі болып табылатын- заңи білім қажет. Бұл білім: демократия, адам құқықтары, кәсіп түрін таңдау еркіндігі, заң мен саяси тәртіпті құрметтеу сияқты құндылықтарға сүйенеді. Оқушылардың құқықтық білім негіздерін меңгеруі- біздің қоғамда жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижеге жетуінің маңызды шарты бола отырып, өмірдегі нық сенімділік, өз құқықтарын қорғай білуі мен құқықтық тәртіпті меңгерудің басты өлшемінің кепілдігі.

Бағдарламаны жасауда Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаевтың халыққа Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында еліміздің дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы басым бағыттары ескерілді. Бағдарлама Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы мен жалпыға бірдей міндетті білім берудің мемлекеттік стандартының ережелеріне сай жасалды.

«Құқықтану негіздері» пәні - Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы, Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесі, құқық салалары негіздері, адам құқықтары, сот, прокуратура және өзге құқыққорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам құру мәселелері, құқықтық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар мәлелелерін қарастырады.

Құқықтану негіздері саяси- құқықтық білім жүйелеріне сүйенген, күрделі және ерекше аспектіде өркениеттер мен қоғам дамуының, өзара құқықтық қатынастарда кешенді құқық субъектілерімен әрекеттескен, ғасырлар бойы өз халқы сүйеу болып келген мұраны күш-қуат етіп, заңға сүйенген тұғырнамасын қалайды.

Құқықтану негіздері оқу пәнінің мақсаты: құқықтық жағдаяттар туралы терең де кешенді ұғым беру мен оның аясында дұрыс бағыт ұстау біліктілігіне үйрету. Өзара байланыс пен қарым- қатынастағы құқық үрдісін, оның адамдар өміріне әсер ету ерекшеліктерін көрсету. Заңды түрде маңызы бар тәртіптерді, оларға себеп болар мүдде мен құқықтық жазбалардағы ережелерді саналы түрде сақтау мен қамтамасыз ету механизмін ашу.

Міндеттері:

-мемлекет пен құқықтың адам өміріндегі әлеуметтік орнын белгілей отырып, ел алдындағы белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда оның саяси тегі мен рөлін көрсету;

-негізгі заң түсініктері мен ұғымдарын меңгеру;

-әлеуметтік өмірдің негізгі аясына (экономика, саясат, еңбек, отбасы және т.б.) қатысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің механизмін ашу;

-адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, биліктің бөлінуі, заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты әлеуметтік және құқықтық құндылықтар туралы негізгі тұғырнамалық түсінікті қалау;

-адамдардың өз тәртібі мен әрекеттерінің қоғамдық салдарын сезіне білуде, заңды іс-әрекет ету мен әлеуметтік жауапкершіліктің критерийлерін анықтау;

-оқушылардың белсенді түрде өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану, оны заңдық тәсілдермен қорғай алу білімі мен дағдысын қалыптастыру;
Пәні бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «Құқықтану негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

10 сыныпта аптасына- 1 сағат, оқу жылында-34 сағат;

11 сыныпта аптасына- 1 сағат,оқу жылында – 34 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Вариативті бөлігі оқу уақытының бос мерзіміне, бағдарламаға сәйкес (жалпы орта білім беру сатысының барлық оқу сағаттарының мөлшерімен 14% ) тағайындалады. Вариативті бөлігі құрылымының ұстанымдарын оқу бағдарламасы мен оқулықтардың авторлары немесе пән мұғалімінің өзі (егер оның қолында дәл сондай үлгідегі немесе жұмыс бағдарламасы болса) анықтайды. Сонымен бірге, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың авторлары берілген оқу материалын негізгі тақырыптық бөліктерге бағдарламаға сәйкес бөліп, оқу материалын оқытуда сабақтастықты анықтай отырып, оқушыларды әлеуметтендіру, әрекеттендіру, дамыту тәсілдерін білім, білік дағдысы жүйесінде қалыптастыруына болады.

Құқықтық мемлекет құрудың бастамасын - ұзақ ғасырлар бойы адамзаттың жинақтап келген терең құқықтық құндылықтарын бойына сіңірген, құқықтық санасы жетілген, демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан әсіресе, жастар қалыптастырады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өкілдерін құқықтық білім берудің басты назарындағы қазіргі қоғамның табиғи, ажырамайтын құндылықтары- адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары туралы қаруландыру қажет.

«Құқықтану негіздері» пәні бағдарламасы бағдарлы мектептегі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға ұсынылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты: мектеп оқушыларына, олардың әлеуметтік, мүліктік және өзге жағдайларына қарамастан, құқықтанушылық білімдер тобынан қатардағы азаматқа үнемі қажет болатын ең маңыздыларын іріктеп алып игеруіне мүмкіндік береді. Біздің мемлекетіміз құқықтық қоғам құру бағытын ұстанып отырғанда, құқықтық білімдерді жеткілікті көлемде меңгеріп қана қоймай, оны практикада қолдана білудің маңызы ерекше. Қоғам жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге, оларды заң талаптарын орындауды үйретуге, жастар арасында кұқық тәртібінің үнемі сақталуына қол жеткізуге мүдделі. Құқықтық білімді жас азамат өз құқықтарын қорғауды білумен қатар, құқықтық, демократиялық, азаматтық қоғам құруға белсенді түрде қатыса алады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ
ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ

10-сынып

(аптасына- 1 сағат, оқу жылында- 34 сағат)
Кiрiспе (1 сағат).

1-тақырып. Конституциялық құқық (10 сағат).

Конституциялық құқық ұғымы. Конституциялық құқықтың бастауы және оның жүйесi. Конституциялық-құқықтық нормалар.

Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың Конституциялық- құқықтық мәртебесi. Азаматтардың конституциялық-саяси құқықтары. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Конституциялық-құқықтық мәртебесi. Қазақстан Республикасындағы сот билiгiнiң құқықтық жағдайы. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң құқықтық мәртебесi.

Сайлау құқығы ұстанымдары. Сайлау еркiндiгi. Жалпыға бiрдей, тең, тура, жанама сайлау құқығы. Жасырын дауыс беру. Сайлау жүйелерi. Сайлау үрдісi. Орталық, аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының құзiретi мен қызметiнiң ұйымдастырылуы. Сайлау комиссиясының мүшесi.

Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмi және оны жасау ретi. Сайлау алдындағы үгiт. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы. Сенiмдi өкiлдер. Сайлаудың мемлекет тарапынан және басқа көздерден қаржылануы. Сайлау кампаниясын жүргiзуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау.

Дауыс беру ретi. Сайлаушы. Сайлау бюллетенi. Әр дауыстың рөлi мен маңызы. Дауыс берудi ұйымдастыру және жүргiзу. Дауыстарды санау және дауыс беру қорытындысын шығару. Сайлау еркiндiгiнiң кепiлдiгi. Сайлау кампаниясы кезiнде кандидаттардың еркiн қызметi кепiлдiгi.

Сайлау еркiндiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк органдардың қызметi. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының бұзылғаны үшiн жауаптылық. Электронды сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзудiң ерекшелiктерi. Дауыстарды санау, сайлау қорытындысын шығару. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң өткен сайлаудың дұрыстығын қарауы.

(Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 28.09.1995 ж.).
2-тақырып. Әкiмшiлiк құқық (6 сағат).

Әкiмшiлiк құқық түсiнiгi және оның мақсаты. Әкiмшiлiк құқық жүйесi және оның бастауы. Әкiмшiлiк-құқықтық норма ұғымы: құрылымы, түрлерi. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар ұғымы. Әкiмшiлiк құқық субъектiлерi: азаматтар және қоғамдық бiрлестiктер. Мемлекеттiк қызметкерлер. Атқарушы билiк органдары. Кәсiпорындар мен мекемелер.

Әкiмшiлiк жауапкершiлiк ұғымы және оның ерекшелiктерi. Әкiмшiлiк құқықбұзушылық, оның белгiлерi мен құрамы. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және оның түрлерi. Әкiмшiлiк жазаны қолдану тәртiбi. Әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босату. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауапкершілігі.

(Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексi, 2001 ж, 30 қаңтар)
3-тақырып. Отбасы құқығы (6 сағат).

Неке және отбасы ұғымы. Туысқандық және туыстардың түрлері. Неке мен отбасын қорғау. Некеге тұру шарты, тәртiбi. Неке жасы. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары. Неке шарты.

Некеге тұруға кедергiлер. Некенiң жарамсыздығы. Жалған неке.

Некенiң бұзылуы және оның негiздеу. АХАЖ органдарында некенi бұзу. Сот арқылы некенi бұзу. Некенi бұзудың құқықтық салдарлары.

Ата-аналардың балалар алдындағы және балалардың ата-аналары алдындағы құқықтары мен мiндеттерi. Алименттiк қатынастар. Алимент тағайындау. Алименттiк мiндеттемелердi тоқтату.

Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi. Бала асырап алу. Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымдары. Баланы патронаждық тәрбиеге беру.

(Неке және отбасы туралы заң. 17 желтоқсан 1998ж.)
4-тақырып. Еркiн еңбек құқығы ( 8 сағат).

Еркiн еңбек құқығы туралы ұғым. Еңбек туралы заңдар. Кәсiп және кәсіпті таңдау. Мекемелер. Мекемелердің түрлері, шаруашылық, мекемелер мен ұйымдар.

Еңбек шарты. Еңбек шартының мерзiмдерi. Жұмысқа алған кездегi сынақ мерзiмi. Еңбек шартын бұзу тәртiптерi. Еңбек шартын бұзудың қосымша негiздерi.

Жұмыс уақытының түрлері. Толық емес жұмыс күнi. Түнгi уақыттағы жұмыс. Ауысымды жұмыс. Мейрам күндерiндегi жұмыс. Еңбектi қорғау түсінігі. Еңбеккерді қорғаудағы заңды кепiлдiктер. Еңбектi қорғау стандарттары, ережелерi мен нормалары.

Еңбек тәртiбi ұғымы. Әкiмшiлiктiң еңбек тәртiбiн ұйымдастырудағы мiндеттерi. Еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық. Кәмелетке толмағандардың еңбегi. Еңбек даулары және олардың түрлерi. Еңбек дауларын шешетiн жауапты ұйымдар.

Жалақы ұғымы. Жалақыны төлеудің негізгі жүйесі. Әлеуметтік қорғау ұғымы және оның түрлері.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң жеке және ынтымақтастық жүйелерi. Зейнетақы қорлары.

(ҚР Еңбек кодексі 15.05.2007 ж.).
5-тақырып. Экологиялық құқық (2 сағат).

Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi ұстанымдары. Экологиялық құқықтың негiзгi көздерi. Адамның салауатты, жайлы табиғи қоршаған орта құқығы. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi халықаралық және республикалық ұйымдар, олардың қызметi. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заңдылықтарды бұзғаны үшiн жауаптылық.

( ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар, 2007 ж )

Қайталау (1 сағат).

Барлығы 34 сағат

ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ
11-сынып

(аптасына 1сағат, жылына 34 сағат)

Кiрiспе (1 сағат).

6-тақырып. Азаматтық құқық (10 сағат).

Азаматтық құқық ұғымы. Азаматтық құқықтың қайнар көздерi. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес қатынастардың реттелуi. Жеке тұлға. Заңды тұлға. Құқыққабiлеттiлiк. Әрекетқабiлеттiлiк.

Меншiк құқығы. Меншiктiң түрлері. Мемлекеттiк меншiк. Жеке меншiк. Зияткерлік (интеллектуалдық меншік) құқығы. Авторлық құқық. Меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету. Меншiк құқығының пайда болуы және тоқтатылуы. Меншiк құқығының қорғалуы.

Мiндеттеме құқығы. Мiндеттемелердiң орындалу тәртiбi мен ерекшелiктерi. Мiндеттемелердiң пайда болуы және тоқтатылуы. Азаматтық-құқықтық жауаптылық. Моральдық және материалдық зиянның орнын толтыру.

Шарт ұғымы. Шарттың түрлерi. Шарттың жасалу, орындалу және күшiн жою тәртiптерi.

Мұралану ұғымы. Заңмен және өсиетпен мұралану.

(Азаматтық кодекс. Жалпы бөлiм. 27 желтоқсан 1994 ж. Ерекше бөлiм. 01.07.1999 жылғы)
7-тақырып. Қылмыстық құқық (10 сағат).

Қылмыстық құқық ұғымы және оның мақсаты. Қылмыстық заң. Қылмыстың белгiлерi. Қылмыстың белгілері. Қылмыс объектiсi және қылмыстың объективтi жағы. Қылмыс субъектiсi және қылмыстың субъективтi жағы. Қылмысы үшiн жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар. Қылмысы үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн жағдайлар. Қылмысы үшiн жауаптылықты ауырлататын жағдайлар.

Қылмысқа қатысу. Қылмысқа қатысудың түрлерi. Жеке адамға қарсы қылмыс. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс. Меншiкке қарсы қылмыс. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар. Адам және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс. Мемлекттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс. Мемлекет мүдделерiне қарсы қылмыс. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыс. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыс. Әскери қылмыстар.

Қылмыс iстеу сатылары. Қылмысқа қатысу. Қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылық. Қылмыстық жауаптылықтың түрлерi. Жаза ұғымы. Жазаның мақсаты. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. (ҚР Қылмыстық Кодексi, 1997 ж, 16 шілде).
8-тақырып. Азаматтық және қылмыстық iс жүргiзу құқығы (5 сағат).

Негiзгi ұстанымдары. Азаматтық iс жүргiзу құқығы қатынастарына қатысушылар және олардың құқықтары мен мiндеттерi. Қылмыстық iс жүргiзу құқығы және оның ұстанымдары.

Қылмыстық iс жүргiзу құқығы ұғымы және оның міндеттері. Кәмелетке толмағандардың азаматтық және қылмыстық iс жүргiзу үстiндегi құқықтары мен мiндеттерi.

(Азаматтық iс жүргiзу кодексi от 13.07.1999 г.; Қылмыстық iс жүргiзу кодексi 13.12.1997 г.).
9-тақырып. Құқық қорғау органдарының қызметiн ұйымдастырудың құқықтық негiздерi (4 сағат).

Құқық қорғау қызметi ұғымы және ұстанымдары. Құқық қорғау органдары. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi. Нотариат.

(Нормативтiк-құқықтық актiлер: 1. Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесi туралы заң – 20.12.1995 ж.; 2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы заң - 21.12. 1995 ж.; 3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы заң – 21. 12. 1998 ж.; 4. Қазақстан Республикасындағы Адвокатура туралы заң – 05.12.1997 ж.. 5. Қазақстан Республикасындағы Нотариат туралы заң – 14.07.1997ж.)
10-тақырып. Халықаралық құқық (3 сағат).

Халықаралық құқық туралы жалпы түсiнiк. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқықтық қатынастар субъектiсi. Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен келісімдер. «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы”. Бала құқығы және «Балалар құқығын қорғау туралы халықаралық Конвенция”. Адам құқығы мен еркiндiктерiн қорғау жөнiндегi Халықаралық ұйымдар. Еуропалық қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымы /ЕҚЫҰ/.

Қайталау 1 сағат.

Барлығы 34 сағат.

ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Конституциялық құқық” тақырыбы бойынша:

Конституция, конституциялық заңдылық, конституциялық мәртебе, жасырын дауыс беру, сайлаушы, таңдаушы, сайлау алдындағы үгiт, сенiмдi өкiл, сайлау бюллетенi терминдерiн бiлу.

Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, мiндеттерiн, конституциялық құқықтың қайнар көздерiн, сайлау құқығы ұстанымдарын, сайлау органдарын атау.

Конституция мен заңдардың арақатынасына, жасырын дауыс беруге, сайлау комиссияларының қызметiне, сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiн жасау ретiне, дауыс берудiң жүргiзiлуiне, дауыстарды санауға және сайлау қорытындысын шығаруға, сайлауды қаржыландыруға сипаттама беру.

Парламент пен Yкiметтiң, Жоғары Сот пен Конституциялық Кеңестiң қызметтерiн салыстыру.

Конституциялық-құқықтық нормаларды; жалпыға бiрдей, тең, тура, жанама құқықты; сайлау еркiндiгi кепiлдiгiн, ҚР сайлау туралы заңдылығының бұзылуына жауаптылықты, сайлау кампаниясы кезiнде кандидаттардың қызметiне кепiлдiктi, Конституциялық Кеңестiң жүргiзiлген сайлаудың дұрыстығын қарауы мен бақылауын талдап түсіндіру.

Мемлекеттiк органдардың, адам және азаматтың конституциялық-құқықтық жағдайларын бағалау .
Әкiмшiлiк құқық” тақырыбы бойынша:

Әкiмшiлiк құқық, әкімшілік құқықбұзушылық, теріс қылық, көз жеткiзу, мәжбүрлеу, шара қолдану, мемлекеттiк қызметкер, лауазымды адам, тәртiп терминдерiн бiлу.

Әкiмшiлiк құқық субъектiлерiн, әкiмшiлiк жазаның түрлерiн, әкiмшiлiк мәжбүрлеу шараларын, атқарушы билiк органдарын атау.

Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтың түрлерiне, әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың құрылымына, әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға сипаттама беру.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн жағдайлар мен ауырлататын жағдайларды, әкiмшiлiк ескерту мен алдын алу шараларын салыстыру.

Әкiмшiлiк құқықбұзушылықты, оның белгiлерi мен құрамын, қамауға алуға, айып салуға санкция беретiн жағдайларды, әкiмшiлiк жаза қолдану ретiн талдап түсiндiру.

Өзiнiң әрекетсiздiгiмен құқық бұзушыға көмектесiп отырған адамның әрекетiне әкiмшiлiк құқық тұрғысынан баға беру.
Ерiктi еңбек құқығы” тақырыбы бойынша:

Еңбек шарты, контракт, сынау мерзiмi, еңбек демалысы, жалақы, кепiлдiк, айып, кәсiп, жұмыссыздық терминдерiн бiлу.

Кәмелетке толмағандар мен әйелдерге iстетуге болмайтын жұмыстардың түрлерiн, жұмысқа орналасқан кездегi сынақ мерзiмiнiң ұзақтығын, жалақы түрлерін атау.

Жоғары және төмен біліктілікті жұмысшылардың жалақы мөлшерiн; жеке, мемлекеттiк және басқа кәсiпорындардағы жалақылар көлемiн; бюджеттiк мекемелер мен жеке кәсiпорындардағы еңбек жағдайларын, акционерлік қоғамдар мен жеке мекемелер, өндірістік кооперативтер мен мемлекеттік мекемелерді салыстыру.

Еңбек шартын жұмысшы мен жұмыс берушi арасындағы келiсiм ретiнде, еңбек шартын бұзу ретiне, жұмыс уақытының түрлерiне, демалыстың түрлерiне, кәмелетке толмағандардың еңбегiне, еңбек дауларына, Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiне сипаттама беру.

Еңбектi қорғау ұғымын, еңбектi қорғау ережелерi мен нормаларын, еңбек тәртiбiнiң мәнiн, еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылықты, жұмысшының немесе әкiмшiлiктiң ынтасымен еңбек шартын бұзудi, сандық және бағалық жағынан мүлiктi иемдену көлемiне шек қойылмайтынын талдап түсiндiру.

Қоғамда қалыптасқан ахуалды ескере отырып, орташа статистикалық жұмысшының, зиялының және мемлекеттiк қызметкердiң еңбекақы көлемдерiне баға беру.
Отбасы құқығы” тақырыбы бойынша:

Неке, неке жасы, туыс, азаматтық хал актiлерi, қорғаншы және қамқоршы, алименттер, мүлiктiң шарттық режимi терминдерiн бiлу.

Отбасы түрлерін, ата-ана құқығынан айыратын факторларды атау.

Некеге тұрудың шарттары мен тәртiптерiне, ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына, азаматтық хал актілерін тірейтін орында немесе сотта некенi бұзу жағдайларына, ата-аналары болмаған жағдайдағы қорғаншы мен қамқоршының әрекеттерiне сипаттама беру.

Заңды және жалған деп аталатын некенi салыстыру.

Ата-аналардың балалары алдындағы және балалардың ата-аналары алдындағы құқықтары мен мiндеттерiн, алимент тағайындау мен алименттiк мiндеттiлiктiң тоқтатылу жағдайларын, ата-аналық құқықтан айыру реттiлiгiн талдап түсiндiру.

Жас аралығы алшақ адамдардың некеге отыру мүмкіндігін бағалау.
Азаматтық құқық” тақырыбы бойынша:

Кодекс, әрекетқабiлеттiлiк, құқыққабiлеттiлiк, заңды тұлға, жеке тұлға, шарт, патент, меншiк, авторлық құқық терминдерiн бiлу.

Азаматтық құқықтардың субъектiлерiн, азаматтық құқық объектiлерiн, меншiк түрлерін, азаматтық құқықтың қайнар көздерін, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушыларды атау.

Меншiк құқығына, меншiк құқығын қорғауға, мүлiктi иемденуге, пайдалануға, билiк етуге сипаттама беру.

Жеке және мемлекеттiк меншiктi, материалдық және моральды түрде зиян келтіруді салыстыру.

Интеллектуалдық (зияткерлік) меншiк ұғымын, азаматтық құқық ұғымын, мiндеттi орындау ретi мен ерекшелiгiн, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi, шартты жасау, өзгерту және тоқтату реттiлiгiн, заң және өсиет бойынша мұралану ретiн талдап түсiндiру.

Мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның мүлкiне адамның өз бетiмен билiк етуге тырысуын заңсыз әрекет ретiнде бағалау.
Қылмыстық құқық” тақырыбы бойынша:

Қылмыс, қылмыс субъектiсi, қылмыс объектiсi, кiнә, оқталу, абайсыздық, санкция, диспозиция, жаза, мәжбүрлеу жағдайы, қолсұғушылық, қорғану, ниеттену, қылмысқа қатысу, қамау, тәркiлеу, шартты түрде соттау, ескiру мерзiмi, қажеттi қорғаныс терминдерiн бiлу.

Қылмыстың негiзгi түрлерiн және соларға сәйкес жазалардың түрлерiн, жазаның мақсатын атау.

Жай, ауыр, аса ауыр қылмыстардың түрлерiн, қасақана, абайсызда және кездейсоқ жасалған қылмыстарды салыстыру.

Жеке адамға, меншiкке қарсы қылмыстарға және олар үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiне, мәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына сипаттама беру.

Қылмысқа дайындалу деп бағаланатын адамның әрекетiн; аяқталған қылмысты; аяқталмаған қылмысты; қылмыстан өз еркiмен бас тартуды; шын пейiлмен өкiнудi; отбасына, балаларға, адамгершiлiкке қарсы қылмысты; адамның конституциялық құқықтары мен бостандығына қарсы қылмысты; бейбiтшiлiк пен мемлекеттiк қауiпсiздiкке қарсы қылмысты; конституциялық құрылым мен мемлекеттiң мүдделерiне қарсы қылмысты; экономикалық қатынастар аясындағы қылмысты; әскери қылмысты талдап түсiндiру.

Терiс қылық, құқық бұзушылық пен мораль тәртiбiн бұзушылық мысалдарына қылмыстық құқық және моральдық талаптар тұрғысынан баға беру.
Азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқығы” тақырыбы бойынша:

Талапкер, жауапкер, үшiншi жақ, жәбiрленушi, жәбiрленушi өкiлi, сот өндiрiсi, мемлекеттiк айыптаушы, күдiктi, сарапшы терминдерiн бiлу.

Азаматтық сот өндiрiсiнiң мiндеттерiн, сот өндiрiсiнде қолданылатын ұстанымдарды, қылмыстық iс жүргiзу, сот өндiрiсiне қатысушыларды атау.

Азаматтық сот өндiрiсi үрдiсiне, қылмыстық сот өндiрiсi үрдiсiне сипаттама беру.

Азаматтық және қылмыстық iс жүргiзу сот өндiрiсiн салыстыру.

Сот өндiрiсi iс жүргiзу ұстанымдарын, кәмелетке толмағандардың қылмыстық iсi бойынша қылмыстық iс жүргiзу сот өндiрiсiнiң ерекшелiгiн талдап түсiндiру.

Қылмысты iс үрдiсiнiң нәтижелерi бойынша бiр мысал алып, соттың тәуелсiздiгiне баға беру.
Құқық қорғау органдары” тақырыбы бойынша:

Нотариат, құқық қорғау органдары терминдерiн бiлу.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын атау.

Қазақстан Республикасының Прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер миистрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Әдiлет миистрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметiне сипаттама беру.

Сот пен прокуратураның, Әдiлет министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгiнiң қызметтерiн салыстыру.

Жеке мысал алып, сот пен прокуратураның әрекеттерiн талдап түсiндiру.
«Халықаралық құқық”, «экологиялық құқық” тақырыптары бойынша:

Халықаралық құқық, экологиялық құқық терминдерiн бiлу.

Балалардың негiзгi құқықтарын, адам құқығын қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымдарды, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ұлттық және халықаралық ұйымдарды атау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы және адам құқығы туралы халықаралық құжаттардағы адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын салыстыру.

Қазақстанның экологиясы жөнiндегi ведомстволар мен ұйымдардың қызметiне, Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымына сипаттама беру.

Бала құқығын қорғау жөнiндегi халықаралық конвенция бойынша балалардың құқығын, Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясының мазмұнын, Қазақстан Республикасы балалардың құқықтары туралы Заңын, Қазақстан Республикасы азаматының экологиялық құқықтарының мәнiн талдап түсiндiру.

Қазақстан аумағындағы ауаның, судың ластануының аясында өз өлкесiнiң /қаласының/ экологиялық жағдайына баға беру.

ІҮ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адам құқықтарын оқытудың мектеп бағдарламасына енгізу қажеттілігі оқытуда оқушылармен жұмыс істеуге сәйкес келетін әдіс- тәсілдердің қарастырылуын талап етіп отыр. Тәжірибе дәлелдегендей, танымдық, эмоциялы құнды аспектілерді қамтыған жаңа технологияларды сабақта қолданбау мүмкін еместігін көрсетті. Оқытудың жаңа білімдік технологияларына:

  • Оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы. Бұл дидактикалық есептердің, тапсырмалардың, жағдайлардың берілуін, оны шешу жолдарын таңдау, қол жеткізген нәтижені диагностикалау мен бағалаудың кезеңдік ұйымдастыруын көрсетеді. Логикалық құрылымы қарапайымнан күрделіге, теориялықтан практикалық жағына немесе кері қарай;

  • Ойындық технологиялар. Бұл технологиялар білім үрдісіне қатысушы (мұғалім мен оқушы) субъектілердің белгілі бір сюжетті ( ойындар, ертегілер, қойылымдар, іскерлік жүздесу) анықтап, оны жүзеге асыруды қамтиды. Оқыту үрдісінде ойынның әр түрі қолданылады, олар: қызықты театрландырылған, іскерлік, рольдік компьютерлік және т.б;

  • Компьютерлік технологиялар. Бұлар « мұғалім-компьютер- оқушы» аумағында түрлі оқыту бағдарламасының көмегімен ( ақпараттық, тренингтік, бақылаушы, дамытушы) жүзеге асырылады;

  • Диалогтық технологиялар. Бұл технология коммуникативтік ортаны қалыптастыру арқылы, өзінің кеңістігін « мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «мұғалім-автор», « оқушы-автор» деңгейінде ынтымақтаса отырып, оқу-таным міндеттерін нақты қою мен шешу;

  • Тренингтік технологиялар. Оқу-таным әрекеттерінің алгоритмін анықтау, оқыту барысында берілетін типтік тапсырмалар мен міндеттерді шешудегі шешім тәсілдерінің қызмет жүйесін құрайды ( тесттер мен практикалық жаттығулар);

  • Өзін-өзі анықтау технологиясы- жеке тұлғалардың таңдау белсенділігін дамытушы және таңдау өрісінің шегін кеңейтуші ;

  • Модульдік технология- адам, табиғат, қоғамның, құқықтың өзара байланыстары мен даму заңдылықтарын тұтас қабылдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • Оқытудың жобалау технологиясы- Бұл жеке тұлғаны дамытуға бағытталған жүйе, ол оқушылардың әлеуметтік жобаларды жасауда өз бетінше жұмыс істеу, шығармашылық қабілетін шыңдау, ортаға үнемі ой тастап отыру сияқты сапаларын ашуға көмектесіп қана қоймай, мүдделері мен қажеттіліктерін де ескеріп отыруға мүмкіндік беретін технология;

  • Интерактивті технология- оқытуды әрекет немесе өзара әрекет арқылы оқыту, ол оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік, жұппен, топпен және ұжыммен жұмыс істеуге әрекеттендіреді.

  • Ақпараттық технологиялар. Өздігінен білім алу үрдісіндегі ақпаратты шұғыл алу және оны өңдеуге мүмкіндік береді;

  • Сапаларды қалыптастыру технологиясы -ұйымдастыру және көшбасшылық белсенділікті дамытушы.

Оқыту үрдісінде пәндік білім мазмұнын кезеңмен меңгеруде түрлі жұмыс формаларын қамтыған интегративті сабақтар өткізу көзделіп отыр.

Құқықты оқытудың әр түрлі формалары мектептегі құқықтық білім берудің сапасын көтеруге жол ашады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында күрделі құқықтық түсініктер, олардың қайнар көздері, құқықтың жіктелуі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құжаттарды түсінуі мен оны талдай алу мүмкіндігі бар.

Жоғарыда аталған кейбір технологиялар қоғамдық пәндерді оқытуда соңғы кезде кеңінен қолданылып жүр. Оның ішінде арнаулы, адам құқықтарын оқыту курстарында қолдантылатыны да бар. Бұл фронтальды оқыту, сызбалармен жұмыс, интеллектуалды тренингтер, құқықтық казустарды шешу, модельдеу, ашық және жабық сұрақтарды құрастыру, аргументтерді таңдау, салыстырмалы анализ, «ой талқыға салу», «мозаика немесе оймышты ара», эссе жазу, шығарма, баптармен жұмыс, рефераттар, баяндамалар құрастыру, БАҚ материалдарымен жұмыс, шағын және әлеуметтік жобалар құрастыру, оқу (жеңілдетілген ) соттары, викториналар, дебаттар, дискуссиялар, аукциондар мен түрлі мекемелерге бару.

Жиі қолданылып жүргендері: іскерлік ойындар, сөздік диктанттар, бақылау жұмыстары, заң тақырыбына шығарма мен толғау жазу, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс, дөңгелек үстелдер, жобалау техникасы, шағын семинарлар мен конференциялар өткізу.

Бұл әдістер мен тәсілдер оқу материалын оқушыға меңгертуде қажетті білім,білік пен дағдыларды қалыптастырып, әрі логикалық ойлауды дамытады. Құқықтық білім негіздерін өмірде қолдануды үйрену, түрлі жағдаяттарда құқықтық әрекет тәсілдерін жобалай алуға көмектеседі.

Жоғарғы сыныптың бағдарлы деңгейінде құқықты оқыту адвокат, сот, прокурор, нотариус, із кесуші, заң кеңесшісі сияқты кәсіби әрекеттерді оқушының өзінің ізденуі, құқықтық ақпараттарды қолдануы, құқықтық ұғымдар мен нормаларды салыстыра алу біліктілігі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, нақты құқық нормасын, құқықтық актілердегі мәтіннің мазмұнына, қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларға, заң көзімен сипаттай отырып бағалай алады. Белгілі бір құқықтық жағдаяттарда құқық нормасын қолдана отырып, соған қатысты қосымша айғақтарды пайдаланып, өз тұрғысын дәлелдей алады.

Мектеп оқушылары оқу және практикалық жаттығулар мен тапсырмаларды орындағанда құқық нормасына сай зерттеулер жүргізе отырып, өз бетімен оқу, зерттеу, пікіртаалсты жүргізе алу нәтижелеріне қол жеткізеді. Оқытудың нәтижесінде мектеп түлектері өз бетімен жеке заңи құжаттарды құрастырып, өздерінің кәсіби икемділіктеріне анализ жасап, оны дамыту мен жүзеге асыра алудың тәсілдерін біліп, ары қарай жоғарғы оқу орындарында заң кәсібін меңгеруге үлкен дайындықпен аттануға мүдделі болады.

Жоғарғы сыныпта құқық - жеке адамның әлеуметтік- гуманитарлық білім алуында маңызды компонентінің бірі саналып, жас өспірімдердің құқықтық әлеуметтенуін қамтамасыз ететін басым пәндердің қатарына жатады. Құқықтық білім алу азаматтық-құқықтық белсенділікті дамытуға, жауапкершілікті нақты сезінуге, құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталады. Құқықтық білім мектеп түлегінің қоғамдағы басты әлеуметтік рөлді (азамат, салық төлеуші, сайлаушы, отбасы мүшесі, меншік иесі, тұтынушы, қызметкер) нәтижелі атқару үшін құқықтық сауаттылық, құқықтық мәдениет негіздерін, заңды тәртіп дағдыларын меңгеру үшін қажет.

Бағдарлы оқу пәні ретінде құқық негіздері оқушылардың құқықтық құзіреттілігінің негізін қалайды. Бұл құзіреттілік әлеуметтік әрекеттерді білім, білік, дағды құндылықтары бірлігінде құрап кешенді сипат алады.

Адамның құқықтық құзіреттілігі (жас ерекшелігіне қарай) қолданылады:

  • Қоғамдық өмірдің басты салаларында құқықтық реттеудің маңызы ретінде;

  • Өмірдегі жағдаяттардың құқықтық аспектілерін анықтай алу мен оны құқықтық тәсілдермен шеше алудың мақсаттылығы ретінде;

  • Қалыптасқан құқықтық жағдайға анализ жасай алу қабілеттілігін заңдық іс жүргізудегі түрлі тұрғыны таңдай алуда;

  • Құқықтық ақпараттардың көптігі мен аздығын анықтай алуда;

  • Жасалған әрекеттердің құқытық салдарына қатысты шешім қабылдай алу дағдысында;

  • Мәселені құқықтық тәсілдермен шешудің механизмін қолдана білу мен басқа адамдарға құқықтық тараптан әсер ете алуында;

Оқу бағдарламасының құқықтық мазмұнына сай, өз мәніндегі нәтижеге жету үшін құқықты оқытуда оқушыларға қарым-қатынас қабілеттерін үйрету мен дамыту маңызды рөл атқарады. Оқытуда оқушылардың базалық қарым-қатынас құзіреттілігін дамытудың маңызы зор. Осыған сәйкес, құқықтанудан оқу бағдарламасының мазмұнында әсіресе, оқу практикумдары мен жұмыстың ойын түрлеріне басты назар аударған жөн. Ауызша және жазбаша жұмыстардың нақты, түсінікті болуы –практикалық құқықтың маңызды элементі болып есептеледі.

Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Көптеген оқу пәндерінің мазмұны ақпараттарды іздеу мен оны сұрыптау дағдыларына үйретеді. Құқықтану курстарында бұл дағды маңызды болып саналып, мәтінді, түрлі жағдайды, оқу тапсырмаларын ақпараттық анализдеусіз орындау мүмкін емес. Ақпараттарға сипаттама беру арқылы оқушылар өмірлік тәжірибе, берілген мәселе бойынша қосымша мәліметтер жинақтай алады.

Құқықтық мазмұны бар мәтінмен жұмыс істеуде оны анализдей отырып, оқушылар сауатты түрде өз ойларын жинақтап жеткізе алады. Заңдарды түсіндіруде және оған сипаттама беруде оқушының өзінің жеке түсінігі пайда болып, ауызша немесе вербальді түрде ойын жеткізіп, күнделікті өмірде болып жатқан жағдайларға қатысты сын тұрғысынан қарау мәдениетін қалыптастырады. Ақпараттық құзіреттілік қарым-қатынас құзіреттілігімен өзаар тығыз байланысты.

Пәнді оқытудың басым бағыттары. Құқықтық білім берудің бір жүйеге келуі оқу пәндерінің мазмұнын да өзгертуге ықпал етеді. Құқықты оқыту-жеке, жұптық, топтық жұмыстардың түрлері іс-әрекет, іс-қимылдық, сюжетті, ролдік және басқа да оқытудың формаларын өткізуге себеп болып отыр. Сонымен қатар құқық курстарында ақпарат көздерімен жұмыс, шығармашылық жобалар, ой талқы және тағы да басқалары оқушылардың ары қарай қызығып оқуына толық мүдделілігін қамтамасыз етіп, пәнге деген сүйіспеншілігін оятады. Соңғы кездегі оқытуда қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың ішіндегі құқықтық білім беруде оң нәтижеге бағытталған адекватты түрлері, олар: оқытудағы ынтымақтастық, нақты жағдайды анализдеу тәсілі, жобалау тәсілі, «оқушының портфолиосы», түрлі деңгейлі оқыту, оқытуға жеке және даралап, саралау тарапынан қарау, сонымен бірге рефлексия мүмкіндіктері жатады.

Құқықтық құзіреттілік тек әлеуметік практикада нақты жағдайды оқу кезінде моделдеу жолымен және соғын сәйкес әрекет жасау арқыла ғана қол жеткізуге болады. Құқықтық білім беруде мұндай практика міндетті және ажырамайтын компонент болып табылады. Мектептегі құқықтық кеңістік мектептен тыс болған жағдайда, оның ақыры оқушылардың құқықтық нигилизміне (құқықтық сауатсыздыққа) әкеледі. Ол заңға қалай болса, солай қараушылық, құқыққа жат қылықтар, құқықтық нормаларға қатысты бойкүйездік танытуға апарады. Сондықтан өмірден алынған, өмірдегі бар шынайы жағдайларды қамтыған білімдік әрекеттерді көбірек ұйымдастырып, құқықты оқытуда оң сапалы нәтижеге әкеледі. Негізгі мектеп пен жоғарғы сынып оқушылары білім берудің осы сатысында құқықтық қатынастарға шынайы араласып, өзіндік тәжірибе жинақтап, құқықтық әрекеттерге қатысты жауапкершілікті сезініп, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу ісінде тиімді жағдайларды қамтамасыз ете алады.



Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҰсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҰсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница