Қазақстан Республикасының Заңы




Скачать 145.93 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы
Дата конвертации11.07.2014
Размер145.93 Kb.
ТипДокументы


Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар):

1) мәтін бойынша «мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың», «мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну», «мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі», «медициналық қызметтер көрсетуді» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік қызмет көрсетудің», «мемлекеттік қызмет көрсету», «мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі», «мемлекеттік медициналық қызмет көрсетуді» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын айқындау кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттары пайдаланылады.

2. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және мемлекеттік қызмет көрсетудің мазмұны немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрініс табуға тиіс.

3. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.»;

3) 70-баптың 1-тармағы «сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік мұрағаттар,» деген сөздермен толықтырылсын.

2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):

1) мәтін бойынша «медициналық қызметтер көрсету», «медициналық қызмет», «фармацевтикалық қызметтерді», «медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсетуді», «медициналық және медициналық емес қызметтерге», «медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды», «диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді», «қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін», «медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай» деген сөздер тиісінше «медициналық, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету», «медициналық, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету», «фармацевтикалық, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету», «мемлекеттік медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсетуді», «медициналық және медициналық емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету», «мемлекеттік медициналық қызмет көрсетуге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды», «мемлекеттік диагностикалық және емдік медициналық қызмет көрсету», «қолжетімді мемлекеттік медициналық қызмет көрсету кешенін», «мемлекеттік медициналық қызмет көрсетудің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:

«74-1) мемлекеттік медициналық қызмет көрсету – нақты адамға медициналық қызмет көрсетумен байланысты емес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.».

3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

3-баптың 3-тармағында:

1-3) және 1-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты – мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі, нысаны, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамаларын қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

1-4) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі қызметінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;»;

1-5) тармақша алып тасталсын.

4. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат;):

1) кіріспеде «, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметке» деген сөздер алып тасталсын;

2) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1-1. Мемлекеттік биліктік өкілеттік деп мемлекеттік органның немесе оның лауазымдық тұлғасының басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаның, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті актілерді шығаруға және орындалуын қамтамасыз етуге құқығы бар, өз құзыреті шегінде қоғамдық қатынастардың тиісті саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.»;

3) 1-баптың 2-2, 2-3, 2-5, 2-6, 2-7, 2-8, 2-9, 2-10-тармақтары алып тасталсын;

4) 2-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

5) 3-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын;

6) 9-1 бапта:

атауында «және стандарт» деген сөздер алып тасталсын;

2, 3, 4-тармақтар алып тасталсын;

7) 9-2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;»;

8) 15-1-бап алып тасталсын;

9) 15-2-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

5. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):

1) 1-баптың 38), 39) және 40) тармақшалары алып тасталсын;

2) 5-баптың 18) және 19) тармақшалары алып тасталсын;

3) 6-бапта:

9) тармақшада «, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

20) тармақшада «, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын» деген сөздер алып тасталсын;

24), 29), 30-1), 30-2) және 30-3) тармақшалары алып тасталсын;

4) 29-бап алып тасталсын;

5) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

«29-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру тәртібі

1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру (реинжинирингілеу):

1) мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің әкімшілік үдерістерін:

мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру кезінде қысқартуға жататын мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жеке және заңды тұлғалардан талап етілетін құжаттар тізбесін айқындау;

мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру кезінде алып тастауға жататын мемлекеттік органдардың келісетін инстанцияларын айқындау;

мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру нәтижесінде уақыт үнемділігін айқындау;

мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру кезінде интеграциялауға жататын ақпараттық жүйелерді айқындау мақсатында зерттеу.

2) ақпараттық жүйелерді интреграциялау және интеграцияланатын ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекіту;

3) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың интеграцияланған ақпараттық жүйелерді тәжірибелі пайдалануы;

4) электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тәжірибелі пайдалану нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

5) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын интеграцияланған ақпараттық жүйелерді өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру;

6) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тәртібінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету субъектісінің әкімшілік процестерін зерттеуді, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын (интеграциялануын) ақпараттандыру саласындағы уәкілеті органның тапсырысы бойынша оператор жүзеге асырады;

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру (реинжинирингілеу) тәртібі, кезеңі, мерзімі және шарттары зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік орган әрбір мемлекеттік қызмет үшін әзірлейтін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі әкімшілік үдерістерді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен айқындалады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік үдерістерді оңтайландыру жөніндегі әзірленген іс-шаралар жоспары ақпараттық жүйелері мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру кезінде интеграциялауға жататын мемлекеттік органмен, сондай-ақ уәкілетті органмен келісіледі және мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік үдерістерді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мерзімі бір айдан аспау тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік үдерістерді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мемлекеттік органдармен келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспау тиіс.».

6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20,  151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Білім туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1)  63-бапты қоспағанда мәтін бойынша «медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді», «білім беру қызметтерін», «білім беру қызметтерінің», «білім беру қызметін», «қызмет көрсетулер көлемі», «ұсынатын, беретін» деген сөздер тиісінше «медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді, », «білім беру, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуді, », «білім беру, оның ішінде мемлекеттік қызметінің көрсетілуін, », «білім беру, оның ішінде мемлекеттік қызметін көрсету, », «мемлекеттік қызмет көрсетулер көлемі», «көрсететін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 63-бапта:

1-тармақта «білім беру қызметтері» деген сөздер «мемлекеттік білім беретін қызметтерін көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 1) тармақшасындағы, «білім беру қызметтерін» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік білім беретін қызметтерін көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өнер мамандықтары бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін мемлекеттік білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін, оның ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуге құқылы.».

7. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):

мәтін бойынша «ақылы қызметтер», «мәдени қызметтердің ең аз көлемін», «қызметтерді ұсынуға», «қызметтер ұсынуға», «білім беру», «мәдени қызметтер» деген сөздер тиісінше «ақылы, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету», «мемлекеттік мәдени қызметтер көрсетудің ең аз көлемін», «мемлекеттік қызмет көрсетуге», «білім беру, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету», «мәдени, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын.

8. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):

мәтін бойынша «әлеуметтік қызметтер», «медициналық қызметтер», «әлеуметтік қызмет көрсету», «ұсыну» деген сөздер тиісінше «әлеуметтік қызметтер көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету», «медициналық қызмет, оның ішінде мемлекеттік қызмет», «әлеуметтік қызмет, оның ішінде мемлекеттік қызмет», «көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын.

9. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж. № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат):

1) мәтін бойынша «арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» деген сөздер тиісінше «арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-баптың 1), 2), 3) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызмет - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекеттік қызмет кешені;

2) арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

3) арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;

6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік мемлекеттік қызметке қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;»;

3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ»;

4) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ»;

5) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА) АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ».

10. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат):

3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштерді қарау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасымен айқындалады.».

11. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86- құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):

1) 15-баптың 5-тармағы «мұрағаттық анықтамалар беріп отыруға» деген сөздерден кейін «, олардың стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар бюджет есебінен қаржылатын олардың негізгі қызметіне жатпайтын міндетті сипаты емес жеке және заңды тұлғалармен келісу бойынша айқындайтын төлемді тауарлар (жұмыстар, мемлекеттік қызмет) сатуға құқылы.»;

3) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

«17-1-бап. Ақылы жұмыстар мен мемлекеттік қызмет

1. Мемлекеттік мұрағаттар ақылы негізде жұмыстар орындауға және көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге құқылы. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген мемлекеттік қызметті іске асырудан алынған ақшалай қаражат бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

Мемлекеттік мұрағаттардың ақылы жұмыстары мен мемлекеттік қызметке:

1) ұйымдар мұрағаттары мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысын жетілдіру жөніндегі қағидаларды, нұсқаулықтарды, істер номенклатураларын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және енгізу;

2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;

3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттандыру мен құжаттаманы басқарудың заманауи негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;

4) мұрағат істері мен құжаттарды реставрациялау, консервациялау, түптеу, мұрағаттық қораптарын дайындау;

5) тасығыштардың барлық түрлерінен мұрағат құжаттарының көшірмелерін дайындау, мұрағат құжаттары мәтінін қалпына келтіру;

6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат, деректер базаларын жасауда және жетілдіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

7) тапсырыстар (өтінімдер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды өткізу;

8) мемлекеттік мұрағат басып шығарған оқу-әдістемелік әдебиеттер мен басқа құралдарды өткізу жатады.».

4) 18-бапта:

2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұраулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметерді, оның ішінде ақылы негізде көрсету;»;

3-тармақтың 11) тармақшасы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік қызмет, оның ішінде ақылы негізде көрсетуді,» деген сөздермен толықтырылсын.

12. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат):

4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) электрондық құжат айналымының және құжаттардың электрондық көшірмелерін куәландырудың тәртібін, шарттарын айқындайды;».

13. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат):

148-баптың 1-тармағының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Білім беру, денсаулық сақтау және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және оларды автоматтандыру салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша кәсіпорын органы – байқау кеңесі құрылуы мүмкін.

Білім беру, денсаулық сақтау және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және оларды автоматтандыру салаларындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және оларды автоматтандыру салаларында жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.».

14. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат):

12-баптың 3-тармағы 13) тармақшадағы «оқиғаларын» деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекет алдындағы міндеттемелерін өз еркімен орындамаған адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».

15. «Қазақстан Республикасындағы мемлектетік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат):

3-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасымен айқындалады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті


Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2707 Қазақстан Республикасының Заңы
Р заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Заңы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі n 2464 Конституциялық заңы
Ескерту. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды Қазақстан Республикасының 1999. 05. 06. N 375 Заңымен
Қазақстан Республикасының Заңы icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру
Қазақстан Республикасының Заңы iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
Қазақстан Республикасының Заңы iconСақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ii заңы
Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Республикасының экономикасы мен азаматтардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану тәртібін...
Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница