Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!




Скачать 61.43 Kb.
НазваниеҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
Дата конвертации19.03.2013
Размер61.43 Kb.
ТипДокументы
Қулыкөл селолық округінің әкімі А.Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасы
Құрметті ауылдастар!

Құрметті шақырылғандар!
Келген 2010 жыл біздер, қазақстандықтар, үшін айтулы жыл, 56 ел- АҚЫҰ /Еуропадағы қауіпсіздіқ және ынтымақтастық ұйымы/ мүшелері 2010 жылы осы ұйымға Қазақстанның төрағалық етуіне бірауыздан дауыс берді. Бұл еліміздің құрметті, тәуелсіз ел ретінде танылғаны және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесімізді қосуға тамаша мүмкіндік ашып береді.

Құрметті жиналысқа қатысушылар!
2009 жылғы 6 наурызда «Дағдарыстан дамуға және жаңаруға» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деген еді: «Біздің іс-әрекетіміз және қабылдаған шешімдеріміз еліміздің жаңа сатыдағы жетістіктеріне әсер етеді. Дүниежүзілік дағдарысқа төтеп беруге біздің тәжірибеміз де ресурстарымыз де жеткілікті. Біздің дағдарысқа қарсы нақты бағдарламамыз бар. Қойылған мақсаттарға жетуге болады. Барлық қиындықтарды жеңіп Қазақстанды күшті, гүлденген және әлемдегі құрметті ел болатынына сенімдімін».

Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылғы мақсаттарға тоқталайын. Селолық округ аумағында 290 үй, 274 отбасы, 1372 тұрғын бар.

Білім беру
Жұмыс сапарымен селолық округте болғанда облыс әкімі Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы ФАП, мектеп жұмысымен танысты, мектепте жиналыс өткізді. Атқарылған істер жайында селолық округ әкімінің есебін тыңдады, жұмыста табыс тілеп, мектеп жанындағы жылыжай мен жер теліміне барғанда ризашылығын білдірді. Мектеп шаруашылығындағы жылыжай менжер телімі ауданда 1 –ші орын алып жүлдеге ие болды /музыкалық орталық/. Округте екі мектеп жұмыс жасайды : Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебі және Қарашілік негізгі мектебі, оларда 262 бала оқиды. Оқу екі мектепте де мемлекеттік тілде жүргізіледі. 31 орындық мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар ашылды. Мектептерде демеушілер көмегімен 38 балаға ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Бір балаға бөлінген сома 60 теңге. Мектептер компьютерлермен жабдықталған, интернетке қосылған. 16 компьютермен мультимедиялық кабинет, информатика 6, биология, психолог кабинеттері жабдықталған. Мектепте мұражай орналасқан, онда елдің тарихы, еңбегі сіңген және құрметті адамдар туралы деректер бар. Екі кітапхана жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау

Ауылдарға 1 дәрігерлік амбулатория мен 1 фельдшерлік пункт қызмет көрсетеді. 3 адам медициналық көмек жасайды. ФАП жабдық- құралдармен қамтамасыз етілуде. Жедел жәрдем көрсетуде 1 автокөлік бар. Бала мен ана өлімі тіркелген жоқ. 2009 жылы Қулыкөлде – 16, Қарашілікте – 13 бала дүниеге келді. Осы жылы ФАПқа жаңадан шарбақ қоршау құрылды.
Мәдениет және спорт
Өкінішке орай жастар демалатын арнайы орын болмағандықтан, бос уақытын жастар спортзалда ғана өткізе алады. Келешекте мәдени ошақ салу сұраныста. Қарашілік селосында село тұрғыны Ысқақов Әнуарбек ескі клубты жөндеуден өткізіп, сонда әр түрлі шаралар ұйымдастыруда. Өздеріңіз білесіздер біздің округте маусым айында «Ақбидай-2009» аудандық жазғы спорт ойындары өтті. Біздің команда 1 жалпыкомандалық орын алды. Жарыстар жоғары деңгейде болды. Оған үлкен дайындықтың арқасында жеттік. Жүгіру жолдарына, спорт алаңдарына асфальт төсеуге жергілікті бюджеттен 1,5 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қатысушыларға жоғары көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік берді. Стадион салуға көмектескен ауыл тұрғындарына, «Богви» фирмасына, «Ленинград жолдары» ЖШС-не үлкен алғыс айтамыз. Спортшыларымыз барлық аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі болып жүр. Мерекелерде өзімізде спорт шараларын өткізіп, жеңімпаздарды марапаттаймыз. Іс-шараларды өткізуге көмектесетін «Дамир» шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер Тайкенова Күлдаш, Әлжанова Қалима, Ханафина Зауреш, Здуалиева Менсұлуды атап өту қажет. Балалар мен үлкендер хоккей ойнап, коньки тебетін мұз айдыны құйылды.
Ветериналық қызмет

Қулыкөл селолық округінің ветеринарлық қызмет жүйесінде 2 маман бар. Мемлекеттік ветинспекторі Қожылдақов С.К., мал дәрігері лицензиат Нуртазин К.С. Эпизопиялық қарсы іс-шаралар, мал ауруының алдын алу, малды емдеу жұмыстары жүргізіледі.
Шағын кәсіпкерлік
Бүгінде округте 3 магазин жұмыс істейді. Оларда азық-түлік және шаруашылық тауарлары сатылады. Жеке кәсіпкер Тайкенова К.Т. біздің тұрғындарды керекті азық-түлік тауарлармен қамтамасыз етуде. Бағасы да қымбат емес. Әкімдік аппаратында апта сайын баға мониторингі жүргізіледі. Ауыл шаруашылығын қолдау қорының несие қаражатына Қулыкөл шаруа қожалығы 4 га жерге картоп отырғызды, село тұрғыны Бабов Қайролла шлакоблок шығару цехон ашты, өнімді халыққа сатып отыр. Округте 7 адам - адам тасымалдаумен айналысады, 6 адам жем үктіру, электрмен пісіру, автомобиль жөндеу қызметтін көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы
Шаруашылық субъектілерінің негізі бағыттарының бірі- дәнді дақылдар өсіру. Онымен бір ЖШС, үш шаруа қожалығы айналысады. 2009 жылы «Агротехника-Ақжар» ЖШС- 15001 га жерге егін егіп, оның 12141 га бидай, 2860 га арпа егіп, әр гектарынан орташа 10,4 ц өнім алды. Тұрғындарға алдағы уақытта картоп және көкөніс отырғызуға көбірек көңіл бөлу керектігін атап өту керек. Округте жеке шаруашылықтар интенсивті түрде дамуда. Осы күні мал басы төмендегідей:

Ірі қарамал - 1419 бас, оның ішінде сиыр -725 бас

Қой, ешкі -2380 бас, оның ішінде аналықтары – 1400 бас

Жылқы – 823 бас, оның ішінде бие – 392 бас

Құс - 1896 бас, оның ішінде тауық – 1414 бас

Округте екі қарамалды қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Технолоктар Шамшиденов Қ.Ж., Бытышев С.О. жоғарғы көрсеткіштері үшін Ауыл шаруашылығы Министрлігінің құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Жазғы-күзгі уақытта 14 шөп дайындау звеносы жұмыс істеді,, тұрғындарды және Талщық селосын қысқа шөппен қамтамасыз етті. Дайындалған шөп – 3240 тонн.
Қаржылық жағдай
Жергілікті салық жинау мынадай :

мүлік салығының есептелгені - 22325 теңге, орындалғаны -24865 теңге = 111 %

жер салығы, есептелгені – 66672 теңге, орындалғаны - 70234 теңге = 105 %

көлік салығы, есептелгені 421223 теңге, орындалғаны 475920 теңге = 113 %

Бір реттік талондар бойынша тапсырма 29500 теңге, жиналғаны -29735 теңге -101 % .

Әлеуметтік қорғау
Селолық округте кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы әзірленген және жүзеге асырылуда. Жағдайы төмен отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек бағдарламаға сәйкес көрсетіледі.
2009 жылы атаулы әлеуметтік көмек алғандар:
Қулыкөл селосы бойынша : 9 отбасы, 38 алушы, сомасы 345501 теңге

Қарашілік селосы бойынша: 10 отбасы, 42 алушы, сомасы 348549 теңге

Барлығы : 19 отбасы, 80 алушы, сомасы 694050 теңге
2009 жылы балаларға мемлекеттік жәрдемақы алғандар:
Қулыкөл селосы : 43 отбасы, 114 алушы, сомасы – 969853 теңге

Қарашілік селосы : 21 отбасы, 61 алушы, сомасы – 678608 теңге

Барлығы: 64 отбасы, 175 жәрдем алушы, сомасы 1 млн 648 мың 461 теңге

2009 жылы 14 адам қоғамдық жұмысқа орналасты.
Жол картасы бойынша – 12 адам жұмыс істеді

Жастар тәжірибесі бойынша - 5 адам жұмыс істеді.

Көркейту
Округте көркейту, санитарлық тазалау және көгаландыру бойынша үлкен жұмыс атқарылады:

  • Совет және Тың көшелері – 3 км, 100 тонна отсев төселіп жөнделді;

  • 8 орындық қөғамдық монша жұмыс істейді;

  • «Жас өркен» бағдарламасы бойынша әр түрлі ағаштан 118 тал отырғызылды,

  • әкімдік ғимараты алдына, мектеп алдына гүлдер отырғызылды,

  • тастап кеткен 9 үйдің орны ретке келтірілді,

  • стадион салынды,

  • тұрғындардың көпшілігі үйлерін, үй маңын жөндеді;

Жол картасы аясында Талшық - Қулыкөл - Қарашілік жолы жөнделді _____ теңге жұмсалды.

Жұмыстар көркейту және көгаландыру үшайлығының қорытындысы бойынша округіміз ауданда ІІ- орын алды.
Телефон байланысы және телехабар
2009 жылы 220 номерлі сымсыз цифрлы телефон байланысы орнатылды, Қулыкөл селосында -165, Қарашілік селосында – 55 номер. Тұрақты түрде Актив, Ксеll, Билайн желілік байланыс істейді.

Телехабар: Қазақстан, Хабар, Еларна, Евразия тұрақты көрсетеді және көбінде спутниктік тарелкалары бар.
Округтің даму перспективасы:

  • көшелерді жарықтандыруды жалғастыру;

  • балалар алаңы мен парк салу;

  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне еркін күрестен аудандық жарыс және соғыс ардагері Қали Хадесұлын ескен алу құрметіне қазақ күресінен жарыс өткізу;

  • қасапхана салу;

  • 2011 жылға қарай балабақша ғимаратын қайта құру;

  • ауылдарды көгаландыру және санитарлық тазалау.


Жалпы 2009 жылдың әлеуметтік- экономикалық нәтижелері жаман емес екенін айту керек. Жеке шаруашылықтар мал санын көбейтіп, етті- сүтті мал шаруашылығын дамытып, жылқы өсіру қажет.

Осы келген жылы атқаратын алдымызда міндеттер тұр, бірігіп барлық қиындықтарды жеңеміз деп ойлаймын.

Похожие:

Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!
Президентпен, Үкіметпен және облыс басшылығымен уақытында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар әлемдік қаржы дағдарысының жағымсыз...
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті Болат Икепұлы! Құрметті депутаттар!
Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет атқаруы...
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!
Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Б. Т
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Выступление акима района Мамалинова Ш. К. на сессии районного маслихата 21 сентября 2011 года
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері!
Е. Шпановтың 2011 жылғы 14 қазандағы Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен өткізілетін
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! icon«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған өнегелі адамдар тізім І «Жамбыл ауданының құрметті азаматы»
«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағы Жамбыл ауданы Әкімінің 1995 жылғы сәуірдің 27-дегі №4-97 қаулысымен бекітілген
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconСырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде әкімдер тұрғындар алдында есеп беруде
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Құрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница