Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі




Скачать 42.78 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі
Дата конвертации20.03.2013
Размер42.78 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және

сауда министрлігінің 2011 жылғы 6 мамырдағы

№ 252-нқ бұйрығына 3-қосымша


Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда

министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген немесе Министрлік балансындағы тұрғын үйді бөлу тәртібін анықтайды.

2. Тұрғын үй – Министрлік балансындағы қызметтік тұрғын үй, қызметтікке теңестірілген тұрғын үй, жалға берілетін тұрғын үй және жастар жатақханасындағы тұрғын үй.

Жалға берілетін тұрғын үй – мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдау шартымен берілетін тұрғын үй.

3. Тұрғын үйді қажетсінетін Министрлік қызметкерлерін есепке алуға келесі талаптардың орындалуы негіз болады:

1) құрылымдық бөлімшенің тұрғын үй беруге деген қажеттілігі туралы ақпаратының болуы;

2) Министрлік қызметкерінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің иеліктерінде меншік құқығындағы тұрғын үйлерінің жоқтығы туралы анықтаманы тапсыру;

3) қызметкерді басшылық әкімшілік мемлекеттік лауазымына ауысу тәртібімен немесе Министрдің ұсынысы бойынша мемлекеттік қызметтің кадрлар резервінен қабылдау жағдайларын, мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғын және функциясы Министрлікке берілген жағдайды қоспағанда, қызметкердің Министрлікте істеген кем дегенде бір жыл жұмыс өтілінің болуы.

4. Комиссия шешімі бойынша бөлінген жалға берілетін тұрғын үйді ресімдеу үшін Министрлік қызметкерлері құзырлы органға келесі құжаттарды тапсырады:

1) мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген нысан бойынша есепке алу туралы өтініш;

2) өтініш иесі мен оның отбасы мүшелерінің жеке күәліктерінің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

3) өтініш иесінің (жұбайының/жолдасының) сол елді мекендегі жұмыс орнынан анықтамасы;

4) неке қию қорытындысы (некені бұзу, жолдасының/зайыбының өлгені туралы) және балалардың тууы туралы (егер ол болса) куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының анықтамасы (өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығындағы тұрғын үйлерінің жоқтығы жайлы);

6) кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні;

7) азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама.

Қажет болса өтініш беруші сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқылы ауыр сырқат түрімен ауыратын адамы бары туралы мемелекеттік денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын тапсырады;

5. Комиссияның жұмыс органы жыл сайын, 30 қазандағы жағдай бойынша құрылымдық бөлімшелерден, Министрдің хатшылығынан Министрлік қызметкерлерінің тұрғын үйге қажеттілігі жайлы қоса берілген формаға сәйкес (осы Ережеге 1-қосымша) ақпарат сұратады.

Министрлік қайта құрылған жағдайда, ақпарат басқа да мерзімдерде сұратылуы мүмкін.

6. Бір ай мерзімінде Комиссияның жұмыс органы құрылымдық бөлімшелердің тұрғын үйге қажеттілігі жайлы деректерінің растығын тексереді және құрылымдық бөлімшелердің және Министр хатшылығының тұрғын үймен қамтамасыз етілуін анықтау үшін қоса тіркеліп отырған формаға сәйкес (осы Ережеге 2-қосымша) жалпы жиынтық кесте жасайды.

7. Комиссия тұрғын үйді бөлу кезінде тұрғын үймен қаматамасыз етілуі минималды құрылымдық бөлімше және Министр хатшылығына басымдық тәртіппен бөледі.

8. Құрылымдық бөлімше ішінде тұрғын үйді бөлу үшін қызметкерлерді іріктеуді осы құрылымның басшысы сол бөлінген күнгі келесі критерилер бойынша балл белгілеу жүйесі бойынша жүзеге асырады:

бірінші критерий - Министрліктегі еңбек өтілі – бір жылғы жұмысы үшін – бір балдан;

егер қызметкердің Министрліктегі еңбек өтілі бір жылдан асқан жағдайда, әр ай үшін қосымша 0,08 балл беріледі;

екінші критерий – мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі – еңбек өтілінің әр жылы үшін – 0,2 балл;

үшінші критерий – атқарып отырған лауазымының категориясы:

сарапшы – бір балл;

бас сарапшы – екі балл;

Басқарма бастығы – үш балл;

Департамент директорының орынбасары – төрт балл;

Департамент директоры – бес балл.

Балл саны жоғарыда келтірілген 3 критерийдің қосындысынан шығарылады.

Балл саны бірдей болған жағдайда, қызметкердің отбасы мүшелерінің саны ескеріледі.

9. Қызметкер ұсынылған тұрғын үйден бас тартқан жағдайда, оны құрылымдық бөлімше балл саны бойынша кезекке сәйкес келесі қызметкерге бөле алады.

10. Бірге тұру құқығына ие, отбасы мүшелеріне Министрлік қызметкерінің жұбайы және балалары жатады. Министрлік қызметкерімен үнемі бірге тұратын жұбайлардың ата-аналары, сондай – ақ өз отбасылары бар балалары, тек өзара келісім бойынша Министрлік қызметкерінің отбасы мүшелері болып саналады. Ерекше жағдайда тұрғын үй иесінің отбасы мүшелері болып, онымен бес жылдан кем емес бірге тұрған және шаруашылығы ортақ басқа да тұлғалар есептелуі мүмкін. Меншік иесінің еңбекке жарамсыз асырауындағы адамдары онымен үнемі бірше тұрған жағдайда отбасы мүшелері болып табылады.

11. Министрлік балансындағы қызметтікке теңестірілген тұрғын жайға қоныстануға келесі құжаттар негіз болып табылады:

1) тиісті тәртіппен рәсімделген Комиссия шешімі (Комиссия хаттамасынан үзінді)

2) Министрлік балансындағы тұрғын үйді жалдау шарты, қоса беріліп отырған формаға сәйкес (осы Ережеге 3-қосымша).

12. Комиссияның жұмыс органы:

1) уәкілетті органға үй берілетін қызметкерлердің тізімін және қажетті құжаттарды жасақтайды;

2) құқықтық құжаттарды, бір ұйымнан басқа ұйымға қабылдау тапсыру актілерін ресімдейді;

3) Министрлік балансындағы тұрғын үйлерді жалдау шарттарына қол қойғызуды, тұрғын үйді тапсыру-қабылдау актісін жасауды, Министрлік комендантының кілтті тапсыру-қабылдауын қамтамасыз етеді;

4) Комиссия қызметін ұйымдастырады.

13. Комиссия хатшысы Министрлік қызметкерлеріне берілген үй бойынша құжаттарды ресімдеу үшін Комисия отырысының хаттамаларынан үзінді және/немесе Министрлік бұйрықтарының көшірмелерін, басқа да құжаттарды дайындайды.


Похожие:

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы – ұзақ мерзімді келешекке халықтың...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің тұрғын үй комиссиясының
Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң 2010 жылғы 22 шiлдедегi №126 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық Экономикалық даму және шаруашылық істері агенттігі сауда министрлігі
...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 жылғы «14» наурыздағы №53 және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің 2011 жылғы «10» наурыздағы №96 Бірлескен бұйрығы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 жылғы «14» наурыздағы №53 және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің бұйрығы
Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тәуекел дәрежесін бақалау критерийлерін...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі icon№ исх: 1736 от: 30. 12. 2011 Қазақстан Республикасы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің
Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган...
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлеріне тұрғын үйді бөлу туралы ережесі icon2010 жылға арналған операциялық жоспары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің іс-шаралары
Елде және әлемде болып жатқан үдерістер мониторингі жүйесінің деректер базасын қолдана отырып Қазақстандағы және әлемдегі ағымдық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница