Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның




Скачать 52.99 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның
Дата конвертации20.11.2012
Размер52.99 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның

2011 жылғы “___” ___________

____ бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің

Адамның адамгершілік-рухани дамуы басқармасы туралы

Ереже


  1. Жалпы ережелер


1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет) ережеге сәйкес әзірленді.

2. Адамның адамгершілік-рухани дамуы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Комитеттің бекітілген құрылымына сәйкес құрылымдық бөлімшелері болып табылады және өз қызметінде Комитет төрағасы мен оның орынбасарына бағынады.

3. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің кесімдерін, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, Министр мен Төраға бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Басқарманың міндеттері мен функциялары
4. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары:

1) Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын, “Қазақстан Респуликасындағы бала құқықтары туралы”, “Неке және отбасы туралы”, “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңдарын, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру;

2) қоғамның адамгершілік-рухани дамуы және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу;

3) “Өзін-өзі тану” білім беру бағдарламасы, «Қоғамға қызмет ету» жобасы, «Балаға мейірімді қала» бастамасы және тағы да басқа адамгершілік рухани-рухани тәрбие бойынша бағдармаламар төңірегінде өз құзыреті шегінде министрліктер және ведомстволармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрлік пен Комитеттің құрылымдық бөлімшелермен, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

4) өңірлердегі Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне ересектер мен балалар арасында жалпы адамзаттық адамгершілік-рухани құндылықтарының ең озық тәжірибесі мен салтын тарату жөніндегі іс-шараларды жүргізуге асыруға ықпал ету;

5) баланың жеке тұлғасының адамгершілік-рухани дамуына, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұжырымдамаларын, бағдарламаларын және жобаларын жүзеге асыру;

6) балалардың өмір сапасын жақсарту мақсатында балалардың адамгершілік-рухани дамуы саласында барлық мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыттау;

7) адамгершілік-рухани дамуына бағытталған балалар әлеуметтік бастамашылықтарының қызметін үйлестіру және қолдау;

8) адамгершілік-рухани дамуына, өзін-өзі іске асыруға және балалардың қоғамға сәтті кірігуіне қызметтері бағытталған ұйымдар жүйесін дамытуға кжәрдемдесу;

9) қоғамның адамгершілік-рухани даму идеясын тарату бойынша ақпараттық-түсіндірме және ағартушылық қызметі;

10) қоғамның адамгершілік-рухани дамуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

11) отбасыларға, балаларға және жастарға адамгершілік-рухани ағартушылық мәселесінде кеңестік құқықтық, психологиялық көмек көрсету;

12) қоғам мен балалардың адамгершілік-рухани дамуын жақсарту жөніндегі шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;

13) мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың, Комитеттің құрылымдық бөлімшелер мәліметтерінің негізінде қоғамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша зерттеу және талдау жүргізуді ұйымдастыру;

14) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер жөнінде анықтамалар, баяндамалар, сөйлейтін сөздер, мақалалар, есептер дайындау;

15) Комитеттің web – сайт жұмысын ұйымдастыру;

16) Басқарма құзыреті шегінде ұйымдар мен азаматтардың хаттарын, шағымдарын мен ұсыныстарын қарап, осылар бойынша қажетті шаралар қолдану.

3. Басқарма құқықтары
5. Басқарма өз құзыреті шегінде негізгі міндеттерін және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында мыналарға құқылы:

1) балалар мен қоғамның адамгершілік-рухани дамуы жөнінде мәселелердегі Комитеттің қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге;

2) балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі жөніндегі мәселелермен айналысатын әр түрлі мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

3) Басқармаға жүктелген мәселелерді шешу үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, өңірлердегі Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен сұрау және қабалдауға;

4) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсінік беруге;

5) балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі жөнінде баспа қызметін жүзеге асыруға;

6) балалар, жастар қоғамдық қозғалыстарының қызметін үйлестіру бойынша Басқарманың негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін мониторинг өткізуге;

7) белгіленген тәртіппен өскелен ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша жобаларды әзірлеу үшін ғылыми және басқа да ұйымдарды, сонымен қатар ғалымдарды, мамандарды және сарапшыларды тартуға;

8) Қазақстан халқының жалпы адамзаттық және этникалық құндылықтарын дамыту бойынша қорытындылау және оң нәтижесін таратуға;

9) Басқарма құзыретіне жататын құжаттардың уақытылы орындалуына бақылау жасауға;

10) Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінен қажетті құжаттар және басқа мәліметтер сұрауға;

11) Комитеттің іс-шараларын өткізуге қатысуға.

4. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру
6. Басқарма бастығы конкурс негізінде Комитет төрағасының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

Басқарма бастығы басқармаға басшылықты жүзеге асырады және осы Ереже айқындаған Басқарманың міндеттері мен функцияларын орындауға, ұжымдағы моральдік психологиялық жағдайға дербес жауапты болады.

7. Басқарма бастығы:

1) Басқарма қызметіне басшылықты жүзеге асырады, негізгі бағыттарды, нысандарды және әдістерді анықтайды, Басқарма құзыретіне жататын міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

2) Басқарма туралы Ережені әзірлейді және бекіту үшін ұсынады;

3) Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

4) Басқарма туралы Ережеге және іс-жүргізуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқа құқықтық актілерге сәйкес Басқарма жұмысын ұйымдастырады;

5) Министрлік, Комитет басшылығының жұмыс жоспары мен тапсырмаларын уақытылы сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

6) жоғарғы бағыныстағы ұйымдарға жіберілетін шығыс құжаттардың дұрыс рәсімделуін қадағалайды және қол қояды.

8. Басқарма қызметкелерінің өкілеттігі басқарма алдында тұрған мақсаттары және міндеттерімен, нақты лауазымдық міндеттері және құқықтары Комитеттің төрайымы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.
5. Басқарма қызметкерлерінің жауапкершілігі

9. Басқарма бастығы, Басқарма қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру жұмыстарының жағдайына, балалар мен ересектердің адамгершілік-рухани тәрбиесі мәселелері жөнінде өңірлердегі қызметті үйлестіруге жауапты болады.

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның icon«22» қыркүйектегі №77-Ө бұйрығымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Атырау облысының «Балалардың құқықтарын қорғау департаменті»
Республикасы Білім және және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті төрағасының 2009 жылғы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы туралы ережесі
Дың құқықтарын қорғау басқармасы (бұдан әрі-басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңнамаларды, Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconМезгілі: 25. 11. 2008 ж. Тапсырыс беуші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мм
Тапсырыс беуші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconМерзімі: 27 шілде 2009 ж. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мм, Қостанай қаласы, Амангелді, 93Б үй
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы туралы ережесі
Республикасы Конституциясын, заңнамаларды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық нормативтік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Орынбор көшесі, №8 үй, 10 кіреберіс
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconЖихаз жөндеу қызметтері баға ұсыныстары сұранысы арқылы сатып алулардың қорытындысы бойынша шешім
...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconМемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру 04. 12. 2009г г. Актобе Тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қр білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымның iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница