Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год




Скачать 339.54 Kb.
НазваниеПрезентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год
страница3/3
Дата конвертации20.03.2013
Размер339.54 Kb.
ТипПрезентация
1   2   3

2008 жылы салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 84,5 мың шаршы метрі, пәтерлер көлемінің 65,9 мың шаршы метрі, 972 пәтер 1 шаршы метрі 56 515 теңге бағамен пайдалануға енгізілді. Астана қаласында республикалық бюджет кредиттерінің есебінен бюджет саласының қызметкерлері үшін бірінші кезектегі құрылыс жүріп жатыр.

Нысаналы трансферттер шеңберінде өңірлерге мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының жалға берілетін тұрғын үйлеріне 8,7 млрд. теңге жіберілді. 2008 жылы жалға берілетін тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 71,5 мың шаршы метрі, 1 293 пәтер пайдалануға енгізілді. Тұрғын үйлер салынып жатқан аудандардың инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және абаттандыруға, жөндеуге және қайта жаңартуға, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жерсерік қалаларын дамыту бойынша жергілікті бюджеттер 36,6 млрд. теңге алды.

2008 жылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген тұрғын үйлер, үйлердің жалпы көлемінің 53,9 мың шаршы метрі, пәтерлер көлемінің 48,7 мың шаршы метрі, 549 пәтер пайдалануға енгізілді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның ипотекалық компаниясы екінші нарықтан және республикалық бюджеттің кредит қаражаттары есебінен салынған тұрғын үйлерді сатып алуға 44 мыңнан астам азаматтарға 125 млрд.теңге сомада ипотекалық кредит берді.

2008 жылы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 7 315 қарыз алушыға жалпы сомасы 23 млрд.теңге тұрғын үйлік, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздарын берді. Ипотекалық қарыз алу жүгін жеңілдету үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысы қатысушыларының алдын ала тұрғын үй қарыздарын алуларына мүмкіндік беру үшін 23,6 млрд.теңге кредит берілді.

«30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 28 өндірістік және 17 инфрақұрылымдық объектілерді қамтитын, жалпы құны 54 млрд.АҚШ долларлық 45 басым жобалардан өзектендірілген «Базалық тізбе» қалыптастырылған. 2008 жылы 3 жоба пайдалануға енгізілді. Бұл – Теміртау қаласында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сұрыптау - прокаттық өндірісін, Қарағанды қаласында «Silicium Kazakhstan» ЖШС желілік кварцтан металлургиялық кремний өндірісін ұйымдастыруы және Ақтөбе облысындағы Шығыс кен орнының хромдық кенін байыту бойынша тау-кен байыту комбинатының құрылысы. 2008 жылы қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айта алмаймын. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 912 млрд. теңге, оның ішінде:

53,7 млрд.теңгесі – аргоөнеркәсіптік кешенді қолдауға;

95,0 млрд.теңгесі - ипотекалық нарықтағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғау қамтамасыз ету мен құрылыс объектілерін аяқтауға;

70,0 млрд.теңгесі – шағын және орта бизнесті қолдауға;

15,9 млрд.теңгесі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

677,5 млрд.теңгесі – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бөлінді.

«Қазына» және «Самұрық» ең ірі екі мемлекеттік холдингтің қосылуы негізінде дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асырудың негізгі құралдарының бірі болатын «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры құрылды. Бұл ретте холдингтің қолдағы бар активтері Қазатомөнеркәсіптің, Еуразия табиғи ресурстар корпорациясының, Қазақмыстың, Қазақстанның ипотекалық компаниясының, Қазақстанның ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, сондай-ақ жеті әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорация акцияларының мемлекеттік пакеттерімен толықтырылды.

Банктерге сенімді сақтау мақсатында халықтың банктік салымдары бойынша мемлекеттік кепілдік 5 млн. теңгеге дейін арттырылды.

Банк секторы активтерінің сапасын жақсарту және инвесторлардың банктерге сенімін арттыру мақсатында банктердің күмәнді активтерін сатып алу және оларды кейіннен басқару жолымен қазақстан банктерінің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға арналған «Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

Алайда, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еліміздің төрт жүйе құраушы банктер – Халық банкінің, Альянс банкінің, ТӘБ және Қазкоммерцбанкінің капиталына кіруі туралы шешім қабылданғаннан кейін мәжбүрлі шара бола отырып, Стрессті активтер қорының бастапқы тұжырымдамасын іске асыру өзектілігі мағынасын жоғалтты. Қор қажатын әрі қарай пайдалану еліміздің банктік секторындағы тұрақтылықты қолдау жөніндегі ағымдағы міндеттер негізге алына отырып, анықталатын болады.

20 қарашада «Самұрық – Қазына» қорын және «ҚазАгро» холдингін тарта отырып, Үкіметтің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды. Оны іске асыруға 2009-2010 жылдары Ұлттық қордың қаражатынан қаржы секторын тұрақтандыру, тұрғын үй секторын және агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін, шағын және орта бизнесті қолдауға, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға 10 млрд. АҚШ долларын бөлу көзделді.

Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алулар қазақстандық берушілерге басымырақ бағдарланған. Ұзақ мерзімді тапсырыстар кепілдігін беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсетудің жедел шешімін қабылдау үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнама қолданысынан шығарылды.

Экономиканың шикізат емес секторына жалпы жүктемені төмендетуді, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және салықтық рәсімдерді оңайлату есебінен бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсартуды көздейтін жаңа Салық кодексі әзірленді және қабылданды. Мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлату жолымен бизнеске түсетін әкімшілік салмақты азайту көзделеді. Үлестік тұрғын үй құрылысының қатардағы қатысушыларын қолдау бойынша теңдессіз шаралар қабылданды және қабылданады.

Қабылданатын дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды әсер ету көрсеткіші 2008 жылы Қазақстанның 19 жаңа өнеркәсіптік өндірісі қатарға енгізілу, ұзақтығы 224 шақырым Астана-Щучинск алғашқы отандық алты жолақты автобанның ашылу, Ресей аумағы бойынша 82 шақырымдық транзитті қоспағанда, еліміз үшін маңызды жаңа Қазақстанның шығысын орталықпен байланыстыратын Шар-Өскемен темір жол магистралының, болуы мүмкін барлық әуе және басқа объектілерді қабылдау қабілеті бар Алматы әуежайының жаңа ұшу-қону жолағының құрылысының аяқталу фактісі болды. Қабылданған шаралар қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, негізгі макрокөрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау ғана емес, 2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды көзделген міндеттерді іске асыру мүмкіндігін де берді. Атап өткендегідей бюджет шығыстарының көлемі жыл сайын артып келеді, бюджет қаражатын пайдалану саласы кеңеюде, сонымен қатар оларды толық және тиімді пайдалану жауапкершілігі өсіп барады.

2008 жылы көзделген шығыстар 99,6 %-ке орындалды, бұл ақша түрінде 3,7 трлн. теңгені құрады. 2007 жылмен салыстырғанда бюджет шығыстары миллиард теңгеден асқан кезде игерілмеген қаражат сомасы екі есе азайғанына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл ретте, Көлемі миллиард теңгеден астам игерілмеген жоспарлы тағайындалу бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үшеуінде ғана байқалады.

Алдымызда әлі көп отырыстар күтіп тұрғандықтан, мен тек осыларға тоқтаймын. Сонымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы 3,2 млрд. теңгені құрады, одан 2,5 млрд. теңге 2008 жылы электр энергиясын генерациялау көлемінің азаюына және «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ мазутты пайдалану үлесінің төмендеуіне байланысты; 0,6 млрд. теңге – «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ «Теңіз ойпатындағы Мұзбел учаскесі шегінде іздестіру-бағалау жұмыстары» объектісі бойынша геологиялық ғимаратты толық көлемді орындамау нәтижесінде игерілмеді.

Денсаулық сақтау министрлігі 1,7 млрд. теңге, оның ішінде 1,1 млрд. теңге – жоғары оқу орындары жанындағы көп бейінді клиника объектілерін және Алматы қаласындағы 100 төсектік кардиохирургия орталығының құрылысына ЖСҚ дайындаудың кідіруіне байланысты денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша игерілмеді; Астана қаласындағы диагностикалық орталық құрылысының құны қымбаттауы - ядролық технологияларды қолдана отырып, бірегей медицина жабдығын монтаждауға байланысты; 0,1 млрд. теңге – «Астана қаласындағы Бейбітшілік көшесі бойынша Қазақ мемлекеттік медицина академиясын кеңейту және қайта жаңарту» объектісі бойынша мемлекеттік комиссия оны пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойғанға дейін жұмыстар құнының 5 %-ін төлемеуге байланысты төлемеуге байланысты білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша; 0,2 млрд. теңге – жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіби медицина білімі бар мамандар даярлау шеңберінде оқитын іс жүзіндегі контингенттің төмендеуі салдарынан.

Қаржы министрлігі Үкімет резервтерінің бөлінбеген қалдықтарын ескермегенде түгел пайдаланбаған қаражат көлемі 1,2 млрд. теңгені құрады, одан: 0,7 млрд. теңге соттың анықтауы негізінде электрондық үкіметті құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде компьютер сатып алуға арналған шартты бұзуға байланысты; 0,1 млрд. теңге – берушілер электрондық қызмет көрсетулерді іске асыру, ақпараттық жүйелердің жұмысын дамыту және кеңейту жөніндегі міндеттемелерді орындамауы салдарынан, сондай-ақ консалтинг нәтижелерін шығарғанға дейін интеграциялық шлюзді уақытынан бұрын құру туралы шешім қабылдауға байланысты Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде; 0,2 млрд. теңге – салық қызметі органдары үшін әкімшілік ғимараттардың құрылысын салуға арналған шарттардың кеш жасалуына байланысты пайдаланылмады.

2008 жылдың қорытындылары бойынша жоспарланған 334,4 млрд. теңге кезінде тапшылық 327,5 млрд. теңге қалыптасты.

Оны қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес 477,3 млрд. теңге мөлшерінде ішкі және сыртқы қарыз алу және 15 млрд. теңге бюджет қаражатының бос қалдықтарын пайдалану есебінен жүзеге асырылды.

Ішкі нарықта мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың жалпы көлемі 465 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, қысқа мерзімді бағалы қағаздар жалпы орналастыру көлемінің 41,5 %-ін, орта мерзімді – 27,5 %-ін, ұзақ мерзімді – 31 %-ін құрады. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар құрылымында 60 %-ін МЕУЖКАМ – кірістілігі инфляция индексіне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған қазынашылық жинақтау міндеттемелері құрады.

Халықаралық капитал нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру 2008 жылы жүзеге асырылған жоқ.

Халықаралық қаржы ұйымдарында және шетелдік мемлекет үкіметтерінде сырттай қарыз алу көлемі 2008 жылы 12,1 млрд. теңгені құрады.

Сыртқы қарыз қаражаты экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыруға: автожол саласын қайта құрылымдауға, сумен жабдықтауды және кәріздеуді дамытуға, ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекелестік қабілетін арттыруға, Сырдария өзенінің арнасын реттеуге, Нұра өзенін тазалауға, ормандарды сақтауға және орманды молайтуға бағытталған.

Үкіметтік борышты өтеу 2008 жылы 164 млрд. теңге көлемінде, оның ішінде 7 млрд. теңге жүргізілді.

Үкіметтік борыш 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 015 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-нің 6,4%-ін құрады.

Қорыта келе, құрметті депутаттар, сіздерді қызықтырып отырған барлық мәселелерді қамтитын жауаптар дайындау үшін бар күшімізді саламыз дегім келеді және 2008 жылғы республикалық бюджетті атқару туралы есепті талқылау жемісті және тиімді болатынына сенеміз.
Назарларыңызға рахмет.



1   2   3

Похожие:

Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об утверждении отчёта об исполнении Бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа за 2008 год
Петропавловск-Камчатского городского округа Левченко Т. А. об исполнении бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа за 2008...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об утверждении Отчёта об исполнении Бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа за 2007 год
И петропавловск-Камчатского городского округа Никифорова В. Л. об исполнении Бюджета Петропавловск-Камчатского городского округа...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакону Чувашской Республики "Об исполнении республиканского бюджета Чувашской Республики за 2011 год"
Источники финансирования дефицита (профицита) республиканского бюджета Чувашской Республики, всего
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакон об исполнении бюджета федерального фонда обязательного медицинского страхования за 2008 год принят
Утвердить отчет об исполнении бюджета Федерального фонда обязательного медицинского страхования (далее Фонд) за 2008 год со следующими...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об утверждении отчета об исполнении бюджета сельского поселения Ивано-Казанский сельсовет муниципального района Иглинский район Республики Башкортостан за 2011 год
«Об утверждении отчета об исполнении бюджета сельского поселения Ивано-Казанский сельсовет муниципального района Иглинский район...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение «12» 04 2012г г. Грозный №20
О назначении публичных слушаний по проекту отчета об исполнении доходной и расходной частей бюджета города Грозного за 2011 год
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconРешение Об исполнении бюджета муниципального образования посёлок Кадуй за 2011 год
На основании заключения о результатах публичных слушаний от 12 апреля 2012 года и, заслушав отчет об исполнении бюджета муниципального...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconПроекты решений годового общего собрания акционеров ОАО «мрск центра»
Вопрос 1: Об утверждении годового отчета за 2008 год, годовой бухгалтерской отчетности за 2008 год, в том числе отчета о прибылях...
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакону Ставропольского края «Об исполнении бюджета Ставропольского краевого фонда обязательного медицинского страхования за 2008 год»
Федеральный закон от 17 июля 1999 года №178-фз «О государственной социальной помощи»
Презентация отчета об исполнении республиканского бюджета за 2008 год iconЗакону Кировской области «Об исполнении бюджета Кировского областного территориального фонда обязательного медицинского страхования за 2011 год»
Об исполнении бюджета Кировского областного территориального фонда обязательного медицинского
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница