Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі




Скачать 51.77 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі
Дата конвертации19.03.2013
Размер51.77 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде ағымды жылдың 04 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, мемлекеттік орган өкілдері, маслихат депутаттары, ардагерлер, Сараптамалық кеңесінің мүшелері, табиғи монополия субъектілері, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен кеңейтілген алқа өткізілді.

Алқада Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаменті 2009 жылдың жұмыс қорытындысын шығарып, 2010 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Қажымқанұлы Масімовтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысында қойылған басымдылықты мақсаттарды белгіледі.

Департаменттің реттеу объектілері 60 реттелетін қызметтер бойынша 41 табиғи монополия субъектісі болып табылады. Бұдан басқа, Департамент 29 реттелетін қызметтер бойынша 21 реттелетін нарық субъектілеріне (доминанттар) қатысты баға белгілеу функцияларын жүзеге асырады.

Агенттік бекіткен энергияны үнемдеу және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған Стратегиялық жоспарды орындауға байланысты департамент зор жұмыс атқарды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2009 жылы бір табиғи монополия субъектісі - « Солтүстік Қазақстан аймақтық Электр жүйелік компания» ЖШС-і тарифтің шекті деңгейі бойынша қызмет көрсетіп келеді. Электр энергияны беру және тарату бойынша тарифтің тұрақтылығы, активтерді жаңғыртуға жолдалған инвестициялар – шекті тариф қолдануының нәтижесі. Департамент есеп беру кезеңінде, шикізат, материалдары, отыр, энергия шығысын бекіту бойынша 21 өтініш қаралды. Техникалық реттеу функцияларын іске асыру қорытындысы бойынша 18 субъекті үшін нормалар бекітілді, 3 өтінім субъектілермен қайтарып алынды. Қаралған өтінімдер бойынша нормативтер жобалары оңтайландырылып, 3 базалық субъектілері бойынша жалпы сомасы 259,8 млн.теңгеге азайтылып, бекітілді, соның ішінде энергетикалық сектор субъектілер үшін – 112,5 млн. теңге және су шаруашылығы жүйесінің субъектісі үшін – 147,3 млн.теңге. Стратегиялық жоспардың шараларын іске асыру нәтижесі бойынша базалық субъектілерінің әкімшілік шығыстары жобамен салыстырғанда 64,8 млн. теңге сомасында қысқартылды, бұл дағдарысқа қарсы шаралар мен басымдықты инвестициялық жобаларын іске асырыуна байланысты қаржы ресурстарын қайта таратуына мүмкінділігін туғызады.

Департаменттің өткен жылғы негізгі басымдықтарының бірі реттелетін қызметтерге 2 пайыздан аспайтын тарифтің өзгеруі инфляция дәлізінен көтермеу бойынша шаралар қолданды.

2009 жылдың 12 айында Департаментке табиғи монополия субъектілерінен тарифті бекіту туралы 38 өтінім түсті, оның ішінде қабылданбағаны - 17.

26 тарифтер жобасын қарау қорытындысы бойынша жалпы тәртіпте 17 тариф және жаңа құрылған субъектілер бойынша 9 тариф бекітілді.

Бұл ретте, департамент қабылдаған тариф деңгейі Агенттік бекіткен «тариф дәлізінен» аспады. Сонымен, базалық субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне нақты тариф өсуінің проценті:

- 14,5% болжам кезінде суық су 8,97%;

- 13,70% болжамы кезінде ыстық су 5,02%;

- 13,50% болжамы кезінде кәріз 9,07%;

- 14,30% болмажы кезінде орталықтандырылған жылу беру 5,02%.

Тарифтерді көтерудің негізгі себептері тарифтердің шекті деңгейі шегінде электр станцияларда электр энергияға бағаның өсуі, көмір, материалдар бағасының өсуі, жөндеу жұмыстарының көлемінің көбеюі, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру. Қаралған өтінімдер бойынша шығындарды төмендетудің шартты – экономикалық нәтижесі – 519,2 млн. теңгеге анықталды.

Тиісті тауар нарығында үстем жағдайға ие субъектілері бағаны көтеру туралы 24 хабарлама берді. Бұл ретте, бағаны көтерудің негіздемеуіне байланысты 5 хабарламалардан бас тартылды, 10 өтінімге келісім берілді, қайтарып алған өтінімдер – 14.

Департамент бақылау шараларын жүргізу нәтижесінде ағымдағы жылдың 12 айында заңнаманың бұзылуына байланысты 5 субъектінің тұтынушыларға 4671,4 мың теңге сомасын қайтырумен уақытша өтемдік тарифтерді енгізу жолымен тарифтер төмендетілді.

Сыртқы ауа температурасының өзгеруінің нәтижесінде жылу энергиясының төлем мөлшеріне қайта есеп айырысу жүргізу - жылудың есептеу құралдары жоқ тұтынушылар мүддесін қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Тұтынушылар пайдасына қайта есеп айырысудың жалпы сомасы 8,1 млн. теңгені құрайды.

Өткен жылы Департамент 4 тексеріс жүргізді. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуы бойынша 21 нұсқама, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы ҚР заңының бұзылуын жою, соның ішінде тұтынушыларға қатысты 170,4 мың теңге сомасында шығынды қайтару туралы бір нұсқама шығарылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 13 қаулы қабылданды. Республикалық бюджет пайдасына Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңның бұзылуына айыппұл түрінде 3,8 млн. өндіріп алынды.

Есеп беру кезеңінен бастап 48 нұсқама және қаулылар, соның ішінде әкімшілік айыппұлдарды қолданумен 17 нұсқама орындалды. Тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында, департаменттің қатысумен 10 сот ісі, соның екеуі Департамент бастамашылығымен қаралды. Жыл басына Республикалық бюджет түсімі 10,1 млн.теңгені құрады.

Облыста энергия үнемдеу бойынша жұмысы шегінде жеке тұлғалармен тұтыну көлеміне қарай электр энергияға тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтер енгізілді.

Бір мезгілде, Департамент сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне сараланған тарифтерді енгізді. Толығымен айтқанда, энергия үнемдеу, тұтынушылардың қаражатын үнемдеу және тұтынушылармен тарифтік жоспарды таңдау мүмкіндігі - сараланған тарифтерді енгізу нәтижесі болып табылады.

Энергия үнемдеу және 2009 жылдың қорытындысы бойынша жұмысы шегінде Агенттіктің Стратегиялық жоспарын орында барысында, департаментке нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге 21 өтінім түсті. Соның ішінде: 16 өтінім бойынша ысыраптар бекітілді, субъектілердің 5 өтінімі кері қайтарылды немесе бас тартылды.

Стратегиялық және дағдарысқа қарсы жоспарларды қолданысқа енгізілгеннен бері, Департаментке нормативтік техникалық ысыраптар шамасы мен мерзімін белгілеу және нормативтік техникалық ысыраптар деңгейін төмендетуге бағытталған іс шараларын жүргізу құқығы берілгеннен олардың ұдайы өсуі тоқтатылды.

Энергияны үнемдеуге ынталандыруды құруға байланысты табиғи монополиялар субъектілермен су және жылудың үйге ортақ жеке есептеу құралдарын орнату бойынша бақылау жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы бойынша суық судың орнатылған есептеу құралы – 75,4%, ыстық су – 76,5%, жылу энериясының үйге ортақ есептеу құралдары бойынша – 19,2% құрайды.

Департамент 2010 жылға бір қатар міндеттерін айқындады. Олардың басымдылығы:

1.Инфляцияға тарифтерді салу шегінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту.

2.Энергия үнемдеудің тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді енгізу бөліміндегі іс-шараларын іске асыру, энергеия үнемдеуді насихаттау.

3.Табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерін мемлекеттік реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарын дайындау.

4. Инвестициялық тарифтер (орта- және ұзақ мерзімді) бойынша жұмыс істейтін ТМС санын көбейту.

Жоғары аталған міндеттердің шешімі - кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу жұмысын жалғастырады және реттеліп көрсетілетін қызметтерге бағаның негізсіз өсуінен тұтынушыларды қорғайды.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 2009 жылғы есебі
Мемлекеттік тіркелімнің Қарағанды облысы бойынша жергілікті бөлімінде 123 табиғи монополия субъектісі тіркелген, реттелетін қызметтер...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2009 жылы атқарған жұмысы туралы есеб І
Намаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департаменттің жұмысы Қр табиғи монополияларды реттеу агенттігінің негізгі бағыттары...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жария тыңдаулар өткізу үшін хабарландыруларды орыс тілінде жариялау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын бекіту туралы
Мемлекеттік сатып алуларға Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі- агенттік), 010000,...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент қызметі жөніндегі
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері Орал қаласының коды 7112
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметшілері
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған жұмысы туралы есеб І
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі icon«2009 жылғы ішіндегі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жұмыс қорытындысы туралы» есеп
Департаменттің реттелетін объектілерімен 72 табиғи монополия субъектілері 110 реттелетін қызметтері бойынша болып табылады, оның...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жария тыңдауларды өткізу
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жария...
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің алқасы бойынша есебі iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент есебі
Ихат депутаттары, «Нұр Отан» хдп- ның, Сараптамалық кеңес мүшелерінің, «Атамекен» ҚҰэп аф, Кәсіпкерлік пен жұмыс берушілер Одағының,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница