Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған




Скачать 463.48 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған
страница1/4
Дата конвертации20.03.2013
Размер463.48 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4
ӘОЖ 37.013 (092) Қолжазба құқығында

КЕНЖЕГАРИНА АРАЙЛЫМ ЗАУЗАҚЫЗЫ
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы

тәлім-тәрбиелік идеялар


13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған.


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы

Көшербаева А.Н.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

Ыбыраимжанов Қ.Т.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Қиясова Б.А.

Жетекші ұйым: Х. Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университеті

Диссертация ­­­­­­2010 жылы «15» желтоқсанда сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30, 3-қабат.

Автореферат 2010 жылы «15» қарашада таратылды.

Ғалым хатшы: Абдугулова Б.К.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған елу елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда болашақ ұлттың ұрпағына сапалы білім беру мен жан-жақты, саналы тәрбиелеудің әлеуетін аша түсуге, жетілдіруге ғылыми-педагогикалық тұрғыдан күрделі міндеттер жүктейді.

Еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» – деп, ұлт зиялыларының құнды мұраларын білім беру мен тәрбие ісіне пайдалануға бағыт береді.

Жастарды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ұлт субьектілерінің педагогикалық идеяларын оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың көкейкесті мәселелері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасының Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында жан-жақты зерделенген.

Ұлттық құндылығымызға негіз болып табылатын тарихи тұлғаларымыздың тағылымдық мұраларын жастар тәрбиесіне пайдалану қажеттігіне түрткі болар ойларды біз басшылыққа аламыз. Тәлім-тәрбиелік идеяларға бай, оқырмандарын өз туындылары арқылы тәрбиелеуге ықпалды жазушылар қатарында Әзілхан Нұршайықовтың да өзіндік орны ерекше. Осы тұрғыда оның шығармаларына шынайы баға берген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «...Кездесуде маған «Махаббат, қызық мол жылдарды», «Халиманы» сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын да оқыған едім, екіншісін қолыма алған бойда бас көтермей оқып шықтым. Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыңыз – ел қазынасы. Өміріңіз – үлгі!» деген пікірі жазушы өмірі мен шығармашылығының бүгінгі күнгі жас ұрпақтың тәрбиесіне ықпалы мен құндылығын баса көрсетеді.

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялар өмірді, адамды сүюден бастау алып, жастарды ұлтжандылыққа, Отанды қорғау, ерлік пен батырлықты дәріптеуге, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруға, адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттауға, сана-сезімді жетілдіріп, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.

Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің және білім беру ісінің даму тарихын зерттеген ғалымдар Қ.Б. Бержанов, Ә.И. Сембаев, И.Б. Мадин, А.П. Сейтешев, К.Қ. Құнантаева, Қ.Б. Сейталиев, Г.М. Храпченков, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, А.Н. Ильясова, Ж.Ж. Наурызбай, Ә. Табылдиев, Қ. Бөлеев, т.б. еңбектері құнды болып табылады.

Педагогика тарихындағы көрнекті өкілдер мен тарихи тұлғалар, ақын-жазушылардың педагогикалық идеялары мен ой-пікірлерін зерттеп-зерделеген ғылыми-зерттеу жұмыстары біршама. Оларды жүйелеп атап өтер болсақ:

- ғылыми еңбектерде тарихи тұлғалардың ішінде дала ойшылдары: әл-Фарабидің (А.К. Көбесов), М. Қашқаридің (К. Қалиева), Ж. Баласағұнидің (А.Н. Көшербаева, Т.Ә. Ахметов, Ұ. Жамирова) шығармаларындағы педагогикалық идеялар мен көзқарастары;

- қазақтың белгілі ақындары А. Құнанбаевтың (И.Р. Халитова, К. Шаймерденова), Ж. Жабаевтың (М.Б. Көккөзова), Ш. Құдайбердіұлының (А.М. Құдиярова), Д. Бабатайұлының (Ш. Жұматаева), С. Сейфуллиннің (К. Камалиева), М.Ж. Көпейұлының (Н.С. Асенова), М. Дулатовтың (Р.М. Мұратханова), М. Әлімбаевтың (М.С. Елубаева), Ә. Тәжібаевтың (А.П. Мақашева) тарихи-педагогикалық мұралары мен тағылымдық ой-пікірлері;

- қайраткерлігі мен педагогикалық еңбектері, шығармашылығы мен ғылымға қосқан үлесі хақында Ы. Алтынсариннің (Ә.С. Сытдыков, К.Р. Калекеева), С. Торайғыровтың (Қ.Қ. Шалғынбаева), М. Жұмабаевтың (Р.Н. Көшенова, А.С. Жұмабаева, Қ.Қ. Қоянбаева, С.Т. Сеңкібаев) Х. Досмұхамедовтің (Ғ.Б. Базарғалиев), Н. Манаевтың (Ғ.У. Қабекенов), А. Байтұрсыновтың (Қ.Т. Ыбыраимжанов, Б.И. Иманбекова), Т. Жүргеновтің (А.Е. Садықова), С. Аспандияровтың (Б.А. Қиясова), С. Қожахметовтің (Г.Б. Ещанова), Т. Тәжібаевтың (М.К. Ахметова, М.Ж. Құлжабаева), М. Ғабдуллиннің (Н.А. Түйебақова, М.Ж. Құрманбаева) еңбектері;

- қазақтың көрнекті жазушылары С. Мұқановтың (Ф. Буланова), М. Әуезовтің (К. Ибраева), Ғ. Мүсіреповтің (C.Қ. Қалиев, Н.Т. Сманова), майдангер-жазушылардың (Е.Ж. Жұматаева) т.б. шығармаларындағы педагогикалық көзқарастар мен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми-зерттеу жұмысына өзек болған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлығы зерттеліп, педагогика ғылымына қосылған еңбектер болып саналады. Зерттеу жұмыстарының арасында қазақ жазушыларының шығармашылығындағы педагогикалық көзқарастар мен тәлім-тәрбиелік идеялардың зерттелуі көп қолға алынбай отырғандығы байқалды. Қазақстанның халық жазушысы, жастар тәрбиесіне арналған шығармаларымен ерекшеленетін Әзілхан Нұршайықов мұрасының да педагогикалық зерттеу нысанына айналмай отырғандығын көрсетті. Сондықтан оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне лайықталған педагогикалық мазмұндағы жазушы мұралары мектеп бағдарламасына енбеуі ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.

Жазушының шығармаларындағы басты идеялар тарихи шығармаларымыз Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі Тоныкөк пен Күлтегін жазбаларынан бастап, әл-Фараби, Қорқыт ата, Ж. Баласағұни, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, т.б. ғұламаларымыздың ойларымен сабақтас екендігін философиялық, филологиялық, педагогикалық тұрғыдан да негіздеуге нақты мысалдар табуға болады.

Тақырыптың көкейкестілігіне байланысты ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша философиялық, тарихи, филологиялық, психологиялық, тарихи-педагогикалық еңбектерге, докторлық, кандидаттық диссертацияларға жасалған талдау Әзілхан Нұршайықов шығармашылығы тек қазақ филология­сы ғылымында зерттелгендігін көрсетті. Атап айтар болсақ, Ә. Ыдырысов, З. Шашкин, М. Дүйсенов, Р. Тұрысбек, А. Шерәлі жазушы шығармашылығы туралы еңбектер жазып, жан-жақты пікірлерін білдірсе, филология саласы бойынша әр жылдары өз ғылыми-зерттеулерінде ғалымдар: С. Қалқабаева «Ә. Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер» (1995 ж.), Қ. Нұрымова «Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының шығармашылық тарихы» (2006 ж.), А. Доскеева «Ә. Нұршайықов шығармаларындағы замандас бейнесі» (2009 ж.) тақырыбында кандидаттық диссертациялар қорғаған.

Әзілхан Нұршайықовтың педагогикалық ой-пікірлері мен оның шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялары арнайы зерттеліп, оған қатысты теориялық тұжырымдар мен ұсыныстардың нақты көрсетілмегендігі ғылыми педагогикалық тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.

Ғылыми зерттеу жұмысына арқау еткен тақырыбымыз педагогика саласында алғашқы ғылыми еңбек болып табылатындығына, зерттеуіміздің бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие мәселесін көтеретіндігіне көзімізді жеткіздік. Педагогика ғылымының даму тарихына қатысты қоғамдық сұраныстарға орай, көтеріліп отырған мәселенің жастар тәрбиесіне рухани қажеттілігі және Әзілхан Нұршайықовтың мұраларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың зерттеп-зерделенбеуі және ғылыми жүйеленбеуі, ғылыми-педагогикалық айналымға енгізілмеуі, сондай-ақ, болашақ ұрпақты қазақстандық елжандылық, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттарында тәрбиелеуде өз деңгейінде пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар бар. Зерттеу барысында анықтаған қарама-қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіру зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындайды.

Тақырыптың көкейкестілігі мен тәлімгер-жазушының тағылымдық идеяларының ғылыми-педагогикалық тұрғыда қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың өзектілігін нақтылап, диссертация тақырыбын «Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы.

Зерттеу пәні: Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялар.

Зерттеудің міндеттері:

1. Тарихи-салыстырмалы және ретроспективті талдау негізінде Әзілхан Нұршайықов мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың қалыптасуына ықпал еткен факторлар мен тарихи-әлеуметтік кезеңдерді анықтау.

2. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы педагогикалық идеяларды жүйелеп, мазмұндық-құрылымдық сипаттамасын беру және жазушы мұрасының тәрбиелік әлеуетін айқындау.

3. Тәлімгер-жазушы шығармаларын зерттеу барысында анықталған әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар негізінде сараптау арқылы тәрбие бағыттарының мәні мен мазмұнын ашып көрсету.

4. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының бүгінгі таңда ұлттық тәрбиедегі рөлін айқындап, оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің ұсыныстарын дайындау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды жастарды адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудегі әлеуетін ескеріп, тарихи-педагогикалық тұрғыдан зерттеп-зерделеп, оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық: тұлғалық, іс-әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық-инновациялық, көпсубъектілік, аксиологиялық, креативті, мәдениеттанушылық, этнопедагогикалық, антропологиялық тұғырлары және тарихи-педагогикалық құбылыстар мен мәдени мұраны зерттеудегі жүйелілік теориясы, тарихи сананың қалыптасуы туралы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы теориялық тұжырымдар құрайды.

Зерттеу көздері: Әзілхан Нұршайықовтың жеке мұрағаты, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаттың № 2209 қоры, жазушының өмірі мен шығармашылық жолын зерттеуге арналған ғалымдардың зерттеу жұмыстары, педагогика тарихы мен теориясына, әдістемеге, әдебиеттану ғылымына байланысты материалдар, зерттеу тақырыбына қатысты ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, сондай-ақ, тарихи-педагогикалық тұрғыдан зерттелген диссертациялық жұмыстар және Әзілхан Нұршайықовтың көркем шығармалары мен естеліктері, деректі жазбалары.

Зерттеу әдістері: оқулықтар мен мерзімді басылымдарды, тарихи-педагогикалық әдебиеттерді, мұрағат құжаттарын саралап зерттеу және жүйелеу, тарихи-салыстырмалық, жүйелі-құрылымдық, логикалық талдау, герменевтикалық түсіндірмелер мен интерпретациялар, ретроспективтік-интроспективтік, перспективтік шолу, мектептің оқу құжаттарын (білім беру стандарттары, оқу жоспары, бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулар т.б.) зерделеу, жазушымен сұхбаттасу, әңгімелесу, зерттеу нәтижелерін жүйелеу және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

1. Әзілхан Нұршайықов мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың қалыптасуына ықпал еткен факторлар мен тарихи-әлеуметтік кезеңдерді анықталды.

2. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы педагогикалық идеяларды жүйелеп, мазмұндық-құрылымдық сипаттамасы берілді және жазушы мұрасының тәрбиелік әлеуеті айқындалды.

3. Тәлімгер-жазушы шығармаларын зерттеу барысында анықталған әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар негізінде талдау арқылы тәрбие бағыттарының мәні мен мазмұны ашылды және «ақпараттық педагогика» ұғымы, адамды сүю идеясы ғылыми тұрғыда дәйектелді.

4. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының бүгінгі таңда ұлттық тәрбиедегі рөлі айқындалып, оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің ұсыныстары дайындалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- ғылыми-зерттеу материалдары негізінде «Әзілхан Нұршайықов тағылымдары» атты мұғалімдер мен оқытушыларға арналған әдістемелік құрал жасалды;

- «Әзілхан Нұршайықов шығармаларының тәлім-тәрбиелік идеялары және оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары» атты мектеп мұғалімдеріне арналған курс бағдарламасы дайындалды;

- зерттеудегі ақпарат педагогикасы мәселесі бойынша, адамды сүю идеясы бағытындағы білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үдерісінде кең қолданысқа ендіруге болатын материалдар.

Зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен қорытындыларды жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде, сонымен қатар, орта және жоғары оқу орындарының болашақ педагог мамандарды даярлауда мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру институттарында пайдалануға болады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2005-2007 жылдар) Ә. Нұршайықов шығармашылық мұрасы туралы кітапханалар мен мұрағаттардан материалдар жинақталды, жазушымен кездесу, сұхбаттасу жүргізілді. Зерттеу мәселесіне қатысты баспасөз материалдарымен танысып, филологиялық, философиялық, тарихи және педагогикалық әдебиеттер мен диссертациялар сараланды, жазушының жеке мұрағатымен танысып, қажетті құжаттар реттеліп, жүйеленді.

Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеяларын анықтау мақсатымен оның шығармашылық мұрасы жинақталып, зерделенді. Зерттеу тақырыбын ашатын әдіснамалық тұғырлар іріктелініп, жазушы шығармаларындағы тағылымдық идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық ұстанымдар бойынша педагогикалық тұжырымдар жасалды.

Екінші кезеңде (2008-2009 жылдар) Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттеліп, оның еңбектеріндегі негізгі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер, көзқарастар, идеялар анықталып, олардың құрылымы мен мазмұны айқындалды. Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану, арнаулы орта оқу орнында жазушы шығармаларын тәрбие жұмыстарында қолдану, «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқытудың интербелсенді әдістері арқылы оқу үдерісіне ендіру жолдары қарастырылды. Зерттеу тақырыбы бойынша ізденіс нәтижелерінен ғылыми-практикалық конференцияларға баяндамалар жасалды, басылымдарға мақалалар даярланып, жарыққа шықты.

Үшінші кезеңде (2009-2010 жылдар) Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы педагогикалық идеялар жүйеленіп, мектеп мұғалімдеріне жүргізілген «Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар және оны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары» тақырыбында педагог кадрлардың біліктілігін көтеру институтында курс жүргізілді, зерттеу жұмысы бойынша негізгі тұжырымдар қорытылды, ұсыныстар жасалды, диссертация түрінде рәсімделді.

Зерттеу базасы: Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жеке мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының кітапханасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті кітапханаларының диссертациялық залы.
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
«Дене шынықтыру» оқу пәні Мемлекеттік бастауыш білім беру стандартының (Қр мжббс, Алматы – 2009) маңызды компоненті есебінде «Дене...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница