«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы




Скачать 118.7 Kb.
Название«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы
Дата конвертации18.03.2013
Размер118.7 Kb.
ТипДокументы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н.А. Коржованың баяндамасы
2006 жылғы 11 ай ішінде мемлекеттік бюджетті атқарудың және жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттерді игерудің алдын-ала қорытындысы мынадай көрсеткіштермен сипатталады.

Мемлекеттік бюджетке түсімдер жоспарды 4,5%-ға арта отырып
2 112,3 млрд.теңгені құрады, шығыстар 2 035,9 млрд.теңге сомасына немесе жоспардың 94,1%-на жасалды. Жоспарланған тапшылық кезінде - 141,0 млрд.теңге, іс жүзінде 76,4 млрд.теңгеге профицит қалыптасты.

Кірістер бойынша: Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде мемлекеттік бюджетке 2 092,8 млрд.теңге сомасында кіріс түсті, есепті кезеңге жоспарды орындау пайызы 104,7%-ды құрады.

Республикалық бюджеттің 1 572,3 млн.теңге кірістер жоспары кезінде бюджетке 1 656,2 млн.теңге немесе 105,3% түсті. Жергілікті бюджеттің кірістер түсімінің жоспары 101,3%-ға орындалды.

Есепті кезеңдегі мемлекеттік бюджеттің жоспары салықтық түсімдер есебінен 166,6 млрд.теңге сомасына артығымен орындалды, оның ішінде корпоративтік табысқа салынатын салық бойынша – 68,1 млрд.теңге, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша –
43,9 млрд.теңге. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде осы түсімдер бойынша жоспарды артығымен орындау ірі компаниялар аванстық төлемдерді қайта қарастырғандығымен (арттыру жағына) , сондай-ақ 2005 жылғы қызмет нәтижелері бойынша үстеме табысқа салынатын салық бойынша ірі түсімдер есебінен деп түсіндіріледі.

Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде Қазақстан Республикасының Үлттық қорына 614,5 млрд.теңге, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар бойынша - 578,1 млрд.теңге аударылды.

Шығыстар бойынша: 2006 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2 132,8 млрд.теңгені құрады және
2 260,1 млрд.теңге сомасындағы есепті күннің төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының 94,4%-на орындалды, оның ішінде республикалық бюджеттің шығыстары - 1 772,4 млрд.теңге және есепті күннің төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарының 96,6%-на орындалды
(1 831,9 млрд.теңге). Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есепті кезеңде
59,5 млрд.теңгені пайдаланбады.

Қаржыландыру жоспарын орындамаудың ең көп сомасына министрліктер жол берді: көлік және коммуникация – 6,2 млрд.теңге, қаржы – 6,2 млрд.теңге, білім және ғылым – 5,9 млрд.теңге, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау –
5,8 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы – 4,4 млрд.теңге, денсаулық сақтау -
4,1 млрд.теңге, туризм және спорт – 3,3 млрд.теңге және Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 3,3 млрд.теңге.

Жете игермеудің негізгі себептері – бұл мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар және осының салдары болып табылатын шарттарды ұзақ жасасу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын сапасыз жоспарлауы, ағымдағы шығыстар бойынша үнемдеу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау.

Бюджеттік тәртіп мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің де және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің де алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

2006 жылға арналған республикалық бюджеттің бюджет қаражатын толық игеруді қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау мақсатында Министрлік ай сайын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игеру мониторингін жүргізеді, бюджет қаражатын жете игермеу себептерін талдайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бюджетті атқару мәселелері бойынша 4 отырысы өткізілді, онда бюджеттік тәртіпті сақтау жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдарға бюджетті уақтылы және толық атқарудың тиісті тапсырмалары берілді.

Жергілікті атқарушы органдардың нысаналы тарнсферттерді игеруі бойынша. Жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді 210, 7 млрд.теңге сомасына немесе 86,9%-ға игерді, жете игермеу 31,8 млрд.теңгені құрады. Қаржыландыру жоспарын жете орындамаудың негізгі себептері бұл мемлекеттік тапсырманы орындаушылардың жұмыс (көрсетілетін қызметтер) көлемін уақтылы орындамауы, өткізілмеген конкурстар және мемлекеттік сатып алуды жоспарланғаннан гөрі неғұрлым кеш мерзімде өткізуі, мердігерлердің шарт талаптарын бұзуы болып табылады.

Нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған сомаларының негізгі сомасы мынадай трансферттерге келеді:

1) көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған игермеу сомасы
3,7 млрд.теңгені құрайды (Астана қаласы);

2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға арналған – 3,2 млрд.теңге (Алматы қаласы – 0,8 млрд.теңге; Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары -
0,3 млрд.теңге бойынша);

3) білім объектілерін салуға және қайта құруға арналған
2,9 млрд.теңге, (Астана қаласы бойынша – 1,6 млрд.теңге; Оңтүстік Қазақстан – 0,3 млрд.теңге; Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша 0,2 млрд.теңгеден);

4) денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта құруға арналған - 2,0 млрд.теңге, (Астана қаласы – 0,8 млрд.теңге, Павлодар, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша 0,2 млрд.теңгеден, Шығыс Қазақстан –
0,1 млрд.теңге);

5) денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған – 1,8 млрд.теңге (Қызылорда –
0,4 млрд.теңге, Қостанай – 0,3 млрд.теңге, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары 0,2 млрд.теңгеден);

6) мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға арналған жете игермеу 1,0 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде Астана қаласы бойынша – 107,8 млн.теңге, Ақмола облысы – 162,1 млн.теңге, Шығыс Қазақстан облысы – 128,9 млн.теңге.

Тұрғын үй салуға арналған кредиттік ресурстарды игерумен байланысты ұқсас жағдай. Бөлінген қаражат 17,1 млрд.теңге сомасына игерілді, пайдаланылмаған 3,7 млрд.теңге (жоспардың 82,2%-ы), оның ішінде негізгі үлес Астана қаласына келеді – 1,9 млрд.теңге, Алматы қаласы – 0,5 млрд.теңге, Қостанай және Атырау облыстары 0,2 млрд.теңгеден.
Салық комитеті

1. Салық кодексіне салықтық әкімшіліктендіруді оңайлатуға және салықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2. Салықтық тексеру жүргізуге салық төлеушілерді автоматтандырылған іріктеу тәртібі әзірленді.

3. 2004 жылдан бастап салық органдарының ақпараттық жүйелерді қолдана отырып салықтық әкімшіліктендіруді жүзеге асыру шеңберінде салық төлеушілер ұсынатын ҚҚС бойынша салықтық есептілік негізінде олардың салықтық міндеттемелерді орындауын камералдық бақылау жүргізіледі.

4. Мүдделі мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Әділет, Қаржы министрліктері және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі) әрбір мүдделі мемлекеттік орган үшін аталған іс-шараны орындау мерзімін көрсете отырып жалған кәсіпкерлікті тіркеудің алдын кесу мақсатында Мемлекеттік дерекқор шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың жеке санаттары бойынша мәліметтер беру тетігі бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекеттері жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі және бекітті.

5. Жеке тұлғалардың бюджетке салық төлеу мүмкіндігін банкоматтар, ақпараттық киоскілер желісі, Интернет – банктер порталы арқылы іске асыру бөлігінде екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-әрекет жөнінде жұмыс жүргізу.

6. ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар негізінде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын ең ірі кәсіпкерлермен жұмыс жөніндегі мамандандырылған бөлім құрылды.

Осы бөлім фискалдық мониторинг тиімділігін арттыру және ірі салық төлеушілерден түсетін салықтық түсімдерді тексеру қажеттілігі мақсатында құрылды, бұл «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚР ҚМ СК-нің Мамандандырылған бөлімі атынан жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім-шарттарды қайта қарау жөніндегі мәселені өзінің алдына қоймайтынын атап өткім келеді, алайда, біздің мемлекетіміздің экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және заң алдында барлығы да тең конституциялық принципті сақтау үшін барлық заң күшін салу қажет деп санаймыз.

7. «ҚР Салық төлеушісінің хартиясы», «ҚР салық органдары қызметкерлерінің кәсіби этика кодексі» және аумақтық салық органдары қызметтерін рейтингілік бағалау бекітілді.

8. 2006 жылдың 9 айы ішінде өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған салық органдары қызметкерлерінің саны
34%-ға төмендеді.

9. 2006 жылғы шілдеден бастап салық органдары мүлікті жария ету жөнінде акция жүргізеді. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша (қоса алғанда) салық органдарына 14 745,3 млн.теңге сомасына мүлікті жария етуге арналған барлығы 38 469 өтініш келіп түсті. Іс жүзінде 14432,7 млн.теңге сомасына 36 745 өтініш бойынша мүлік жария етілді. Барлығы бюджетке 1 712,2 млн.теңге түсті.
Кедендік бақылау комитеті

1. Кедендік әкімшіліктендіру жақсартылды: 2005 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бюджетке түскен кедендік төлемдер мен салық 1,4 есеге артты, пост-кедендік бақылауды тексеру нәтижелерінде қосымша өндіріп алынған кедендік төлемдер мен салық 2,7 есеге артты.

2. Құқық қорғау қызметі жандандырылды: аумақтық кеден органдарының ішкі қауіпсіздігінің бөлімшелерін тікелей Комитет төрағасына тікелей бағындыру енгізілді, осының нәтижесінде өз күштерімен сыбайлыс жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу 1,4 есеге өсті.

3. Халықаралық ынтымақтастық нығайтылды: Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау және бірлескен бақылау жүргізілетін қазақстан – ресей мемлекеттік шекарасында өткізу бекеттерін салу туралы 3 келісім жасалды. Шекарада 3 темір жол терминалы және 3 бірыңғай бақылау-өткізу бекеті салынды және пайдалануға берілді.
Дәрменсіз борышкерлермен

жұмыс комитеті

1. Үнемі бір конкурстық басқарушыларды тағайындау тәжірибесі тоқтатылды.

2. Кәсіпорындарды сақтай алмаған теріс оңалту саны төмендеді; банкроттық мерзімі өтіп кеткен кәсіпорындар саны қысқартылды; таратылған ұйымдар бойынша әлеуметтік кезектер талаптарын өтеу көлемі және конкурстық өндіріс барысында бюджетке түсетін түсімдер артты; салықтық берешек қысқартылды.

3. Таратылған ұйымдар базасында 1513 ұйым қызметін жандандырды, 135353 жаңа жұмыс орны құрылды.

4. Қалпына келтіруге және/немесе қайта құрылымдауға ұсынылған жаңа технологияларды қолдана отырып жаңа өндіріс ұйымдастыру мүмкін болатын пайдасыз мемлекеттік кәсіпорындардың дерекқорлары қалыптастырылды.

5. Алдын ала және жалған банкроттық фактілерін анықтау жөнінде жұмыс жүргізілді. 2006 жылдың 11 айы ішінде құқық қорғау органдарына 94 ұйым бойынша материалдар жіберілді, онда алдын ала және жалған банкроттықпен байланысты құқық бұзу белгілері қарастырылды.

Жылдар/Көрсеткіштер

2004

2005

2006 (11 ай)

Теріс оңалту саны

11

9

3

Банкроттық мерзімі өтіп кеткен кәсіпорындар

288

167

27

әлеуметтік кезектер талаптарын өтеу (млн. теңге)

1542

2000,2

3742,1

Бюджтеке түсетін түсімдер (млн. теңге)

1209

1589,3

1705,5

Салықтық берешек қысқартылды (млн. теңге)

12028,2

11360,8

11312,1


Қаржы бақылау және

мемлекеттік сатып алу комитеті

1. Өткен жылмен салыстырғанда тексерулер саны 24%-ға, анықталған жолсыздықтар сомасы - 12%-ға, өтелген және бюджетке аударылған қаражат - 24%-ға артты.

2. Бақылау объектілерінің бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту және бюджет қаражатының жұмсалуын және тиісті бағдарламалардың іске асырылауын бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін құру мақсатында ағымдағы жылдың шілдесінен бастап жіберілген қаржылық жолсыздықтар үшін әкімшілік айыппұл мөлшері артты.

3. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік құқықтық актілер тізбесі дайындалды, оларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі
№ 156-ІІІ Заңына сәйкес өзгерістер енгізу қажет.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

1. Мыналар: 1052 мекемелердің, мемлекеттің қатысуымен 114 АҚ мен ЖШС-нің, 466 РМК-ның, РМКК-нің және МКД-нің мүлкін жекешелендіру; барлық мемкәсіпорындардың қызметінің салаларын талдау; мемкәсіпрындарды акционерлеудің мұрағат құжаттарын тексеру жүргізілді.

2. Түгендеу және талдау нәтижелері бойынша:

- республикалық меншіктің артық және пайдаланылмайтын мүлік
(1003 объект);

- бәсекелестік ортада қызметі жеткілікті дамыған мемкәсіпорындар
(117 бірлік);

- бәсекелестік ортаға беруге жататын мемқатысумен АҚ мен ЖШС, оның ішінде СПК (89 ұйым);

- аумақтық комитеттер жалға беретін объектілер (жалпы аумағы –
248,7 мың ш.м.) тізбелері анықталды.

3. Мыналар:

- директорлар кеңесі туралы, ішкі аудит қызметі туралы және қадағалау кеңесі туралы үлгілік ережелер;

- қаржылық-шаруашылық қызмет жоспарларын әзірлеу жән беру ережесі және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесі әзірленді;

- Мемкәсіпорындар мен мекемелер, мемқатысумен АҚ мен ЖШС тізіміне қол жеткізу құқығын көздейтін әкімдермен шарттар жасалды.
Қазынашылық комитеті

1. Қазынашылық жүйесін жаңа Қалыптастыру концепциясына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орта мерзімді перспективаға пайдалануға ойдағыдай көшіру жүзеге асырылды. Мұнай секторы кәсіпорындарынан, республикалық меншіктегі және тау-кен өндірісі мен өндеу салаларына жататын мемлекет мүлкін жекешелендіруден және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан Ұлттық қорға түсетін түсімдерді күн сайын аудару қамтамасыз етілді.

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізілді. Заң жобасы халықтың кең тараған аумағына тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

3. Қазынашылық органдарының барлық деңгейдегі бюджеттерді атқару туралы есептерді қалыптастыру мүмкіндігі іске асырылды.

4. Меммекемелерде бухгалтерлік есепті ХҚЕС-ке көшіру мүмкіндігіне талдау жүргізілді және тиісті ұсыныстар әзірленді.

5. Жергілікті бюджеттерге бюджет ақшасының бос қалдығын Ұлттық Банкі депозиттерінде орналастыру және тиісті табыс алу құқығы берілді.
Заң шығармашылық жұмысының нәтижелері бойынша ағымдағы жылы мынадай қорытындыдылар жасауға болады.

«Қазақстан Реснубликасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139 Заңы әзірленді.

Бұдан басқа, Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесіне сәйкес Қаржымині мынадай заң жобаларын әзірлеуші болып анықталды:

1) «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы», ДСҰ-ға кіру мәселесі бойынша.

(2006 жылғы 21 желтоқсанда өткен Парламент Сенатының пленарлық отырысында заң жобасы екі оқылымда мақұлданды).

2) «Қазақстан Реснубликасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құрылыс жинақтары мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»

(Қазіргі уақытта заң жобасы Үкіметтің 2006 жылғы
21 желтоқсандағы № 1232 қаулысымен Парламент Мәжілісіне енгізілді).


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға арналған заң жобалар жұмыстары жоспарына сәйкес Қаржы министрлігі мынадай заң жобаларын әзірлеуші болып табылады:

1) «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы».

Заң жобасы Үкіметтің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 315 қаулысымен Парламент Мәжілісіне енгізілді.

(Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісі жұмыс тобының талқылауында жатыр);

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» (жаңа редакциясы) және «Қазақстан Реснубликасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»

(Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр (Үкіметтің 2006 жылғы 20 қарашадағы № 1024 қаулысымен енгізілді).
Көрсетілген Үкіметтің 2006 жылға арналған желілік кестесінен және заң жобалары жұмыстары жоспарынан тыс министрлік өзге де заң жобаларын әзірлеуде:

1) «Ойын бизнесі туралы» және «Қазақстан Реснубликасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы».

(Парламент Мәжілісінде екі оқылымда мақұлданған осы заң жобасы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Парламент Сенатына қарауға жіберілді);

2) «Қазақстан Реснубликасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүліктік кешендер ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындар қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы».

(Премьер-Министр Кеңсесінің ескертулерін ескере отырып пысықталған заң жобасы, қазіргі уақытта Әділет министрлігіне келісуге жіберілген).

Похожие:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы icon«2010 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің баяндамасы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 6-тармағына және «Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы icon2011 жылғы 23 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы iconҚаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер!
Республикасы Үкіметінің «2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» мәселесі жөніндегі отырысында Қазақстан...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 және 2004 жылғы 29 қазандағы №1129 қаулыларына өзгерістер енгізу...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы iconҚРӘМ №5476 08. 01. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы iconҚазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы 2002 жылғы 4 шілдедегі n 336-іі қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына...
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2006 жылғы қызметінің алдын-ала қорытындылары» туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Н. А. Коржованың баяндамасы icon2011 жылғы «12» мамырдағы №501 қаулысымен
«Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница