Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар




Скачать 33.62 Kb.
НазваниеДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дата конвертации19.03.2013
Размер33.62 Kb.
ТипДокументы
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды.

Дайыр ауылдық округ әкімі аппаратында 9 айда 65 өкім, 1 шешім қабылданды.

2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы «Балжан» (жетекшісі А.Әшімхан) және «Шәріпхан»( Бакенов Қ) шаруа қожалықтары әр қайсысы 3 млн-нан несие алып, біреуі 15 бас, екіншісі 11 бас ет-сүт бағытындағы ірі қара сатып алып, қазір күтіп, бағуда. Ал «Қорған-төбе» шаруа қожалығы , жетекшісі Қожабаева Амангүл «Сыбаға» бағдарламасымен 18 млн. тенге несие алып, 100 басқа арналған бордақылау алаңын ашуды мақсат етеді. Құжаттарын өткізіп қойған. Дайыр ауылында қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді. Пунктте тәжірибелі мал маманы С.Тұраров халыққа қызмет етеді. Бүгінге дейін 150-дей ірі қара қолдан ұрықтанды. Оның 130 –дайы төлдеді. 2012 жылы 3 шаруа қожалығы мемлекет тарапынан жем-шөпке және аналық басқа субсидия алып отыр. 2012 жылы «Жарас» шаруа қожалығы 4 бас, «Қорған-төбе» шаруа қожалығы 1 бас асыл тұқымды бұқа әкіліп, мал басын асылдандыруға кірісті.

Округ бойынша 1530 га жерге егін егілді. Оның ішінде 465 га дәнді дақыл, 720 га күнбағыс, 125 га картоп, 60 га көкөніс,10 га бақша, 150 га көпжылдық шөп. Қазір егін ору науқаны аяқталды. Қортындысында 688 т бидай, 34 т. тары, 36 т. арпа, 870 т. көкөніс, 1725 т. картоп жинап алынды.Сонымен қатар, қысқы маусымға мал азығына округ бойынша 4645 т. табиғи шөп, 2145 т. жоңышқа, 460 т. сабан дайындалды.

Дайыр ауылдық округінің орталығы Дайыр ауылы – аудандағы 3 тірек ауылының бірі. Қазір тірек ауылында 2012-2014 ж. арналған бағдарлама бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жеке кәсіпкерлік саласы бойынша: 2012 жылы магазин, аптеке ашу жоспарланған.

Аптека , магазин де ашылды Оны жеке кәсіпкер Насимова Тұрсынгүл өз қаржысымен ашты.. Қазір екеуі де жұмыс істеуде.

Әлеуметтік және инфрақұрылым салалары бойынша.

2012 жылы 9 айында атқарылған жұмыстар.( бюджеттен бөлінген қаржылар)

1. Аманжанов көшесін жарықтандыру. Ұтқан - «Семей электрострой - 2005» ЖШС Жұмыс аяқталды. 1780,0 тенге игрілді. Көшеде 48 лампа жанып тұр.

2. Қоқыс тазалау. Бөлінген қаржы- 300,0 тенге. Ұтқаны – 290,0 тенге, «Зайсан- Қорған» ЖШС.мекемесі. Толық игерілді.

3. Балалар ойын алаңына – 2126,0 тенге республикалық бюджеттен . Ұтқан - 1226,0 тенге, «Фламен» ЖШС..Жұмыс аяқталды. Пайдалануға берілді.

4. Хоккей алаңы. – 914,0 тенге, Ұтқан- 495,0 тенге, «Фламен» ЖШС. Жұмыс аяқталды.

5. Мектеп –интернаттың күрделі жөндеуден аяқталмаған жұмыстарына «Жол қартасы» бағдарламасы бойынша 17000,0 тенге бөлінген. Оның ішінде: облыстық бюджеттен- 11339,0 тенге, аудандық бюджеттен- 5661,0 тенге.Жұмысты жеке кәсіпкер А.Утебаев істеді. Жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде интернаттың акті залы мен спорт залы ауыл тұрғындары үшін мәдени- спорттық шаралар өткізетін орын ретінде пайдалануға берілді.

6.Мүкарама орта мектебінің ғимаратының төбесін ағымдағы жөндеуден өткізілді. Бөлінген қаржы – 4404,0 тенге. «Ақтөбе-Е» ЖШС мекемесі 2900,0 тенгеге ұтқан. Жұмыс аяқталған.

7.А.Утебаев көшесін жарықтандыру. Жеке кәсіпкер А.Утебаев 2100,0 тенгеге ауыл әкімімен меморандумға отырған. Көше жарықтандырылды..Көшеде 11 лампа жанып тұр.

Ауылды көркейту, абаттандыру жұмыстары..

- А.Утебаев атындағы саябақты абаттандыру. Жеке кәсіпкер А.Утебаевпен 11700,0 тенгеге аудан әкімі меморандумға отырған. Қазір жұмыс толық аяқталды. Саябақта Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған алаң ашылды.

Тұрғындар көмегімен 2012 жылы атқарылған жұмыстар:

- Қойшыбаев көшесіне құм-тас,шлаг төгу. Құм-тас, шлаг төгіліп, көше тегістелді. 1,5 млн. тенгенің жұмысы істелді.

- Тұрғындар көмегімен 1500 түп ағаш отырғызу. 1000 түп ағаш А.Утебаев атындағы саябаққа тұрғындар көмегімен егілді. Қалған 500 түп ағаш ауылдың шетіне, әр үйге егілді.

Ауылдағы 107 тұрғын үйдің қоршауы жаңартылды. Барлығы – 1300 м. Оның

394 м. штакетник Басқасы әр түрлі материалдан қоршалып жатыр.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл тұрғыны Елшібаев Рамазан әкімшілік ғимаратың алдына құны 100,0 мың тенге тұратын тотықұсты сыйға тартты. Сол сияқты, биылғы 20 жылдық түлектер Мүкарама орта мектебінің кіре берісіне сәнді қақпа орнатып, сый- сияпат жасады.

Әкімшілікте істейтін қызметкерлер ғимарат алдына су бұрқақ орнатты. Олардың қатарында Ибраев Еркінбек, Жұматаев Тұрсынбек , Дукенов Болат, Амренов Бейбіт,Мамиев Бақытбек бар.

Ауылдық округте көрнекілікке де үлкен мән берілген. 2011 жылы округ бойынша 8 баннер ілінсе, 2012 жылы , яғни қазір 12 баннер ілінген. Ауыл тұрғындарын ынталандыру мақсатында ауылдағы ақ жаулықты әжелердің құрметіне «Ақ жаулығы әжемнің ақ көрпесі баламның» атты баннерге осы ауылдағы «Ғасыр әже» клубының мүшелері суреттері басылса, ауыл жастарының спортқа қызығушылқтарын арттыру мақсатында «Спортшының жеңісі- ауылымның жемісі» атты баннерде ауданда, облыста жүлделі орын алып жүрген ауыл спортшыларының суреттері басылды.

Похожие:

Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 19 аппараттық кеңес мәжілісі болды. Аппарат мәжілістерінде: 17 түрлі мәселе қаралып, қаулылар...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconСартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Сол күні ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, әрбір үйлердің сыртқы қоршауларын жөндеу, үйлерді әктеу, гүлдер, көшеттер отырғызу туралы...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша
...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 178 қатынас-хат жолданса, 78 өкім шығарылды
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБекітемін ақсу ауданының әкімі Ә. Дүйсембаев
Ақсу ауданының поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан айында округ елді мекндердің...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аппарат мәжілістерінде: 21 түрлі мәселе қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.Қабылданған қаулылар тиісті адамдарға жолданып, орындалуы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница