«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі




Название«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі
страница1/5
Дата конвертации19.03.2013
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ КЕДЕН ОДАҒЫНДАҒЫ ТАРИФТІК ЕМЕС РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ЖОБАСЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕСІ




Құрылымдық элем

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

МО негіздемесі

2007 ЖЫЛҒЫ 9 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСI



16-баптың 9) тармақшаның

4 абзацы

9) мыналарды белгілейді:

озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;


9) мыналарды белгілейді:

озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн;

ЕврАзЭҚ-тің МАК 2009 жылғы 27 қарашадағы №19 шешімінің 2-тармағымен:

- Кеден Одағына қатысушы мемлекеттер үшінші елдермен саудада бірыңғай тарифтік емес шаралар қолданылылатын бірыңғай тауарлар тізбесі (Бірыңғай тізбе) бекітілді.

- Шектеулерді қолдану туралы ережелер.

2.1 озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттардың бірыңғай тізбесі бөліміне сәйкес (бұдан әрі – ОҚБЗ) әкелу және әкету кезінде КО кеден аумағы арқылы өткізуне шектеу қойылған.

Бұдан басқа, «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және КО кедендік аумағынан шығару тәртібі туралы» ережесінің 3-тармағына сәйкес оларды әкелу және шығару лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Осылайша ОҚБЗ әкелуі және әкетуі ҚР Қоршағанортаминінің лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

ҚР 2011.15.07 №461-IV «Қазақстан Республикасы рұқсат жүйесін жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес лицензиялау ережесін бекіту бойынша ҚР Үкіметінің құзыреті жойылған.

Осыған байланысты рұқсат беру тіртібін бекіту бойынша қағиданы белгілеп осы бабты шектеу қажет.



16-бап
9) тармақшаның
16 абзацы

ЖОҚ

9) мыналарды белгілейді:

озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында солардың өнімдері бар жабдықтарды Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағы мүше мемлекеттерден әкелуге және осы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібін;


КО шеңберінде ОҚБЗ лицензиялауды қолдануға дейін, ҚР-да 18.06.07ж. № 508 ҚРҮҚ сәйкес ОҚБЗ импорты/экспорты рұқсат жүйесі (рұқсат беру арқылы) бойынша іске асырылды.

Импортқа, экспортқа тиісті рұқсаттарды сыртқы сауданы үшінші елдермен және қазіргі уақытта КО мүше мемлекеттермен тұлғалар алатын.

Бұдан бұрын айтып өткендей, ОҚБЗ Ережесіне сәйкес, 1.01.10 жылдан бастап оларды үшінші елдерге әкелуі және әкетуі лицензия негізінде жүзеге асырылады.

27.11.09 ж. МАК № 19 шешімінің 9 тармағына сәйкес КО мемлекеттердің арасында лицензиялау өзара саудада жүзеге асырылмайды.

Осыған байланысты, ОҚБЗ КО мемлекеттерден ҚР әкелуді тұтынуын (әкелуі, әкетуі) есепке алу мақсатында, сонымен қатар озон қабатын бұзатын заттар Монреаль хаттамасының (ҚРЗ 30.09.1997 ж. № 176-1) талаптарын сақтау мақсатында КО мемлекеттермен ОҚБЗ ауысуы рұқсат жүйесі қолданылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта КО мемлекет арасында ОҚБЗ ауысуы рұқсат жүйесін анықтауын қамтитын халықаралық Келісімнің жобасы әзірленді.

Осыған байланысты осы бапты Үкіметтің құзыретімен ОҚБЗ КО мемлекеттерден ҚР аумағына әкелуін және КО мемлекеттерге әкетуін рұқсат беру тәртібімен бекітуін толықтыруды ұсынамыз.



16-бап
9) тармақшаның
17 абзацы

ЖОҚ

9) мыналарды белгілейді:

қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағы мүше мемлекеттерден әкелуге және осы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібін;


Қазіргі уақытта КО мемлекет арасында қалдықтар ауысу туралы Келісімнің жобасы әзірленуде.

Осы келісім ІМП өтуде.

Осыған байланысты осы бапты ҚР аумағына КО мемлекеттерден қалдықтарды әкелу және әкету бойынша Үкіметтің құзыретімен толықтыру ұсынылады.



17-баптың

21) тармақшасы

21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бередi;


21) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден әкелуді және Қазақстан Республикасы аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялауын жүзеге асырады;

Баптың қолданыстағы редакциясы ОҚБЗ экспорт/импортына және ОҚБЗ пайдалана отырып жұмыстар өндірісіне рұқсат беруді көздейді.

Алайда, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ОҚБЗ лицензиялау енгізілді (1-тармақтың негіздемесін қараңыз), осы бапты ОҚБЗ импорты/экспортын лицензиялауды жүзеге асыру және ОҚБЗ бар жабдықтармен жұмыстар жүргiзуге, жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беруді жүзеге асыру сияқты екі бапқа бөлу қажет.

Осылайша, ОҚБЗ импотрына, экспортына рұқсат беруді ОҚБЗ импорт/экспорт лицензиялауға ауыстыру қажет (КО мүше емес үшінші елдермен сауда жасау).

Қызметінің жаңа лицензияланатын түрін енгізу болжанбайды.



17-баптың

21-1) тармақшасы

ЖОҚ

21-1) Кеден одағына мүше мемлекеттер елдерінен Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында бар өнiмдердi әкетуге рұқсат береді;



17-баптың 21-2) тармақшасы

ЖОҚ

21-2) озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат береді;


Базель конвенцияның 6-баптын 4-тармағына сәйкес Базель конвенцияның тарапы болып келетін әрбір мемлекет қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы ескертпе алғаннан кейін, хабарлаушыға айқын жағдайда немесе онсыз келісімін, тасымалдауға рұқсат беруден бас тарту немесе қосымша ақпарат беру туралы жазбаша хат жібереді.



17-баптың 21-3) тармақшасы

ЖОҚ

21-3) Кеден одағына мүше мемлекеттер елдерінен Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге қалдықтарды әкетуге рұқсат береді;

Қазіргі уақытта КО мемлекет арасында қалдықтардың ауысуы рұқсат жүйесін анықтауын қамтитын халықаралық Келісімнің жобасы әзірленді.

Осы Келісімнің жобасы ІМР өтуде.

Осыған байланысты осы бапты уәкілетті органның құзыретімен қалдықтарды КО мемлекеттерден ҚР аумағына әкелуін және КО мемлекеттерге әкетуін рұқсат беру тәртібімен бекітуін толықтыруды ұсынамыз.



17-баптың 21-4) тармақшасы

ЖОҚ

21-4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарға трансшекаралық тамасымалдау үшін қорытынды береді;

Салыстырма кестенің 2 тармағымен КО елдерінен ҚР аумағына ОҚБЗ әкелуге және КО елдеріне әкетуге рұқсат беру тәртібін бекіту бойынша Үкіметінің құзыреті белгіленеді.

Осыған байланысты осы түзету КО елдерінен ҚР аумағына ОҚБЗ әкелу және осы елдерге әкету бойынша рұқсат беруді жүзеге асыруды уәкілетті орган ҚОҚМ үйлестіреді.

КО елдерінің өзара саудада лицензиялаудың қолданылмайтынын есепке алғанда, өзара сауда ҚОҚМ беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.



114- баптын 38) тармақшасы

ЖОҚ

38) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну туралы жылдық ақпаратты беру бойынша талаптарды сақтау.

ОҚБЗ Ережесінің 11 тармағына сәйкес
(1 тармағын қараңыз) лицензия алған өтініш берушілер әкелінген, өткізілген және әкетілген ОҚБЗ мөлшерлерінің есебін жүргізу керек.

Бұдан басқа ҚОРМ олар нақты ОҚБЗ әкелінген, өткізілген және әкетілген мөлшері туралы ақпаратты міндетті түрде беру керек.

Көрсетілген ақпарат ҚР ОҚБЗ жылдық өндіру, импорты және экспорты туралы статистикалық мәлеметтерді қалыптастыру үшін керек.

Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасының 7 бабына сәйкес (30.10.97 ж. № 176-1 ҚРЗ), ҚР жыл сайын Озон қабатын қорғау бойынша Вена конвенциясының Хатшылығына ақпарат береді.

Осыған байланысты осы түзетумен мемлекет тарапынан лицензиаттардың ақпарат берулерін бақылау ұсынылады.



288-баптың

4-тармағы


4. Қалдықтарды өңдеу, көму немесе сақтау үшін Қазақстан Республикасына әкелу олармен жұмыс істеуге техникалық (технологиялық) мүмкіндіктер болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады.


4. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу, рециклинг) мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету лицензия негізінде негізінде жүзеге асырылады.

Кеден одағына мүше мемлекет елдерінен Қазақстан Республикасы аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге қалдықтарды әкетуі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Жеке пайдалануы үшін (коммерциялық мақсатта емес) жеке тұлғалардың қалдықтарды әкелуіне және әкетуіне тыйым салынады.

Көму және залалсыздандыру мақсатында қалдықтарды әкелуге тыйым салынады.

Лицензиялау және лицензия беруді келісу.

2.3 бөлімінің Ережесіне сәйкес қауіпті қалдықтарды Кеден одағының аумағына/аумағынан әкелуі және әкетуі лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша 25.12.09 жылғы № 17-48/005-1673 ВАК кеңесі хаттамасының 2.2-тармағына сәйкес қалдықтарды әкелу және әкету ҚР ҚОҚМ келісуімен ҚР ИЖТМ лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Базель конвенциясына сәйкес ҚОҚМ қалдықты трансшекаралық өткізуге жауапты құзыретті орган болып табылады, қалдықтарды трансшекаралық өткізуді есепке алуды жүзеге асырады және Базель конвенциясының Хатшылығына есеп береді.

Бұдан басқа, лицензия алғанға дейін қауіпті қалдықтарды импорттау және транзиттеудің болжанатын елі ҚОРҚ арқылы хабар алады.

Лицензия беруді уәкілетті органдармен келісу

қажеттілігі КО-ның ережесінің 12-тармағында көзделген.

Көрсетілген редакциямен қолданыстағы кодекс КО ережелерінің талаптарына сәйкестікке келтіріледі.

2. КО Ереженің 3 тармағына сәйкес КО кедендік аумағына жеке пайдалануы үшін (коммерциялық мақсатта емес) жеке тұлғаларға қалдықтарды әкелуге және әкетуге тыйым салынады.

3. Қалдықты көмуге және заласыздандыруға

тыйым салуға қатысты.

Қалдықты КО аумағына әкелу мақсаты шектеулі, яғни, өңдеуге, кәдеге жарату, өндірісте шикі түрінде пайдалану үшін әкелінеді.

Қалдықтарды сақтау, көму немесе заласыздандыру мақсатында әкелуге жол берілмейді.

Осы шараны қолдануы КО Ережесінің 5 тармағымен реттелген және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сақтау, көму немесе залалсыздандыру жолымен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында пайдаланылған.

4. Қауіпті және қауіпсіз қалдықтарды әкелуді реттеу

Конвенцияның объектісі – түрлері мен сапасы конвенцияда көрсетілген тек қауіпті қалдықтар болып табылады. Бұдан басқа, Кеден одағының ережесіне сәйкес, лицензия алу қажеттілігі туралы талаптар тізбесі Бірыңғай тізбенің 2.3-бөлімінде көрсетілген тек қауіпті қалдықтарға бағытталған.

Осылайша, қалдықтарды әкелуге арналған лицензия тек қауіпті қалдықтардың нақты тізбесіне қолданылады және қалдықтардың қалған түрлеріне қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 220-бабы экологиялық зиянды заттар мен қалдықтарға қатысты құқық бұзушылықтарға жауапты екені көрсетілген.



295-баптың

2-тармағы


2. Қауіпті қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу, рециклинг) және көму мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтардың транзиті қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасылмалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қалдықтардың трансшекаралық тасымалдауы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.



КО Ережесінің 6 тармағына сәйкес трансшекаралық тасымалдау лицензияны рәсімдеусіз мемлекеттік органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

Қалдықтар транзитінің тәртібі Базель конвенциясының қағидаларымен реттеледі.



313-баптың

2-тармағы

2. Озонды бұзатын заттарды экспорттау және импорттау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.



2. Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден әкелу және Қазақстан Республикасы аумағынан осы елдерге озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында бар өнімдерді,

олардың транзитін қоспағанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер елдерінен әкелу және осы елдерге озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында бар өнімдерді әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібімен жүзеге асырылады.

Озон қабатын бұзатын заттарды тасымалдау жеке тұлғалармен өзге пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсатында) тыйым салынады.

1-тармақтағы негіздемені қараныз

Заңға тәуелді НҚА қабылдау талап етілмейді, себебі осы мәселелердің реттелуі ҚР Экологиялық кодексінің 17-бабының 21-тармағында көзделген және ҚР Үкіметнің 2007 жылғы 18 маусымдағы №508 қаулысымен бекітілген.

Осы түзетуді қабылданғаннан кейін көрсетілген қаулыға ОҚБЗ үшінші елдерден әкелу/әкету тәртібіне лицензиялар, КО мүше мемлекеттерден әкелуіне/әкетуіне, жұмыстар жүргiзуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру бойынша шектеп өзгерістер енгізу керек.

ОҚБЗ транзиттеу кезінде қандай да бір рұқсат беру құжаттарын алу талап етілмейді.
  1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі iconҚазақстан республикасының заңЫ 1-бап
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша...
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік – жеке серіктестіктің жаңа нысандарын енгізу мен оларды қолдану саласын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік – жеке серіктестіктің жаңа нысандарын енгізу мен оларды қолдану саласын...
«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі iconҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница