«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»




Название«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
страница1/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасы бойынша салыстырма кесте




Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі


Қолданылып жүрген редакция


Ұсынылып отырған редакция


Негіздеме

1.

5-бап

5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.

5-бап. Қазақстан Республикасындағы сот ісін жүргізуді және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар

Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.

Жоғары Сот Кеңесінің ролін күшейту мақсатында. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 1-бабына сәйкес Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен және оларға қол сұқпау кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

2.

6-бап

6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.

2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi .

3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы негiзiнде Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгiлейдi.

6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.

Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.

2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi .

3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынысы негiзiнде Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.

Қайта ұйымдастыру ретінде заңды тұлғаны біріктіру, қосылу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру түсініледі. Осы аталған әрекеттердің бірде-бірі соттардың қайта аталуына қолданылмайды.

Жоғары Сот Кеңесінің ролін күшейту мақсатында. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 1-бабына сәйкес Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен және оларға қол сұқпау кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

3.

9-бап

9-бап. Аудандық соттыѕ төрағасы

1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;

2) аудандық соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi;

3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi;

6) өкiмдер шығарады;

7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

9-бап. Аудандық соттыѕ төрағасы

1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) аудандық соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;

3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi;

6) өкiмдер шығарады;

7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.




4.

10-бап

10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi .

Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.

10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру

1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.

2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi .

Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың және Жоғары Сот Кеңесінің төрағасымен келісім бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Қайта ұйымдастыру ретінде заңды тұлғаны біріктіру, қосылу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру түсініледі. Осы аталған әрекеттердің бірде-бірі соттардың қайта аталуына қолданылмайды.

Жоғары Сот Кеңесінің ролін күшейту мақсатында. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 1-бабына сәйкес Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен және оларға қол сұқпау кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

5.

11-баптың

3-тармағы

11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы

1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.

2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

3. Облыстық соттың органдары:

1) жалпы отырыс;

2) апелляциялық сот алқасы;

3) кассациялық сот алқасы болып табылады.

4) жоқ
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.
4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.

5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.

11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы

1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.

2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

3. Облыстық соттың органдары:

1) жалпы отырыс;

2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы;

3) қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы;

4) кассациялық сот алқасы.

Апелляциялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.

Кассациялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын облыстық сот төрағасы басқарады.

4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді.

5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.

Осы түзету Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съезінде берілген мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің жанындағы құқық қорғау және іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және оны қолдану практикасын талдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының 2011 жылғы 31 наурыздағы хаттамасын іске асыруға бағытталған.

Мемлекет Басшысы Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мүшелері, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында меншік құқығын қорғау, нарықтың экономика жүйесін нығайту мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап көрсетті.

Бұдан басқа, соңғы он жылда республикада болған әлеуметтік-саяси және экономикалық сипаттағы өзгерістер, нарықтық қатынастарды экономикаға енгізу, экономикалық үдерістерді басқарудың әкімшілік-жоспарлы әдістерінен бас тарту, кәсіпкерлік және заңмен тыйым салынбаған өзге де экономикалық қызмет үшін өзінің қабілеті мен мүлкін еркін пайдалануға әркімнің құқығын конституциялық тұрғыда бекіту істерді неғұрлым сапалы қарау үшін қаржы және экономикалық істер жөніндегі алқалардың құру қажеттігін көрсетеді.

6.

14-бап

14-бап. Облыстық соттың төрағасы

1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:

1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) сот алқасының және мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья қызметіне кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;

8) өкімдер шығарады;

9) облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасы төрағаның міндетін уақытша атқаруды облыстық соттың сот алқасының төрағасына (судьясына) жүктейді. Облыстық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда міндеттердің атқарылуын жүктеуді облыстық соттың төрағасы жүзеге асырады.

14-бап. Облыстық соттың төрағасы

1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:

1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) кассациялық сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;

5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья қызметіне кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады;

8) өкімдер шығарады;

9) облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біреуіне жүктейді. Бұл ретте кассациялық алқа отырыстарында төрағалық ету облыстық соттың кассациялық алқасының судьясына жүктеледі.

Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда төрағаның міндетін уақытша орындау облыстық соттың кассациялық алқасының судьясына жүктеледі.

3. Облыстық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда міндеттерін атқаруды жүктеуді облыстық соттың сот алқалары төрағаларының біреуі жүзеге асырады. Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда төрағаның міндетін уақытша орындау облыстық соттың судьясына жүктеледі.



Кассациялық саты облыстық деңгейдегі соңғы сот сатысы болып табылады.

Облыстық сотты төраға басқарады, тиісінше ол кассациялық алқаны да басқаруы тиіс.


Облыстық сот құрылымына үш апелляциялық сот алқасының енгізілуіне байланысты.


7.

15-баптың

1-тармағы

15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы

1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот алқасы судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады;

2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;

3) сот төрағасына мамандандырылған құрам жасақтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

5) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы хабарлама ұсынады;

6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы

1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;

3) сот төрағасына мамандандырылған құрам жасақтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

5) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы хабарлама ұсынады;

6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.




8.

16-баптың

1-тармағы

16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы

1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:

1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) алынып тасталды

3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысы қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi;

6) облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

7) облыстық соттың судьясы, аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;

8) уәкiлеттi органға облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысын қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;

9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;

9-1) сот төрелiгiн iске асыру бойынша төмен көрсеткіштері бар немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;

10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы

1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:

1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) алынып тасталды

3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысы қызметiне тағайындауға келiсiмiн бередi;

6) облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

7) облыстық соттың судьясы, аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды;

8) уәкiлеттi органға облыстық сот, Астана және Алматы қалалары соттары кеңсесінің басшысын қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi;

9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;

9-1) сот төрелiгiн iске асыру сапасы төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;

10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.



  1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 55 баптар)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына
Ның 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және судьяның орнынан түсуін тоқтату туралы
Мен судьяларының мәртебесі туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5-тармақтарына,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница