Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің




Скачать 69.15 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
Дата конвертации19.03.2013
Размер69.15 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiн бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiн бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6321 тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде № 306-309 (26367-26370) жарияланған), мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұсынылып отырған, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiндегі:

Бүкіл мәтінде мемлекеттік тілдегі «Ереже» сөзі «Қағида» ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы»;

1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы (одан әрі – Қағида)» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру (одан әрі – Деректер базасы) тәртібін белгілейді.»;

2 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасы – ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi жүзеге асыратын және уәкiлеттi орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерiн қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмiрi туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректердi, сондай-ақ жануардың иесi туралы деректердi тiркеудiң бiрiңғай, көп деңгейлi жүйесiн көздейтiн ветеринариялық есептiң бөлiгi;

2) топтастыру - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi мағлұматтарды жинақтау, бiрiктiру және орталықтандырылған сақтау;

3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ветеринария сала­сында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асы­руды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствасы (бұдан әрi – уәкілетті органның ведомствасы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті;

4-1) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме –мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

5) ветеринариялық бөлiмше – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерi.»;

мынадай мазмұндағы 15 - тармақпен толықтырылсын:

«15. Мал иесінің талабы бойынша еркін түрдегі жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме шығарып береді. Дерекқордан алатын аталған үзінді көшірме бір данада басылып шығарылады.

Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірменің формасы, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес ұйымның мөрімен, ветеринариялық дәрігердің лауазымының атауы көрсетіліп, қолымен расталады.»;

Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (Н.Х. Жақыпбаев) заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министрдің міндеттерін атқарушы Е.АМАН.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы №18-02/85 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына қосымша

Үлгі

Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме/ Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных

Ветеринариялық паспорттың нөмірі / Номер ветеринарного паспорта:

__________________________________________________
Жануар туралы деректер / Данные о животном:
Түрі / Вид _____________________________________________________________________________
Жынысы / Пол _____ ___________________________________________________________________
Малдың тұқымы / Порода ____ __________________________________________________________
Аты / Кличка ___ ______________________________________________________________________
Жасы / Возраст ________________________________________________________________________
Бірдейлендіру әдісі / Метод идентификации ___Биркование (БР)____________________________
*Егер асыл тұқымды жануар болса / если племенное животное
Тұқым қанының деңгейі / Кровность ____________________________________________________
Тұқым класы / Класс породы ___________________________________________________________
Малдың тегі туралы деректер / Данные о родителях _______________________________________
Сведения о владельце/Иесі туралы деректер:


Ауыл шаруашылығы жануарлары тиесілі иесінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы/Ф.И.О. владельца или наименование юридического лица, которому принадлежит сельскохозяйственные животные




Ауыл шаруашылығы жануарларының иесі ауыстырылған күн/Дата смены владельца сельскохозяйственных животных




Есепке қою себебі/Причина постановки на учет





Есептен шығару себебі/Причина выбытия





Ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің ауыстырылуын растайтын мемветсанинспектордың қолы мен мөрі/Подпись и печать госветсанинспектора, подтверждающего смену владельца сельскохозяйственных животны





Ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың (егу, өңдеу, манипуляциялар немесе диагностикалық тесттер*) атауы / Наименование ветеринарных мероприятий (прививки, обработки, манипуляции или диагностические тесты*) по соответствующему заболеванию сельскохозяйственных животных

1. Профилактикалық іс-шаралар

Іс-шаралар - ЕГУ (ВАКЦИНАЦИЯ)

Иммунизацияның түрі

Аурулардың атауы

Аурулар коды

Иммунизация күні

Аурудың нәтижесі
















2. Диагностикалық зерттеулер

Зерттеулер – СЕРОЛОГИЯЛЫҚ


Аурулардың атауы

Аурулар коды

Зерттеу жүргізілген күні

Зертеу нәтижесі














Берілген күні/ Дата выдачи:

М.О./М.П.

(Үзінді көшірмесін берген

жергілікті атқарушы органның

мөрі / печать местного исполнительного

органа, выдавшего выписку) _____________________________________________________________________

(Т.А.Ә., қолы / Ф.И.О., подпись)

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7499 болып енгізілді.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 23 тамыз №4-2/431 Астана қаласы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі №4-2/180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 18 қаңтар №06-2/20 Астана қаласы
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетіне Қазақстан Республикасындағы ситес әкімшілік органының өкілеттілігін беру туралы
Азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №472 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №08-2/291 Облыстар және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетi
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  icon2011 жылғы 13 желтоқсан №1517 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбiр мәселелерi»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық,...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 06 қыркүйек №14-1/504 Астана қаласы «Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы»Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 5 тамыз №25-02-01/451 Астана қаласы
Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 2 наурыз №18-02/85 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 15 қазан №17-03/522 Астана қаласы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница