ҚҰПия куә, ол кім?




Скачать 36.02 Kb.
НазваниеҚҰПия куә, ол кім?
Дата конвертации11.07.2014
Размер36.02 Kb.
ТипДокументы


ҚҰПИЯ КУӘ, ОЛ КІМ?

Соңғы кездері есірткі заттарына қатысты қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу органдары ҚР ҚІЖК-нің 100 бабының талаптарында көрсетілген, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген куәлардың көмектерін пайдалануда.

Атап айтқанда іс жүзінде есірткі затын сатып өткізуші адамның қылмыстық әрекеттерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кезінде, аты-жөні өзгертілген, яғни бүркеншік атпен есірткі заттарын сатып алушы адамдардың көмектері пайдаланылуда.

ҚР ҚІЖК-нің 100 бабының 3 бөлігінің талабы бойынша қауіпсіздік шарасы қолданылған, қорғалатын адам жөнінде мәлімет алуға шек қойылады, ол адам жөніндегі нақтылы анкеталық мәлімет қылмыстық істен бөлек, арнайы конвертте сақталады.

Алайда, сотта қаралған қылмыстық істер бойынша жедел іздестіру шаралары кезінде процесті жүргізуші орган куәнің қауіпсіздік шараларын қолданудың қыр-сырларын толықтай сақтай бермейтіндері байқалады.

Кейбір жағдайда тергеу органдары қылмыскердің жасаған қылмысын әшкерелеу мақсатында қажет болмаса да, «куәлардың қауіпсіздігі» деген желеумен, оларды құпияланған куә ретінде пайдаланып, қылмыстық істерді сотқа жолдауда. Алайда, осы куәларды «құпия» деп көрсеткенімен, алдын ала тергеу жұмысының шалағайлылығы салдарынан сол құпия куәләр жөніндегі мәліметтер басқа іс құжаттарынан, алдын-ала тергеу кезінде бейнетаспаға түсірілген жедел-іздестіру шараларынан ол куәнің «құпиялылығы» ашылып жатады.

Мысалға, «И»-дің қылмысты ісі бойынша ол «Б» деген азаматқа екі мәрте есірткі затын сатқан. Жедел іздестіру шарасы кезінде, «И»-дің есірткі затын сатуын әшкерелеуге қатысқан «Б»-ның қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, оған бүркеншік ат берілген, яғни оның жеке басы құпияланған. Осылай бола тұра, сот отырысы кезінде жедел-іздестіру шарасы кезінде түсірілген бейнетаспаны қараған кезде, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген «Б»-ның бет әлпеті бейнетаспадан өте анық көрінеді, керсінше есірткі сатушының бет-бейнесі өте көмескі. Бұндай жағдайда «Б»-ның қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілді деп айтуға келмейді, себебі ашық сот отырысына қатысқан адамдардың барлығы құпия куә «Б»-ның бет әлпетін толықтай көрді.

Бұл жерде айта кететін бір жағдай, жедел іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлерінің арнайы құралдарды дұрыс пайдалана алмайтынын көрсетеді, бейнежазба құрылғысын пайдалану кезінде «Б»-ның бет әлпетін түсірмей-ақ, керсінше есірткі сатушыны анық етіп бейнетаспаға түсіруге, оның дауысын естілетіндей етіп жаздыртуға толықтай мүмкіндіктері бар еді.

Көптеген жағдайда сотталушылар өздерінен есірткі затын сатып алып, полиция қызметкерлеріне көмек жасаған, қауіпсіздіктері қолданылып, аты-жөндері құпияланған адамдардың нақтылы кім екендерін, яғни олардың аты-жөндерін сот талқылауында ашық айтып жатады. Есірткіге байланысты қылмыстық істердің негізінен ашық сот отырысында қаралатынын, сот отырысына бөгде адамдардың, сотталушылардың туыстары, таныстары қатынасатынын ескерсек, бұндай «құпия» куә не үшін керек болды деген сұрақ туындайды.

Жасыратыны жоқ, есірткі сатып алушы бұндай құпия куәләрдің көбісі есірткі затын пайдаланатын, кей жағдайда тергеуге тәуелді адамдар болып жатады. Сондықтан бұл адамдар «құпия» болғандықтан тергеудің пайдасына шешілетіндей жауап береді, себебі одан сотта жауап алғанда да, оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, сот залында тікелей келіп жауап бермейді.

Алдын ала тергеу кезінде есірткі затын сатқандығы үшін қылмыстық жауапқа тартылған «Ч» прокуратураға өзінен есірткі затын сатып алған адамның аты жөнін көрсетіп шағым жазған. Осы шағым негізінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілген куәдан жауап алу хаттамасында құпия куәнің нақтылы анкеталық мәліметтері көрсетіліп жауап алынған хаттама қылмыстық іске тіркелген. Сонымен қатар қылмыстық іске куәнің бүркеншік атпен берген жауап хаттамасы да тіркелген. Қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысына тіркелген сотқа шақырылуға тиісті куәлар тізімінде есірткі затын сатып алушы куә бүркеншік атпен де, нақтылы аты-жөнімен де тіркелген.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі затына байланысты осы «Ч»-ның қылмыстық ісі бойынша бүркеншік атпен басқа кабинеттен радио байланысы арқылы, дауысы өзгертіліп сұралған куә сотталушыдан есірткі затын сатып алғандығын айтып берсе, ал осы сотқа өзінің нақтылы аты жөнімен келген кезде, ол сотталушыдан есірткі затын сатып алғандығын жоққа шығарды.

Сот талқылауында істің осындай жағдайында «Ч»-дан құпия куә «К»-нің есірткі затын сатып алу жөнінде жүргізілген іздестіру шаралары кезінде басқа да заң талаптарының бұзылғандығы себепті бұл мән жайлар дәлел ретінен алынып тасталды.

Қазіргі кезде есірткі затын сатушылардың қылмысын ашу оңай жұмыс емес, алайда жедел-іздестіру шаралары, алдын ала тергеу кезінде техникалық құралдарды дұрыс қолданып, қажет болған жағдайда ғана куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның аты-жөндерін өзгерткен жөн болар еді.

Шала-шарпы, қалай болса солай, салақтықпен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының, алдын ала тергеу жұмыстарының кемшіліктері сот талқылауларында ашылып, бұндай іс-әрекет нәтижелері дәлел ретінен алынып тасталып жатады.

Сондықтан есірткі заттарын сатушыларды әшкерелеу кезіндегі жедел-іздестіру жұмыстарын заң талаптарына сәйкес, өте ұқыптылықпен жүргізген дұрыс, бұл жағдайлардың есірткі заттарын сатушыларына қарсы күресте бұлтартайтын дәлелдер ретінде маңызы зор болмақ.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының судьясы Ш.А.Әлнияз


Похожие:

ҚҰПия куә, ол кім? iconСабақтың күнделікті жоспары
Оқушыларды поэзияны сүюге, ақынның ішкі дүниесінің есігін өз кілтімен ашуға, өлеңнің құпия сырларын ұғуға үйрету
ҚҰПия куә, ол кім? iconРамазан айындағы мустахаб (сауапты) істер Тәубе ету Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім тәубе етпесе, солар — залымдар»
Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім тәубе етпесе, солар — залымдар» (Хужурат 49: 11)
ҚҰПия куә, ол кім? icon27 Translate question. Сіздің атыңыз кім

ҚҰПия куә, ол кім? iconҚазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері...
ҚҰПия куә, ол кім? iconҚазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері...
ҚҰПия куә, ол кім? iconҚұрметті Пайдаланушы!
«звондай карт» әмбебап картасы Пайдаланушыға картаның көмегімен келесі қызметтердің бірін пайдалануға мүмкіндік береді: қоңырау шалу...
ҚҰПия куә, ол кім? iconОтчет акима г. Шахтинска утешева е. А. На внеочередной расширенной сессии
Біз 2010 жылдың 29 қаңтарында болған маңызды саяси оқиға Ел Басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...
ҚҰПия куә, ол кім? iconТақырыбы: «Атадан қалған асыл сөз» Мақсатымыз
Атадан қалған асыл сөзді, құпия тәрбиелі ұғымның, ерекше мағынасын ашып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық дүние танымға...
ҚҰПия куә, ол кім? iconҚазақстан тарихы
Алтын Орданың билеушісі кім ондағы барлық қарулы күштерінің бас қолбасшысы саналды?
ҚҰПия куә, ол кім? iconИбн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші күпірлік»
Ибн ‘Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне, солар кәпірлер» деген аятқа жасаған тәпсіріндегі «Күпірліктен кіші...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница