Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»

НазваниеСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
страница11/11
Дата конвертации20.11.2012
Размер1.24 Mb.
ТипСочинение
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шарметова Камила, 9 сыныбы

«Жаңа Ғасыр» 175 гимназия,

пән мұғалімі Камзина М. С.
Қазақстан – әскер патриотизмі

Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін

емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік ұғым

да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз

келсе ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет

Н.Ә.Назарбаев

Жоспар

І Кіріспе

Қазақстандық патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік

ІІ Негізгі бөлім:

1. Патриотизм – ақыл мен ой-сананың салтанаты

2. Патриотизм – табанды тәрбиенің жемісі

ІІІ Қорытынды

Қазақстандық патриотизм – ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы
Қазақстандық патриотизм! Отанға деген сүйіспеншілік! Бәрі де құлаққа жағымды, асқақ елестететін ұғымдар. Отанға деген сүйіспеншілігіңді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тек қана от жүректі ақындар өздерінің ыстық сезімдері мен сүйіспеншілігін өлең жолдарымен былай бере алса керек.
Сен үшін, Отан, сертім сол-

Неден де болса тартынбан!

Киелі менің өрісім,

Барлығы-дағы сен үшін.
Мен де ақынның осы өлең жолдарын өзіме ұран қылып ұстап, Отанымның гүлдене беруіне, даңқын асыруға күш-қуатымды жұмсаймын.

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесіндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кеңесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз. Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес, ХХІ ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Йасауи мовзолейі, перғауындардың саркофагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлдеқашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқаны қашан.

Алайда, ХХІ ғасырдың жаһандануында қазақ халқын тағы бір үлкен сын күтіп тұр еді. Ол – қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалу және Қазақстанды әлемдегі озық мемлекеттердің алдына шығару. Кейде мен «өз елім» деп еміреніп, «өз жерім» деп тебіренгенде, туған Отаны үшін жаны мен тәнін аямай, қасық қаны қалғанша, ерлік іс істеген батырымыз, даналарымыз, билеріміз, ақындарымыздың жүріп өткен жолы, желтоқсанда құрбан болған ата-ағаларымыздың батыл істері біздер үшін, кейінгі ұрпақ үшін емес пе деп ойлаймын.
Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады,-

деп Қазыбек би айтқандай, отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі.

Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдықты кең қасиетті міндеттердің бірі санады. Ежелгі түркі кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс тапты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және XX ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев сияқты ұлт зиялылары мен қайраткерлері отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге ете білді. Әйтеке би «өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» - деп халыққа қызмет етудің, отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.

Біз кеше ғана қандай едік? Тілі мен діні жоғалуға шақ қалған ел емес пе едік? Қазақ деген атымызды жоғалтуға аз-ақ қалғанымыз жоқ па?Ал, бүгін қандай елміз? Бүгінде біз жолбарыстай айбатты, қырандай ұшқыр, тәуелсіздігімізбен бірге өсіп келе жатқан бақытты елміз. Бақыттың кіндігі – Отан. «Отан» деп лүпіл қаққан жүрек болса, «Отан» деп ағындаған тілек болса, «Отан» деп сыбанбаған білек болса, «Отан» деп ел үшін егілген, халық үшін қайысқан лек болса, арман орындалады ғой деп ойлаймын.

Сондайда жалынды ақын С.Сейфуллиннің мына өлең жолдары жаныма демеу болып, арманыма қанат береді.
Шығыңдар далаға, жолға -

Бұрынғы ерлер салған жолға!
«Ата-бабаларың осы жолда бақыт іздеп құрбан болды, сендер жаңғыртыңдар, жаңартыңдар ескі дүниені, қайратты, ер, жастар»- деп бізге аманат етіп тапсырды.

Ендеше, елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімнің ірге тасының беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту – ең басты парызымыз деп түсінемін.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Балалар, Қазақстанның болашағы сендердің жақсы оқып, азамат болуларыңа байланысты. Тәуелсіздік ұғымын іспен қастерлеңдер» деген сөзі менің ойымда мәңгі сақталып қалды. Неге десеңіз, бұл сөзде көп мағына бар: аталар жолына адал бол, тәуелсіздік пен еркіндікті көздің қарашығындай сақта деп өсиет айтады. Үлкен жауапкершілік бар дегенім: аталар жолын жалғастыру – біздің мойнымыздағы іс. Оны абыроймен орындасақ, аталар үмітін ақтаймыз. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та. Қазақ ақыны Мұхтар Шаханов:
Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да,

Төрт анаға өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?- деп, төрт ана тек қазақ ұлтында емес, қазақстандықтарда болуы тиіс деген ой айтады.

Пай, шіркін-ай, Қазақстаным-ай! Өзіңнің арқаңда бой түзеп, дамыған елдермен иық тіресіп тұра алатын дәрежеге жеттік пе, әйтеуір. Табиғатымыз қандай тамаша! Ал кең даламыздағы кең байлығымызға бүкіл әлем көз тігіп қызығуда. Аспанымыз ашық болып, көк туымыз аспанда мәңгі желбіресін! Оны төмен түсірмеу –біздің басты борышымыз.

Отаным менсіз-ақ күн көрер-ау, ал менің Отансыз күнім панасыз жандай қараң ғой. Бізді бесігінде баласындай мәпелеп тербеген, ұлттық мақтаныш сезіміміз батыл кернеген Отанымызды қалай сүймеске!...

Мен бүгінгі бақытты, шат-шадымен мәнді де мағыналы өмір сүріп отырған Отаныма мәртебең биік, бақытың мәңгілік болсын деймін.

Қорыта айтарым, қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі бар. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономикалық өркендеу үстіндегі күллі әлемге белгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады!» деп нақты көрсеткен болатын.

Ал қазақстандық патриотизм дегеніміз не? Ол – Отанға деген сүйіспеншілік пен адамзаттық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеу, Отанын, жерін қорғау.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм» iconСочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный...

Моя Родина-Казахстан, и я очень горжусь этим. Независимая, свободная, наша страна смело идёт вперёд, расправив свои гордые плечи,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница