Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер




Скачать 60.45 Kb.
НазваниеТақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер
Дата конвертации20.03.2013
Размер60.45 Kb.
ТипДокументы
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер

Дәрімбеков Ж.Б.

6А, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы

Жетекшісі: Исатаева А.С.
Кез келген натурал сан 1-ге бөлінетіндіктен, 1 саны кез-келген натурал санның бөлгіші болады.

Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең.

Кез-келгеннатурал санның шексіз көп еселігі бар.

Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең

Натурал сан 1-дің бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі 1 саны. 1 саны жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайды.

Жай сандар қатарындағы екі тізбектес және айырмасы 2-ге тең сандар егіз сандар деп аталады.

Мысалы 3 пен 5, 5 пен 7,11 мен 13 сандары –егіз сандар қатарына жатады.

Қазіргі кездегі ғылым мен техникалық даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Оқушының шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту.

Оқушының өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. өз білімін көтеру жекелеген жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігінарттырады.

Оқушы әдеттегіше оқыту барысында алдымен білім алады, ал сонан соң оны қолдану ары қарай шығармашылыққа үйлеседі.

Сандардың бөлгіштігі бөлгіштер мен бөлінділер тақырыбында санның бөлгіштері, жай сан құрама сандар, ең үлкен ортақ бөлгіш, еселі сандар, ең кіші ортақ еселілік тақырыпшаларымен қоса ережелерін, оларды есептеп, жоба білулері қарастырылған.

  1. Санның бөлгіштері

Натурал сан қалдықсыз бөлінетін санды осы натурал санның бөлгіші деп атайды.

Мысалдар:

а) 18 санның алты бөлгіші бар: 1,2,3,4,9,18;

б) 25 санының үш бөлгіші бар:1,5,25;

в) 73 санының екі бөлгіші бар: 1 және 73;

1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.

Егер а және b сандарының екеуі де с санына бөлінсе, онда с санын a және b сандарының ортақ бөлгіші деп атайды.

Мысалдар:

а) 28 саны мен 48 саны 4-ке бөлінеді, ендеше 4 саны-28 және 48 сандарының ортақ бөлгіші болады.

б) 28 саны мен 48 саны 4-ке бөлінеді, демек 4 саны-28 және 48 сандарының ортақ бөлгіші болады.

48 және 60 сандарының ортақ бөлгіштерін табыңдар.

48 санының бөлгіштері: 1,2,3,4,6,8,12,16,24,28;

60 санының бөлгіштері:1,2,3,4,5,6,10,12,15,20,30,60.

Олардың ортақ бөлгіштері: 1,2,3,4,6,12.

Олардың ішіндегі 2-ең үлкен ортақ бөлгіш.

a және b сандары қалдықсыз бөлінетін ең үлкен натурал сан олардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп аталады.

  1. 2,3,4,5,6,9,10 сандарында бөліну белгілері

Ереже: егер натурал санның жазылуы нөлмен аяқталса, ол сан 10-ға қалдықсыз бөлінеді.

Егер натурал санның жазылуы басқа цифрмен аяқталса, ол сан 10-ға қалдықсыз бөлінбейді.

Ереже: егер натурал санның жазылуы 0-ге немесе 5-ке аяқталса, ол сан 5-ке қалдықсыз бөлінеді.

Егер натурал санның жазылуы басқа цифрмен аяқталса, ол сан 5-ке қалдықсыз бөлінбейді.

Мысалдар:

а) 370 және 1485 сандары 5-ке қалдықсыз бөлінеді;

б) 537 және 4008 сандары 5-ке қалдықсыз бөлінбейді.

0,2,4,6,8 цифрларын жұп, ал 1,3,5,7 цифрларын тақ деп атайды.

Жұп цифрлармен аяқталған натурал сандар жұп, ал тақ цифрлармен аяқталған натурал сандар тақ деп аталады.

Ереже: егер натурал жазылуы жұп санмен аяқталса, ол сан 2–ге қалдықсыз бөлінеді. Егер натурал санның жазылуы тақ цифрлармен аяқталса, ол сан 2 –ге қалдықсыз бөлінбейді.

Қысқаша айтқанда, жұп сандар –ге бөлінеді, тақ сандар 2 –ге бөлінбейді.
Мысалдар:

а)8,60,574 сандары 2-ге қалдықсыз бөлінеді;

б) 13,25,1001 сандары 2-ге қалдықсыз бөлінбейді.

Ереже: егер натурал санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, ол сан 3-ке қалдықсыз бөлінеді. Егер натурал санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінбесе, ол сан 3-ке қалдықсыз бөлінбейді.

Ереже: егер санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда ол сан да 9-ға бөлінеді. Егер сандардың цифрларының қосындысы 9-ға бөлінбес, онда сан да 9-ға бөлінбейді.

Мысалдар:

а) 5787 саны 9-ға бөлінеді, себебі 5+7+8+7=27,

ал 27 саны 9-ға бөлінеді;

б) 359 саны 9-ға бөлінбейді, себебі 3+5+9=17, ал 17 саны 9-ға бөлінбейді.
Ереже: егер берілген санның соңғы екі цифрынан тұратын сан 4-ке бөлінетін болса, онда берілген сан да 4-ке бөлінеді.

Мысалдар:

а) 78536 саны 4-ке бөлінеді, себебі 36 саны 4-ке бөлінеді;

б) 8422 саны 4-ке бөлінбейді, себебі 22 саны 4-ке бөлінбейді.
Ереже: берілген сан бір мезгілді 2-ге де, 3-ке де бөлінсе, ол сан 6-ға бөлінеді. Ал кері жағдайда ол 6-ға бөлінбейді.

Мысалдар:

а) 2862 саны 6-ға бөлінеді,, себебі 2862 саны 2-ге де, 3-ке де бөлінеді;

б) 3754 саны 6-ға бөлінбейді, себебі ол 3-ке бөлінбейді,

  1. Жай және құрама сандар

Егер натурал сан тек қана бірге және өзіне бөлінсе, оны жай сан деп атайды.

Егер натурал санның екі саннан артық бөлгіші болса, оны құрама сан деп атаймыз.

Мысалдар:

а) 9 санының үш бөлгіші бар (1,3 және 9), яғни ол құрама сан;

б) 17 санының тек екі бөлгіші бар, яғни бұл жай сан;

в) 1 саны жай сан да және құрама сан да емес, себебі оның бір ғана бөлгіші бар.

Ереже: құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз, ол санды оның бөлгіштері болатын жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.

Егер көбейкіштердің ретін ескермесек, онда жазудың кез-келген әдісінде жіктеу өзгермейді.

Сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің көмегімен, екі не одан да көп сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табуға болады.


  1. Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ)

Ереже: бірнеше натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу үшін:

1) оны жай көбейткіштерге жіктеу;

2) жіктеудегі ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу;

3) осы көбейткіштердің көбейтіндісі табу керек.

Мысал:

ЕҮОБ (6600; 6300) табыңыз:

6600=2 2 2 3 5 5 11,

6300=2 2 3 3 5 5 7,

ЕҮОБ (6600; 6300) = 2 2 3 5 5 =300
Екі санның ЕҮОБ –ін тапқанда «Евклид алгоритмі» деп аталатын ережені білген дұрыс.

Мысал. ЕҮОБ (270, 186) табыңыз. 270-ті 186-ға қалдықпен бөлейік:

270: 186=1 (қал. 84)

Енді бөлгішті қалдыққа бөлейік және т.с.с.:

186 : 84 = 2 (қал. 18)

84 : 18 = 4 (қал. 12)

18:12 =1 (қал. 6)

12:6=2 (қал. 0)

270 пен 186-ның ЕҮОБ-і –оларға Евклид алгоритмін қолданғандығы ең соңғы нөлден өзгеше қалдық, яғни 6 саны.

ЕҮОБ-і бірге тең болатын натурал сандардың өзара жай сандар деп атайды.


  1. Еселі сандар

a натурал санына қалдықсыз бөлінетін санды a санына еселі сан деп атайды.

Масыл: 18 санына еселі сандар мыналар: 18,36,54,72,9,108,126 және т.б
Сонымен, мынан есте сақтау керек:

1)кез келген санның ақырсыз еселі сандары бар;

2) санның ең кішкентай еселі саны өзі болып табылады.

Екі немесе бірнеше санның ортақ еселігі деп, осы сандардың әрқайсысына еселі болып келетін санды атаймыз.

Мысал 8 санына еселі болып келетін сандар: 8,16,24,32,40,48,56; ... .

12 санына еселі болып келетіндер:12,24,36,48,60,72; ... .

8 және 12 сандарының ортақ еселіктері: 24,48,72; .. .


  1. Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)

Екі немесе одан да көп сандардың ортақ еселікутерінің ең кішісіне көбірек көңіл бөлінеді.

Мысалдар: 8 және 12-нің ЕКОЕ-і 24 болып табылады.

Натурал a және b сандардың ең кіші ортақ еселігі деп, a-ға да b-ға да бөлінетін ең кіші натурал санды айтамыз.

Мынан есте сақтау керек:

1)Егер екі натурал санның бірі екіншісіне бөлінетін болса, онда екі санның үлкені ЕКОЕ болады;

2)Егер екі немесе одан да көп сандар өзара жай сан болатын болса, онда олардың ЕКОЕ-гі –олардың өзара көбейтіндісі болып табылады.

Ереже: натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін табу үшін:

  1. олардың жай көбейткіштерге жіктеу керек;

  2. бір санның жіктелген көбейткіштерін теріп жазып;

  3. олардың құрамында қалған сандардың жіктелуінде кездесетін басқа жай көбейткіштерді қосып;.

  4. барлық көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек

ЕКОЕ мен ЕҮОБ-ті ережелерімен бірге: осы екі санның ЕКОЕ-сі мен ЕҮОБ-нің көбейтіндісі олардың өздерінің көбейтіндісі тең екендігін білген пайдалы. Ал бұл дегеніміз

ЕКОЕ (а;б) ЕҮОБ (а;б)=а;б

а б

немесе ЕКОЕ (а;б) =

ЕҮОБ (а;б)

Мысалдар:

а) ЕКОЕ (20;48) табу керек

ЕҮОБ (20;48) =4 болғандықтан,

20 48

ЕКОЕ (20;48) = =240;

4
б) ЕКОЕ (72;60) табу керек ЕҮОБ (72;60) = 12 болғандықтан;

72 60

ЕКОЕ (20;48) = = 360.

12

Әдебиеттер:

  1. 5 сынып оқулығы авторы: Т.А.Алдамуратова

  2. Математика және физика журналы.

  3. Алгоритм журналы

  4. Көмекші журналы

Похожие:

Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconРегистрационная форма
Атап айтсам, натурал санды қосу және азайту, көбейту және бөлу, сандардың бөлінгіштік белгілері, сандардың квадраттарын табудың оңай...
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconСандардың БӨлінгіштігін анықтауға математикалық индукция әдісін қолдану. 10-сынып оқушысы Айдошев Аңсар
Математикалық индукция әдісінің көмегімен натурал сандардың бөлінгіштігіне қатысты тұжырымдарды дәлелдеуге болады. Мысалы, натурал...
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconСабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Білімділік: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы мен идеясын меңгерту, поэманың композициялық құрылымы мен поэтикалық шеберлігіне...
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconМатематика пәнінен 1- сыныптағы «Қосу мен азайту тәсілдері» тақырыбындағы сабақ Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: 10 көлеміндегі қосу мен азайту. Айырмалық салыстыруға және қалдықты табуға берілген есептер
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconСтуденттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқаулары Тақырыбы
Тақырыбы: hla антигендері мен аурушылдыққа тұқым қуалаған бейімділігінің байланысы
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconСыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы
...
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconСабақтың тақырыбы
...
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconСтуденттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы
Тақырыбы: Риккетсиоздар: эпидемиялық бөртпе сүзегі және Брилль-Цинссер ауруы: профилактика мен күресу шаралары; Ошақтағы шаралар
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconОқытушының жетекшілігімен студентердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы
Тақырыбы: Қызылша, көкжөтел, қызамық, жел шешек, эпид паротит: күту мен мейірбике ісін ұйымдастырудың негіздері
Тақырыбы: Сандардың бөлінгіштігі. Бөлгіштер мен бөлінділер iconДене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінен арналған бақылау жұмысының тақырыптары 1-нұсқа Тақырыбы
Тақырыбы: Дене бітімінің кейбір қасиеттерін білуге тәрбиелеу және жетілдіру жолдары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница