Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім




Скачать 178.86 Kb.
НазваниеАқпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім
Дата конвертации20.11.2012
Размер178.86 Kb.
ТипДокументы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

Университет кітапханасы

Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім

ҚАЗАҚТЫҢ БАУЫРЖАНЫ

Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы

Бауыржан Момышұлы 100 жыл

Астана - 2011

Бауыржан Момышұлы

(Өмірбаяны)


Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы .

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуірдегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдағаннан соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.

Әскери өмір мен соғыс жылдары

1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. Әскери машықтану кезінде білім алып, мергендік өнерге машықтанады. 1933 жылы полктық мектепті бітіреді.1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. Одан кейінгі уақыттарында білімін жетілдіріп (Ленинградтық қаржы академиясында қысқа мерзімдік курстан өтеді), банк саласында қызмет етеді.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шықырылып әскери қызметтер атқарады. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызылтулы Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның командирі болады.

Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрған кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің командирі қызметінде болады. 1940 жылы Украинаның Житомир қаласындағы 202-ші арнаулы танкке қарсы шабулдайтын дивизионның командирі болып тағайындалады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарына тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздарды жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай қайнаған соғыс майданы басталып кетеді. Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. 1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясында командир болады. Мәскеуді қорғау майданының Клюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады.
1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ, ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді.

Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттары.
1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі. 1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады. 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды. Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен ”Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысында атқарған орасан зор еңбегі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын тағайындау туралы” жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан Соғысы аяқталып, Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, фашистік Германия тізе бүкеннен соң Б.Момышұлы Қазақ КСР-нің Қарулы Күштерінде әскери қызметтерді атқарады. 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап ”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ КСР Жазушылар одағының мүшесі болды.
1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр Бауыржан дүниеден өтті.

Бауыржан Момышұлының әдебиетке араласуы
Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.
Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың автор ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектың «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы – болатын. А.Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.

Бауыржан Момышұлы — «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Артымызда Мәскеу» әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестінің, «Біздің отбасы» атты повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. «Біздің отбасы» туындысы үшін 1976 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Сыйақысына ие болады. 1965 жылы «Кубалық кездесулер» атты очерктік шығармасын жазды. «Артымызда Мәскеу» шығармасы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының жалғасы болып табылады.

Батыр Бауыржанның қайсар мінезі мен шындықты сүйгіштігі, т.б.
Ел аузындағы әңгімелер Б.Момышұлының мінезінің тік болғандығын айтады. Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін ержүрек адам болды. Оның бойында қазақы қасиеттер молынан болды. ”Момышұлы” деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталды. Кеңес заманында қазақтың тегіне шектеу қойып, -ев немесе -ева деген жалғауларды жалғатып қойған шақта Бауыржан Момышұлының қайсарлығы ғана өзінің қалаған тегін алып жүруге мүмкіндік берді.
Бірде әскери қызметтермен жүріп, үлкен лауазымды адамдардың алдында мәлімдеме жасайды екен. Сол кезде Кеңес Одағының талай мансапты қызметтерін атқарған Анастас Микоянның: ”Неге тегіңіз Момышев емес Момышұлы?” деген сұрағына ”Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?” — деп, қарсы сұрақ қою арқылы жауап қайырады. Бұл дегеніміз нағыз өжеттік, қайсарлық. ”Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деген халық нақылына келтірілген өмірдің мысалы.
Бауыржан батыр шындықты жақсы көретін адам болған. Онымен бірге болған әріптестері Бауыржанның шындықты сүйгіштігін аңыз қылып айтады.

Б.Момышұлы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті жазылған кезде басты кейіпкер болады. Оның әңгімелері мен еске түсірген оқиғаларын қағазға түсірген Бек болған шайқастар мен оқиғаларды қатты әсерлеп, тіпті, Кеңес Әскерінің жеңіліске ұшыраған кездерін жазбай қойса керек. Сөйтіп қолжазбасын Б.Момышұлына оқытады. Оқып болғаннан А.Бекпен болған келесі бір әңгімесінде оның жазғандарының кей жері шындыққа жанаспайтындығын және шындықты шындық етіп жазу керек екендігін айтады.
Отан соғысының ардагері Алексей Абрамов Момышұлы жайлы былай дейді: ”Тарихқа Клочковтың «Ресей ұлан- ғайыр, артымызда Мәскеу, шегінерге жер жоқ» деген сөзі кірген. Осындай ұлы сөзді Бауыржан Момышұлы айтқан. Ол, алдында жатқан картаны өртеп жіберіп, «Бізге карта керек емес, не жаудың бетін қайтарамыз, не осы жерде өлеміз» деген. Бұл, Ұлы жауынгердің қасиетті сөзі”.

Батырдың нақыл сөздері

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер…

Қарабет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық.

Ептілік те — ерлік.

Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.

Қорытынды

Қазақ халқының біртуар батыр ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор болды. Ол тек қана әскери адам ретінде ғана емес, сонымен бірге жазушы ретінде де танылды. Оның еңбектерін оқыған жас буын өкілдері Отанға деген сүйіспеншілікті бойларына сіңіріп өсті. Өскелең ұрпақ алдында өзінің ерлігі мен тікмінез қайсарлығын көрсете білді. Тіпті, оның тегінің өзі Момышев емес МОМЫШҰЛЫ болатын.
Қазірге кезде батыр ұлының құрметіне еліміздің үлкенді-кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгер әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған.
Б. Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы,«Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін түсірді. Москва акад.драма театры Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды.

Қазақстан және ұлы Отан соғысы

Тарихи деректер


 

Ø Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанады.

Ø Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше ордендер қадалды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар.

Ø Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар партизан отрядтарының құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.

Ø Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

Ø Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155 ,3 мың тонна мақта тапсырды.

Ø Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді.

Ø Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам қатынасты, Орта Азия республикаларынан соғысқа  3 миллионға жуық адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандықтар екен.

Ø Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық, 19 майдандық және флоттық, 103 армиялық газет, ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды. Сол сұрапыл ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1 округтік газет жарық көрген. Олар: «Қызыл әскер ақиқаты», «Қызыл Армия», «Жауға қарсы аттан», «Отан үшін алға», «Дабыл» және т.б.

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының шығармалары мен Б.Момышұлы туралы мерзімді басылымдарда шыққан мақалалар

ТІЗІМІ


КІТАПТАР:

84(5Қаз)-5

А31

Айналған аты аңызға Момышұлы: құраст. М.Мырзахметов.- Тараз, 2000.- 239б. 1 экз.
84(5Қаз)

А94 Ахметова, З.

Шуақты күндер: Б.Момышұлы туралы естелік / Зейнеп Ахметова.- Алматы: Жалын, 1987.- 264б. 3 экз.
63.3(2)622

Б28

Бауыржан батыр: Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 80 жылдық мерекесіне арналады / Құраст.М.Мырзахметов.- Алматы: Жалын, 1991.- 352б. 3 экз.
63.3(5Қаз)-8

М67

Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер/ құраст. М.Мырзахметұлы, Р.Сатаев.- Алматы: Білім баспасы, 2005.- 208 б.+ 8 б.сурет.- (Әдеби мемуарлар). 12 экз.
74

Е67 Еримбетова, Г.Х.

Бауыржан Момышұлының шығармалары негізінде жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру: пед. ғ.к... дис. авторефераты: 13.00.01 / Г.Х. Еримбетова.- Алматы, 2010.- 24 б. 1 экз.
83

И48 Иманалиев, Ж.О.

Бауыржан Момышұлының шығармашылығы мен әдеби - көркем бейнесі: Филол. ғылымд. канд.... дис. авторефераты: 10.01.02 / Ж.О. Иманалиев.- Алматы, 2006.- 25б. 1 экз.
63.3(5Қаз), 8я61

М67

Қаһарман Бауыржан Момышұлы. 1910-1982: фотоальбом.- Алматы: Өнер, 2008.- 192б., сур.- (Халық перзенті). 3 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Адам қайраты. Әңгімелер/ Б. Момышұлы.- Алматы: Жалын, 1981.- 205 б. 3 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Айтылмаған ақиқат. Т.10: (көптомдық шығармалар жинағы).2-кітап / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 264б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Айтылмаған ақиқат. Т.9: (көптомдық шығармалар жинағы).1-кітап / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 288б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Алыстан сәлем жолдаймын. Т.20. (1-кітап): көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 200б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Алыстан сәлем жолдаймын. Т.21. (2-кітап): көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 208б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Алыстан сәлем жолдаймын. Т.22. (3-кітап): көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 200б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Алыстан сәлем жолдаймын. Т.23. (4-кітап): көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 160б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Алыстан сәлем жолдаймын. Т.24. (5-кітап): көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 208б.- (Үркер). 2 экз.
63.3(5Қаз)

М76 Момышұлы, Б.

Біздің генерал/ Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 1966. 1 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Генерал Панфилов. Т.12: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 288б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)44

М67 Момышұлы, Б.

Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Қанмен жазылған кітап; Ұшқан ұя / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2001.- 480 б.- (Мектеп кітапханасы). 10 экз.
84(5Қаз)

М67 Момышұлы, Б.

Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Қанмен жазылған кітап; Ұшқан ұя / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2000.- 480 б. 1 экз.
84(5Қаз)44

М67 Момышұлы, Б.

Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Қанмен жазылған кітап; Ұшқан ұя / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2004.- 480 б. 10 экз.
84(5Қаз)44

М67 Момышұлы, Б.

Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2: роман, әңгімелер / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2001.- 384 б.- (Мектеп кітапханасы). 10 экз.
84(5Қаз)44

М67 Момышұлы, Б.

Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2: роман, әңгімелер / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2000.- 383 б. 1 экз.
84(5Қаз)44

М67 Момышұлы, Б.

Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2: роман, әңгімелер / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2004.- 384 б. 10 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Ел басына күн туса/ Б. Момышұлы.- Алматы: Қазақстан, 1970.- 320 б. 3 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Жанымның жарық жұлдызы: роман / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 1985.- 378 б. 1 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Жүрекпен жырлап толғаймын. (Өлеңдер, терме-толғаулар, мақал-мәтелдер). Т.30: көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 248б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Куба эсерлері. Т.8: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 272б.- (Үркер). 2 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Қанмен жазылған кітап/ Б. Момышұлы; ауд. М.Қазбеков.- Алматы: Қазақстан, 1991.- 400 б. 6 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Қанмен жазылған кітап. Т.16: көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 272б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Москва үшін шайқас: роман / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 2009.- 328б.- (Қазақтың 100 романы). 2 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Музей апа. Т.6: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 248б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Соғыс қателікті кешірмейді. Т.14: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 304б.- (Үркер). 2 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Ұшқан ұя: повесть, әңгіме, нақылдар / Б. Момышұлы.- Алматы: Атамұра, 2003.- 240 б. 15 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Ұшқан ұя: шығармалар / Б. Момышұлы.- Алматы: Санат, 2005.- 224 б. 3 экз.
84(5Қаз)я44

М67 Момышұлы, Б.

Шежіре. Т.26: көптомдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2010.- 200б.- (Үркер). 2 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Шығармалар. Екі томдық. Т.1 / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 1968. 1 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Шығармалар. Екі томдық. Т.2 / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы, 1968.- 265 б. 1 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Шығармалар. Т.1 / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы.- 340 б. 1 экз.
84Қаз

М67 Момышұлы, Б.

Шығармалар. Т.2 / Б. Момышұлы.- Алматы: Жазушы.- 268 б. 1 экз.
84(5Қаз)-44

М67 Момышұлы, Б.

Шындығын айтқанда. Т.15: (көптомдық шығармалар жинағы) / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 340б.- (Үркер). 2 экз.
83.3(5Қаз)

Т86 Тұрысбек, Р.С.

Ақиқат айнасы: мақалалар мен зерттеулер / Р.С. Тұрысбек.- Алматы: Таймас, 2008.- 224б. 2 экз.
ОРЫС ТІЛІНДЕ


84(5Каз=Рус)

С53 Снегин, Д.

Открытый всем/ Д. Снегин = Арысым еді- ау Бауыржан.- Алматы: ЖШС "Қазақстан", 2002.- 224с. 2 экз.
84(5Каз)6-44

Б78 Бокеев, О.

Ардак: рассказы / Оралхан Бокеев; пер.А. Кима, Ю. Домбровского, Б. Момышулы.- Астана: Аударма, 2003.- 72с.- (Библиотека казахской прозы). 10 экз.
84(5Каз)6-4

М76 Момышулы, Б.

Сердце волка: роман-эссе / Б. Момышулы.- Астана: Ер-Дәулет, 2007.- 400с.- (Литература народов Казахстана). 2 экз.

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
63

Адырбекұлы, К.

"Қазақтың Бауыржаны": Б.Момышұлы / К. Адырбекұлы // Түркістан.- 2010.- №37, 16 қыркүйек.- 12 б.

63

Ахметова, З.

Әрбір адам ұлттық құндылықты атамдай қастарлеп, ұлттық намысты атамдай ту етсе...: Б.Момышұлы туралы / З. Ахметова // Түркістан.- 2006.- 16 ақпан.- 7 б.

74

Ә17 Әбзелбекова, М.

Б. Момышұлы мұраларының патриоттық тәрбиеге ықпалы/ М. Әбзелбекова // Білім.- 2008.- № 6.- Б. 53 - 54.

63

Әлімжанов, Е.

Бауыржанның пырағы. Әңгіме.: Б.Момышұлы / Е. Әлімжанов // Түркістан.- 2010.- №36, 9 қыркүйек.- 11 б.
63

Әріпұлы, Д.

Баукең мен Хиуаз/ Д. Әріпұлы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 13 қаңтар.- 6 б.
81

Бәкір, Ә.

"Мемлекеттік тіл" туралы заң болмай, қазақ тілінің мәселесі толық шешілмейді: (Бауыржан Момышұлының қазақ тілі туралы ойлары хақында / Ә. Бәкір (саяси ғ. д.) // Ана тілі: Ұлт газеті.- 2010.- №49, 9-15 желтоқсан.- Б.4.
63 Бектасова, Г.

Бауыржан-қазақтың рухы/ Г. Бектасова // Түркістан.- 2010.- №31, 5 тамыз.- 1, 3 б.
63

Бектасова, Г.

Ұлтын сүйген ұлы адам. Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған ғылыми конференция/ Г. Бектасова // Түркістан.- 2010.- 4 қараша.- Б.11.
81

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының хаты. Қазақ тілі туралы пікір: Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Абдыхалықов жолдасқа // Саясат.- 2005.- №9.- 5-7 б.
63

Д68 Дөңқабақ, О.

Халқының Батыр перзенті: Бауыржан Момышұлы туралы / О. Дөңқабақ // Дала мен қала.- 2006.- №5, 10 ақпан.- 5 бет.
63

Егеубаев, А.

Бауыржан мен Ержан: Б.Момышұлы немересі Ержанмен... / А. Егеубаев // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 18 ақпан.- 10 б.
63

Ж 36 Жәнібеков, Р.

Батыр атамыз Бауыржанмен кездесулерім/ Рабат Жәнібеков (журналист) // Ақиқат.- 2010.- № 9.- 30-35 б.
63

Жұмабек, С.

Ақиқат шындықты талап етеді: Б.Момышұлы туралы / С. Жұмабек // Ақиқат.- 2006.- №5.- 37-40 б.
63

Жұртбай, Т.

Тентек мейірім: Б.Момышұлы / Т. Жұртбай (фил.ғ.д., профессор) // Түркістан.- 2010.- №39, 30 қыркүйек.- 9 б. 0 экз.
63

Кәтімхан, М.

" Арпалыстың" авторы кім?/ М Кәтімхан // Жұлдыз.- 2010.- №10.- Б.179-183. 0 экз.
63

Кәтімхан, М.

Б.Момышұлы мен А.Бектің шығармашылық байланысы/ М. Кәтімхан // Ақиқат.- 2010.- № 8.-

54-57 б. .
63

Қ13 Қазыбек, М.

Батырдың жан дүниесі: Б.Момышұлы туралы / М. Қазыбек // Парасат.- 2008.- №6.- 8-10 бет. 0 экз.
63

Қалбыбай, М.

Ақиқаты қайсы, аңызы қайсы?/ М. Қалбыбай // Қазақ әдебиеті.- 2010.- №32, 20-26 тамыз.- 6 б.

63

Қ25 Қалдыбай, М.

Жалғыздық: Б.Момышұлы / М. Қалдыбай // Түркістан: Халықаралық саяси апталық.- 2011.- №7, 17 ақпан.- 5, 7 б.
63

Қ25 Қалдыбай, М.

Күтпеген кездесу: Б.Момышұлы / М. Қалдыбай (жазушы) // Дала мен қала.- 2011.- № 7, 21 ақпан.- 10 б. 83

Қ25 Қалдыбай, М.

Сырласу бір ғанибет: Бауыржан Момышұлы-100 / Мамытбек Қалдыбай (жазушы) // Қазақ әдебиеті: Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті.- 2011.- № 7, 18-24 ақпан.- 13 б.
63

Қалдыбай, М.

Төрт кеңес: Б.Момышұлы / М. Қалдыбай (жазушы) // Түркістан.- 2010.- №38, 23 қыркүйек.- 9 б.
63

Қуантайұлы, Н.

Елін сүйген Ер Баукең: Б.Момышұлы 90 жас / Н. Қуантайұлы // Ақ жол Қазақстан.- 2004.- 24 желтоқсан.- 10 б.
63

Мәмбетов, Қ.

Баукеңнің ақындығы/ Қ. Мәмбетов // Ақ желкен.- 2010.- №9.- 55-57 б.
63

Мәмбетов, Қ.

Шындық үшін шайқастық: Б.Момышұлы / Қ. Мәмбетов // Ұлағат.- 2007.- №6.- 82-86 б.
63

Момышұлы, Б.

"Ерлік дегеніміз не?.."/ Б. Момышұлы // Түркістан.- 2010.- 7 қазан.- 9 б.
83

Момышұлы, Б.

Ол екеуі/ Б. Момышұлы // Жұлдыз.- 2010.- № 6.- Б. 3-22.
63

Момышұлы, Б.

Патриотизм туралы/ Б. Момышұлы // Ақиқат.- 2010.- № 8.- 3 б.
83

Мұқашева, А.

Александр Бек және Бауыржан Момышұлы/ А. Мұқашева // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- № 6.- 103-108 б.
83

М91 Мырза-Ғали, Г.

Бауыржан Момышұлы шығармашылығындағы қайталанбас ерекшелік/ Г. Мырза-Ғали // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2010.- №3.- Б.75-84.
63

М91 Мырза-Ғали, Г.

Бір өлең ашқан ақиқат/ Г. Мырза-Ғали // Ақиқат.- 2010.- №1.- 94-96 б.
63

Н90 Нысанбаев, Ә.

Қанмен жазылған кітап: Бауыржан Момышұлының соғыс психологиясы мен соғыс философиясы туралы ойларынан туған пайымдаулар / Ә. Нысанбаев (ҚР ҰҒА академигі), Б. Сатершинов (ф.ғ.д.) // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2011.- №523-536, 10 желтоқсан.- 7 б.

63

Оразалин, Н.

Ерлік - ерге сын, елге бақ/ Н. Оразалин // Қазақ әдебиеті.- 2010.- № 50 - 51.- Б. 6.
83

Рақымжан, Т.

Бекзат болмыс, батырлық мұрат/ Тұрысбек Рақымжан (фил.ғ.д, профессор) // Мәдени мұра.- 2010.- № 3.- Б. 19-29.
63.3(5Қаз)

Рәш, М.

Қазақтың хас батыры (Б.Момышұлы хақында эссе)/ М. Рәш // Ана тілі.- 2010.- 5-18 тамыз.- 10-11 б.

63

Сәттібайұлы, К.

Ер Баукеңнің қызы Елена. Ата жұртқа бір келсем деп армандайды: Б.Момышұлының Мәскеудегі қызы Еленамен сұхбат / К. Сәттібайұлы // Егемен Қазақстан.- 2005.- 29 қаңтар.- 4 б.

63

Серікбаев, К.

Біздің Бәуке: Б.Момышұлы туралы / К. Серікбаев // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 8-14 сәуір.- 13 б.
63.3(5Қаз)

Смағұл, Б.

"Баукең жұлдызды болған күн - халықтың жұлдызы жанған күн"/ Б. Смағұл // Алтын орда.- 2010.- 4-10 қараша.- 10-11 б.
83

Т86 Тұрысбек, Р.

Бекзат болмыс, батырлық мұрат/ Р. Тұрысбек (фил.ғ.д., профессор) // Мәдени мұра.- 2010.- №3.-

19-29 б.
63

Тұрысов, Е.

Таңғы елес: Бауыржан аға және оның жел қанатты тұлпары жайлы әңгіме / Е. Тұрысов // Ана тілі: Ұлт газеті.- 2010.- №51, 23-28 желтоқсан.- 6-7 б.
63.3(5Қаз)-6

Түймебаев, Ж.

Тау тұлғалы батыр Баукең/ Ж. Түймебаев // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 7-13 мамыр.- 4 б.

.
63.3(5Қаз)

Усманбаева, А.

Ұлы жеңіс - өшпес өнеге/ А. Усманбаева // Ана тілі.- 2010.- 5-18 тамыз.- 11 б.

63

Шағатай, Ж.

Бауыржан-қазақтың ар-намысы: Жамбыл жерінде Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. / Ж. Шағатай // Түркістан.- 2010.- №39, 30 қыркүйек.-

1, 9 б.
83

Шолах, Қ.

Батыр туған өлкеде... Найзағайы намыстың... Өлең: Бауыржан Момышұлы-100 / Қуандық Шолах // Қазақ әдебиеті.- 2010.- №37, 24-30 қыркүйек.- 1 б.
63

Серикбаев, К.

Батыр Бауыржан Момышулы и современность/ К. Серикбаев // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. Сер. историческая.- 2010.- 3(58).- 3-7 с.

Похожие:

Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconП. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел
Сіздің қолыңызда күнтізбенің кезекті басылымы. Жыл сайын ОҚК-ның ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Павлодар облысында 2012 жылы...
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconР. Т. Хайруллина М34 Мәшһүр-Жүсіп мұрасы : әдістемелік-библиографиялық құрал / құраст. Р. Т. Хайруллина. Павлодар : Кереку, 2010. 79 б
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті қазақ филологиясы, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік...
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconӘдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Физика, математика және ақпараттық жүйелер факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. № хаттама
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconӘдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
Физика, математика және ақпараттық жүйелер факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. № хаттама
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconБиблиографиялық сипаттама жасау үлгісі гост 1-2003 «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары»; гост 82-2001 «Библиографиялық жазу. Электрондық қорды библиографиялық сипаттау
Гост 1-2003 «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары»
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconАтаулы күндер
Семей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімі «2011 жылы аталып өтілетін және еске алынатын...
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім icon050703 – Ақпараттық жүйелер, 050602 – Информатика мамандықтарының студенттеріне Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау пәні бойынша
Хаттама № Кафедра меңгерушісі Ж. К. Нұрбекова фмжәнеат факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ” 200 ж. Хаттама № ӘК...
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім icon050704 «Есептеу техникасы және бағдарламалау» мамандығының студенттеріне арналған Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Физика,математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20 ж. № Хаттама
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconФсо пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған
Ақпараттық-библиографиялық және әдістемелік бөлім iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Әлем әдебиеті тарихы» пәнінен 050204 «Мәдениеттану» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница