Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы»




НазваниеАлматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы»
страница1/9
Дата конвертации18.03.2013
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Алматы облысы әкімдігінің

2011 жылғы «26» «желтоқсандағы»

№ 279 қаулысына қосымша

«Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ-нің

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


1. Миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3.Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Тәуекелдерді басқару
7. Бюджеттік бағдарламалар

1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы: тікелей және соңғы нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің орындалуының анықтығын қамтамасыз ету, және облыстық коммуналдық меншікті тиімді басқару.

Пайымдауы: облыс экономикасының тұрақты және ілгері дамуын қамтамасыз ететін бюджет қаражаты мен облыстық коммуналдық меншікті басқарудағы тиімді жұмыс істейтін жүйе.
2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері
1-стратегиялық бағыт. «Облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету».

    1. Қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

Елбасының (2010 жылғы 29 қаңтардағы) Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген. Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі ең серпінді дамыған елдерінің қатарына жылжу басымдықтарының бірінің шеңберінде қаржы мен мемлекеттік активтерді басқарудың айқын да ашық жүйесін құру қажеттігі белгіленген.

Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары мен болжамдық көрсеткіштерінде бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру олардың түпкілікті нәтижелерге бағдарланған әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлауының сапасын жақсарту мен өнімсіз шығыстарды қысқарту есебінен қарастырылған.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу түсімдердің бюджетке толық және уақытылы аударылуын, бюджет қаражатының мақсатты және уақытылы игерілуін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс шаралардың өткізілуін талап етеді.

Бюджет қаражатын тиімді және нәтижелі пайдалану басты міндеттердің бірі болып болып табылады. Сондықтан, облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету бірінші стратегиялық бағытпен анықталған.

Бірінші стратегиялық бағыт шеңберінде бюджет қаражатын нәтижелі атқару, бюджеттік есеп пен есептіліктің сапасын арттыру, мемлекеттік сатып алу процесін оңтайландыру мен тиімділігін арттыру индикаторларына ықпал етуші факторларды талдау жолымен бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылуы бойынша жұмыстарды жақсарту жоспарлануда.

Бюджет процесін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы «Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №544 қаулысын орындау мақсатында облыстағы мемлекеттік мекемелердің мамандарын Қоғамдық сектор үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚСХҚЕС) оқытуды қамтамасыз етіп, 2013 жылдан бастап облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерге ҚСХҚЕС-қа сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесін енгізу керек.

Осы бағытты жүзеге асыру үшін облыс бюджетінің уақытылы және тиімді атқарылуын, бюджеттің атқарылу мониторингілеу процесінде аудандар мен қалалар бюджеті бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен уәкілетті органдардың өзара әрекетін қамтамасыз ету қажет.

Бюджеттік кредиттерді қарыз алушыларға, оның ішінде кейінгі кредиттеу арқылы түпкілікті қарыз алушыларға беру жолымен қамтамасыз етілетін бюджеттік кредиттеу - бюджет атқарылуының құрамды бөлігі болып табылады. Сол себепті, бірінші стратегиялық бағыттың міндеттерінің бірі болып бюджеттік кредиттерді тиімді пайдалану және уақытылы қайтару белгіленген.

Қарыз алушыларды кредиттеу бойынша жұмыстардың жүргізілуі барысында бюджеттік заңнамаларының кемістіктілігіне байланысты бітқатар проблемалар орын алып келеді. Атап айтқанда, түпкілікті қарыз алушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұдан басқа, шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит берілгенде қаржы агенттерімен белгіленетін сыйақы мөлшерлемесі ешқандай нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелмеген.

Қаржы басқармасы экономиканы басқару жүйесінің басты буыны ретінде бюджеттің тиімді атқарылуы мен облыстық мемлекеттік активтерді басқарудың сапасына өз үлесін тигізеді.

Жоғарыдағыларды келесі диаграммамен берілген 2009-2010 жылдарына облыстың кірістері мен шығыстарының атқарылуы бойынша мәліметтермен толықтыруға болады:


2009 жылы шығыстар бойынша 508 748,2 мың теңге игерілмей қалды, оның ішінде республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттер 315 745,6 мың теңгені құрады.

2010 жылы шығыстар 1 099 677,1 мың теңгеге игерілмей қалды, оның ішінде республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттер 939 275,3 мың теңгені құрады.

2010 жылға облыс бойынша бюджеттің кредиторлық берешегі 3 774,5 мың теңгені құрап, ол ағымдағы жылдың 1 ақпанына толығымен өтелді.

Дебиторлық берешек 445 774,7 мың теңгені құрады

1.2 Негізгі проблемаларды талдау.

Бюджетті атқару барысында қаржы басқармасы келесі проблемалармен ұшырасып отыр:

- бюджеттің атқарылу процессі барысында жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелерге түсімдер бойынша жоспардың ықтималды орындалмауынан және тиісінше қолма-қол ақшаның бақылау шотында қаражаттың болмай қалуына байланысты қол жеткізбеу;

- кредиторлық және дебиторлық берешектердің жіберілуі;
1.3 Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар: бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық тәртіпті, бюджеттік заңнамаларды сақтамауы.

Ішкі факторлар: кадрлардың тұрақтамауы, қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігі, жергілікті желі элементтерінің істен шығуы, бағдарламалық өнімдердің жұмыс барысында ақау беруі, келіп түсетін және өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты ақпараттық жүйе жұмысының тұрақсыздығы.
2-стратегиялық бағыт. «Коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру»

2.1 Қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың аумақтық бағдарламасымен Алматы облысының коммуналдық мүлікін басқарудың нәтижесі көрсетіп отырғандай, келешекте шешімін табуды талап ететін, негізгі көрсеткіштері мен анықталған проблемалар серпінінің өзгерісінен көре алатын айқын да ашық жүйесін құру бойынша нақты міндеттер қойылған.

Ағымдағы коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсатында шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүліктің тиімділігін және мақсатты пайдаланылуын тексеруді іске асыру, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға алу) мониторингісі, мүлікті бір теңгерімнен басқа теңгерімге беру және мүлікті есептен шығару мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Кестеде жалдау (жалға алу), есептен шығару және өткізіп-беру бойынша жүргізілген жұмыстарды сипаттайтын көрсеткіштер берілген:





2009 жылдың 1 қаңтарына

2010 жылдың 1 қаңтарына

2011 жылдың 1 қаңтарына

Жалға беру шарттарының саны

1 017

1 017

1 287

Жалға беру алаңының ауданы, мың. шаршы м.

64 902,6

92 268,5

81 548

Жалға беруден түскен түсім, мың теңге

21 800,1

27 383,9

59 397

Берешектің бар болуы (артық төлем) мың теңге

+2 480,1

+5 583,8

+3 416,2

1 шаршы метрдің орташа жылдық бағасы (теңге айға)

335,9

296,8

728,4

Жалға беруден түскен түсімдер бойынша жоспардың орындалуы, %

112,8

134,6

172,3


Жергілікті жерлердің уәкілетті органдары тарапынан жалгерлер берешектерінің өтелуі бойынша, оның ішінде төлемақы өсімі мен айыппұлдар есептеу жолымен уақытылы шаралар қолданылады.





2008 жылға нысандар саны

2008 жылға нысандардың саны

2009 жылға нысандардың саны

есептен шығарылғаны

берілгені

есептен шығарылғаны

берілгені

есептен шығарылғаны

берілгені

ММ

943

151

1 253

148

1 012

38

МКК

101

8

78

11

12

2

МКҚК

150

7

266

50

526

-

Барлығы

1194

166

1597

209

1550

40


Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітіліп берілген нысандарды беру мен есептен шығаруды келісу жұмыстары жүргізілді. 2010 есепті жылы нысандарды беру бойынша - 40 бірлік, есептен шығару бойынша - 1550 бірлік қаралды.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табыс бөлігінің мемлекеттік бюджетке уақытылы және толық аударылуын бақылау 2008 жылдан 2010 жылдар аралығында бюджетке аударылуға тиісті сомалары толығымен түскенін көрсетті.

Атқарылған жұмыстардың қорытындысымен Алматы облысының бюджетіне 2008 жылы 6 343,4 мың теңге, 2009 жылы 6 864,6 мың теңге, 2010 жылы 78 904,5 мың теңге түсті. 2010 жылдың қорытындысы бойынша белгілі болғандай, нәтижелердің өскені табиғи монополия кәсіпорындары үшін белгіленген тарифтың болмашы өсуі себебінен оларға қуат көзі бағасының көтерілуіне тікелей байланысты

Коммуналдық меншікті оңтайландыру аясында соңғы үш жыл ішінде жекешелендірудің өсу қарқыны байқалғанын ескеру керек. Жеке меншікке сатылған нысандардың басым бөлігін автокөлік құралдары құрайды.

Пайдаланылмаған нысандар сенімгерлік басқаруға берілген, әлде де бұл жұмыстар жалғастырылуда.

2008 жылдан 2010 жылдар аралығындағы Алматы облысының жекешелендіру нысандары жоспарының негізгі көрсеткіштері:



п/п

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

3 жылдың қорытындысы

1.

Сатылған нысандар саны (автокөлік)

дана

117

78

48

243

2

Сатылған нысандар бағасы (автокөлік)

мың теңге

10 551,4

9 945,7

4 735,1

25 232,2

3.

Жекешелендіруден түскен қаражаттың көлемі

мың теңге

103 860,1

32 284,6

45 590,8

181 735,5

4.

Жекешелендіруден түсетін қаражаттың жоспарланған көлемі

мың теңге

91 205

17 769

32 760

141 734

5.

Жекешелендіруден түскен қаражаттың үлес салмағы

%

113,9

181,7

139,2

128,2
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconАлматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы
Миссиясы және пайымдауы парақ
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconАлматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен
Миссиясы: білім саласындағы мемлекеттік саясатты аумақтық деңгейде іске асыру, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconҚызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына
Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»...
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы
...
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру...
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconНормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 желтоқсанда №5-1-175 тiркелдi «Әкiмнiң 2011 жылғы 9 ақпандағы №16 «Сайлау учаскелерiн құру туралы»
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкiмiнiң 2011 жылғы 07 желтоқсандағы n 19 шешiмi
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconОқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім
Заңының 27 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына және Алматы облысы мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2011-2013...
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconАтырау облыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2616 болып енгізілді
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы» iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №259 қаулысы 2011 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қантардағы Заның іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница