2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы




Название2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы
Дата конвертации20.11.2012
Размер70.5 Kb.
ТипДокументы
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2011 жылғы 19 тамыздағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тіркелсін:
Ақмола облысынан
1) Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы
Ақтөбе облысынан
2) Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы
Алматы облысынан
3) Турлашов Лаззат Махатұлы
Атырау облысынан
4) Ищанов Қайрат Кыдырбайұлы
Шығыс Қазақстан облысынан
5) Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы
Жамбыл облысынан
6) Астаев Ертарғын Кәкімбекұлы
Батыс Қазақстан облысынан
7) Ахметов Рашит Сайранович
Қарағанды облысынан
8) Ақылбай Серiк Байсеитұлы
Қостанай облысынан
9) Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы
Қызылорда облысынан
10) Мұхамедов Мұрат Бахтиярұлы
Маңғыстау облысынан
11) Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы
Павлодар облысынан
12) Күзеков Асхат Сәйпиұлы
Солтүстік Қазақстан облысынан
13) Ескендіров Самат Сапарбекұлы
Оңтүстік Қазақстан облысынан
14) Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы
Астана қаласынан
15) Редкокашин Владимир Николаевич
Алматы қаласынан
16) Бижанов Ақан Құсайынұлы
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына тиісті куәлік пен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 31 тамыз
№ 56/96

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауында дауыс берудің бастапқы қорытындыларын жариялады

2011 жылғы 19 тамызда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында Парламент Сенатының 16 депутатының сайлауы болып өтті.

Дауыс беру 39 кандидатура бойынша жүргізілді.
Сайлау заңнамасына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиялары бастапқы қорытындыларды дауы беру күні – 2011 жылғы 19 тамызда шығарды.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының жедел мәліметтері бойынша, таңдаушылар тізімдеріне енгізілген мәслихаттардың 3283 депутатының дауыс беруге 96,6% қатысқан.
Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың басым көпшілік дауысын алғандар:

Астана қаласында - Редкокашин Владимир Николаевич (91,7% жуығы)
Алматы қаласында - Бижанов Ақан Құсайынұлы (88,2%)
Ақмола облысында - Ергалиев Жабал Ерғалиұлы (84,6%)
Ақтөбе облысында - Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы (90,8%)
Алматы облысында - Тұрлашов Ләззат Махатұлы (94,3%)
Атырау облысында - Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы (66,4%)
Шығыс Қазақстан облысында - Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы (89,7%)
Жамбыл облысында - Астаев Ертарғын Кәкімбекұлы (90,8%)
Батыс Қазақстан облысында - Ахметов Рашит Сайранұлы (86,9%)
Қарағанды облысында – Акылбай Серік Байсеитұлы (94,6%)
Қостанай облысында – Нұргалиев Жеңіс Мирасұлы (92,4%)
Қызылорда облысында – Мұхамедов Мұрат Бахтиярович (81,3 %)
Маңғыстау облысында – Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы (98,2%)
Павлодар облысында – Күзеков Асхат Сайпиұлы (91,3%)
Солтүстік-Қазақстан облысында – Ескендіров Самат Сапарбекұлы (82,5%)
Оңтүстік Қазақстан облысында – Айтаханов Куаныш Айтаханұлы (81,9 %).

Дауыс беру, сондай-ақ барлық сайлау рәсімдері қалыпты іскерлік жағдайда, сайлау заңнамасына сәйкес өткізілді.
Еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беру, дауыстарды санау және дауыс беру қорытындыларын шығару барысын байқауды 52 халықаралық байқаушы, 10 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, 99 кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, республикасының саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктерінің байқаушылары, сондай-ақ 210 отандық масс-медиа өкілдері жүзеге асырды.
Сайлау заңын бұзу фактілеріне қатысты сайлау органдарының атына бүгінгі күні келіп түскен шағымдар мен өтініштер жоқ.
Дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларды облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Ортсайлаукомға 20 тамыздан кешіктірмей жіберуі тиіс. Сайлау заңнамасына сәйкес, бұл хаттамалардың мәліметтері негізінде Орталық сайлау комиссиясы 25 тамыздан кешіктірмей сайлаудың түпкілікті қорытындыларын анықтауы, және 28 тамыздан кешіктірмей олар туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутатына тіркелген үміткерлердің тізімі (сайлау 2011 жылғы 19 тамызда)

Шығыс Қазақстан облысы



Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Ұлты

Ұсынылған күн

Тіркелген күн

Ұсыну жолы

1

Әміржанов Төлеубек Қабытайұлы

06.08.1948

қазақ

16.06.11

28.06.11

Өзін-өзі ұсынған

2

Абайдильдин Талғатбек Жәмшітұлы             

16.09.1948

қазақ

17.06.11

24.06.11

Шемонаиха аудандық мәслихаты ұсынған

3

Есдәулетова Бағыдат

23.01.1952

қазақ

17.06.11

04.07.11

Өзін-өзі ұсынған


29 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды

Кандидаттардың ең көп саны Қызылорда облысында – 5 адам. Сенат депутатының мандатына 4 үміткерден Атырау, Бастыс Қазақстан және Оңтүстік қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 29 шілде күні кандидаттарды тіркеу аяқталды (тек Ақтөбе облысында бұл жұмыс 5 тамызға дейін жүреді).
2011 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу қорытындыларына арналған отырысы болды.
Ортсайлаукомның мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының 16 мандатына ұсынылған 96 үміткерден облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары барлығы 52 кандидатты тіркеген. (Салыстыру үшін: 2005 жылы –- 47, ал 2008 жылы – 50 кандидат тіркелген болатын).
Ең көп үміткерлер Қызылорда облысында тіркелген – 5 адам. Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында - 4 үміткерден, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында - 3 үміткерден, Алматы облысында - 2 үміткер.
Республика бойынша орташа есеппен алғанда1 депутаттық мандатқа бәсекелестік 3 адамнан асады.
Үміткерлердің орташа жасы – 54 жасты құрайды.
Мамандығы бойынша: 9 инженер, 9 экономист, 5 заңгер, 1 саясаттанушы, 28 басқа мамандық иелері бар.
Қызметі бойынша: 7 кандидат - Парламент Сенатының депутаты (2005 жылы Сенат депутаттығына кандидат ретінде – 11 сенатор, 2008 жылы – 7 сенатор дауысқа түскен болатын), 22 – мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкері, 12 – кәсіпкерлік құрылымдардың өкілі, 7 – ғылым, мәдениет және білім қызметкері.

Партияға қатыстылығы бойынша: 28 кандидат - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, бір-бірден «Ақ Жол», «Ауыл», «Руханият» партияларының мүшелері бар, 13 кандидат партияда жоқ, 8 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген..
9 үміткер өз кандидатурасын алып тастау жөнінде өтініш беруіне байланысты тіркелмеді.
6 адам Парламент Сенаты депутаттығына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін сайлауға қатысудан бас тартты. Тапсырылған декларациясындағы табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс болмай шығуы себепті 1 кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды.
Қажетті құжаттарды заңмен көзделген мерзімде тапсырмауына байланысты 25 кандидатты тіркеуден бас тартылды.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты жағдайда және сайлау заңы талаптарына сәйкес өтуде.
Сайлау науқаны басталғалы бергі мерзімде Орталық сайлау комиссиясына Солтүстік Қазақстан облысынан кандидаттарды тіркеу барысында заң бұзушылық орын алды деген екі шағым келіп түсті. Тексеру барысында оларда көрсетілген фактілер расталмады. Шағым авторларына уақтылы жауап берілді.
30 шілдеден бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмысына кірісе алады. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, ол 2011 жылғы 17 тамыздағы түнгі сағат 24.00-ге дейін жүреді.

Тек Ақтөбе облысында ғана, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімінің ұзартылуына байланысты, үміткерлердің сайлауалды үгіті 6 тамыз күні басталады.
Барлық кандидаттардың тең жағдайда сайлауалды үгіт жүргізуі кепілдендірілген.
Бұл ретте, БАҚ арқылы үгіт жүргізу үшін әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен телевизиядан 15 минут, радиодан 10 минут сөз сөйлеуге, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауға теңдей қаражат бөлінген.
Кандидаттар шығынының нормативтерін бекіту туралы тиісті қаулыны Ортсайлауком 7 шілдеде қабылдаған болатын.
Сайлауалды көпшілік іс-шараларын өткізу үшін сайлау комиссияларының өтінімі бойынша жергілікті басқару органдары кандидаттарға таңдаушылармен және азаматтармен кездесулер өткізуге шарттық негізде және өзге кандидаттармен тең жағдайда үй-жай беруге міндетті.
Сондай-ақ кандидат сайлауалды үгітті баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату жолымен жүргізе алады. Барлық үгіт баспа материалдарының осы материалдарды шығарған ұйым, басып шығарылған жері мен таралымы, тапсырыс берген тұлға, қандай көздерден қаржыландырылғаны туралы мәліметтері болуы тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеуі және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыруы тиіс.
Қазіргі уақытта барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылғы 19 тамызда таңдаушылардың отырыстары өтетін орындар мен уақыты анықталған.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында сондай-ақ «2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауындағы сайлау бюллетеньдері туралы» қаулы қабылданды.
Бұл қаулыға сәйкес, қарғалу деңгейлері бар сайлау бюллетеньдері бланкілерінің қажетті саны бір орталықтан дайындалып, кейін өңірлерге жеткізілетін болады.

Кандидаттардың тегін бюллетеньдерге облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары жергілікті жерлерде енгізетін болады.
Сондай-ақ, бүгін Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылардың 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауындағы қызметіне қатысты бірқатар шешімдер қабылдады, және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының ТМД Миссиясының құрамында кіретін 8 байқаушысын аккредиттеді.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы, 30 шілде

Похожие:

2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 маусымдағы №98 Жарлығына сәйкес 2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconБесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындылары туралы хабар
Жылғы 15 қаңтарда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, бесінші шақырылатын...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы icon2012 жылғы 15 қаңтар – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау күні
...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconСақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнамалық...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconМемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №891 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconПарасат ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №892 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconҚостанай облысынан шығып қалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабар
Жылғы 23 сәуірде Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау болды
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы icon276 от 21. 09. 2012 года Атақтар беру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы»
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 қаулысына және «Спорттық атақтар мен разрядтар беру туралы» Қазақстан Республикасы...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы
«Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 14 тамыздағы №765 қаулысына (Қазақстан...
2011 жылғы 19 тамыздағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы iconЗырян ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №806 қаулысы Қазақстан Республикасы Парламенті
«Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница