53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі




Скачать 35.61 Kb.
Название53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Дата конвертации19.03.2013
Размер35.61 Kb.
ТипДокументы
53 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі.

Электр өрісінің кернеулігі.

8А-сынып

Өткізетін: физика пәнінің мұғалімі Г.Төлеутаева


Астана қ.

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Сабақтың мақсаты: білімділік: зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі қалай жүзеге асатындығы жайында және электр өрісінің кернеулігіне түсінік беру;

дамытушылық: электр өрісінің қасиеттерін зерттей отырып, есептер шығару дағдыларын дамыту;

тәрбиелік: оқушылардың жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Өткен тақырыпты қайталай отырып, жаңа сабақты өз бетімен меңгеру.

Сабақтың әдісі: Саралап-деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс: математика, химия.
Сабақтың көрнектілігі: таратпа материалдар, таблица, проектор.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру-3 мин.

2. Өткен тақырыпты қайталау-5 мин.

3. Жаңа сабақты өз бетімен меңгеру-8 мин.

4. Берілген сұрақтар бойынша жаңа сабақты қорытып шығару-7 мин.

5. Жаңа сабақты бекіту-7 мин.

6. Деңгейлік тапсырмаларды орындау-10 мин.

7. Қорытынды шығару-3 мин.

8. Үйге тапсырма-2 мин.
I-кезең- Актуализация
1. Кулон заңы мен бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай жазылады? Олардың ұқсастығы және айрмашылығы қандай?

2.Күнделікті жағдайда макроскопиялық денелердің арасында электростатикалық күштер тартылыс күштерінен бірнеше есе үлкен болса да, неге байқалмайды?

3. Кез-келген дене электрлігі жағынан бейтарап екенін дәлелде.

4. Гравитациялық күштер барлық бөлшектердің арасында байқала ма?

5. Электростатикалық күш ше?

6. Массалар нені сипаттайды?

7. Заряд шамалары нені сипаттайды?

8. Кулон заңының қолдану шегі бар ма?

9. Бүкіләлемдік тартылыс заңының қолдану шегі бар ма?

II – кезең. Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру.
а) Оқулықпен жұмыс

1. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі қалай жүзеге асады?

2. Электр өрісінің қасиеттері.

3. Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз не? Өрнегі?

4. Нүктелік заряд тудыратын элетр өрісінің кернеулігі қалай жазылады?

5. Электр өрісін график түрінде қалай кескіндеуге болады?

6. Осы сұрақтардың жауаптарынан қорытынды шығар.
Тірек конспектісі.

Өріс көзі: заряд. Электр өрісін күш жағынан сипаттайтын шама- өріс кернеулігі. Өрнегі: E=F/q; бірлігі: Н/Кл

Нүктелік зарядтың тудыратын өріс кернеулігі: E=kq0 /r2;

Диэлектрлік ортада болса E=(1/4πεε0)( kq0 /r2 ) - SI-жүйесінде кернеулік осылай жазылады.

Электр өрісін график түрінде кескіндеу (1791-1867 ж. ағылшын физигі М.Фарадей).



Өрістің күш сызықтары

III-кезең. Бекіту: (тақтада есеп шығару)

15-жаттығу. № 2,3,4.
IV-кезең. Деңгейлік тапсырмалар

I-деңгей.

1. Сутек атомдарының электрондары орбитасындағы электр өрісі кернеулігін анықтандар. Орбитаның радиусы 0,5*10-8 см.

II-деңгей.

2. Кернеулігі 3*105 Н/Кл біртекті электр өрісінде тепе-теңдік қалыпта болатын массасы 10-9 г мырыш тозаңының заряды неге тең?

III-деңгей.

3. Вакуумде өзара 30 см қашықтықтағыдай күшпен әрекеттесетін екі бірдей электр зарядының диэлектрлік өтмділігі ε болатын май ішіндегі ара қашықтығын табыңдар.

V. Үйге тапсырма

§ 32. Есептерді аяқтау.
VI. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау.

Похожие:

53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconСабақтың технологиялық картасы Мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісінің кернеулігі және потенциалы. Суперпозиция принципі
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconСабақтың тақырыбы: IV тарау. Электр өрісі. § 31. Кулон заңы. Сабақтың мақсаты
Оқушыларға электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, денелердің электрленуі, атом құрылысы және Кулон заңы турасында түсінік...
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconМагнит өрісі. Қозғалыстағы­­­
Ендеше магнит өрісі дегеніміз – электр тогы тудыратын өріс. Ол өріс – электр тогың өзара әсерін жүзеге асырады
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі icon1. Электр машиналары мен электр жетегі
Электр жетегінің координаталарын реттеу. Электр жетегі механикасы мен динамикасы. Электр қозғалтқышының қуатын таңдау. Электрлік...
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconКыргыз Республикасынын отун-энергетика комплексинин ишканаларындагы Корпоративдик башкаруу тажрыбасына сереп «Электр станциялары»
«Электр станциялары» аакынын, «Кыргызстандын улуттук электр тармактары» аакынын, «Түндүк электр» аакынын, «Чыгыш электр» аакынын...
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconЭлектрмагнит өрісінің теориясы «Электр техникасының теориялық негіздері»
«Электр техникасының теориялық негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу әдістемелік құрал 3 бөлім
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconКодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
«Электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi электр станцияларды пайдалану...
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconҚазақстан Республикасы э кономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын...
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі iconПән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы...
53 орта мектеп Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі icon19 орта мектеп 11 сынып Тасқұлова А.Қ Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница