Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год




Скачать 339.54 Kb.
НазваниеПрезентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год
страница2/3
Дата конвертации20.03.2013
Размер339.54 Kb.
ТипПрезентация
1   2   3

Министерством здравоохранения неосвоено 1,7 млрд.тенге, в том числе 1,1 млрд.тенге - по строительству и реконструкции объектов здравоохранения из-за задержки разработки ПСД на строительство объектов многопрофильных клиник при вузах и кардиохирургического центра на 100 коек в г.Алматы; удорожания стоимости строительства диагностического центра в г.Астане в связи с монтажом уникального медицинского оборудования с применением ядерных технологий; 0,1 млрд.тенге - по строительству и реконструкции объектов образования в связи с невыплатой 5% стоимости работ по объекту «Расширение и реконструкция Казахской государственной медицинской академии по ул.Бейбитшилик в г.Астане» до подписания государственной комиссией акта о приемке его в эксплуатацию; 0,2 млрд.тенге - вследствие снижения фактического контингента обучающихся в рамках подготовки специалистов с высшим и послевузовским профессиональным медицинским образованием.

Объем недоиспользованных Министерством финансов средств, без учета нераспределенных остатков резервов Правительства, составил 1,2 млрд.тенге, из них: 0,7 млрд.тенге не использовано из-за расторжения на основании определения суда договора на приобретение компьютеров рамках реализации мероприятий по созданию электронного правительства; 0,1 млрд.тенге – в рамках работ по созданию и развитию информационных систем органов Министерства финансов вследствие невыполнения поставщиком обязательств по реализации электронных услуг, развитию и расширению функциональности информационных систем, а также в связи с принятием решения о преждевременности создания интеграционного шлюза до подведения результатов консалтинга; 0,2 млрд.тенге – в связи с поздним заключением договоров на строительство административных зданий для органов налоговой службы.

По итогам 2008 года при планируемом объеме 334,4 млрд.тенге дефицит сложился в размере 327,5 млрд.тенге.

Его финансирование было осуществлено в соответствии с бюджетным законодательством за счет внутреннего и внешнего заимствования в размере 477,3 млрд.тенге и использования 15 млрд.тенге свободных остатков бюджетных средств.

Общий объем размещения государственных эмиссионных ценных бумаг на внутреннем рынке составил 465 млрд. тенге. При этом, краткосрочные ценные бумаги составили 41,5 % от общего объема размещения, среднесрочные - 27,5 %, долгосрочные – 31 %. В структуре долгосрочных ценных бумаг 60 % составили МЕУЖКАМ – сберегательные казначейские обязательства, предназначенные для накопительных пенсионных фондов, доходность которых привязана к индексу инфляции.

Размещение государственных эмиссионных ценных бумаг на международных рынках капитала в 2008 году не осуществлялось.

Объем внешнего заимствования у международных финансовых организаций и правительств иностранных государств в 2008 году составил 12,1 млрд.тенге.

Средства внешних займов направлены на реализацию инвестиционных проектов в приоритетных секторах экономики: на реструктуризацию автодорожной отрасли, развитие водоснабжения и канализации, постприватизационную поддержку сельского хозяйства, повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции, регулирование русла р.Сырдарьи, очистку р.Нура, сохранение лесов и увеличения лесистости.

Погашение правительственного долга в 2008 году произведено в объеме 164 млрд.тенге, в том числе внешних займов 7 млрд.тенге.

Правительственный долг по состоянию на 1 января 2009 года составил 1 015 млрд.тенге, или 6,4% к ВВП.

В заключение хочу сказать, что мы, безусловно, приложим все усилия для подготовки исчерпывающих ответов на все, интересующие вас, уважаемые депутаты, вопросы, и надеемся, что обсуждение отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год будет плодотворным и эффективным.
Благодарю за внимание.
2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы

туралы есептің тұсаукесері

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б. Жәмішевтің

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде

2009 жылғы 19 мамырдағы сөзі

Құрметті депутаттар!
2008 жылғы бюджеттің атқарылуы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» және «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауларында берген тапсырмаларын сондай-ақ «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында салынған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын іске асыруға бағытталған.

2008 жылғы бюджет өткен жылдарға қарағанда күрделі экономикалық ахуалда атқарылды. Әлемдік экономикалық проблемалардың салдары Қазақстанның экономикасына әсер етті – екінші жарты жылдықта негізгі көрсеткіштердің қарқыны баяулай бастады, ал 4-тоқсанда экспорттық тауарларға баға күрт төмендеді. Бизнес белсенділік баяулады.

Өздеріңіз білетіндей, ұлттық экономиканы әлемдік дағдарыстың қыр көрсетулері мен қауіптерінен қорғау мақсатында 2007 жылғы қарашада алғашқы тұрақтандыру жоспары қабылданды, ол 2007 жылғы қарашадан бастап 2008 жылғы желтоқсанды қоса алғанда толығымен орындалды. Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда елдің резервтері 2008 жылдың басына шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл республиканың қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін маңызды болғаны сөзсіз.

Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚҚА оны іске асыру жөніндегі жедел қабылданған бірлескен іс-қимылдары мемлекеттің дамуының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсуін сақтап қалуды қамтамасыз етті.

Айталық, 2007 жылмен салыстырғанда ЖІӨ нақты өсімі 103,3%-ті, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 102,1%-ті, байланыс қызметі – 110,4%-ті құрады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 35,5%-ке, оның ішінде экспорт – 49,1%-ке артты. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 2007 жылға қарағанда 4,6%-ке өсті.

Қалыптасқан жағдайда 2008 жылдың бюджетіне 3 330,9 млрд. теңге (сыртқы қарыздардың сомасынсыз) немесе жоспардың 99,8%-і түсті, республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 3 658,4 млрд. теңге (сыртқы қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге арналған шығыстардың сомасынсыз) немесе 99,6% жұмсалды. Республикалық бюджеттің тапшылығы 327,5 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы 6,6 млрд. теңгені құрады.

Экономиканың мұнай секторына тәуелділігін болдырмау мақсатында 2008 жылы республикалық бюджетті мұнайға жатпайтын кірістердің есебінен қалыптастыру практикасы ұсынылды.

Күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, өткен жылы бюджеттің кірісіне 3,3 трлн. теңге немесе жоспардың 99,6%-і түсті, бұл 2007 жылға қарағанда үштен бірге көп.

Даму бюджетін қаржыландыруға Ұлттық қордан республикалық бюджетке 1 миллиард теңгеден асатын көлемде қаражат тартылды.

Бұл ретте 2008 жылы бюджет қаражатының бос қалдығы және өткен қаржы жылында Ұлттық қордан аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен объективті себептер бойынша қаражатты түгел игермеу болған өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру мүмкіндігін беретін заңнамалық актілер алғаш рет жұмылдырылды. Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен 5,7 млрд. теңге сомаға Ұлттық қордан аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасының және бюджет қаражатының бос қалдығы есебінен 2008 жылы қаржыландыруды талап ететін республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының және инвестициялық жобалардың тиісті тізбесі анықталды. Іс жүзінде бюджетте қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты осы мақсатқа 3,5 млрд. теңге пайдаланылды.

2008 жылы бюджет шығыстарының көлемі 3 триллион теңгеден немесе 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге немесе 1 181,7 млрд. теңгеге артты.

Ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтары адами капиталды дамыту және халықтың тыныс-тіршілігінің сапасын арттыру болған және қалып отыр. Тіпті өршіп отырған қаржы дағдарысы жағдайында мемлекет әлеуметтік саланы дамытуға және нығайтуға жұмсалатын шығыстарды қысқартқан жоқ. 2008 жылы олар бюджеттің төрттен бір бөлігін дерлік құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 163,3 млрд. теңгеге өсті.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2008 жылы 196,3 млрд. теңге жұмсалды. 3 763 мектепке дейінгі ұйымның жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, олар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 35,6%-ін қамтуды қамтамасыз етті, жалпы контингенті 2 532,6 мың оқушыдан асатын оқыту 6 ана тілінде жүргізілген жалпы білім беретін 7 735 мектептің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Қазақ тілінде оқытатын мектептер желісін кеңейту үрдісі сақталды. Айталық, соңғы үш жылда мұндай мектептер желісі 37 бірлікке ұлғайтылды. 2008 жылдан бастап қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Бірыңғай ұлттық тестілеудің міндетті пәндерінің тізбесіне енгізілді. 2008 жылы 483 лингафондық және мультимедиялық кабинет, 420 интерактивті тақта, 700 физика кабинеті сатып алынды. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 60 мектеп, жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен – 30 мектеп салынды, ол оқушылар орнының тапшылығын 43 мың бірлікке, үш ауысымды мектептердің санын – 22-ге, апатты мектептердің санын 15-ке қысқартуға мүмкіндік берді. Республика бойынша орта жалпы білім беретін ұйымдарды компьютермен қамтамасыз ету 1 компьютерге 20 оқушыны құрады. Интернет желісіне жалпы білім беретін мектептердің 96%-і қосылды.

Техникалық және кәсіби білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 848 оқу орны, оның ішінде 318 кәсіптік лицей мен 542 колледж жұмыс істеді, онда 605 мыңнан астам оқушы оқыды.

Жоғары білім беруге қатысты айтар болсақ, оның құрылымы Халықаралық стандарттық сыныптамаға сәйкес келеді. Қазақстан әлемде жалпыға бірдей қабылданған кадрларды үш деңгейлі даярлауға көшті: бакалавриат – магистратура – докторантура Ph.D., ол анағұрлым икемді білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік берді. Қазақстанның 144 жоғары оқу орнында 633 мың студент оқиды. Мемлекеттік тапсырыс 33 490 орынды құрады, ол 2007 жылдың деңгейінен 300 орынға артық. «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде 2008 жылы ауыл жастары үшін нысаналы квоталар және конкурстық іріктеу үшін қазақ тілінен тестілеу алғашқы рет көзделді.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыруға 2008 жылы 115,9 млрд. теңге немесе 2007 жылға қарағанда 15%-ке өсе отырып, пайдаланылды.

2008 жылы бекітілген Науқастардың түрлерінің тізбесі бойынша халықтың жекелеген санттарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жалғасын тапты. Айталық, 5 жасқа дейінгі науқас 652,8 мың бала немесе мұқтаждардың жоспарланған санының 95,5%-і амбулаториялық деңгейде тыныс алу органдарын, темір тапшылығы анемиясын, созылмалы ішек инфекцияларын, энтеробиозды емдеу кезінде бактерияға қарсы, қақырық түсіретін және ыстығын төмендетін препараттармен, темір препараттарымен және кеңінен қолданылатын дәрілік құралдармен қамтамасыз етілді; 309,6 мың жүкті әйел темір және йод препараттарымен қамтамасыз етілді.

Онкологиялық аурулардың алдын алу және анықтау мақсатында тиісті бейіндегі ұйымдар үшін 14 бірлік рентгенсәулелі аппараттар сатып алынды. Республика өңірлерінде шамамен 100 маммограф сатып алынды және орнатылды. Осы жабдықпен жұмыс істеу үшін сәуле диагностикасы жөніндегі оқу орталығында 82 маман даярланды.

Онкологиялық көмекті жетілдіру шеңберінде 2008 жылы қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға, алдын алу мен емдеудің үдемелі әдістерін пайдалануға баса назар аударылды. Онкологиялық патологиядан өлім-жітімді азайту үшін 3,0 млрд. теңге сомаға химиялық препараттарды сатып алу жүргізілді.

Республика бойынша диабетпен ауыратын науқастарды қант төмендетін препараттармен қамтамасыз ету 100%-ті құрады.

Халықтың туберкулезден ауруын және өлім-жітімін азайту мақсатында белгілік емдеуге мұқтаж туберкулездің созылмалы түрлерімен науқастар үшін 5 мамандандырылған бөлімше ашылды. Бұл туберкулезден болатын өлім-жітімді 2007 жылы 18,1 адамнан 2008 жылы 17,2 адамға, 100 мың тұрғынға төмендетуге мүмкіндік берді.

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды, алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) және босандыру ұйымдарын медициналық жабдықпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру деңгейі арттырылды.

Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық көлікпен қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру үшін 189 бірлік, жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтері үшін 75 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Санитарлық авиация қызметінің жұмысын жақсарту үшін 14 реанимобиль сатып алынды.

56 денсаулық сақтау объектілерін салу басым инвестициялық жобаларын іске асыру жүзеге асырылды, оның ішінде 45 объектінің құрылысы 2008 жылы басталды. Қарағанды облысының Қарағанды және Теміртау қалаларында екі емхананың құрылысы аяқталды.

Астана және Павлодар қалаларында кардиохирургиялық орталықтардың құрылысы жүзеге асырылды, Алматы қаласында кардиохирургиялық орталықты салу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 2008 жылда республикада 3,5 мыңнан астам кардиохирургиялық операция орындалды.

2008 жылдың желтоқсанында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында кардиохирургиялық бөлімшелер ашылды.

58 кардиохирургиялық бейін маманы таяу және алыс шетелдердегі клиникаларда біліктілігін арттырудан өтті.

Елорданы денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз ету жақсарып келеді. Айталық, 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының құрылысы аяқталды және пайдалануға беру жүзеге асырылды, ауысымына 500 адамды қабылдауға арналған диагностикалық орталықтың құрылысы жалғастырылуда, Астана қаласында 2 амбулатория-емханалық кешеннің және 360 төсектік көп бейінді стационардың құрылысы басталды.

Жоғары және орта медициналық білімі бар білікті мамандар қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2008 жылы жоғары медициналық білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 4 500 адамды құрады немесе 2004 жылға қарағанда 3 есе көп, техникалық және кәсіби медициналық білімі бар мамандар даярлауға - 500 адамды құрады немесе 2004 жылға қарағанда 1,7 есе көп.

Қаржы дағдарысы жағдайларында мемлекет өз азаматтарын әлеуметтік қолдауға елеулі көңіл аударды. Қазақстандықтардың әл-ауқатының ауытқусыз артуы, жұмыспен қамтылуын сақтау, табыс деңгейінің артуы және халықтың неғұрлым әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғау үшін барлық шаралар қабылданды.

Мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке арналған шығыстары 566,4 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда 25%-ға және 2004 жылға қатысты 2,4 есе артық.

Қазақстандықтардың табыстарының артқаны атап көрсетіледі. Мысалы 2004 жылдан бері ең аз жалақы 1,8 есеге өсті және 12 025 теңгені құрады. Зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері базалық зейнетақыны есепке ала отырып, соңғы үш жылда 1,3 есеге (9700 теңгеден 12 710 теңгеге дейін, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 1,4 есеге (12 912 теңгеден 18845 теңгеге дейін) ұлғайды.

Тууды ынталандыру және демографиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ аналық пен балалықты әлеуметтік қорғау мақсатында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала туылуына арналған жәрдемақы мөлшері 2 есеге, балаға бір жастық жасқа жеткенге дейін қарау бойынша жәрдемақы 1,6 есеге ұлғайды.

2008 жылдан бастап жүктілік пен туу, балаға бір жастық жасқа жеткенге дейін қарау бойынша Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдері енгізілді. Бұл мақсаттарға бюджеттен 27,8 млрд.теңге, оның ішінде: жүктілік пен туумен байланысты табысын жоғалту жағдайы бойынша 89 323 адамға 14,5 млрд.теңге сомаға, балаға бір жастық жасқа жеткенге дейін қарау жағдайы бойынша 197 762 адамға 13,3 млрд.теңге сомаға төлемдер төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төлеуге арналған шығыстар 2007 жылмен салыстырғанда 1,1 млрд.теңгеге ұлғайды және 7,6 млрд.теңгені құрады. Жәрдемақы 750,2 мың балаға даярланды.

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15-тен 25-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіш зейнетақылық төлемдер есептеу үшін есепке алынатын табысқа шектеу арттырылды, зейнетақылық төлемдерді, оның ішінде әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдарына инфляция деңгейінен 9 % - ға оза ұлғайту жүргізілді. 2008 жылы зейнетақының ең аз мөлшері 7 900 теңгені, ал базалық зейнетақылық төлемдікі -4 810 теңгені құрады. Бұл әлеуметтік төлемдердің деңгейін алушылардың барлық санаттары үшін арттыруға мүмкіндік берді. Әлеуметтік бағдарламаларды қайта қаржыландыру нәтижесінде зейнетақылық төлемдердің орташа мөлшері 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 675 теңгені, базалық зейнетақылық төлемді есепке алғанда 18 485 теңгені құрады.

Жалпы аурулардан болған мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері 12 533 теңгеге дейін өсті. Асыраушысын жоғалтқан тұлғалардың асырауындағы бір адам үшін жәрдемақы 11 315 теңгеге жетті.

Халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыру шеңберінде 238,2 мың жұмыс орны және 10 мыңнан астам әлеуметтік жұмыс орындары ашылды; 216,6 мың адам немесе көмек сұрап жүгінген адамдардың 87,3 % - ы жұмысқа орналастырылды. 26,4 мың жұмыссыз оқуларын және қайта даярлау курстарын аяқтады, 100,7 мың адам қоғамдық жұмыстарда қатысты.

Өңірлерді ресурстармен тең қамсыздандыру мақсатында республикалық бюджет шығыстарының 27,8 %-ы  трансферттер түрінде облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне жіберілді. Жерлерге 449,1 млрд.теңге субвенция аударылды, оның көлемі демографиялық құрамын, халықтың жасау тығыздығын, климаттық жағдайлары мен басқа да объективтік факторларды ескере отырып, бюджет қызметтерінің тұтынушыларының санына сүйеніп белгіленген. Ағымдағы сипаттағы және дамуға арналған нысаналы трансферттер 476,6 мың теңгені құрады. Бұдан басқа, өңірлерге 92,8 млрд. теңге Үкімет резервінің қаражаты жіберілді, ол жерлердегі төтенше және шұғыл сипаттағы іс-шараларды орындауға пайдаланылды.

Үш жыл бойындағы тұрақты бюджеттік алып қоюлар өңірлерді дамыту бюджеттерін жергілікті бюджеттердің табыс көлемінің құрамдасымен толықтыруға ықпал етті, бұл өңірлердің экономикалық дамудағы, салық әлеуетін кеңейтудегі ынтасын күшейтуге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірлер тұрғын үй салуға және сатып алуға 16,2 млрд.теңге бюджеттік кредиттер, одан 7,9 млрд.теңгесі Астана қаласы бойынша бюджет саласының қызметкерлері үшін және 8,3 млрд.теңгесін салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін барлық өңірлер алды.
1   2   3

Похожие:

Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об утверждении отчёта об исполнении Бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа за 2008 год
Петропавловск-Камчатского городского округа Левченко Т. А. об исполнении бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа за 2008...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об утверждении Отчёта об исполнении Бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа за 2007 год
И петропавловск-Камчатского городского округа Никифорова В. Л. об исполнении Бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакону Чувашской Республики "Об исполнении республиканского бюджета Чувашской Республики за 2011 год"
Источники финансирования дефицита (профицита) республиканского бюджета Чувашской Республики, всего
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакон об исполнении бюджета федерального фонда обязательного медицинского страхования за 2008 год принят
Утвердить отчет об исполнении бюджета Федерального фонда обязательного медицинского страхования (далее Фонд) за 2008 год со следующими...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об утверждении отчета об исполнении бюджета сельского поселения Ивано-Казанский сельсовет муниципального района Иглинский район Республики Башкортостан за 2011 год
«Об утверждении отчета об исполнении бюджета сельского поселения Ивано-Казанский сельсовет муниципального района Иглинский район...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение «12» 04 2012г г. Грозный №20
О назначении публичных слушаний по проекту отчета об исполнении доходной и расходной частей бюджета города Грозного за 2011 год
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об исполнении бюджета муниципального образования посёлок Кадуй за 2011 год
На основании заключения о результатах публичных слушаний от 12 апреля 2012 года и, заслушав отчет об исполнении бюджета муниципального...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconПроекты решений годового общего собрания акционеров ОАО «мрск центра»
Вопрос 1: Об утверждении годового отчета за 2008 год, годовой бухгалтерской отчетности за 2008 год, в том числе отчета о прибылях...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакону Ставропольского края «Об исполнении бюджета Ставропольского краевого фонда обязательного медицинского страхования за 2008 год»
Федеральный закон от 17 июля 1999 года №178-фз «О государственной социальной помощи»
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакону Кировской области «Об исполнении бюджета Кировского областного территориального фонда обязательного медицинского страхования за 2011 год»
Об исполнении бюджета Кировского областного территориального фонда обязательного медицинского
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница