Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы




НазваниеТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы
страница1/5
Дата конвертации19.03.2013
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы N 149-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2006 жылғы 11 шiлдеде тiркелдi. Тiркеу N 4287
"Заң газетi" газетi 2006 жыл 28 шiлде N 139(945)


       Ескерту. Бұйрықтың кiрiспесiне өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Труба құбырлары және су кәрiздерi жүйелерi саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О. Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгiленген тәртiппен ресми жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының:
      1) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2173 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 5 сәуiрде N 14 нөмiрiнде жарияланған) 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығының
      2) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2832 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 5 маусымда N 23 нөмiрiнде жарияланған) 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 190-НҚ бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсiн.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
агенттiгi төрағасының     
2006 жылғы 12 маусымдағы    
N 149-НҚ бұйрығымен бекiтiлген 

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн
қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының,
алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi
деңгейiн бекiту ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрығымен.

      2. Осы Ереже Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту мен енгiзудiң тәртiбiн, сондай-ақ тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн қалыптастырудың қағидаттарын айқындайды.

      3. Осы Ереже бекiтiлген инвестициялық бағдарламасы және (немесе) инвестициялық жобасы бар табиғи монополиялар субъектiлерiне белгiленген тәртiппен қолданылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.06.13. N 163-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрықтарымен.

      4. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) негiзгi тарифтiк смета - тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу жылына белгiленген тәртiппен бекiтiлген тарифтiк смета;
      2) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы;
      3) құзыреттi орган - бiр облыстың аумағында су шаруашылығы жүйесiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн салалық министрлiк және (немесе) ведомство және (немесе) кәрiз жүйесiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар, ал екi немесе одан да көп облыстар аумағында су шаруашылығы жүйесiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi;
      4) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
      5) болжанып отырған тарифтiк смета - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңнiң әрбiр жылына уәкiлеттi орган қабылдаған және бекiткен тарифтiк смета;
      6) орташа мерзiмдi кезең - бес жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда бiр жылдан асатын уақыт аралығы;
      7) тарифтiк табыс - уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бойынша Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетiн табысы;
      8) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрықтарымен.

2. тарау

     Ескерту. 2-тарау алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

       3. Субъектiлердiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар
ставкаларының) шектi деңгейiн бекiтуге берiлген өтiнiмдi
ұсыну мен қабылдау тәртiбi

      7. Табиғи монополия (бұдан әрi - Субъектi) Субъект уәкiлеттi органға тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бiр жүз сексен күн бұрын бекiтуге өтiнiм ұсынады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiтуге берiлген өтiнiмге мыналар:
      1) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiту қажеттiлiгi туралы түсiндiрме жазба;
      2) инвестициялық бағдарлама және (немесе) инвестициялық жоба белгiленген тәртiппен бекiтiлген;
      3) салалық ерекшелiктердi ескере отырып, прейскурантпен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiнiң жобасы;
      4) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға бухгалтерлiк теңгерiм;
      5) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға табыстар мен шығыстар туралы есеп;
      6) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға ақшаның қозғалысы туралы есеп;
      7) қызметкерлердiң тiзiмi бойынша саны 50 адамнан асатын заңды тұлғалар үшiн екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға инвестициялар туралы мәлiмет (1-инвест нысаны);
      8) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға (N 1-т жылдық нысаны) еңбек бойынша есеп;
      9) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға жекелеген лауазымдар мен мамандықтар бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлерi туралы мәлiметтер (N 2-т (маман.) нысаны);
      10) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға өндiрiстiк-қаржылық қызметтiң (N 1-ӨҚ нысаны) негiзгi көрсеткiштерi;
      11) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердiң болуы және қозғалысы туралы (N 11-нысан) есеп;
      12) осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес тарифтiк смета;
      13) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға дебиторлық және кредиторлық берешектi ажырату;
      14) екi алдыңғы күнтiзбелiк жылға өзге және басқа да шығыстарды ажырату;
      15) белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
      персоналдың нормативтiк саны;
      техникалық және технологиялық нормалардың шығыны;
      нормативтiк техникалық ысыраптардың болуын растайтын құжаттар;
      Олар болмаған жағдайда - персоналдың нормативтiк санын, шығыстың техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтiк техникалық ысыраптарды бекiтуге өтiнiмдердi қарауға уәкiлеттi органның қабылдағаны туралы ақпарат.
      15-1) негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн Субъектiнiң ағымдағы және күрделi жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген сметасы;
      16) алдыңғы күнтiзбелiк жылға және материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссиялардың шешiмдерi;
      17) қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасының есебi;
      18) алынып тасталды
      19) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асырғанға дейiн пайдаланылатын және жылдарға бөле отырып, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңде инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдалануға енгiзiлетiн негiзгi құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеу туралы ақпарат;
      20) алынып тасталды
      21) алынып тасталды
      22) заемдық ресурстарды қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшiн пайыздар, қаржыландыру кезеңi, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзiмдерi мен басқалар);
      23) алынып тасталды
      24) басшылардың, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлердiң еңбегiне ақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн (мемлекет қатысуының басым үлесi бар мемлекеттiк кәсiпорындар не кәсiпорындар үшiн) белгiлеу туралы мемлекеттiк мүлiктi немесе мемлекеттiк кәсiпорынды басқару жөнiндегi органның шешiмi қоса берiледi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрықтарымен.

      9. Өтiнiмге берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиiс:
      1) өтiнiм материалдары тiгiлген, нөмiрленген болуға және Субъектi басшысының мөрiмен және қолымен расталуға тиiс. Бұл ретте, қаржы құжаттарына Субъектiнiң бiрiншi басшы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және Субъектiнiң мөрiмен расталуға тиiс;
      2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылуға тиiс;
      табиғи монополия субъектiсi өтiнiмдi қарауға қабылдағаннан кейiн 15 күн iшiнде уәкiлеттi органға өтiнiм беру алдындағы 4 тоқсан iшiндегi шығындар туралы нақтыланған нақты деректердi ұсынуға құқылы;
      3) көлемдердiң маусымдық ауытқуларының тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсер етуiн болдырмау мақсатында жылға арналған есептегi деректер, мұндай есеп салықтық есептiң ұстанымдарымен мақсатсыз жағдайын қоспағанда, негiздемеге алынады;
      4) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын есептеген кезде негiзге өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан немесе өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерi қолданылады;
      5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде негiздеушi және растайтын төмендеудiң материалдары ұсынылуға тиiс;
      6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрi жеке-жеке дайындалды.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Уәкiлеттi орган өтiнiм алған күннен бастап жетi жұмыс күн iшiнде ұсынылған негiздеушi материалдардың толықтығын тексередi және Субъектiнi өтiнiмдi қарауға қабылдағаны туралы немесе бас тартудың себептерiн көрсете отырып, өтiнiмдi қараудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрығымен.
      11. Субъектiнiң өтiнiмiн қараудан бас тартудың себептерi мыналар:
      1) Субъектiнiң өтiнiмдi ұсыну мерзiмдерiн бұзуы;
      2) алынып тасталды
      3) Субъектiнiң осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы болып табылады;
      4) Ұсынылған құжаттардың осы Ереженiң 9-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуi;
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрықтарымен.

        4. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)
шектi деңгейiнiң жобасын қарау тәртiбi

      12. Субъектi тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiнiң жобасын заңнамада және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес экономикалық негiзделген есеп айырысуларды ұсынған жағдайда, өтiнiмдi беру сәтiнен бастап бiр жүз алпыс бес күн iшiнде уәкiлеттi орган қарайды.

      13. Уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың шектi деңгейiнiң жобасына:
      1) Субъектi өтiнiшпен бiрге ұсынған негiздеушi құжаттар мен есеп айырысулар талдауының, сондай-ақ қызметтiң осындай түрiмен айналысатын табиғи монополиялар субъектiлерi көрсеткiштерiнiң салыстырмалы талдауының негiзiнде;
      2) осы үшiн тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бiрлестiктерiн, жобаны ұсынған Субъектiнi тарта отырып, сараптама жүргiзедi.

      14. Уәкiлеттi орган құзыреттi органнан және (немесе) Субъектiнiң өзiнен табиғи монополия субъектiсiнiң қызметi туралы қосымша ақпаратты оны ұсыну мерзiмдерiн көрсете отырып сұрата алады, бiрақ ол 5 жұмыс күннен кем болмауға тиiс.
      Субъектi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмдерде талап етiлген ақпаратты ұсынбаған немесе оларды толық емес көлемде ұсынған жағдайда, уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде мәлiмделген шығындарды ескермеуге құқылы.

      15. Уәкiлеттi орган Субъект ұсынған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiнiң жобасын жария тыңдаулар өткiзу кезiнде талқылауға шығарады.
      Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өткiзiледi.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы
Азақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң өзге қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiштерiн ұсыну және оны қарау ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы n 70-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconРеттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды
Жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидасын бекіту туралы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconТелекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялардың қызметтер ұсынуына технологиялық байланысты қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша байланыс операторларының табыстарды
Шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconТеңiз порттарының қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегi n 280-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconМагистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы n 384-НҚ Бұйрығы. Қазақстан...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница