Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен




Скачать 112.45 Kb.
НазваниеҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Дата конвертации19.03.2013
Размер112.45 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік

тудың сабын, ұштығын және мемлекеттік рәміздер бейнеленген өзге де тауарларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі.

070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к., 87/2

Тапсырыс беруші:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті

070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к., 87/2

Жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың атауы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік тудың сабын, ұштығын және мемлекеттік рәміздер бейнеленген өзге де тауарларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу.

Тауарлар атауы:




Тауар атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Тауарды жеткізу мерзімі

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы (өлшемі 1х2м)

дана

1

Жеткізушінің келісуімен

2

Ұштығы

дана

1

3

Тудың темір сабы тіреуішпен қоса (саптың ұзындығы 2,6м)

дана

1

4

Багетке салынып ресімделген, үш плакаттан тұратын жиынтық

дана

1




БАРЛЫҒЫ:











Баға ұсыныстарын қабылдаудың басталу күні 12.08.2008ж.10сағ.00 мин.

Баға ұсыныстарын қабылдауды тоқтату күні 18.08.2008ж.10сағ.00 мин.

Баға ұсыныстары мөр басылған конверттерде Өскемен қаласы, Қазақстан к., 87/2, 213 кабинет, тел. 26-45-29 мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс.

Төлемақы мына тәртіппен: тауар партиясын нақты жеткізгеннен кейін, шот-фактура мен жүкқұжат негізінде Тапсырыс беруші аталған төлем құжаттарын алған сәттен бастап 10 операциялық күн ішінде жүргізіледі.

Әлеуетті Жеткізушінің баға ұсынысына тауарды сатып алуға байланысты барлық шығындар енгізілуі тиіс.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қою мерзімі: қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде.

Жеткізу орны –ШҚО бойынша қазынашылық департаменті ММ, Қазақстан к., 87/1 (қойма).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік тудың сабын, ұштығын және мемлекеттік рәміздер бейнеленген өзге де тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы

____ шарт
Өскемен қ. «___»_______ 2008 ж.
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ атынан, Ереже негізінде әрекет ететін бастық Нұрпейісов Ілияс Нұрсейітұлы бір тараптан және бұдан әрі Жеткізуші деп аталатын _______ атынан, _______ негізінде әрекет ететін _______ екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) және 2008 жылғы «___» _______ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде мемлекеттік сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Осы Шарт талаптарына сәйкес Жеткізуші Тапсырыс берушіге 2008 жылдың «___» _______ дейін саны, өлшемі және бағасы 1-қосымшада көрсетілген мына тауарларды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік тудың сабын, ұштығын жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші жеткізілген тауарлар үшін төлемақы төлеуге міндеттенеді. 1-қосымша осы шарттың ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Жеткізу орны ШҚО бойынша қазынашылық департаменті, Өскемен қ., Қазақстан к., 87/1 (қойма).

2. Осы Шартта төмендегі ұғымдар мына мағыналарды білдіреді:

«Шарт» - Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасында жазбаша түрде жасасқан, барлық қосымшалар мен толықтыруларға, сондай-ақ Шартта сілтемесі бар барлық құжаттамасына тараптардың қолдары қойылған азаматтық-құқықтық акт;

«Шарт бағасы» - Тапсырыс беруші Жеткізушіге Шарт шеңберінде өз шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төлейтін төлемақы сомасы;

«Тауар» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, мемлекеттік тудың сабы, ұштығы және мемлекеттік рәміздер бейнеленген өзге де тауарлар;

«Жеткізу барысындағы қызметтер» - тауардың ақысыз жеткізілуін қамтамасыз ететін қызметтер;

«Форс-мажор» - бұл Жеткізушінің тарапынан бақылауға жатпайтын, Жеткізушінің жаңсақтығы мен салақтығынан туындамайтын және алдын ала көзделмейтін жағдай. Бұл жағдайлар мыналар: әскери қимылдар, табиғат апаттары, індет, карантин және тауарды жеткізуге тыйым салу, бірақ бұл әрекеттермен шектелмеуі мүмкін.

3. Жеткізуші:

-Шартта белгіленген мерзімде тиісті сападағы тауарды жеткізуге;

-Тапсырыс беруші тауар сапасындағы ақауды анықтаған жағдайда, Жеткізуші тауарды сондай сапалы тауарға ауыстыруға міндетті.

4.Тапсырыс беруші:

-Жеткізуші берген жүкқұжат бойынша тауарды қабылдауға;

-тауар үшін уақтылы ақы төлеуге;

-тауарда анықталған ақаулар жөнінде Жеткізушіні уақтылы хабардар етуге міндетті.

Осы шарт бойынша төлемақы тауар партиясын нақты жеткізгеннен кейін, шот-фактура мен жүкқұжат негізінде Тапсырыс беруші аталған төлем құжаттарын алған сәттен бастап 10 операциялық күн ішінде жүргізіледі. Төлемақы Жеткізушінің есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүргізіледі.

Тапсырыс беруші Шарт бойынша шығындарды Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері құрылымының «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету» 217001 республикалық бюджет бағдарламасы, «Аумақтық органдардың аппараттары» 002 ішкі бағдарламасы, «Өзге тауарларды сатып алу» 139 ерекшелігі бойынша бойынша жүзеге асырады.

6. Төлемақы жүргізуге дейін қажетті құжаттар: шот –фактура, жүкқұжат.

7. Жеткізушіні таңдауға негіз болған сапа мен басқа да шарттар өзгермесе, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі:

1) тауар бірлігі үшін баға өзгермесе, сатып алынатын тауардың көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не артуына байланысты Шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігіне өзгерістер енгізуге жол беріледі. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында осы тауарларды сатып алуға көзделген соманың шегінде Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі шартты осылай өзгертуге болады;

2) егер тауарды мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартты орындау процесінде Жеткізуші тауар бірлігіне берілетін баға өзгермейтін жағдайда тауардың неғұрлым үздік сапалық сипаттамаларын не жеткізу мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынса, шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі;

3) егер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде осыған ұқсас сатып алынатын тауарлардың бағалары азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімімен тауар бағасын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы тармақта көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістерді және (немесе) жеткізушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.

8. Жеткізуші Шартты іске асыру мақсатынан басқа жағдайда Шарттың қандай да бір ақпаратын Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз пайдаланбауы тиіс.

9. Жеткізуші тауарды соңғы жеткізу орнына тасымалдау уақытында бүлінуден және бұзылудан сақтайтын тауардың қорапталуын қамтамасыз етуі тиіс.

10. Жеткізуші Тауарларды Тапсырыс беруші орналасқан мекенжай бойынша жеткізуі тиіс. Тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар Шарт бағасына енгізіледі.

11. Тапсырыс беруші сапасы төмен, жұмыста пайдалануға жарамсыз болған тауарды қабылдамауға және оның ауыстырылуын талап етуге құқылы.

12. Сапасы төмен тауар жөніндегі хабарламаны алғаннан кейін Жеткізуші сапасыз Тауарды Тапсырысшы тарапынан қандай да бір шығынсыз тез арада ауыстыруы тиіс.

13. Егер Жеткізуші хабарламаны алғаннан кейін Тапсырысшы талап еткен мерзімде тауарды ауыстырып бермесе, Тапсырысшы Жеткізушіге қатысты Шарт шегіндегі өзінің басқа құқықтарына зиян келтірмей, қажетті санкциялар қолдануы мүмкін.

14. Шарт құжаттарына екі тараптың қолдары қойылған жазбаша өзгерістерден басқа ешқандай ауытқушылықтар не өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

15. Егер кез келген өзгеріс тауар бағасын не Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін жеткізуге қажетті мерзімін азайтса, Шарт бағасы не жеткізу кестесі немесе Шарт бағасы да, жеткізу кестесі де тиісінше түзетіліп, Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Жеткізушінің осы бап шегінде түзетулер енгізуге арналған барлық сұраулары Тапсырыс берушінің өзгерістер енгізу жөніндегі өкімін алған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.

16. Жеткізуші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз біреуге толық не жартылай бермеуі тиіс.

17. Жеткізуші тарапынан жеткізудің орындалуын кешіктіру Тапсырыс берушінің Шартты бұзуы не уақтылы жеткізбегені үшін оған тұрақсыздық төлеттіру санкцияларын қолдануға мәжбүр етеді.

18. Тауарларды уақтылы жеткізуге бөгет болатын жағдайларға кез келген уақытта тап болса, Жеткізуші кешігу фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі (тері) туралы Тапсырыс берушіге жазбаша хабарламаны тез арада жолдауы тиіс. Жеткізушінің хабарламасын алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды талдауы тиіс және өз шешімі бойынша Жеткізушімен шарттың орындалу мерзімін ұзарта алады; бұл жағдайда мұндай ұзартылу Шарт мәтініне түзету енгізе отырып, тараптардың қол қоюы арқылы іске асырылады.

19. Егер Жеткізуші форс-мажор жағдайларынан басқа Шартта көзделген мерзімде Тауарды жеткізе алмаса, Тапсырыс беруші Шарт шегінде өзінің басқа құқықтарына зиян келтірмей өткен мерзімнің әр күні үшін Шарт бағасынан 0,1% сома тұрақсыздықты ұстап қалады.

20. Тапсырыс беруші Шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқа санкцияларға зиян келтірмей, Жеткізушіге міндеттемелерді орындамағаны жөнінде жазбаша хабарламаны алдын ала жолдай отырып, мына жағдайларда осы Шартты толық не жартылай бұза алады:

а) егер Жеткізуші Шартта көзделген мерзімде не Тапсырысшы ұсынған осы Шарттың ұзартылу кезеңінде барлық Тауарларды немесе оның бөлігін жеткізіп бере алмаса;

б) егер Жеткізуші Шарт бойынша өзінің басқа қандай да бір міндеттемелерін орындай алмаса.

21. Егер Шартты орындау мерзімінің кешігуі форс-мажор жағдайларының нәтижесі болып табылса, Жеткізуші тұрақсыздықты төлеу немесе шарт талаптарын орындамағандықтан Шарт бұзылғаны үшін жауап бермейді.

22. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Жеткізуші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен себептер жөнінде тез арада жазбаша хабарлама жолдауы тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулық түспесе, Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін ары қарай орындай отырып, форс-мажор жағдайларға байланысты емес балама тәсілдерін іздестіреді.

23. Егер Жеткізуші банкротқа ұшыраса не төлем төлеу қабілетінен айырылса, Тапсырыс беруші Жеткізушіге тиісті жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Бұл жағдайда Шарт кешіктірілмей бұзылады және Шарттың бұзылуы кейін Тапсырыс берушіге қойылатын іс-әрекеттерді жасау және санкцияларды қолданудың қандай да бір құқықтарына зиян келтірмесе, Тапсырыс беруші Жеткізушінің алдында ешқандай қаржылық жауапкершілікте болмайды.

24. Тапсырыс беруші Шартты ары қарай орындау жөнсіз болғанда Жеткізушіге тиісті жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуі және жойылған шарт міндеттемелерінің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енетін күні айтылуы тиіс.

25. Шарт жоғарыда көрсетілген жағдайларда бұзылса, Жеткізуші Шарттың бұзылған күніне қарасты бұзылуына байланысты нақты шығындарды ғана төлеттіруді талап етуге құқылы.

26. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Жеткізушіге Заңда көзделмеген көмек көрсеткен жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген сатыда бұзылуы мүмкін. Жеткізуші Шарттың осы негіздер бойынша бұзылуына байланысты шығындарды төлеттіруді талап етуге құқығы жоқ.

27. Шарт бойынша не оған байланысты Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасында туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды барлық күштерін сала отырып, тікелей келіссөздер арқылы шешуі керек.

28. Егер осындай келіссөздер басталған күннен кейінгі 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Жеткізуші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

29. Шарт тараптардың әрқайсысына бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылады. Тараптардың Шартқа қатысты хат алмасуы және басқа да құжаттама осы талаптарға сай болуы тиіс.

30. Шартқа сәйкес бір тарап басқа тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама хат, жеделхат, телекс не факс түрінде, кейін түпнұсқасының ұсынылуымен жіберіледі.

31. Хабарлама мына күндердің қайсысы кейін келгеніне қарай: не жеткізілгеннен кейін, не күшіне енген күні көрсетілген (хабарламада көрсетілген жағдайда) күні күшіне енеді.

32. Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуі тиіс.

33. Осы Шартта белгіленген тәртіппен Тапсырыс беруші мен Жеткізушінің өзара келісуімен өзге де айыппұл жазалау шаралары, не Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

34. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркелгеннен кейін күшіне енеді және 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар.

35. Тараптардың мекенжайы мен деректемелері:
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ЖЕТКІЗУШІ
«Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігі Қазынашылық комитетінің

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

қазынашылық департаменті» ММ

Өскемен қ.

Қазақстан к., 87/2 т.26-36-04

СТН 181700000873

ЖСК 000120200

БСК 195301070

«ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ

Астана қ.

Бастық ____________ ____________

І.Нұрпейісов

«__»________ 2008 жылғы

№ __ Шартқа

1-қосымша


Тауар атауы





Тауар атауы

Саны, өлшем бірлігі

Бірлік үшін бағасы

Қосынды

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы (өлшемі 1х2м)

1 дана







2

Ұштығы

1 дана







3

Тудың темір сабы тіреуішпен қоса (саптың ұзындығы 2,6м)

1 дана







4

Багетке салынып ресімделген, үш плакаттан тұратын жиынтық

1 дана










БАРЛЫҒЫ:











ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ЖЕТКІЗУШІ


Бастық ____________ ____________

І.Нұрпейісов





Похожие:

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
...
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
ШҚО бойынша қазынашылық департаментіның жылу желісің ағымдағы жөндеу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып...
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Автокөлікті жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Автомәшинелерді жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
ШҚО бойынша қазынашылық департаментіның сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен...
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Курчатов аудандық қазынашылық басқармасының ваз-21074 автокөлігін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен...
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Көшірме аппараттарына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасы үшін терезеперделерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Бензин және өзге тауарларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Бензин және өзге тауарларды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница