Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері




Скачать 40.13 Kb.
НазваниеДолон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Дата конвертации20.03.2013
Размер40.13 Kb.
ТипДокументы
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен

2011 жылғы міндеттері
2011 жылдың қантар айының 11 -нен бастап, Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «2010 жылда округтың әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы» және өткен жылғы есебімде сіздер жақтан айтылған ұсыныстар мен сын – пікірлердің орындалуы туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесуім өтетіт болады.

Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына 2010 жылғы 29 қаңтардағы

«Жаңа он жылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда.

Ауыл шаруашылығы.

Еліміздің өркендеуіне ауыл шаруашылығын дамыту маңызды рөл атқарады. Округ бойынша мал бастарының саны ІҚМ -3400 бас, ҰҚМ- 8019 бас, жылқы- 1236 бас құрап отыр.

2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің өндірілгені және өткізілгені: ет- 8450,8 центнер немесе 103 пайызды, сүт- 34623,0 центнер немесе 112,6 пайызды, жүн- 312,0 центнер немесе 132 пайызды, жұмыртқа -183,1 мың дананы немесе 104 пайызды құрады.

Округ бойынша 63 га жерге картоп егілді, жиналып алынғаны 11970,0 центнер, көкөніс -14,0 га жерге егіліп, 2786,0 центнер жиналды, бақша дақылдары-13,0 га егіліп, 2600,0 центнер өнім алынды.

9800,0 тонна шөп дайындалды, жоспар бойынша 9500 тонна.

2010 жылы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының талаптарын жүзеге асыру мақсатында округ бойынша 5 қарапайым мал сою алаңдары ашылды, оның ішінде 4-уі Бөдене ауылының шаруа қожалықтарында, 1 мал сою алаңы Долон ауылында өз жұмысын жүргізуде. Мостик ауылында қарапайым мал сою алаңына қажетті құжаттар жиналып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Долон және Мостик ауылдарында мал қорымдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бюджеттен жыл сайын қоқыстарды үюге және қаңғыбас иттерді ұстауға қаражаттар бөлінеді. Көрсеткіш тақталар жаңаланып, ауыстыру жұмыстары жүргізілу үстінде.

Ауыл көшелерін жарықтандыру бағдарламасына сәйкес 2010 жылы Бөдене ауылының көшелеріне 10 фонар орнатылса, Долон ауылының көшелеріне косымша үш фонар орнатылды.

Шағын бизнес.

Округ бойынша 68 шаруа қожалықтары бар, 10 сауда орталығы, музыкалық аспап жасайтын цех , Мостик ауылында шағын наубайхана ашылды. Онда әртүрлі нан, тоқаш өнімдері пісіріліп, өндіріледі.

Салық жинау және бюджет қаражаттарының игерілуі.

2010 жылы округ бойынша жер салығы- 100 пайызға, мүлік салығы -100 пайызға, көлік салығы-102 пайызға орындалды. Мемлекетпен округтің барлық ұйымдарына бөлінген бюджет қаражаттары 2010 жылы 100 пайызға игерілді.

Жұмыспен қамту.

Округ бойынша жұмыспен қамту орталығына 21 адам тіркелді. Қоғамдық төлемақы алатын 4 адам, ал 17 адам сәуір айында «Семей орманы» мемелекеттік орман табиғи резерватының Долон филиалына жұмысқа орналасты.

Денсаулық сақтау. Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория және 2 медициналық пункт бар. Жыл сайын жас нәрестелердің дүниеге келуі өсуде, 2010 жылда 31 нәресте дүниеге келді, осы нәрестелердің дүниеге келуі, округ бойынша демографиялық көрсеткіштің көтерілуіне себепкер болды.

Әлеуметтіқ қорғау.

Округ бойынша жасы ұлғайған қарттарға,Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, тыл еңбеккерлеріне, күн көрісі төмен отбасыларға аса назар аударылады. Қарттар күніне орай концерттік бағдарлама көрсетіліп, дастархан жайылды. 4 ауыл бойынша 125 қарт адамдар шақырылды, Бөдене ауылының демеушісі -«Гульшат» шаруа қожалығы - иесі Арынов Амангелді, Мостик ауылының демеушісі –«Семей орманы» мемелекеттік орман табиғи резерватының Долон филиалының ұжымы. Долон ауылының демеушілері- кәсіпкерлер Садыкова С.С, Калиева С.М.

Жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі жарымжан балаларға медициналық тексеруден өтулеріне көп көмек көрсетіледі.

Жарымжан балалар «Асыл» әлеуметтік- мәдени қоғамдық ұйымының жобасымен Курчатов қаласындағы «Берег» демалу базасында дем алды, ұлы ақын Абайдың туған жерінде, Семейдегі биологиялық орталықта болып қайтты, сол сияқты «Дастан» кинотеатры мен «Балалар» саябағында болды.

Округте әлеуметтік жұмысшы жалғыс басты 5 адамға көмек көрсетеді. Аптасына 3 рет осы жалғыз басты адамдарға барып, жағдайларын біліп, қажетті көмегін көрсетеді. Мұқтаж жанұялар округ бойынша 11 немесе 43 адам. Жергілікті бюджеттен оларға арнаулы мемлекеттік көмек көсетіледі, мемлекеттік балалар жәрдемақысы – 1.297 мың теңге.

Бөдене ауылының мүмкіндігі шектеулі К. Длимбетоваға 90 мың теңге бөлініп, үйіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Мәдениет және спорт.

8 наурыз , Наурыз мейрамдарында, концертік бағдарламалар қойылып, әр түрлі халық ойындары өткізілді. 1 мамыр- ынтымақ күні ауыл тұрғындарымен мектеп оқушылары салтанатты шеруге шығады. 9 мамыр -Жеңіс күні барлық ауылдарда митингілер өткізіліп, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен ағаш көшеттері отырғызылды. Мостик ауылында «Семей орманы» мемелекеттік орман табиғи резерватының Долон филиалының ұжымының көмегімен ескерткіш орнатылды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында барлық мектептер волейбол, баскетбол, футбол секциялары жұмыс істеуде. Біздің жастарымыз әртүрлі мерекелік іс-шараларға белсенді қатысады. 2010 жылы маусым айында 11 сынып оқушысы Кабакова Анна «Абай оқулары» форумына қатысып, облыс бойынша 3 орынды иеленді, Жана жастар -Қазақстанның жаңа қуаты форумының өткізілуінде ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.

Білім беру.

Білім беру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес біздің округте 3 мектеп орналасқан , 256 бала оқиды. ҰБТ –ның қорытындылары бойынша, округ 94,1 баллға ие болды.
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдау бағдарламаларын іске асыра отырып, өмір сүру денгейін көтеру үшін жаңадан жұмыс орындарын аша отырып, бәріміз бір кісідей жұмыла еңбектенуіміз керек, сонымен катар біз шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер арасында шаруашылықтарды ірілендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтар ашу, өкіметтен жәрдем ақша (субсидия) алу үшін шаруашылықтағы мал басын есепке кіргізу жөнінде үлкен ағарту жұмыстарын жүргізуімыз керек.

Окру әкімі А.Искаков

Похожие:

Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconСартерек ауылдык округі әкімінің 2010 жылғы атқарған жұмыстары, алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы
Кірлердің 2010 жылға берілген аудан әкімінің тапсырмасы бойынша Сартерек ауылдық округінде ауылды дамытудың әлеуметтік-экономикалық...
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Ткен жылмен салыстырғанда Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде 2010 жылғы 01 қантарға халық саны: Герасимовка ауылы 1329, Казачье 366,...
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАқкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі
Стік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар...
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАлмасай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті жерлестер! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстар жайындағы есебі»
...
Долон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері iconАқкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі
Стік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница