Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже




Скачать 390.81 Kb.
НазваниеҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
страница1/4
Дата конвертации19.03.2013
Размер390.81 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Үздік білім беру мекемелеріне

Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев-тың жыл сайынғы Жолдауларында әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім қызметтерін көрсетуге ерекше назар аударылады. Білім және ғылым министрлігі мен Облыс Әкімдері қазіргі білімді алу мен озық технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін тиімді инфраструктураның дамуына барлық қажетті жағдайларды жасауда. Шығыс Қазақстан облысында уақытылы қолдауды, насихаттау мен таратуды қажет ететін зор ғылыми-теориялық, тәжірибелік, дидактикалық және тәрбиелік әлует бар. Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже» әзірленді (ары қарай – Ереже).

2. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы тұлға мен қоғамның білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға және адам ресурстарын дайындау сапасын арттыру мақсатында инновациялық үрдістерді басқару, білім беруді реформалау саласына қосқан маңызды үлестері үшін педагогикалық ұжымға беріледі. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, интернаттық мекемелерге, балалар үйлеріне, колледж бен кәсіби мектептерге тапсырылады.

3. Жыл сайын, 15 тамызға дейін, білім департаментіне қарасты комиссия сайыс жеңімпаздарының тізімін облыс әкімшілігінің бекітуіне береді. Қорытынды шығару мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Шығыс Қазақстан облысы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде өткізіледі.

4. Облыстың білім департаментінің комиссиясы сыйлықтың талапкерлерін таңдау кезінде өткізілетін білім беру үрдісінің объективтілігі мен нәтижелілігі, білім беру сапасын басқару механизмін енгізу тереңдігі, жүргізілген инновациялық үрдістердің ғылымилығы, оның рухани бай, жоғарғы адамгершілік білімі бар және шығармашылық тұлға қалыптастыруға бағыты тағы басқа көрсеткіштерді жетекшілікке алады. Жыл сайын 1 тамызға дейін облыстың білім департаментіне қарасты комиссия облыс әкімінің сыйлығына талапкерлердің тізімін облыс әкіміне бекіту үшін ұсынады. Сайыс «Жылдың үздік инновациялық типті қала мектебі», «Жылдың үздік жалпы білім беретін қала мектебі», «Жылдың үздік негізгі ауыл мектебі», «Жылдың үздік жалпы білім беретін ауыл мектебі», «Жылдың үздік ауылдық шағын жинақталған мектебі», «Жылдың үздік интернаты», «Жылдың үздік балалар үйі», «Үздік балабақша», «Жылдың үздік мектептен тыс ұйымы», «Жылдың үздік кәсіби лицейі (кәсіби мектеп)», «Үздік колледжі» номинациясы бойынша өтеді.

5. Берілетін сыйлықтың келесі көлемдері бекітіледі:

«Жылдың үздік инновациялық типті қала мектебі», «Жылдың үздік жалпы білім беретін қала мектебі», «Жылдың үздік негізгі ауыл мектебі», «Жылдың үздік жалпы білім беретін ауыл мектебі», «Жылдың үздік ауылдық шағын жинақталған мектебі», «Жылдың үздік интернаты», «Жылдың үздік балалар үйі», «Үздік балабақша», «Жылдың үздік мектептен тыс ұйымы», «Жылдың үздік кәсіби лицейі (кәсіби мектеп)», «Үздік колледжі» номинациялары бойынша 350 мың теңге көлемінде бір сыйлық беріледі.

6. Сыйлықтың лауреаты дипломын салтанатты түрде Шығыс Қазақстан облысы әкімі немесе оның орынбасарлары тапсырады.

7. Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлық беру туралы актісі жаппай ақпараттандыру құралдарында жарияланады.
ІІ. Білім мекемелерінің іс-әрекеттерін бағалау көрсеткіштері
1. «Жылдың үздік инновациялық типті қала мектебі»

1.Мектеп жұмысының жалпы білім беретін білім мекемелерінің іс-әрекетін регламенттейтін нормативтік құжаттардың қазіргі талаптарына сәйкес болуы. Барлығын оқыту туралы бұйрықтың орындалуы;

2. Мектеп дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау (белгі-ленген нәтиже көрсеткіштеріне сәйкес білім дамуы бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізу) және оның ҚР білім жүйесі дамуының басымды бағыттарына сәйкес келуі;

3. Мектептің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы және нығайтылуы, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру;

4. Білім және тәрбие беру нәтижелерінің жоғарғы сапасы: оқушылар денсаулығы жағдайының кері динамикасының жоқтығы; білім үрдісінде қазіргі білім технологияларын, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану; тәрбие әдістерін, жүйелері мен технологияларын қолданудың нәтижелігі (негізгі мақсаттар, міндеттер, мониторинг бағдарламасы, нәтижелігі), тәрбие беру ортасы, мектептегі өзін-өзі басқару, балалар бастамасын дамыту және жүзеге асыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, темекі тарту мен нашақорлықпен күресу; тәрбие үрдісінде сыртқы әлеуметтік-мәдени, білім орталықтары мен табиғи ортаны пайдалану, балаларды әлеуметтік қорғау; оқушылардың табиғи интеллектуалдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, оқушылардың арнайы шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту; өзіндік білім алу мен ғылыми-зерттеу іс-әрекеттері дағдыларына үйрету, сондай-ақ тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттіліктерін қалыптастыру; сапалы білім беру қолайлығына қол жеткізу, түрлі формада білім алу мүмкіндігін ұсыну; оқушылардың бағдаралды дайындығы мен бағдарлы оқуын жүзеге асыру; оқушыларды оқыту тиімділігінің мониторингі (соның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері).

5. Мектептің әдістемелік жұмысының тиімділігі. Педагогикалық мамандармен жұмыс істеу, педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасау.

6. Мектептегі тәжірибелік-эксперименталды жұмысы-ның өнімділігі.

7. Мектепішілік басқарудың тиімділігі: дербес басқару мен өзін-өзі басқару ұстанымдарының үйлесуі (шешім қабылдаудың демократиялық сипаты, өзін-өзі басқару органдарының тиімді іс-әрекеті).

8. Мектептің әлеуметтік бейнесі. Әлеуметтік серіктестік, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу. Ата-аналардың (заңды өкілдерінің), оқушылардың және жергілікті қоғамның гимназияға (лицейге) деген оңды қатынасы.

9. Оқу мекемесінде білім үрдісіне қатысушылардың қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету.

10. Аудандық (қалалық), облыстық, республикалық және халықаралық фестивалдерге, сайыстарға, байқауларға т.б. қатысу

11. «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы».

12. Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің ұйымдастырылуы.

13. Мектептің озық педагогикалық тәжірибесін тарату.

14. Жазғы демалысты, сауықтыруды, бос уақыттарды ұйымдастыру.
2. «Жылдың үздік жалпы білім беретін қала мектебі»

1. Мектеп жұмысының нормативтік құжаттардың қазіргі талаптарына сәйкес болуы. Барлығын оқыту туралы бұйрықтың орындалуы;

2. Мектептің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы және нығайтылуы, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру;

3. Білім беруді компьютерлендіру мен ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы;

4. Мектепішілік басқарудың тиімділігі:

- мақсат қою сапасы (болжанатын нәтижелердің нақтылығы, жүйелігі, бірізділігі, құрылымдылығы мен өлшемділігі);

- жоспарлау сапасы (қисындылық, сабақтастық, бірізділік, тепе-теңділік);

- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру сапасы (мақсаттылық, рационалдылық, құрылымдылық);

- бақылау сапасы (жүйелілік, жоспарлық);

- аналитикалық іс-әрекеттің сапасы (жүйелілік, сабақтастық, айқындылық);

5. Оқу үрдісінде білім әдістері мен технологиясын қолдану тиімділігі. Оқушыларды оқыту тиімділігінің мониторингі (соның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері).

6. Мектептің әдістемелік жұмысының тиімділігі. Педагогикалық мамандармен жұмыс істеу, педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасау;

7. Тәрбие жүйесінің болуы (негізгі мақсаттар, міндеттер, қазіргі тәрбие технологиясын қолдану, мониторинг бағдарламасы, нәтижелігі); Тәрбие беру ортасы. Мектептегі өзін-өзі басқару. Балалар бастамаларының дамуы және олардың жүзеге асырылуы. Тәрбие үрдісінде сыртқы әлеуметтік-мәдени, білім орталықтары мен табиғи ортаны пайдалану. Балаларды әлеуметтік қорғау. Құқық бұзушылықтың алдын алу. Темекі тарту мен нашақорлықпен күресу;

8. «Жасыл Ел» бағдарламасының орындалуы;

9. Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің ұйымдастырылуы;

10. Мектептің әлеуметтік бейнесі. Әлеуметтік серіктестік, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу;

11. Мектептің озық педагогикалық тәжірибесін тарату;

12. Жазғы демалысты, сауықтыруды, бос уақыттарды ұйымдастыру;

3. «Жылдың үздік негізгі ауыл мектебі»

1. Мектеп жұмысының жалпы білім беретін білім мекемелерінің іс-әрекетін регламенттейтін нормативтік құжаттардың қазіргі талаптарына сәйкес болуы. Барлығын оқыту туралы бұйрықтың орындалуы;

2. Мектеп дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау (белгіленген нәтиже көрсеткіштеріне сәйкес білім дамуы бағдарламаларының мақсаттарына қол жеткізу) және оның ҚР білім жүйесі дамуының басымды бағыттарына сәйкес келуі;

3. Мектептің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы және нығайтылуы, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру;

4. Білім және тәрбие беру нәтижелерінің жоғарғы сапасы: оқушылар денсаулығы жағдайының кері динамикасының жоқтығы; білім үрдісінде қазіргі білім технологияларын, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану; тәрбие әдістерін, жүйелері мен технологияларын қолданудың нәтижелігі (негізгі мақсаттар, міндеттер, мониторинг бағдарламасы, нәтижелігі), тәрбие беру ортасы, мектептегі өзін-өзі басқару, балалар бастамасын дамыту және жүзеге асыру, тәрбие үрдісінде сыртқы әлеуметтік-мәдени, білім орталықтары мен табиғи ортаны пайдалану, балаларды әлеуметтік қорғау; құқық бұзушылықтың алдын алу, темекі тарту мен нашақорлықпен күресу; оқушылардың табиғи интеллектуалдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, оқушылардың арнайы шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту; өзіндік білім алу мен ғылыми-зерттеу іс-әрекеттері дағдыларына үйрету, сондай-ақ тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттіліктерін қалыптастыру; сапалы білім беру қолайлығына қол жеткізу, түрлі формада білім алу мүмкіндігін ұсыну; оқушылардың бағдаралды дайындығы мен бағдарлы оқуын жүзеге асыру; Оқушыларды оқыту тиімділігінің мониторингі (соның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері).

5. Мектептің әдістемелік жұмысының тиімділігі. Педагогикалық мамандармен жұмыс істеу, педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасау.

6. Мектептегі тәжірибелік-эксперименталды жұмысы-ның өнімділігі.

7. Мектепішілік басқарудың тиімділігі: дербес басқару мен өзін-өзі басқару ұстанымдарының үйлесуі (шешім қабылдаудың демократиялық сипаты, өзін-өзі басқару органдарының тиімді іс-әрекеті).

8. Мектептің әлеуметтік бейнесі. Әлеуметтік се-ріктестік, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу. Ата-аналардың (заңды өкілдердің), оқушылардың және жергілікті қоғамның гимназияға (лицейге) деген оңды қатынасы.

9. Оқу мекемесінде білім үрдісіне қатысушылардың қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету.

10. Аудандық (қалалық), облыстық, республикалық және халықаралық фестивалдерге, сайыстарға, бай-қауларға т.б. қатысу.

11. «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы.

12. Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің ұйымдастырылуы.

13. Мектептің озық педагогикалық тәжірибесін тарату.

14. Жазғы демалысты, сауықтыруды, бос уақыттарды ұйымдастыру.
4. «Жылдың үздік жалпы білім беретін ауыл мектебі»

1. Мектеп жұмысының жалпы білім беретін білім мекемелерінің іс-әрекетін регламенттейтін негізгі құжаттардың қазіргі талаптарына сәйкес болуы. Барлығын оқыту туралы бұйрықтың орындалуы;

2. Мектептің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы;

3. Білім беруді компьютерлендіру мен ақпарат-тандырудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы.

4. Балаларды мектепке әкелуді ұйымдастыру;

5. Тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру;

6. Мектепішілік басқарудың тиімділігі: дербес басқару мен өзін-өзі басқару ұстанымдарының үйлесуі (шешім қабылдаудың демократиялық сипаты, өзін-өзі басқару органдарының тиімді іс-әрекеті);

7. Оқу үрдісінде білім әдістері мен технологияларын қолдану тиімділігі. Оқушыларды оқыту тиімділігінің мониторингі (соның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері).

8. Мектептің әдістемелік жұмысының тиімділігі. Педа-гогикалық мамандармен жұмыс істеу, педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасау;

9. Тәрбие жүйесінің болуы (негізгі мақсаттар, міндеттер, қазіргі тәрбие технологиясын қолдану, мониторинг бағдарламасы, нәтижелігі); Тәрбие беру ортасы. Мектептегі өзін-өзі басқару. Балалар бастамаларының дамуы және олардың жүзеге асырылуы. Тәрбие үрдісінде сыртқы әлеуметтік-мәдени, білім орталықтары мен табиғи ортаны пайдалану. Балаларды әлеуметтік қорғау. Құқық бұзушылықтың алдын алу. Темекі тарту мен нашақорлықпен күресу;

10. «Жасыл Ел» бағдарламасының орындалуы;

11. Мектептің психологиялық қызметінің ұйымдасты-рылуы;

12. Мектептің әлеуметтік бейнесі, ата-аналармен жә-не жұртшылықпен жұмыс істеу;

13. Мектептің озық педагогикалық тәжірибесін тарату.

14. Жазғы демалысты, сауықтыруды, бос уақыттарды ұйымдастыру.
5. «Жылдың үздік ауылдық шағын жинақталған мектебі»

1. Мектеп жұмысының шағын жинақталған мектеп-тердің іс-әрекетін регламенттейтін негізгі құжаттардың қазіргі талаптарына сәйкес болуы. Барлығын оқыту туралы бұйрықтың орындалуы;

2. Мектептің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы және нығайтылуы, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру;

3. Білім беруді компьютерлендіру мен ақпараттан-дырудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы;

4. ШЖМ оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру:

- оқушылардың контингенті;

- жинақталған сыныптарды қосарландыру;

- оқу үрдісін жобалау;

- жасаралық қарым-қатынас мүмкіндіктерін қолдану;

- дамыта оқыту мүмкіндіктерін пайдалану;

- өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі;

- оқу, әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі.
ШЖМ тәрбие жұмысының жағдайы:

- тәрбие жүйесінің бүтіндік деңгейі, қазіргі тәрбие технологияларын қолдану, нәтижені бақылау;

- тәрбие жүйесінің алдыға қойған мақсаттарға жақындық деңгейі, тәрбие жүйесінің негізін құрайтын педагогикалық тұжырымдаманы жүзеге асыру;

- оқушылардың денсаулықтарын сақтау, балаларды әлеуметтік қорғау;

5. ШЖМ кадрлық құрамы және педагогтардың кәсіби өсуін ынталандыру.

6. Әдістемелік жұмысты диагностикалық негізде ұйымдастыру, жұмыс формалары мен әдістерінің бүтінділігі.

7. Оқу-тәрбие үрдісіне қазіргі ақпараттық және педагогикалық технологияларды енгізу тиімділігі.

8. Құқық бұзушылықтың алдын алу, темекі тарту мен нашақорлықпен күресу.

9. «Жасыл Ел» бағдарламасының орындалуы»;

10. Ауылдың білім және тәрбие беретін мәдени ор-талығы ретінде мектептің әлеуметтік бейнесі, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс істеу;

11. Мектептің озық педагогикалық тәжірибесін тарату.

12. Жазғы демалысты, сауықтыруды, бос уақыттарды ұйымдастыру.
6. «Жылдың үздік балалар үйі»

1. Балалар үйіндегі өмірдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының білімнің қазіргі талаптарына сәйкес келуі:

- материалдық-техникалық базасы;

- санитарлық жағдайы;

- мекеменің тұрғын бөлмелерінде үй жағдайын сақтап отыру;

- тәрбиеленушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- жер үлескілерінің көркейтілуі;

- көкөніс сақтайтын, монша, кір жуатын т.б. қосалқы бөлмелердің болуы.

2. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру:

- мамандармен қамтамасыз етілуі, қызметкерлердің білім деңгейі;

- әдістемелік жұмыстағы инновациялар, педагогтар-дың кәсіби шеберлігін өсіру үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасау;

- балалар үйінде әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру;

- құрылымдық мекемелер мен мекеме қызметкер-лерінің өзара әрекет ету жүйесі.

3. Оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формасы:

- тәрбие жұмысын ұйымдастыру; тәрбие жұмысының мазмұны, формасы мен әдістері. Тәрбие үрдісінде инновациялардың болуы;

- тәрбиеленушілер арасында қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

- жұмыс нәтижелігінің мониторингі;

4. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасау.

- еңбекке баулу және тәрбиелеу, қоғамға пайдалы және өнімді еңбек;

- тәрбиеленушілердің бос уақытын өткізуі үшін, клубтар, үйірмелер, оқу шеберханалары, қосалқы шаруашылық, оқушылық кооператив және тағы басқа оқушылардың бірлестіктері үшін баламалы жағдай жасау;

- жазғы уақытта тәрбиеленушілердің демалысын, сауықтыру мен бос уақыттарын ұйымдастыру;

- тәрбиеленушілер арасында ғылыми-ағартушылық және кәсіби бағдарлық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;

- соңғы үш жылдағы еңбекке орналасу қорытын-дылары.

5. Жұртшылықпен байланысы. Қосымша білім беру мекемелерімен тәрбиеленушілерге тегін қызмет көрсету жөніндегі бекітілген шарттарының болуы.

6. Өзінің тәжірибесін әйгілеуі.
  1   2   3   4

Похожие:

Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconБілім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер
Осы Білім беру грантын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес...
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconБілім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер
Осы Білім беру грантын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес...
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconҮздік білім беру мекемелеріне 2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша Астана қаласы Әкімінің Грантын беру туралы ақпарат
«Үздік қосымша білім беру мекемесі-2011», «Үздік мамандандырылған білім беру мекемесі-2011» атты номинациялар бойынша білім беру...
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconОрта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған...
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже
Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі аппарат)
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconШығыс Қазақстан облысында жылу беру маусымына дайындалу және өткізу ережелері жалпы ереже
Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық нысандар мен энергетикалық кешеніне құрылыс, монтаж, жөндеу жұмыстарын жүргізетін...
Үздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже iconДиссертация туралы ереже астана, 2008
Магистрлік диссертация туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница