Бұқаралық ақпарат құралдары туралы




Скачать 274.07 Kb.
НазваниеБұқаралық ақпарат құралдары туралы
страница2/3
Дата конвертации19.03.2013
Размер274.07 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

              агенттігін есепке қою, қайта есепке қою

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы мен ақпарат агенттігі уәкілетті органда міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
      2. Есепке қою, қайта есепке қою үшін мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесі не оның уәкілеттік беруі бойынша әрекет ететін тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді.
      3. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалатын тәртіппен алым алынады.
      4. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою туралы өтініш түскен күнінен бастап он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесіне есепке қою туралы куәлік береді не мынадай негіздер бойынша:
      1) егер уәкілетті орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойғаны туралы куәлік берген болса;
      2) егер өтініштің мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтін болса;
      3) егер мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойғаны үшін алым төленбесе;
      4) егер меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін қайта есепке қою туралы өтінішке мерзімді баспасөз басылымына және (немесе) ақпарат агенттігіне меншік құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың нотариалды түрде куәландырылған үзінді көшірмесі қоса тіркелмесе;
      5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты тап сондай мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі есепке қоюға мәлімделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі мәлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.
      5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
      Ақпарат агенттігінің меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
      Мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
      6. Мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің аты, басылымның не материалдар мен хабарлардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке
              қою туралы өтініш

      1. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы өтініште: 

      1) мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі меншiк иесiнiң атауы орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны; 

      2) мерзімді баспасөз басылымының, ақпарат агенттігі материалдары мен хабарларының тілі (тілдері); 

      3) шығарылымның болжалды мерзiмдiлiгi; 

      4) негiзгi тақырыптық бағыты; 

      5) таралу аумағы; 

      6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты; 

      7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
      Өтінішке:
      жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi;
      заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;
      мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi. 

      2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою кезiнде өзге талаптарды алға тартуға тыйым салынады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке
              қоюдан босату

      Таралымы:
      - жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
      - ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
      - сот практикасының бюллетеньдерін;
      - кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.

      13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды
             (эфирге шығаруды) тоқтата тұру және тоқтату

      1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару (эфирге шығару) меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.  

      2. Басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, сондай-ақ радио және теледидар бағдарламаларының эфирге шығуын, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын уақытша тоқтату, тоқтата тұру деп түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.  

      3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты үгіттеу немесе насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнiмдердi көрсету, осы Заңның 3-бабында,  10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ  14-бабының 3-1-тармағының, 15 және  16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұруға негіз болып табылады. 

      4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсiздiгіне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтатуға негіз болып табылады. 

      5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
      Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.  

      2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі, олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
      Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.  

      3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
      Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады. 

      3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.
      Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды. 

      4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2003.12.19. N 509, 2007.06.19. N 264, 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      15-бап. Шығарылым деректерi

      1. Мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер болуға тиiс: 

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы; 

      2) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi; 

      3) бас редактордың (редактордың) тегi және аты-жөнi; 

      4) есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы; 

      5) басылымның мерзiмдiлiгi; 

      6) бұқаралық ақпарат құралының рет нөмiрi мен жарық көрген күні; 

      7) таралымы; 

      8) баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайы. 

      2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.

      16-бап. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi даналары
              мен теле- және радиохабарлар
              материалдарын сақтау

      1. Мерзiмдi басылымдардың мiндеттi тегiн даналарын, соның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын олар әзiрленген күнi бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi немесе оның тапсыруы бойынша үшiншi тұлға Ұлттық Мемлекеттiк кiтап палатасына, Ұлттық кiтапханаға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң кiтапханасына, уәкiлеттi органға жiбередi.  

      2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теледидар, радио хабарларын тарату) редакциялары эфирге шығарған өз хабарларының жазбаларын бiр ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өздерiнiң эфирлiк жұмысының тіркеу журналында көрсетуге және оны соңғы жазба жасалған кезден бастап кемінде бір жыл сақтауға міндетті. Тарихи немесе мәдени жағынан құнды жазбалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сақталады.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының
азаматтармен және ұйымдармен қатынасы

      17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар

      1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның ішінде интеллектуалдық меншікке авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға міндетті. 

      2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі. 

      3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндеттеуге құқығы жоқ.

      18-бап. Ресми хабарлар

      1. Мемлекеттік органдардың ресми хабарлары бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес орналастырылады.  

      2. Мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, олардың меншік нысанына және кімге қарайтынына қарамастан, өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатынынан басқа ақпаратты тең шарттарда беруге міндетті.  

      2-1. Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi.
      Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
      Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттiк органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.  

      3. Сұралып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуға бұқаралық ақпарат құралының өкілі мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға арналған заңда көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, не сотқа шағым жасауы мүмкін.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181, 2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      19-бап. Теріске шығару құқығы

      1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.  

      2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
      Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.
      Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгілейдi.  

      3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.  

      4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, адiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2009.02.06. N 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1   2   3

Похожие:

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 23. 07. 1999
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconКонкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысын мемлекеттік қолдау мен ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ақпараттық саясаты
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconҚазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы icon«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық конкурсты өткізуге кеңсе тауарларын сатып алуға қызмет көрсетудің баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама Астана қаласы 2008 жыл
Азақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» ғимараты, «А» блогы
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 маусымдағы №615 Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің, мәдениет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және мұрағат ұйымдарының бір топ қызметкерлері «10 жыл Астана»
Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 маусымдағы №615 Жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің, мәдениет пен өнер, бұқаралық...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconҚазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы
Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconЖемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды ең үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында өтетін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Партия орталық аппаратының жауапты қызметкерлері мен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатарынан құрылған байқау...
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы iconҚазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі №451-1
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница