673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486




Скачать 208.01 Kb.
Название673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Дата конвертации20.03.2013
Размер208.01 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы сот тәжірибесін талдау туралы

АНЫҚТАМА

25 наурыз 2011 жыл Атырау қаласы
Атырау облыстық сотының 2011 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық, қалалық соттармен 2010 жылы қаралған меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы сот тәжірибесіне талдау жүргізілді. Осыған байланысты, аудандық және оған теңестірілген соттардан аталған санаттағы қылмыстық істер сұратылып, зерделенді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, - Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

Меншікке қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179,181 баптарымен көзделген.

Атырау облысы аудандық, қалалық соттармен осы мерзімінде меншікке қарсы қылмыстар туралы 673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 (55,6 % құрайды), 176 бабымен 55/67 (8,2 %), 177 бабымен - 58/70 (8,6 %), 178 бабымен – 163/206 (23,5 %), 179 бабымен – 18/28 (2,7 %), 181 бабымен – 11 іс 18 адамға қатысты (1,6 %).

Талдау көрсеткендей, қылмыстық істердің басым көпшілігі (54,6%) ұрлыққа қатысты істер қаралған.

Сонымен қатар, істердің қарау нәтижесінде 345 іс бойынша 487 адамға қатысты айыптау үкімдер шығарылған (немесе 51,3%), ҚК-тің 67 бабы 401 адамға қатысты 323 іс қолданылған (47,9%) және 11 адамға қатысты 5 іс қайта тергеуге жолданған (1,4%).

Қаралған істер бойынша ақтау үкімдері шығарылмаған.

Аталған санаттағы істер бойынша бұрын шолу жасақталмағандықтан талдауды 2009 жылмен салыстырмалы түрде жүргізу мүмкіндігі болмады.

2010 жылы үкім шығарумен және қайта тергеуге жолданған меншікке қарсы істер бойынша статистикалық мәліметтер:




ҚК-тің бабы

Үкім шығарумен қаралғаны (іс/адам)

ҚК-тің 67 бабы қолданған (іс/адам)

Қайта тергеуге жолданғаны

(іс/адам)

Жалпы саны

(іс/адам)

1

175 бап

113/166

253/328

2/6

368/486

2

176 бап

52/64

2/2

1/1

55/67

3

177 бап

37/45

19/21

2/4

58/70

4

178 бап

115/167

48/49

-

163/206

5

179 бап

18/28

-

-

18/28

6

181 бап

10/17

1/1

-

11/18




Барлығы

345/463

323/401

5/11

673/875


Сонымен қатар, 2010 жылы ҚК-тің 175-179, 181 баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар саны туралы статистикалық мәліметтер төмендегідей:




ҚР ҚК бабы

Сотталғандар саны

Бас бостандығынан айырылғандар

Шартты түрде сотталғандар

Айыппұл салынғаны

Қоғамдық жұмысқа тартылғандары

Бас бостандығын шектеу

1

175 бап

161

79

76

-

3

3

2

176 бап

49

22

22

3

1

1

3

177 бап

41

22

14

2

-

3

4

178 бап

167

71

88

8

-

-

5

179 бап

28

28

-

-

-




6

181 бап

17

10

7

-

-

-




Барлығы

463

232

207

13

4

7


Осы мәліметтерден көрінгендей, бас бостандығынан айыру жазасына 232 адам сотталған, бұл осы санаттағы істер бойынша жалпы сотталғандар санының 50,1% құрайды, сонымен қатар ҚК-тің 63 бабын қолдану арқылы шартты түрде жазасына 207 адам сотталған, бұл осы санаттағы істер бойынша жалпы сотталғандар санының 44,7% құрайды, айыппұл түріндегі жазаға 13 адам сотталған (2,8%), қоғамдық жұмысқа 4 адам тартылған (0,86%), бас бостандығын шектеу жазасы 7 адамға тағайындалған (1,51%).

Қылмыстық жаупкершілікке тартылғандардың 363-ы ер адам (78,4 % құрайды) және 124-і әйел адамдар (26,7%), яғни, бұл меншікке қарсы қылмыстардың басым көпшілігін ер адамдардың жасағанын көрсетеді.

Сонымен қатар, аудандық, қалалық соттарымен сотталғандардың жалпы саны – 463 адам болса, олардың ішінде ұрлықты жасағаны үшін сотталғандардың үлесі – 161 адам немесе 34,7%, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленiп алғаны немесе ысырап еткен үшін– 49 адам немесе 10,5 %, алаяқтық жасағаны үшін сотталғандардың үлесі – 41 адам немесе 8,8%, тонауды жасағаны үшін – 167 адам немесе 36%, қарақшылықты жасауда кінәлі деп танылған адамдардың саны - 28 адам немесе 6%, қорқытып алушылық жасағаны үшін сотталғандардың үлесі – 17 адам немесе 3,6%.

Яғни, талдау көрсеткендей, сотталғандардың басым көпшілігі ұрлық пен тонауды жасағаны үшін сотталған.

Талдау жасақтау үшін сұраныс хаты бойынша Атырау облыстық сотына аудандық, қалалық соттарымен 2010 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар бойынша барлығы 213 іс түсті.

Барлық соттардан келіп түскен 213 істің 33-і Атырау қалалық сотымен (немесе 15,5%), 60-ы Атырау қалалық №2 сотымен (28,2 %), 7-і Атырау облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен (3,3 %), 10-ы Индер аудандық сотымен (4,7%), 10-ы Махамбет аудандық сотымен (4,7%), 17-і Исатай аудандық сотымен (8 %), 16-сы Құрманғазы аудандық сотымен (7,5 %), 10-ы Қызылқоға аудандық сотымен (4,7 %), 22-сі Мақат аудандық сотымен (10,3 %), 28-і (немесе 13,2%) Жылыой аудандық сотымен қаралған.

2010 жылдың 12 айында апелляциялық тәртіппен меншікке қарсы 120 адамға қатысты 88 іс қаралып, осы қаралған істер бойынша 1 адамға қатысты сот үкімінің күші жойылып (1,1%), 13 адамға қатысты 13 сот үкімдері өзгертілген (14,7% құрайды).

2010 жылы зерделеген санаттағы істер бойынша төмендегі мысалдарынан көрінгендей, сот үкімдері апелляциялық тәртіппен соттардың қылмыстық заң талаптарын дұрыс қолданбауына байланысты өзгертілген.

Талдау жасақтау барысында қылмыстық істер облыс соттарымен заңда көзделген (ҚІЖК-тің 302 бабы) мерзімдерде қаралғаны анықталды, істерді қарау бойынша мерзімдердің бұзылуы орын алмаған.

Сот үкімдерінің сапалылығын зерделегенде, соттармен қаралған істер бойынша сот үкімдерінің негізгі бөлігі ҚК-нің және ҚІЖК-нің талаптарына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының түсіндірмелеріне сәйкес келеді.

Талдауға түскен қылмыстық істерді зерделеу барысында аталған қылмыстық істер негізінен материалдық және процессуалдық заң талаптарына сай қаралғаны байқалады.

Алайда, бір қылмыстық іс бойынша Индер аудандық сотының ҚІЖК-нің 413, 414 баптарының талаптары сақталмағандықтан сот үкімінің күшін жоюға жол бергендігі анықталды.

Атап айтқанда, 14.01.2010 ж. апелляциялық алқа қаулысымен сотталған Ш.М.Кабиев, А.Куангалиев және К.Хамидуллинге қатысты үкімінің күші жойылып, қылмыстық істі сол сотқа басқа құрамда жаңадан қарауға жолданған, себебі істі қарау барысында сотпен ҚІЖК-нің 413 бабының 1 бөлігінің талаптарын сақталмағаны анықталған.

Сот үкімінен көрінгендей, 27 маусым 2007 жылғы мемлекеттік сатып алу конкурсы хаттамасына сай, Индер ауданы, Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысын, өзге қызметтері мен жұмыстарын қалпына келтіруді жүргізуге «Дербес Құрлыс» ЖШС жеңімпаз болып танылып, 17 шілде 2007 жылы Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты /тапсырысшы/ және «Дербес Құрлыс» ЖШС-нің директоры Ш.Кабиев /орындаушы/ № 11 санды келісім-шартқа отырған. Бұл жұмыстарды орындауға мемлекеттен 3.003.000 теңге бөлінген. Келісім-шарт бойынша Бөдене ауылдық округ әкімшілігі «Дербес-Құрлыс» ЖШС-не 30% төлемді /900.900 теңге/ алдын-ала төлеп, ал қалған сомаларды жұмыстардың орындалысын қабылдау туралы актілері / форма 2/ бойынша жүзеге асырып, осы негізде Бөдене ауылдық округінің әкімі Хамидуллин К.2007 жылдың тамыз және желтоқсан айлары аралығында «Дербес Құрлыс» ЖШС-нің есеп-шотына төлем құжаттары бойынша жалпы 2.027.680 теңге, яғни барлығы 2.928.580 теңге /900.900+2.027.680/ ақша аударған, ал қалған 74420 теңге мөлшеріндегі ақша тұрақсыздық айыбы ретінде шегеріліп, мемлекет есебіне ұсталып қалған.

Апелляциялық алқа, сотталған К.Хамидуллин 01.06.2008 жылы Индер аудандық қаржы бөлімімен жеке кәсіпкер А.Ексебаевтың арасында жасақталған №1 санды Бөдене ауылында орналасқан су тазарту қондырғысын,толық жұмыс жасап тұрған объекті есебінде, соңғыға нысаналы мақсатына сай пайдалануға берілгендігін растайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын табыс етті. Аталған шартқа пайдалануға берілген мүліктердің инвентарлық тізімі мен алыс-беріс актісі жалғанған және Бөдене селосы бойынша су тазарту қондырғысын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарға қатынасты, соңғы апелляциялық саты сотының қаулысы негізінде Ақтөбе аймақтық ҒӨССЗ сот сараптамасы зертханасының сарапшысы С.Б.Хаирмеденмен 13.11.2009 жылы жасақталып берілген №3043 санды қорытындысында жасалмаған деп көрсетілген жұмыс түрлері мен қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергу ісі барысында тергеу органының қаулысымен тағайындалып Атырау облыстық ҒӨССЗ сот сараптамасы орталығының сарапшысы А.Ермағамбетовамен 23.12.2008 жылы жасақталып берілген №1387 санды қорытындысында жасалмаған деп көрсетілген жұмыс түрлері аралығында бір-бірлеріне сәйкес келмейтін елеулі қайшылықтар бар деген тұжырымға келген.

Сонымен қатар, алқа осы қылмыстық ісі бойынша «Дербес-Құрлыс» ЖШС-мен Индер поселкесінде атқарылған су жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізумен байланысты жұмыстарға қатынасты 04.08.2008 жылғы АҚПБ-нің инспекторы Б.Бердіқұловтың қаулысымен (3 том.і.б.248-249) тағайындалып жүргізілген аудиторлық тексеру есебі сұратылып алынып, зерттелмеген, яғни бұл бөлікте де сотпен істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайлары ашылмаған күйде қалдырылған. Ал, бірінші саты сотында сотталғандар Ш.Кабиев пен К.Хамидуллиннің «Дербес-Құрлыс» ЖШС-мен Бөдене селосы бойынша су тазарту қондырғысын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарға қатынасты, айыпта жүргізілмеген деп, жетпестік ретінде көрсетілген диаметрі 25 мм.ұзындығы 2750 м. тұрба мен ұзындығы 10 м. темір тұрбаның осы Бөдене селосы бойынша локалдық сметада көзделген атқарылуға тиісті 46 жұмыс түрі мен көлемінің ішінде қарастырылмағандығын көрсеткен түсінік-жауаптары және оны растау мақсатында соңғымен дәлелдеме ретінде ұсынылған, №2 үлгідегі актісі мен локалдық сметалары, ақаулық ведомстволары араларында сот тұжырымдары үшін елеулі мәні бар қарама-қайшылықтардың барлығына қарамастан, үкімде соттың бұл дәлелдемелердің біреулерін қабылдап, екіншілерін қабылдамай тастауына қандай негіздер болғаны көрсетілмеген, соның ішінде сот үкімде аталған тұрбалар жүргізілмеген деп көрсете тұра, олардың жүргізілу құнының қанша теңге тұратындығын, олардың келісім-шарты бойынша бөлінген қаражаттың көлеміне сыятын-сыймайтындығын анықтамаған, ал сотталған К.Хамидуллинмен қосымша табыс етілген 2007 жылдың тамыз-қыркүйек айларының ішінде атқарылған жұмыстар жөніндегі мердігермен екі жақты қол қойылып, мөрлері басылған, 4 бет А4 қағазға компьютерлік тәсілмен жазылып дайындалған №2 нысанды актісінде бұл тұрбалар мүлдем жоқ және соңғы акті іс бойынша алдын ала тергеу ісі кезінде одан алынып, зерттелмеген.

Бұл аталған мән-жайлар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал етуі мүмкін болғандықтан, қосымша сот тергеуін жүргізіп, себебін анықтауды қажет еткен..

ҚІЖК-нің 413 бабының 1 бөлігіне сай, істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйде қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады, ал 414 бабының 2 тармағына сай, сот өз тұжырымдарында едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе, сонымен бірге, осы баптың 3 тармағына сай, сот тұжырымдары үшін елеулі мәні бар қарама-қайшы дәлелдер болған жағдайда, үкімде соттың бұл дәлелдемелердің біреулерін қабылдап, екіншілерін қабылдамай тастауына қандай негіздер болғаны көрсетілмесе, сондай-ақ осы баптың 4 тармағына сай, егер соттың үкімде айтылған тұжырымдарында елеулі қайшылықтар болып, олар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның, ақталғанның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін болса үкім істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейді деп танылады. Осы Кодекстің 412 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес жоғарыда аталған жағдайлар бірінші сатыдағы соттың үкімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болып табылады.

Сондықтан, алқа осы олқылықтарында бірінші саты сотының үкімі заңды әрі негізді деп танылуға жатпайды әрі сот тергеуінің біржақты және толық жүргізілмеуіне байланысты, істегі материалдардың және апелляциялық сатыдағы сотқа қосымша ұсынылған материалдардың негізінде оларды тексермейінше іс бойынша келтірілген шағымдардың мәні бойынша шешім қабылдау мүмкін болмағандықтан үкімінің күші жойылып, іс бірінші саты сотына жаңадан қарауға жіберілуге жатады деген тұжырымға келіп, сотталған Ш.М.Кабиев, А.Куангалиев және К.Хамидуллинге қатысты үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі сол сотқа басқа құрамда жаңадан қарауға жолдаған деген тұжырымға келген.

Зерделенген санаттағы қылмыстық істер бойынша басым көпшілігі шығарылған үкімдерде сотталғандардың іс-әрекеттерінің дәлелденуі, құқықтық бағасы, жазасы жөніндегі соттың тұжырымдары негізінде толық, жан-жақты, заң талаптарына сай жасалған.

Дегенмен, кейбір істер бойынша соттардың қылмыстық заң талаптарын дұрыс қолданбауы мен жаза тағайындау шарттары дұрыс сақталмағаны кездеседі.

Мысалы, Атырау қалалық сотының 5 ақпан 2010 жылғы сотталған А.Таскуловқа қатысты үкімі 07.04.2010 ж. апелляциялық алқа қаулысымен өзгертілген, себебі сотпен қылмыстық заң талаптарын дұрыс қолданбауы үкімді өзгертуге жол берілген. (судья Жумалиева Ж.Х.).

Сот үкімімен А.Таскулов ҚК-тің 179 бабының 2 бөлігінің «а,в,г» тармақтарымен кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жеке басына қатысты мүлкін тәркілеуге, ҚК-тің 60 бабының 1 бөлігінің негізінде бұрынғы үкіммен өтелмеген жазасын толығымен қосып, түпкілікті 8 жыл 8 ай 19 күнге бас бостандығынан айыруға сотталған, жаза өтеу орны ретінде түзеу колониясының қатаң режимі белгіленген, жаза өтеу мерзімі 2009 жылдың 26 мамырынан бастап есептелінген.

Сотталған А.Таскулов 2009 жылдың мамыр айының 6 жұлдызында сағат 02.15-те А.Ишахановпен бірге адамдар топ болып алдын-ала сөз байласып қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау масқсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұштасқан, Атырау қаласы Ауэзов көшесі 23 тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Атаба» жауапкершілігі шектеулі серіктестік дүкеніне шабуыл жасап, оған заңсыз кіріп, қару ретінде шолақ мылтықты пайдаланып, Ишаханов қолында болған шолық мылтықпен күзетші А.Бирликов ұрып, жерге құлатып, аяғымен теуіп және кассир Есоваға өмірлеріне қауіпті күш қолданып, кассаны ашып, ақша мен актив-карталарды беруді талап етіп, Таскулов сол жердегі пакетті алып, кассадағы 161808 теңге ақшашы және 286200 теңге мөлшеріндегі актив карталарды пакетке салып, дүкеннен екеуі шығып кеткен, «Атаба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 448008 теңге мөлшерінде мүліктік зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Қылмыстық іс құжаттарынан көрінгендей, А.Таскулов бұрын Атырау қалалық сотының 18 шілде 2006 жылғы үкімімен ҚК-тің 175 бабының 1 бөлігімен 2 жыл мерзімге, ҚК-тің 259 бабы 2 бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, ҚК-тің 58 бабының 3 бөлігінің негізінде жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сініру жолымен түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Алайда, Атырау қаласының №2 сотының 30 шілде 2008 жылғы қаулысымен А.Таскулов жаза өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде 8 ай 19 күнге босатылған, яғни жаза өтеу мерзімі 2009 жылдың 4 сәуірінде өткен және А.Таскулов жаңа қылмысты 2009 жылдың 6 мамырында жасаған.

Сондықтан, алқа соттың сотталған А.Таскуловқа қатысты үкімінен ҚК-тің 60 бабының 1 бөлігінің қолданылуын алып тастауға жатады деген тұжырымға келген.

Бұдан басқа, 2009 жылдың 10 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізілу туралы» Заңымен ҚІЖК-не енгізілген өзгерістерге байланысты қылмыстық процесстегі азаматтық талапты дұрыс шешу мәселесінің мәні жоғарлады.

Талдауға түскен істерден соттар азаматтық талаптарды негізінен дұрыс шешетіні байқалды.

Дегенмен кейбір соттардың осы мәселеге көп назар аудармайтыны байқалады.

Атап айтқанда, Құрманғазы аудандық сотының 2010 жылғы 12 қарашадағы үкімімен Б.Альбетова ҚК-тің 176- бабының 3- бөлігінің «б» тармағымен, 219- бабымен айыпты деп танылып, 176- бабының 3- бөлігінің «б» тармағымен жеке өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге қаржы-материалдық жауапкершілік қызметін атқару құқығынан айырумен, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы; 219-бабымен жеті жүз айлық есептік көрсеткіш шегінде - 989 100 ( тоғыз жүз сексен тоғыз мың бір жүз ) теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы, ҚК-тің 58- бабының 3- бөлігі негізінде жеңіл жазаны ауыр жазаға сіңіру арқылы, қылмыстардың жиынтығы бойынша жеке өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, 3 (үш) жыл мерзімге қаржы-материалдық жауапкершілік қызметін атқару құқығынан айырумен, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-тің 58-бабының 6-бөлігі негізінде алдыңғы үкімі бойынша тағайындалған жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосумен, түпкілікті - жеке өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге қаржы-материалдық жауапкершілік қызметін атқару құқығынан айырумен, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Осы үкімімен Г.Кабиева ҚК-тің 176-бабының 3- бөлігінің «б» тармағымен айыпты деп танылып, осы бап бойынша жеке өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, 2 жыл мерзімге қаржы-материалдық жауапкершілік қызметін атқару құқығынан айырумен, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-тің 58-бабының 6-бөлігі негізінде алдыңғы үкімі бойынша тағайындалған жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосумен, түпкілікті-жеке өзіне тиісті мүлкі тәркіленіп, 2 жыл мерзімге қаржы-материалдық жауапкершілік қызметін атқару құқығынан айырумен, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Сотталғандардан ортақ жауаптылық тәртібімен «Темірбанк» АҚ-ның пайдасына келтірілген залал ретінде 12 556 757 теңге ақша өндірілген. Алайда, алқа бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертілуге, сотталғандар Б.Альбетова мен Г.Кабиевадан ортақ жауаптылық тәртібімен «Темірбанк» АҚ-ның пайдасына келтірілген залал ретінде өндірілген ақшаның мөлшері 9954422 теңгеге өндірілуге жатады деген тұжырымға келген.

Іс құжаттарынан көрінгендей, сотталған Б.Альбетованың апелляциялық шағымында, банкінің кірісіне өткізілді деп көрсеткен – 5 000 000 теңге мөлшеріндегі, сондай-ақ банкіге негізсіз, яғни заңсыз /санкцияланбаған/ операциялар жасаудан кіріс ретінде түсті деп көрсеткен - 1432677,15 теңге мөлшеріндегі ақшасы, сотпен өндірілген ақшадан шегерілуге жатпайды. Өйткені, анықталған істің мән-жайларына қарағанда, 5000000 теңге сотталған Б.Г.Альбетовамен банк кассасына жекелеген клиенттердің шоттарына жетпестіктің орнын жабу мақсатында, «Темірбанк» АҚ-ның жауапты қызметкерлері тарапынан 19.02. – 06.03.2009 жылы аралығында алғашқы тексеру басталып жүргізіліп аяқталғанға дейінгі мерзім ішінде кірістелген, аудиторлық тексеру одан кейін барып жүргізіліп, айыптың тағылуына негіз болған есеп қорытындысы 09.05.2010 жылы берілген, демек бұл ақша келтірілген залал суммасының есебіне басынан кірмеген. Ал банкіге негізсіз, яғни заңсыз /санкцияланбаған/ операциялар жасаудан кіріс ретінде түсті деп көрсетілген - 1432677,15 теңге мөлшеріндегі ақша, түскен жағдайдың өзінде, кімнің кірісіне түссе де қылмыс жасаудың салдарынан, яғни заңсыз жолмен келген табыс болып саналады және іс бойынша жәбірленушілерге келтірілген залалдың орнын жабуға есептелуге жатпайды.

Сондықтан, бірінші сатыдағы соттың қылмыстық заң талаптарын дұрыс қолданбауына байланысты сот үкімі апелляциялық алқа қаулысымен өзгертілген.

Қылмысты дәрежелеу мен жаза тағайындауды зерделегенде, ҚК-тің 175-179, 181 баптары бойынша кінәлілердің әрекеттерін дәрежелеуде судьяларда қиындықтардың жоқтығын білдіреді.

Кейбір жағдайларда соттар сотталушылардың әрекеттерін қате дәрежелеу фактілер де кездеседі.

Мысалы, 18 тамыз 2010 жылғы Жылыой аудандық сотының сотталған К.Даулетовқа қатысты үкімі 27.10.2010 ж. апелляциялық сатыдағы сотпен өзгертілген, себебі бірінші сатыдағы сотпен қылмыстық заң талаптарын дұрыс қолданбауы үкімді өзгертуге жол берілген. (судья М.С.Ысқақов).

Сот үкімімен К.Даулетов ҚК-тің 176-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарымен 3 жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде директорлық лауазымды атқару құқығынан айырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, ҚК-тің 314- бабының 2-бөлігімен 2 жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде директорлық лауазымды атқару құқығынан айырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде жеңіл жазаны ауыр жазаға сіңіру жолымен, ҚК-тің 55-бабын қолданып, мүлкін тәркілеп және 3 жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде директорлық лауазымды атқару құқығынан айырып, түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Сотталған К.Даулетов «Жылыой су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқара жүріп, 2009 жылдың қаңтар айы мен шілде айлары арылығында осы мекеменің кассиры С.Умароваға, су айдау стансасынын машинистері М.Сагинбаева мен Г.Шалкароваға ауызша бұйрық беріп, «жұмыстан босатамын»- деп қысымшылық жасау арқылы қала тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерден, мекемелерден су тұтынудан түскен төлемдерді «мекемеге құрал жабдықтар әкелемін» деп сылтау қылып, 32 рет шығыс кассалық ордерін толтырғызып қолма-қол небарлығы 1.282.800 теңге алып иеленіп ұрлаған, содан кейін өзінің қарамағындағы бас есепші А.Сарбасова мен жалақы есепші Б.Байжановаға ауызша бұйрық беріп, «жұмыстан босатамын» деп қысымшылық жасап, жеке кәсіпкер «А.Оспанова»-ның шаруашылығын жүргізетін М.Бакуовқа оның туысы Б.Байжанованы жолдау арқылы келісім-шартпен шот-фактураларды алғызып, соған сәйкес төлем құжаттарына көрінеу жалған мәліметтер енгізіп мекеменің шотындағы 200.000 теңгені 2009 жылдың 4 маусымында және 210.000 теңгені 23 маусымында жеке кәсіпкер «А.Оспанова»-ның есеп шотына екі бөліп аударып, оның есеп шотынан түсіртіп алып, иеленіп ұрлап «Жылыой су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барлығы 1.720.800 теңге материалдық залал келтіргені үшін кінәле деп танылған.

Алайда, іс құжаттарынан көрінгендей, сотталған К.Даулетов ресми құжаттарға қолын қоймаған, ол тек «Жылыой су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас есепші А.Сарбасова мен жалақы есепші Б.Байжановаға «жұмыстан босатамын»-деп қорқытып, сол мекенің жабдықтаушысы Н.Орыновты қорқытып, шығыс кассалық ордеріне қолын қойдырып, ақша алғызған.

Сондықтан, алқа К.Даулетовтың қылмыстық әрекеттері ҚК-тің 28 бабының 5 бөлігі, 314 бабының 2 бөлігімен аударып дәрежелеген.

Сонымен қатар, Құрманғазы аудандық сотының 2010 жылдың 09 қыркүйегіндегі үкімімен сотталған Н.Шукиргалиев ҚК-тің 179 бабының «а» тармағымен кінәлі болып танылған (судья Тасқынбаева Г.Б.).

Бірінші сатыдағы сотпен Н.Шукиргалиев 2010 жылғы 13 наурызда, сағат 16.00 шамасында Атырау қаласында алдын-ала тергеу кезінде анықталмаған белгісіз адамдармен, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, алдын-ала тергеу кезінде анықталмаған белгісіз адамның басқаруындағы белгісіз автокөлікпен Жұмыскер-1 поселкесіндегі аялдамада орналасқан «Рамис» азық-түлік дүкенінің қасына келіп, «Жанэль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экспедиторы З.Ильясованың артынан келіп, өзімен бірге алып келген тапаншаны шығарып, жэбірленушіге бағыттап, соңғысы өзіне бағыттаған тапаншадан қорқып кеткен кезде, жәбірленуші З.Ильясованың қолындағы сумка-барсеткасын ішіндегі заттарымен және ақшасымен ұрлап алғаны үшін, бұдан басқа 2010 жылғы 4 сәуірде, сағат 20.00 шамасында Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосының тұрғыны Б.Курмангалиевпен танысып, оның басқаруындағы «Ауди-100» маркалы мемлекеттік белгісі Е 672 FZM автокөлігімен, автокөліктің артқы белгісін түсіріп тастап, Кигаш поселкасында орналасқан «Қиғаш» азық-түлік дүкенінің қасына келіп, Н.Шукиргалиев дүкен ішіне кіріп, дүкен ішінде басқа бейтаныс сатып алушылар болуына байланысты, бірнеше рет кіріп-шығып, шамалы уақыттан соң дүкеннен сатып алушылар шығып кеткен кезде дүкеннің ішіне қайта кіріп, өзімен бірге алып келген тапаншаны сатушы А.Адиеваға бағыттап жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданамын деп қорқытып, ақша беруін талап етіп, сауда-саттықтан түскен кағаз қораптың ішіндегі барлығы 2106 тенге мөлшеріндегі ақшаны алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған ҚК-тің 179 бабының 2 бөлігінің «а» тармақтарымен және ҚК-тің 178 бабының 2 бөлігінің «а,б» тармақтарымен айыпты деп танылып, оған ҚК-нiң 179 бабының 2 бөлігінің «а» тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 7 жылға, ҚК-нiң 178 бабының 2 бөлігінің «а,б» тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 6 жылға, ҚК-тің 58 бабының 3 бөлігінің негізінде, түпкілікті өтеуге қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жаза сіңіру жолымен 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Осы сот үкімі 24.11.2010 ж. апелляциялық алқа қаулысымен өзгертілген, себебі сотпен қылмыстық заң талаптарын дұрыс қолданбауы үкімді өзгертуге жол берілген.

Атап айтқанда, алқа бірінші сатыдағы сот сотталғанның қылмыстық іс-әрекетіне дұрыс баға бермеген, осы эпизод бойынша сотталған Шукиргалиев жәбірленуші Ильясоваға қатысты қолданған тапаншаның қолдануға жарамдылығы күмән тудырады деген тұжырымға келген. ҚІЖК-нің 19 бабының 3 бөлігіне сай сотталғанның кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдіктер сотталғанның пайдасына шешіледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 21 тармағына сәйкес, қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдану деп олардың көмегімен іс жүзінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді /оқ ату, тесу-кесу соққыларын келтіру/, яғни қарудың немесе заттың тірі нысанаға зақым келтіру мүмкіндігін пайдалануды түсіну керек.

Сондықтан, алқа сотталған Шукиргалиевтың осы эпизод бойынша іс-әрекеттерін жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданамын деп қорқыту арқылы, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша бөтен мүлікті ашық ұрлау деп тауып, сотталғанның әрекеттері ҚК-тің 178 бабының 2 бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданамын деп қорқыту арқылы, адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет бөтен мүлікті ашық ұрлау дәрежеленуге жатады деген тұжырымға келіп, оның әрекеттерін ҚК-тің 178-бабының 2-бөлігінің «а,б,в» тармақтарына аударып дәрежелеп, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындаған.

Облыс соттарымен басым көпшілігі сотталғандарға жазаны тағайындаудың жалпы бастамасы негізінен ескеріліп, орындалады.

Бұдан басқа, кейбір жекелеген істер бойынша, заңға сәйкес емес ауыр жазаны тағайындау фактілері орын алады.

Мысалы, 7 қыркүйек 2010 жылғы Мақат аудандық сотының сотталған Н.Жумашевқа қатысты үкімі 2.11.2010 ж. апелляциялық сатыдағы сотпен өзгертілген, себебі бірінші сатыдағы сотпен қылмыстық заң талаптарын дұрыс қолданбауы үкімді өзгертуге жол берілген (судья Ғ.Отарұлы).

Сот үкімімен сотталған Н.Жумашев ҚК-тің 176 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, ҚК-тің 55 бабы қолдануымен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

ҚК-тің 52 бабы бойынша қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

ҚР ҚК 63 бабының негізінде сот, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

Алайда, бірінші сатыдағы сот сотталған Н.Жумашевқа жаза тағайындағанда, жәбірленуші жағынан ешқандай талап жоқтығын және сотталғанның асырауында мүгедек баласы болғанын ескермей, оған қатаң жаза тағайындаған.

Сондықтан, алқа Н.Жумашевқа ҚК-тің 63 бабын қолданып, оған шартты түрде жаза тағайындауға жатады деген тұжырымға келген.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
1.Меншікке қарсы қылмыстық істер облыстың аудандық және оған теңестіріліген соттарымен негізінде материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының талаптарына сай қаралады. Сот актілерінің сапасы, мазмұны, құрылымы жағынан негізінен қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сай келеді.

2.Алайда, аталған істерді қарау барысында аталған кемшіліктер кездесетіндігін атап өткен жөн.

Аталған санаттағы істерді қарау барысында анықталған кемшіліктерді жою мен болдырмау мақсатында төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылады:

  • талдауды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының жедел отырысында талқылауды;

  • барлық аудандық және оған теңестірілген соттарға талдау көшірмесін талқылау үшін жолдауға және жіберілген кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеу мақсатында тиісті іс-шараларды қолдануды міндеттеу;

  • аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының және судьяларының аталған қылмыстық істерді қараған кезде сот үкімдерінің сапасын арттыру, азаматтық талапты дұрыс шешу мәселесіне назарларын аудару.



Атырау облыстық сотының

апелляциялық сот алқасы


Похожие:

673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconШахтинск қалалық сотының судьясы М. М. Балапановтың төрағалық етуімен қаралатын қылмыстық істер және материалдар кестесі
Р ҚК-нің 175 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталушы Ф. А. Николаевқа қатысты қылмыстық іс
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconМеркі ауылы 04. 08. 2009ж
Республикасының азаматшасы, тұратын жері: Меркі ауданы К. ауылы Б. көшесі, отбасылы, К. Е. А-нага қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен...
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconҚорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы
Баатж («Қылмыстық істер қозғалысы» а кестесі), 2010 жылы 12 ай ішінде Ақтөбе облыстық сотына сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіп бойынша...
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 icon2012 жылдың 23 шілдесі мен 27 шілдесі аралығында судья Е. О. Зининаның төрағалық етуімен қаралған
Р ҚК-нің 175 бабы 2 бөлігі «а, б, в» тармақтары, 324 бабы 2 бөлігі, 185 бабы 2 бөлігі «а» тармағы, 187 бабы 2 бөлігі «а» тармағы
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconҚҰПия куә, ол кім?
Соңғы кездері есірткі заттарына қатысты қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу органдары ҚР Қіжк-нің 100 бабының талаптарында көрсетілген,...
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconМаңғыстау облысы іід бастығы полиция полковнигі А. Ж. Қабыловқа
Жалған ақпар берген кезде ҚР ҚК 351 бабымен қылмыстық іске тартылатыны ескертілді
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconБалқаш қалалық сотында кейінге қалдырылған қылмыстық істер кестесі
Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау, Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау, бiрнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға,...
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconТеміртау қалалық сотымен қаралған қылмыстық істер тізімі
Айдауыл қызметкерлерімен сотталушыны жеткізіпкелмегендіктен 20. 08. 2012 ж. С. 10. 00-ге қалдырылды
673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486 iconАрыз жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық істі қайта қарау туралы
Аудандық (қалалық) соттың өндірісінде ҚР ҚК бабында көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталған қатысты қылмыстық іс бойынша " " 2000...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница