Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010




Скачать 51.39 Kb.
НазваниеҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010
Дата конвертации19.03.2013
Размер51.39 Kb.
ТипДокументы
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия

Ашық сабақ

«Геометрия әлеміне саяхат»

Өткізген: Сейілханова Ж.С.


Астана 2010
«Геометрия әлеміне саяхат» математикалық жарысы
І. Сабақтың тақырыбы: өткен тақырыптарды пысықтау сабағы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін, анықтамаларын білу.

ә) дамытушылық: оқушылар шығармашылығын дамыту, ой өрісін арттыру.

б) тәрбиелік: ұжымдылыққа, білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың көрнекілігі:

Слайд, интерактивті тақта, үшбұрыштар, мақал-мәтел, жұмбақтар.
ІV. Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
V.Сабақтың ұйымдастырылуы: Оқушылар 3-топқа бөлінеді, топ басшысы тағайындалады.
VI.Сабақтың өту барысы:

1.Күй ойналып тұрады.
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі.
Мұғалім: Балалар «жарыс» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушы: спорт түрлерінен, ат жарыс, білім жарысы т.б.
Мұғалім: Спорттық, халықаралық, аудандық, қалалық, мектепішілік жарыстар болып жатады. Олай болса, жазда 2010 жылы 51-халықаралық математикалық олимпиада өтеді, сонымен қатар мектебіміздің 20 жылдық мерекесі болып жатыр, осыған орай бүгінгі сабағымыз осы мерекелерге арналады.

Слайдтан 51-халықаралық математикалық олимпиада көрсетіледі.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ 5 бөлімнен құралады:

1.Топтық таныстыру.

2. «Атадан қалған асыл сөз»

3.Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.

4.Полиглот

5.Сиқырлы үшбұрыштар

Слайд арқылы көрсетіледі.


1.топтық таныстыру.

Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыңдар.

  1. Астана тобы деп атауыңыздың себебі не?

  2. Канада тобы деп атауыңыздың себебі не?

  3. Ғали ғибраты деп атауыңыздың себебі не?

Оқушылар жауап береді:

  1. 51-халықаралық олимпиада Астанада өтеді, сол себепті алдық.

  2. Канада да спорттық олимпиада болды.

  3. Ғали Орманов атындағы мектеп-гимназиясына-20 жыл.


2. «Атадан қалған асыл сөз»

Олай болса, ақылың болса ақылға ер, ақылың болмаса нақылға ер демекші «Атадан қалған асыл сөз» кезеңін бастаймыз.

Шарты: Әр топ кезектесіп нақыл сөз айтады, келесі топ мағынасын түсіндіреді.

Астана : Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

Канада тобы жауап береді.

Канада тобы: Ақылдассаң шешерсің,

Ақылдаспасаң кем кесерсің!

Ғали ғибраты жауап береді.

Ғали ғибраты: Мектеп кеме,

Білім теңіз.

Астана тобы жауап береді.
3.Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.

«Білімділермен дос болсаң, тарыққанда ақыл береді.

Білгіштермен дос болсаң адамшылығыңды біледі!» дегендей келесі «Тапқырлық сайысына кезек береміз»

Шарты: Әр топ «ауызша тест» сұрақтарына жауап береді.
Ғали ғибраты тобына:

1)1800-қа тең бұрыш қалай аталады. (жазыңқы)

2)Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? (биссектриса)

3)Жазықтықтағы қандай түзу ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4)Тәуліктің ¼ бөлігі? (6 сағат)

5)Дәлелденбейтін ұйғарым қалай аталады? (аксиома)

6)Кесіндінің бойынан 1 нүкте ал сонда қанша кесінді болады? (3)
Астана тобына:

1)Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура (бұрыш)

2)Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсаң, неше бұрыш қалады?(бес)

3)Екі нүктеден шектелген түзудің бөлігі? (кесінді)

4)Барлық қабырғалары тең тең тіктөртбұрыш (шаршы)

5) «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)

6)Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)
Канада тобына:

1)Геометрияның жазықтағы фигураны зерттейтін бөлімі (планиметрия)

2)Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)

3)Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (3600)

4)Перпендикуляр түзулер неше градус бұрыш жасап қиылысады? (тоқсан)

5)Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)

6)Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
4.Полиглот

Ана тілің арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз ьіліңді құрметте!- дегендей келесі жарысымыз.

«Полиглот»

Шартты: Әр топ 1 жұмбақтан айтады, қарсылас топтар шешуін тауып үш тілде айтады (қазақша, орысша,ағылшынша)

1)Канада тобы бастайды: «Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында, ұзындығы жазулы тұр бойында.»

Астана шешеді: (сызғыш, линейка, чилеч)

2)Астана: Алпыс кісі аяқтасты, ерте тұрып таяқтасты.

Ғали ғибраты: (кірпік, ресница)

Ғали ғибраты: Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

Канада тобы шешеді: (кітап, книга, бук)
4.Мәңгі-бақи есте қалар

Есте қалар жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын- дей отырып келесі кезекте

«Сиқырлы үшбұрыштар».
Шарты: Бізге 12 сиқырлы үшбұрыш берілген. Осы сиқырлы үшбұрыштардың сырын ашу керек. Ол үшін мына үшбұрыштарға жасырылған сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтарды топтар кезекпен таңдайды. Үшбұрыштардың астынан мектептің суреті шығады.Оқушылар мектептің 20 жылдығына орай тілектерін айтады.

1.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)

2.Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға (гипотенуза)

3.Тең қабырғалы үшбұрыштың р=15 см, қабырғаларын тап. (5см)

4.Тең бүйірлі үшбұрыштың р=10 см, бүйір қабырғасы-3 см табанының ұзындығын тап? (4 см)

5.Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)

6.Теңбүйірлі үшбұрыштың р=14 см, ьабаны 4 см, бүйір қабырғаларын тап? (5 см)

7.Үш нүктеден, үш кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)

8.Үшбұрыштың тікбұрыш жасайтын қабырғалары қалай аталады.(катет)

9.Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы үшбұрыш)

10.Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы-3 см, периметрін тап.

(9 см)

11.Үшбұрыш қабырғаларына қатысты нешеге бөлінеді? (3)

12.Теңқабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (600)
Мұғалім: Сиқырлы үшбұрыштың сырын ашьық. Мектеп суреті, мектептің 20 жылдығына арнау тілек айтылды.

VII.Қорытындылау:

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жарыстарда білімдерімен ерекше көзге түскен оқушыларға медаль алқа тағылады.

Соңы.

Похожие:

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010
Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Бауыржан Момышұлының өмірлері мен ерлігі туралы мағлұмат бере отырып,...
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының 6 «А» сынып оқушыларының тізімі 2009-2010 оқу жылы

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconАстана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы
Мақсаты:ұлттық салт-дәстүрді үлгі ету,мадақтау,оған деген оқушылардың сүйіспеншілік сезімін ояту
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconСыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Физика әлеміне саяхат» Пән мұғалімі: Оңғарбай Ж. Ленинградское – 2008 ж Тақырыбы: «Физика әлеміне саяхат» Мақсаты
...
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 icon№7, Ғали Орманов атындағы орта мектеп Қаралды: келісемін: бекітемін
Білімділік: оқушыларға алған білімдерін ары қарай жетілдіру мақсатында мәтіндегі ұлы тұлғалар жайында мағлұмат беру, сөйлем мүшелерін...
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconҒали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ
Шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconАстана қаласы С. Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Ашық сабақ Тақырыбы: «Орта Азия, Кавказ халықтарының музыкасы»
Сабақтың твақырыбы: Орта Азия халықтарының музыкасы. Кавказ халықтарының музыкасы
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconАстана қаласының Білім басқармасы «№57 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
«Бейіндік оқыту-білім алушының қоғамдағы орнын алдын-ала бағыттау процесі» атты әдістемелік күнде өткізілген ашық сабақ
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 icon3 мектеп-лицей ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Туған жерім тұғырым, өскен елім өзегім
Сабақ мақсаты: а Өтілген тақырыптар бойынша тарауды пысықтау. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, тараудан алған білімдерін тиянақтап...
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010 iconТереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі Ашық сабақ (7б-сыныбы) Өткізген: С. М. Ищанов
Оқушылар төмендегі сызба бойынша адам мен компьютерарасындағы байланысты көрсету, өз ойларын тұжырымдау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница