Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау




Скачать 77.94 Kb.
НазваниеАтырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау
Дата конвертации20.11.2012
Размер77.94 Kb.
ТипДокументы





Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне

ТАЛДАУ

Республика соттарының 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындыларын шығару жөніндегі кеңейтілген кеңестің хаттамалық шешімінде көрсетілген тапсырмаларды орындауға бағытталған Атырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың 10 айында қаралған кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау жүргізілді.

Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың 10 айында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша 996 адам сотталған, оның ішінде, бас бостандығынан айыру жазасына - 68 іс бойынша 89 адам, немесе 8,9 % .

Соның ішінде, онша ауыр емес қылмыстық әрекеттері бойынша барлық сотталған 243 адамның кішігірім қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың 20-сына (8,2%), ауырлығы орташа қылмыстар үшін жалпы сотталған 753 адамның 69а (9,1%) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Бас бостандығынан айырумен сотталған 89 адамнан 27 адам, яғни үштен бірі /30,3%/ қылмыстың қайталануына байланысты, ал 62 адам немесе үштен екісі /69,6%/ өзге де негіздермен бас бостандықтарынан айырылған.

Аталған санаттағы қылмыстар үшін жаза тағайындалған сот актілері зерделену барысында, соттардың бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау себептерін томендегідей топтарға бөлуге болатыны анықталды:

1/ Бас бостандығынан айыру жазасы қылмыстық заңында көрсетілген шектеулерге байланысты тағайындалған;

2/ Қылмыстың қоғамға қауіптілігі, сипаты, сотталғандардың жеке бастарына байланысты.

Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық заңында көрсетілген шектеулерге байланысты тағайындау

Сотталғандардың әрекетерінде қылмыстың қайталануы танылған жағдайларда және бұрын мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдар қылмыс жасаған жағдайларда түгелге дерлік жағдайда тағайындалған.

Орташа санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін 20 адамға қатысты 20 іс бойынша, яғни кішігірім және орта дәрежедегі санаттағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың үштен бірі қылмысты қылмыстың қайталануы жағдайында жасаған, бұл жағдайда соттар қылмыстық заңның талабына, яғни ҚК-нің 59 бабының негізінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Бұрын мерзімінен бұрын шартты түрде жазадан босатылып, жазаның аяқталу мерзіміне дейін орташа санаттағы қылмыс жасаған 3 іс бойынша 3 адам бас бостандығынан айырылған.

Мысалы, Атырау қаласының №2 сотының 06 сәуір 2011 жылғы үкімімен М.Нураев ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «а», «б», «в» тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігімен, 175-бабының 2-бөлігінің «а», «б», «в» тармақтарымен ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігінің, 60-бабының 1-ші және 4-ші бөліктері негізінде тағайындалған жазаға 2007 жылғы 26 қыркүйектегі үкімімен белгіленген жазаның өтелмеген бөлігінің ішінара 6 (алты) айын қосылып, түпкілікті өтеу үшін 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға сотталған.

Осындай негіздермен бұрын шартты түрде босатылған, шартты мерзім аяқталғанға дейін қылмыс жасаған Р.Иманиязовқа да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қылмыстың қоғамға қауіптілігі, сипаты, сотталғандардың жеке бастарына байланысты бас бостандығынан айыру жөнінде:

Зерделеу жүргізілген мерзімде облыс соттарына Қазақстан Республикасына келіп, қылмыс жасаған шет ел азаматтарына қатысты қылмыстық істер түсуінің көбейгені байқалады.

Кішігірім және орта дәрежедегі санаттағы қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың басым көпшілігі шет елдерінің азаматтарына байланысты - 8 қылмыстық іс бойынша 18 адамға немесе осы санаттардағы бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың 20,2 %.

Облыс соттарында Қазақстанда тұрақты мекені жоқ арнайы Қазақстан территориясына қылмыс жасау ниеттерімен келген азаматтарға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау тәжірибесі қалыптасқан, өйткені Қазақстан Республикасында тұрақтанбаған шет елдерінің азаматтарына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың түрлерін тағайындау тиімсіз, өйткені шет ел мемлекеттерімен ондай жазалар орындалмайды.

22 қаңтар 1993 жылғы Минскіде және 7 қазан 2002 жылғы Кишиневте қабылданған «Азаматтық, жанұялық және қылмыстық істер бойынша құқылық көмек көрсету жөнінде» Конвенцияларында бұл мәселелер қарастырылмаған.

Осы орайда, Қазақстанға әдейі келіп, қылмыс жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаған жағдайда, олар жасаған әрекеттеріне ешқандай жаза алмай қалуы ықтимал.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының территориясына өтіп, топ болып заңсыз балық аулап, мемлекет мүдделелеріне көп мөлшерде зиян келтірген Ресей Федерациясының азаматтары М.Мусагаджиев, Ш.Хабибов, М.Газиев, М.Газиев, Б.Магомедов, П.Хаджимагомедов, тағы басқа Ресей Федерацияның азаматтары барлығы 7 іс бойынша 17 адам ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігімен алдын ала сөз байласқан топ болып, Қазақстан территориясына өтіп, қару –жарағымен, балық аулауға арнайы бейімделген құралдарымен, навигациялық приборларымен келіп көп мөлшерде бағалы балық түрлерін аулағаны үшін №2 Атырау қалалық сотымен бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Осы сотпен осындай жазаға Ресей Федерацияның азаматы А.Юдин топ болып, көп мөлшерде бекре тұқымдас балықтарының уылдырықтарын сатып алғаны үшін ҚК-нің 183 бабының 2 бөлігімен сотталған.

Құрманғазы аудандық сотымен заңсыз есірткі затты шекарадан заңсыз өткізгені үшін Тәжікстан Республикасы азаматы Ш.Сатторов ҚР ҚК-нің 250 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оны осы бап бойынша 6 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге.

Сонымен, 2011 жылының 10 айында Қазақстанға келіп қылмыс жасаған 21 шет ел азаматтары орташа және кішігірім қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған – 23,53%.

Аталған мерзімде діни - экстремистік топтарының мүшелері тарапынан қылмыс жасау фактілері көбейіп, қоғамды дүрліктіру фактілері байқалды.

Сондықтан облыс соттары аталған топтардың мүшелерімен жасалған қылмыстарға заң талаптары мөлшерінде қатаң жаза тағайындауды жөн көрген.

Мысалға, діни топтарының мүшелері М.Даулетьяров пен Ж.Жолдыбаевтың бұзақылық әрекеттерін жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, дiни өштiк тұрғысында өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлағаны үшін 2 іс бойынша 11 адам бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сөйтіп, 2011 жылының 10 айында діни топтарының 13 мүшелері бас бостандығынан айыру жазасына сотталған /орташа және кішігірім қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың 14,6 %/

Соттардың кішігірім және орта дәрежедегі санаттағы абайсызда қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру себептерінің бірден-бірі – сотталғанның әрекеті адамның өліміне әкеп соқтыруы болып табылады (5 іс бойынша 5 адам, яғни аталған санаттардағы бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың 5,6 %).

Атап айтқанда, Атырау қаласының №2 сотының 11 қаңтар 2011 жылғы үкімімен Н.Жанкабилов ҚР-ның ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Бірінші сатыдағы сот Н.Жанкабиловтың қылмыстық әрекеті өте ауыр зардаптарға - үш адамның өліміне әкеп соқтырғанын, жәбірленушілердің екеуі кешірім бермегенін ескерген.

№2 Атырау қалалық сотымен В.Горшков ҚР-ның ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, оған түпкілікті 4 жыл 6 ай жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Іс құжаттарынан көрінгендей, В.Горшков бұрын жүргізушілік құқығынан айырылған адам бола тұра, арақ ішкен мас күйінде, жүргізуші куәлігі болмаса да көлікті айдап, жол жүргізу Ережелерін бұзып, жәбірленуші К.Нургалиевті қағып кеткен, жәбірленушіні көлігіне отырғызып алып, жолда жәбірленуші қайтыс болғанын көріп, қылмысының іздерін жасыру үшін, Нургалиевтің мүрдесін мұсылман мәйітіне апарып тастап кеткен.

Мақат аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 114-бабының 4-бөлігімен бас бостандығынан айыру жазасына сотталған М.Айтуаров он жастағы А.Изтурганова науқастануына байланысты үйіне жедел-жәрдем көрсетуге барған кезде, анасы Д.Зихатова М.Айтуаровқа қызы шикілей абрикос жегеннен ауырып қалғанын, содан түнде құсып бірнеше рет іші өткенін, қызының бұрын мүлдем ауырмағанын, ешқандай укол алмағанын және қызының жұмыртқа мен апельсинге аллергиясы бар екенін ескерткеніне қарамастан, Айтуаров науқастың анасының шағымына немқұрайлы қарап, медицина қызметкері бола тұра өзінің кәсіптік міндеттерін тиесінше орындамай, науқаста анасының айтуы бойынша өткір ішек инфекциясының белгілері бола тұра, оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін ауыруханаға оқшауландырмай, ауырудың шын хал-жағдайын анықтамай, өздігінен қауырт респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) диагнозын қойғаны, А.Изтурганованың бұрын мүлдем ауырмағанын, ешқандай укол алмағанына қарамастан және де оның аллергиялық анамнезін біле тұра, оған литикалық қоспа инъекциясын салмастан бұрын ешқандай байқау жасамай,оң жақ құйрығына аталмыш қоспасын салып, науқастың осы инъекциядан кейінгі жағдайын аяғына дейін байқамай, өзінің кәсіптік міндеттеріне адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамай кетіп қалғаны, аллергиялық анамнезі бар және бұрын литикалық қоспа инъекциясын алмаған науқас А.Изтурганова фельдшер М.Айтуаровтың жасаған иньекциясынан анафилактикалық шок реакциясы пайда болып, науқас А.Изтурганова анафилактикалық реакциядан есінен танып, фельдшер М.Айтуаров оған сол кезде шұғыл дәрігерлік көмегін көрсетпеу салдарынан, жәбірленушінің қайтыс болғаны басты сот талқылауында зерделенген дәлелдемелер жиынтығымен дәлелін тапқан. Іс құжаттарынан 10 жасар А.Изтурганова бұрын ешқандай ауырумен ауырмағаны, жәбірленуші сотталғанға қатаң жаза тағайындауды сұрайтыны көрінеді.

Сот актілерін зерделеу барысында облыс соттары сотталғандар абайсызда қылмыстар жасағап, сотталғанның әрекеті адамның өліміне әкеп соқтырған, олар материалдық, моралдық зиянды өтеуге тырыспай, шын жүректен өкіну нышанын білдірмеген жағдайларда ғана бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Сонымен қатар, көп эпизодты қылмыстарға қатыстылығы бар екені анықталған, материалдық залады өтемеген 12 адамға қатысты 12 іс бойынша (13,4 %) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Мысалға, Атырау қаласының №2 соты сенімге қиянат жасау арқалы бірнеше адамдардың мүлкін иемденіп, келтірген залалының орнын толтырмаған Е.Абеновты ҚР ҚК-нің 177- бабының 2 - бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, оны осы бап бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге белгілеген.

Жоғарыда келтірген мысалдардан, облыс соттарының ағымдағы жылы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау тәжірибесінде заңнан ауытқушылық болмағаны, бас бостандығынан айыру жазасы қылмыстық істердің мән-жайларына, сипатына, сотталғандардың жеке бастарына сай тағайындалғаны байқалады.
Қорытынды:

Аталған санаттағы істерді қарау барысындағы тәжірибесімен таныстыру мақсатында төмендегідей шаралар қолдану қажет деп есептеймін:

  1. Талдау қортындысын барлық соттарға жолдауға;

  2. қылмыстық істерді қарайтын судьялардың қатысуымен оқу орталығының семинарында талқылауды.



Атырау облыстық сотының
апелляциялық сот алқасы

Похожие:

Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау icon17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы
Атырау облысы соттарымен қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жазалардың қолдану сот тәжірибесіне...
Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау icon2004-2006 жылдар ішінде республика соттарының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру нәтижелері туралы анықтама
Осы талдау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті ұсынған статистикалық...
Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау icon«бекітемін» Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жылдағы сот әділдігін іске асыру жұмысына...
Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау iconҚылмыстық іс №1-108/2010
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша...
Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау icon2012 жылдың 8-10 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау icon2012 жылдың 14-15 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

Атырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау icon2012 жылдың 21-24 ақпанның жұлдызында Павлодар облыстық соты апелляциялық сот сатысында қарастырылған қылмыстық істер тізімі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница