Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен




НазваниеАлматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен
страница1/10
Дата конвертации19.03.2013
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Алматы облысы әкімдігінің

2009 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 236 Қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН



Алматы облысының білім

басқармасының 2010-2014

жылдарға арналған

стратегиялық жоспары






Мазмұны

Беттер

1.

Миссиясы және пайымдауы

3

2.

Ағымдағы жай-күйді талдау

3

3.

Стратегиялық бағыттары,

даму мақсаттары және түйінді нысаналы индикаторлары

8

4.

Функционалдық мүмкіндіктер

24

5.

Ықтимал қатерлер

24

6.

Сектораралық өзара іс-қимыл

25

7.


Нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

28


8.

Бюджеттік бағдарламалар

30



1. Алматы облысының білім басқармасының миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы: білім саласындағы мемлекеттік саясатты аумақтық деңгейде іске асыру, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Пайымдауы: білім беру мекемелерінің қазіргі қоғамның жағдайына икемделе білетін, білімі ауқымды, қабілеті жоғары түлектері

Ағымдағы жай-күйді талдау
Облыста 2008 жылдың 1 қазанында 933 мемлекеттік білім мекемелері, оның ішінде 745 жалпы білім беретін мектептер, 6 көмекші мектеп-интернат, 3 балалар үйі, 5 жанұялық типтегі балалар үйі, 26 кәсіптік лицей, 12 колледж, 67 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 31 мектептен тыс мекемелер, 13 оқу-өндірістік комбинаттары, 7 облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультациясы, 11 коррекциялық кабинет, 5 кешкі мектеп, 1 облыстық мамандар кәсібін дамыту институты және 1 облыстық жаңа информациялық технологиялар орталығы жұмыс істеді.

2009 жылдың 1 қазанында 947 мемлекеттік білім мекемелері, оның ішінде 746 жалпы білім беретін мектептер, 6 көмекші мектеп-интернат, 3 балалар үйі, 5 жанұялық типтегі балалар үйі, 26 кәсіптік лицей, 12 колледж, 79 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 31 мектептен тыс мекемелер, 13 оқу-өндірістік комбинаттары, 7 облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультациясы, 11 коррекциялық кабинет, 5 кешкі мектеп, 1 облыстық мамандар кәсібін дамыту институты, 1 облыстық жаңа информациялық технологиялар орталығы және 1 дене тәрбиесінің өңірлік оқулық-практикалық орталығы істейді.

2008 жылы нақтыланған облыс бюджеті бойынша білім саласын қаржыландыруға 48,7 млн.теңге қаржы бөлінді, 2009 жылы - 48,4 млн.теңге қаржы бөлінді.

2008 жылдың 1 қазанында 745 мектепте жалпы саны 292590 оқушы оқыған, 2009 жылы 746 жалпы білім беретін мектептерде 291051 оқушы оқиды.

Облыстық білім басқармасы төмендегі стратегиялық құжаттарды басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы;

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы.



Балабақшалар санының жылдан- жылға өсу үрдісі байқалуда. Облыс бойынша 2008 жылы 67 балабақша, 203 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істеп, онда барлығы 17307 бүлдіршін тәрбиеленсе, 2009 жылы 79 балабақша, 260 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді, онда 19980 бала тәрбиеленеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы №1184 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының «2009-2011 жылғы Республика бюджеті туралы» Заңын орындау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 2010 жылы -6 балабақша, 2011 жылы-5 балабақша, 2012 жылы-3 балабақша салынады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету 20,4 пайызды құрайды, бұл көрсеткіш мемлекеттік көрсеткіштен төмен (республикада 37 пайыз). Мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтылмаған 1 мен 6 жас аралығындағы балалардың саны 20000.

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Оған тәуелсіз сырттан бағалаудың бүкіл элементтері кіреді (лицензиялау, аттестаттау, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі МАБ).

Облысымыздың барлық аудандарында балалардың құқықтарын қорғау кеңестері жұмыс істейді. Балалар үйлеріндегі балалар санын азайту, қадағалаусыз және қорғансыз қалған балалардың санын төмендету, жасөспірімдер үйлерінің желісін кеңейту жолымен балалар үйлері түлектерінің тұрғын үй проблемаларын шешу үшін жағдай жасалуда.

Мектептерді компьютерлендіру аяқталды: облыста компьютердің саны -18858: 1 компьютерге -15,4 оқушыдан, ал ауыл мектептерінде 1 компьютерге - 15,1 оқушыдан келетін арақатынасқа қол жеткізілді (2008-2009 оқу жылы компьютердің саны 16018 дана, 1 компьютерге - 18,3, ауыл мектептерінде 18,1 оқушыдан келеді). Мектептердің 100 %-ы Интернет желісіне қосылды.

Облыс бойынша 300 мектеп спутниктік канал арқылы қашықтықтан оқытуға қосылған. Барлығы 151 жалпы білім беретін мектеп интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.

216 мектепте лингафондық мультимедиялық кабинеттер жұмыс істейді. Мектептердегі компьютерлік техникаларды жаңартуға 2009 жылдың бюджетінен 1860 компьютер алуға 204 млн. теңге қаржы бөлінді.

Компьютерлік техниканы, оның тозуын ескере отырып жыл сайын жаңартып отыру керек. Бүгінгі таңда облыс мектептеріндегі 2381 компьютер ауыстыруды қажет етеді.

2008 жылы білім беру мекемелерін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 431,081 млн. теңге бөлінді, ал 2009 жылы 468 млн.111 мың теңге бөлінді. Облыс мектептері оқулықтармен 100 % қамтылған.

2008 жылғы жалпы пәндер бойынша облыс командасы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында 52 медальға ие болды. 2009 жылы облыс оқушылары 96 медальді халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында иеленді.

TIMSS-2007 халықаралық зерттеуіне облыстың 16 мектебі қатысқан, PISA-2009 халықаралық зерттеуіне 19 мектеп және 1 кәсіптік лицей қатысты.

12 жылдық білім беруге көшу экспериментіне облыстың 8 мектебі қатысады.

Қазір жалпы білім беретін мектептер базасының материалдық-техникалық жай-күйі заманның талаптарына әлі де жауап бере алмай отыр: жалпы саны 746 мектептің 70,6 %-ы типтік ғимараттарда, 29,4 %-ы бейімделген, 19 мектеп апатты жағдайда тұр. Мектептердің 29,8 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектептердің 74,2 %-ы екі, ал 1,8 %-ы үш ауысымда жұмыс істейді. Еліміздің өңірлерінде білім берудің бюджетін қалыптастыру кезінде мектептердің оқу-материалдық базасының мазмұны мен дамуына қажеттілігі іс жүзінде дұрыс есепке алынбайды, нәтижесінде апаттық жағдайда тұрған мектептердің саны азаймай отыр. Ауылдық мектептердің көпшілігі бейімделген ғимараттарда орналасқан.

2008 жылы 76 білім нысаны күрделі жөндеуден өткізілді, оған 2271,7 млн.тенге қаржы бөлінген. 2009 жылы күрделі жөндеу 86 білім нысандарында жүргізілді, оған 1840,2 млн. қаржы бөлінді. Облыста 2008 жылы республикалық бюджеттен 11 мектеп салынды, оның 10-ы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша және 4 мектеп жергілікті бюджеттен салынды. 2009 жылы республикалық бюджеттен 1 балабақша және 3 мектеп жергілікті бюджеттен салынды.

Облыста мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту жөнінде жүйелі жұмыс атқарылуда. Мектеп жасындағы оқушыларды толық оқумен қамту мақсатында жылына екі рет «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы» жүргізіледі. /2008 жылдың тамыз айынан бастап «Мектепке жол» акциясы жүргізіледі/. Айлық аясында педагогикалық ұжым, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп 6 және 17 жастағы оқушылар мен жасөспірімдердің есебін жүргізеді. Нұсқауға сәйкес оқушылар мен жасөспірімдердің тізімдері мектеп және мөлтек аудан бойынша бекітіледі. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау мақсатында білім басқармасы ай сайын №2 үлгі бойынша ведомстволық есеп алып, олардың нәтижесі бойынша мектеп аралық мониторинг жүргізеді.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылаудан тыс қалдырмау үшін, олардың құқығын қорғау мәселелері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың бірлескен шаралары жасалып, бекітілген.

2009-2010 оқу жылында мектептері жоқ елді мекендерде 13387 оқушы тұрады. Олардың ішінен – 7815 оқушы тасымалданады, ол 58,4 пайызды құрайды. Мектеп – интернаттарында 364 бала орналастырылған, туыстарымен бірге 1338 бала тұрады, 3870 оқушы мектептерге дейін өздері жетеді. Көлікпен тасымалдау жергілікті атқарушы ұйыммен, бюджеттік қаржы есебінен ұйымдастырылған. Тасымалдау ұйымдастырылған мектептерде оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау шаралары үнемі жүргізіледі. Талдықорған қаласында мектеп жасындағы оқушылар және студенттер үшін қалалық көлікте тегін жүру жергілікті бюджет есебінен көзделіп, ұйымдастырылған.

2008-2009 оқу жылында ыстық тамақ 491 мектепте ұйымдастырылған болса, ол 66,5% құрады. 2009-2010 оқу жылында ыстық тамақ 411 мектепте ұйымдастырылды, ол 55,7% құрады, жалпы 182204 оқушы тамақтанатын болды (62,7%).

2008-2009 оқу жылында 15526 әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды, ал 2009-2010 оқу жылында осы топтағы 15656 оқушыға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Облыстағы педагогикалық кадрлармен қамту жағдайы төмендегідей :



Облыстағы барлық мұғалім саны

32885

Оның ішінде - жоғарғы білімді

28640

Аяқталмаған жоғарғы білімді

962

Арнаулы орта кәсіптік білімді

3207

Жоғары санатты

5069

Бірінші санатты

10362

Екінші санатты

9003
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconАлматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы
Миссиясы және пайымдауы парақ
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconАлматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы»
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconМұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы №295 қаулысымен бекітілген
«Дәулет селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көкжиегі
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconМұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы №293 қаулысымен бекітілген
«Атамекен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және пайымдауы
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен icon2009 жылғы оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № қаулысымен бекітілді
ОҢТҮстік қазақстан облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру...
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен icon«Premier Сақтандыру» АҚ-ның клиенттеріне арналған ақпарат Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 04 желтоқсандағы №249 қаулысымен «Premier Сақтандыру»
Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 04 желтоқсандағы №249 қаулысымен «Premier Сақтандыру» АҚ-ға «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру...
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconОңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Шардара қаласының, Қауысбек Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі n 20/239-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің...
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2005 жылғы «11» қарашадағы №21/11 қаулысымен мақұлданған
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын түзудің басты бағыттары 15
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconШығ. №3-05/218 2009 жылғы 23 желтоқсан Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы Т. С. Жақыповаға
Есеп кестесіне сәйкес Сізге 2009 жылғы 2 жартыжылдықтағы Федоров ауданының жастар төлқұжатын жіберіп отырмын
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен iconҚаулы 2011 жылғы 01 шілдедегі №315 Қала әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңдардағы №29 Арқалық
Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңдардағы №29 «Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылдың 23 желтоқсандағы №212 «Арқалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница