«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы




Скачать 107.02 Kb.
Название«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы
Дата конвертации19.03.2013
Размер107.02 Kb.
ТипДокументы

«БОТА» ҚОРЫ

АҚМОЛА ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ

КЕҰ-дар ҮШІН АШЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
ГРАНТТЫҢ АТАУЫ: ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕГРАЦИЯСЫН ЖАҚСАРТУ

I. КІРІСПЕ

«БОТА» қорының миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту. Қазіргі уақытта Қор Білім гранттары, Келісілген ақшалай жәрдемақылар және Әлеуметік қызметтерді қолдау бағдарламалары аясында жұмыс істейді, олар туралы толық ақпаратты қор сайтынан ала аласыздар: www.bota.kz

Білім Гранттары бағдарламасының (БГБ) әлеуетті бағыты жоғары академиялық көрсеткішке ие, бірақ ЖОО-дары және арнайы оқыту мекемелерінде жоғары білім не кәсіби-техникалық орта білім алуға жеткілікті қаражаты жоқ жастарды қолдау болып табылады.

Келісілген Ақшалай Жәрдемақылар бағдарламасы (КАЖ) күн көрістің ең төменгі деңгейіндегі отбасыларға балаларының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған. КАЖ бағдарламасының пилотты жобасы Қызылорда және Ақмола облыстарында жүзеге асуда және 2011 жылы Алматы облысына кеңеюі күтілуде. 2010 жыл қараша айында ерекше қажеттілігі бар балалардың 666-сы Қызылорда, ал 528-сі Ақмола облысында бенефициар ретінде тіркелді.

Әлеуметтік Қызметтерді Қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ) қызметі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастар мен балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған КЕҰ-ға грант бөледі.
II. ГРАНТ БАЙҚАУЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Кіріспе: Әлеуметтік қызметтерді қолдау және Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламалары ерекше қажеттілігі бар балалардың толыққанды дамуының маңызды бөлігі ретінде әлеуметтік интеграцияны қарастырады. 0-ден16 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар балалар КАЖ бағдарламасына қатыса алады. Ата-аналар, не оларды алмастыратын тұлғалар мүмкіндігі шектеулі балаларды үй жағдайында күту бойынша тренингтерге қатысатын болса, онда оларға аталмыш бағдарлама аясында ақшалай жәрдемақылар беріледі. КАЖ бағдарламасының еріктілері қолдау көрсету және тренинг өткізу үшін бенефициарлар мен ерекше балаларға қарайтын тұлғалардың үйіне барады. Себебі бұл тұлғаларға балаларын қысқа уақытқа болса да, тастап кету қиын.

Әдетте, қоғамда мүгедектік еленбейді. Аталмыш грант КЕҰ-ды ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастардың қоғамға әлеуметтік интеграциясын жақсарту үшін еріктілер мен отбасылармен жұмыс істеуді бастауға шақырады. Ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастардың қажеттілігі және ата-аналарының неге артықшылық беретініне байланысты әлеуметтік интеграция олардың физикалық, білімдік және әлеуметтік ортасын жақсартады. Әлеуметтік интеграция ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастардың мектеп, ойын аулалары, сауда және өзге қоғамдық мекемелер сынды әртүрлі қоғамдық орындарға қолжетімділігін жақсартып, қауымдастықтағы өзге адамдармен күнделікті әрекеттесуін жақсартады.

Жоба мақсаты: КЕҰ үшін берілетін осы гранттардың мақсаты - ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастардың қауымдастыққа әлеуметтік интеграциясын жақсарту үшін ата-аналарға, оларды алмастыратын тұлғаларға, КАЖ бағдарламасының еріктілеріне көмек көрсету.

Жобалық шаралар: осы грант бойынша қызмет келесілерден тұрады:


  1. КАЖ бағдарламасының критерийлері бойынша келетін, 0-24 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балалары мен жастары бар және төменде көрсетілген аудандарда тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтау және жұмысты ұйымдастыру. КАЖ бағдарламасымен қамтылмаған ерекше қажеттілігі бар балалары бар отбасылар жобалық шараларға қатысуға шақырылады.




  1. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттілігі бар балалардың қауымдастыққа әлеуметтік интеграциясын жақсарту бойынша жобалық қызметті және әлеуетті қызмет мүмкіндіктері мен бағалығын ата-аналарға, еріктілер мен тұрғындарға түсіндіру.

  2. Ата-аналармен/қамқоршылармен және қауымдастықтың өзге өкілдерімен (жергілікті билік, мәдениет/білім беру мекемелері, қауымдастық көшбасшылары және т.б.) бірлесе отырып, қоғамға интеграцияның жақсаруына алып келетін қажет қадамдарды әлеуетіне байланысты орналастыру.

  3. Ата-аналармен және оларды алмастыратын тұлғалармен, КАЖ еріктілері мен қауымдастық еріктілерімен бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттілігі бар балалардың қауымдастыққа әлеуметтік интеграциясын жақсарту бойынша әлеуетті міндеттерге жету үшін әрекет жоспарын дайындау және жүзеге асыру.

  4. Жобаның жүзеге асуы мен қолжеткізген мақсаттарға бақылау жасау, сонымен қатар ай сайын қаржы есептерін ұсыну.

Жобалардың географиялық орналасуы: жобалар КАЖ бағдарламасының әрекет ету аудандарында Ақмола және Қызылорда облыстарында КАЖ бенефициарларымен байланыста жүзеге асады.

Ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуметтік интеграциясын жақсарту мақсатында КЕҰ-ның гранттарын жүзеге асыру үшін КАЖ-дың әлеуетті тізімі көрсетілді.






Облыс

Аудан

КАЖ бенефициарларының саны

1

Ақмола

Атбасар ауданы

86

2




Бұланды ауданы

76

3




Бұрабай ауданы

127

4




Жақсынск ауданы

66

5




Зеренді ауданы

144

6




Көкшетау қаласы

9

7




Сандықтау ауданы

20

8




Жаркайын ауданы

2010 ж. қарашадан бастап

9




Есіл ауданы

2010 ж. қарашадан бастап

10




Ақкөл ауданы

2010 ж. қарашадан бастап







Барлығы

528













1

Қызылорда

Арал ауданы

41

2




Жалағаш ауданы

103

3




Жаңақорған ауданы

109

4




Қазалы ауданы

66

5




Қармақшы ауданы

96

6




Кызылорда қаласы

26

7




Сырдария ауданы

114

8




Шиелі ауданы

111







Барлығы

666

Кестеде 2010 жыл 1 қараша айында бағдарламаға тартылған КАЖ бенефициарларының (0-16 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балалар) саны көрсетілген. Бағдарламаға тарту процесі үнемі жүріп жатқандықтан, кестедегі бенефициарларлың саны алдағы үш айда КАЖ бағдарламасымен қамтылған қауымдастықтар мен кенттерге қатысты көбейеді.

Егер Сіздің КЕҰ-ңыз Ақмола және Қызылорда облыстарында әрекет етсе, және ұйымыңыз жобаны жүзеге асыра алатын аталмыш тізімге қандай аудандар қосылатындығы туралы білгіңіз келсе, онда келесі электронды мекенжайға жазыңыз ssp@bota.kz немесе +7 (727) 264-12-70 телефоны арқылы «БОТА» қорына қоңырау шалыңыз.
Әлеуметтік интеграция дегеніміз не? Әлеуметтік интеграцияны жақсарту үшін көрсетілетін көмек ерекше қажеттілігі бар балалардан басталады. Ата-аналар, оларға бекітілген КАЖ еріктілері мен КЕҰ жұмысшыларымен бірлесе отырып, қауымдастық және/немесе ауылдық округ деңгейінде балаларының интеграциясын жақсарту үшін міндеттерді анықтайды және маңыздылығы бойынша орналастырады. Міндеттерді маңыздылығына қарай орналастыру ерекше қажеттілігі бар балалардың санына, олардың қажеттілігі мен қауымдастықта бар ресурстарға байланысты болады. Коммерциялық емес ұйымдар ата-аналармен бірге осы міндеттерді әлеуеттендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, сосын осы міндеттерге жету мақсатында ата-аналармен қауымдастықтың бірлескен жұмысына көмектесуі қажет. КЕҰ-ның жауапкершілігіне ата-аналар мен КАЖ еріктілері арасындағы әлеуетті күшейту және жақсарту жатады.

Ата-аналардың әлеуеттендіруі үшін міндеттердің тізіміне келесілерді жатқызуға болады:


  1. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген қоғамдық спорт аулаларын ұйымдастыру (қосымша тұтқалар, тіректер және т.б.)

  2. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ену және мобильділік жағдайларын жақсарту және ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың қоғамдық орындар мен көліктерге жеңілдетілген қолжетімділікті беру үшін жергілікті қауымдастықты шоғырландыру

  3. Ортақ қолдау топтарын ұйымдастыру

  4. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін еріктілік қызметтерді ұйымдастыру (үйіне бару, ойындарды өткізу, оқу, оқытуда көмек көрсету, қызметтер мен әртүрлі шараларға қатысу және т.б.)

  5. Қоғамдық білім, әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық өмірге қолжетімділігін көтеру

  6. Балалардың білімге қолжетімділігін кеңейту

Таңдап алынған КЕҰ-дар облыстық КАЖ тобымен өткізілетін шараларды жоспарлау және оларға мониторинг жасау бойынша бірлестікте жұмыс істейді. КАЖ бағдарламасы байқаудан сәтті өткен КЕҰ-ды жобаны жүзеге асыру аудандарында тұратын ерекше қажеттіліктері бар балалардың тізімімен қамтамасыз етеді.
III. КЕҰ-ды ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Байқауға қатысатын КЕҰ:


  1. Қазақстан Республикасында ресми тіркелген Ақмола және Қызылорда облыстарында орналасқан коммерциялық емес ұйым болу

  2. Барлық заңды тіркеу құжаттарын (тіркеу туралы куәлік, СТН, статистикалық қарта және салық инспекциясынан анықтама) беру мүмкіндігінің болуы

  3. Салық есебі бойынша қарыздарының болмауы

  4. Сұраным талаптарына жауап беру


Назар аударыңыз: Грант үміткерінен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету бойынша тәжірибесінің болуы талап етілмейді. Алайда грант үміткерінде жергілікті мәселелерді шешу үшін қауымдастықты жұмылдыру тәжірибесінің болуы және Ақмола мен Қызылорда областарында, әсіресе, жобаны жүзеге асыру аудандарында орналасқаны лазым.

IV. СҰРАНЫМДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Бағалау салалары

Үлес салмағы, %

Аудандық деңгейде қауымдастықпен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы

30%

Жоба бенефициарлары мен қызығушылық танытқан жақтарды нақты сипаттау

20%

Жобаның нақты анықталған жұмыс жоспары

20%

Жобаны бағалау мен мониторинг жасаудың тиімді әрі түсінікті жоспары

10%

Жобаның негізделген және расталған бюджеті

20%


V. ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ

«БОТА» қорының барлық қаражаты қабылданған жобалық сұранымда көрсетілген мақсатта пайдалануы және қабылданған бюджетке сәйкес болуы керек. Транштардың кестесін қоса, грантты берудің барлық шарттары «БОТА» қорымен қол қойылатын Грант келісімшартында келісілетін болады. Грант сомасы 2175000 (екі миллион бір жүз жетпіс бес мың) теңгеге дейін беріледі.
«БОТА» қоры келесі шаралар мен жоба бойынша шығындарды қаржыландыратын болады (тағы бюджетке нұсқаулықты қараңыз):

  • Айлық жалақы

  • Кеңсе жалы

  • Кеңсе жабдықтары

  • Көлік шығындары

  • Қолдау топтарын өткізу шығындары

  • Жобаны жүзеге асыру үшін қажет материалдарды сатып алу


«БОТА» қоры жалпы келесі шығындарға шек қояды:

• Әкімшілік шығындар (жалға алу, комуналды шығындар және т.б.) жоба бюджетінің жалпы сомасынан 15% дейін

• Кеңсе жабдықтары –жоба бюджетінің жалпы сомасынан 20% дейін

«БОТА» қорының қаражаты жеке мақсатта немесе қандай да бір саяси қызметте пайдаланбауы тиіс.

VI. БАЙҚАУ КЕСТЕСІ

«БОТА» қоры гранттарды беруді 2011 жыл қаңтар айынан бастауды жоспарлап отыр. Сұранымдарды қабылдау 2010 жыл 22 қарашада басталады.

«БОТА» қоры барлық қызығушылық танытқан ұйымдарды сұранымда өздерінің қайда орналасқанын және жобасын жоғарыда келтірілген тізімдегі қай ауылдық округте жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын көрсетіп, байқауға тезірек қатысуға шақырады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 6 ай. Аталмыш мерзім ішінде грант алған КЕҰ-дар әлеуметтік интеграцияны жақсарту бойынша әрекет жоспарын дайындау мен оны жүзеге асыруды қоса, жобадан күтілетін барлық шараларды жүзеге асыруы тиіс. Әлеуметтік интеграция бойынша жұмысты жалғастыру және кеңейту мақсатында өте жақсы нәтиже көрсете білген КЕҰ-дар келесі 6 айға ары қарай қаржыландырылуы (егер оған қажеттілік болса) мүмкін.

Жобалық сұранымдар «БОТА» қорына басып шығарылған және электронды түрде жіберілуі керек. Сұранымның электронды нұсқасы CD дискке көшіріліп, басып шығарылған үлгісімен бірге жіберіле алады. Электронды нұсқасын келесі электронды мекенжайға жіберсе болады: ssp@bota.kz

Басып шығарылған көшірмесін келесі мекенжайға жіберсе болады:

"БОТА" Қоғамдық қоры

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ)

Достық даңғ. 160, 3-қаб, 309 бөлме,

050051, Алматы, Қазақстан
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондармен хабарласа аласыздар: тел.:  +7 (727) 264 12 69/70 факс: +7 (727) 264 36 14



Похожие:

«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы iconVi-гранттық байқау әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы «бота» Қоры

«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы iconАшық тендер әдісімен сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабарландыру формасы
АҚ «Оңтүстік» және «Батыс» филиалдарының 2012 жылға қажеттіліктері үшін автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын...
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы iconТехникалық байқау орталығының қызмет өңірі
Міндетті техникалық байқау стационарлық техникалық байқау орталығымен қамтамасыз етілетін елді мекендердің және өңірлердің атауы
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы iconБаспасөз мәлімдемесі
«бота» қоры Қазақстандағы балалар мен жастарға қызмет көрсетуде үздік үлгілер мен тәжірибелерді ілгерілету үшін жыл сайынғы халықаралық...
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы iconКонкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру
АҚ-ның 2008 жылға қажеттіліктері үшін бұрын пайдаланылған және жүк тасымалдауға жарамды ірі тонналық контейнерлерді мемлекеттік сатып...
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы icon«Заң Camp» республикалық жастар өкілдері кеңесіне қатысуға ашық байқау «Заң Camp»
Заң жобасына енгізу үшін жастар ұсынымдарын егжей-тегжейлі талқылау және оларды қорыту
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы icon«бекітемін» Қызылорда облысы бойынша қазынашылық Департаменті бастығының орынбасары
Тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы: ҚР Қаржы Министрілігінің...
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы icon«бекітемін» Қызылорда облысы бойынша қазынашылық Департаменті бастығының орынбасары
Тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы: ҚР Қаржы Министрілігінің...
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы icon«Негізгі орнитологиялық аумақтарды (iba) сақтауға бағытталган жергілікті бастамаларды қолдау» жобасы РҚБ «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы»
РҚБ «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» негізгі орнитологиялық аумақтарды сақтау және қазіргі жағдайын түзелту үшін...
«бота» Қоры ақмола және қызылорда облыстарындағы кеұ-дар Үшін ашық байқау жариялайды гранттың атауы iconКонкурс жариялайды. «Негізгі орнитологиялық аумақтарды»
РҚҰ «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» негізгі орнитологиялық аумақтарды сақтау және қазіргі жағдайын түзелту үшін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница