Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




Скачать 32.93 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата конвертации18.03.2013
Размер32.93 Kb.
ТипДокументы



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы

1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

атауындағы және 1-тармақтағы «Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған», «Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген» деген сөздер алынып тасталсын;

кіріспедегі «тармақшаларына» деген сөзден кейін «және «Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығының 5-тармағының 4) тармақшасына» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде:

атауындағы «Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген» деген сөздер алынып тасталсын;

1-тармақта:

«Жарлығына» деген сөз «Жарлықтарына» деген сөзбен ауыстырылсын;

«17 қаңтардағы № 1284» деген сөздерден кейін «және «Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304» деген сөздермен толықтырылсын;

1-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-2. Мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу:

1) мемлекеттiк орган басшысы – республикалық бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) әкiмшiсiнің не оны алмастыратын тұлғаның (егер осы мемлекеттік органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және жауапты хатшының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға анықталмаған жағдайда);

2) жауапты хатшының орталық атқарушы органның басшысымен келісілген;

3) Қазақстан Республикасының Президенті жауапты хатшының өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешiмi бойынша жүргiзіледi деп белгіленсiн.»;

2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы органдарының басшылары» деген сөздер «Осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың бірінші абзацында:

1) тармақшадағы «уақытша болмаған қызметкердің» деген сөздер «қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде мемлекеттік тілді қолданғаны.»;

9-тармақтағы «орган басшысының» деген сөздер «осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақтағы «органның басшысы» деген сөздер «осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».

2. Қазақстан Республикасының тиісті орталық атқарушы органдарының жауапты хатшылары лауазымдарына тағайындалған күннен бастап қолданысқа енгізілетін жауапты хатшының өкілеттіктерін қоспағанда, осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 15 желтоқсан №1534 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №692 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы №1036 және 2006 жылғы 14 тамыздағы №765 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon1. Жалпы ережелер
Осы Ереже "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon"Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 қаулысына езгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconӨзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына салыстырмалы кесте
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы №826 Қаулысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы»
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 қаңтар №97 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №102 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №102 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница