«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»




Название«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
страница2/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

9.

17-баптың

2-тармағы

17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi

2. Жоғарғы Сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;

2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;

3-1) жоқ;

4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. жоқ.

17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi

2. Жоғарғы Сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;

2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

3) сот практикасы мәселелерін түсіндіретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

3-1) жергілікті және басқа да соттардың төрағалары және сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Сот судьялары және сот алқалары төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады;

4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Кадр резервімен жұмысты құру және ұйымдастыру тәртібін Жоғарғы Соттың Төрағасы бекітеді.

Түзетулер арқылы басшы судья лауазымдарына кадр резервін енгізу мәселелерін реттеу ұсынылады.

Кадр резервімен жұмыс жүргізу қажеттігін мемлекет Басшысы Үкімет мүшелері, әкімдер, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» ХДП мен «Самұрық-Қазына». ҰӘҚ қатысқан 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңесте сөз сөйлеу барысында атап өтті.

10.

20-бап

20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы

1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:

1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;

2) сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы және заңда көзделген негiздемелер бойынша қадағалау тәртiбiмен сот актiлерiн қайта қарау туралы ұсыныс жасау мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;

5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi;

6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;

6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;

8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;

9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;

9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді;

9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;

11) өкiмдер шығарады.

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:

1) алып тасталды

2) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді;

3) жергілікті және басқа соттардың жалпы отырыстарының шешімі негізінде аудандық соттардың төрағалары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;

3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметіне кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды және уәкілетті органның қызметкерлерін мемлекеттiк наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;

7) Республика судьяларына "Құрметтi судья" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;

8) алып тасталды

9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы

1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:

1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;

2) сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерін түсіндіретін Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар және заңда көзделген негiздемелер бойынша қадағалау тәртiбiмен сот актiлерiн қайта қарау туралы ұсынымдарды енгiзедi;

5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi;

6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;

6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;

8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;

8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді;

9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;

9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді;

9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;

11) өкiмдер шығарады.

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:

1) алып тасталды

2) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді;

3) жергілікті және басқа соттардың жалпы отырыстарының шешімі негізінде аудандық соттардың төрағалары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;

3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметіне кандидатураларды балама негізде Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;

4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;

5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды және уәкілетті органның қызметкерлерін мемлекеттiк наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;

7) Республика судьяларына "Құрметтi судья" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;

8) алып тасталды

9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Түзілген бос орындарды жедел орналастыру, сондай-ақ жалпы судьялардың жүктемесін тең ұстау қажеттігін ескере отырып, жергілікті соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Төрағасының шешімі бойынша ауыстыру мүмкіндігі көзделеді.

Бұрын осы ереже «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2694 Конституциялық заң күші бар Президент Жарлығында көзделген, яғни облыстық соттардың судьялары, аудандық (қалалық) соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерінің аға судьялары Әділет министрінің шешімі бойынша ауыстырылуы мүмкін.



11.

21-баптың

1-тармағы

21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы

1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

1-1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;

4-1) жоқ;

5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы

1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

1-1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;

4-1) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


Бүгінгі таңда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратындығын ескере отырып, осы ережені Конституциялық заңда бекіту қажет деп пайымдаймыз.

12.

22-баптың

1-тармағы

22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы

1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:

1) Жоғарғы Сот Тґрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот тґрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

3) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер береді, нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетiлдiру жґнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3-1) заңға сәйкес сот iстерiн қадағалау тәртiбiмен қарайды;

4) Жоғарғы Соттың сот алқалары тґрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;

6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды талқылайды және тиісті қорытындылар шығарады;

7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды;

7-1) сот төрелiгiн iске асыру бойынша төмен көрсеткіштері бар немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;

7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;

8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы

1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:

1) Жоғарғы Сот Тґрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;

2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот тґрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

3) сот практикасы мәселелерiн түсiндiретін нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетiлдiру жґнiнде ұсыныстар енгiзедi;

3-1) заңға сәйкес сот iстерiн қадағалау тәртiбiмен қарайды;

4) Жоғарғы Соттың сот алқалары тґрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;

6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды талқылайды және тиісті қорытындылар шығарады;

7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды;

7-1) сот төрелiгiн iске асыру сапасы төмен немесе сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриiне беру туралы мәселенi талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиiстi шешiм шығарады;

7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;

8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.




13.

23-баптың

1-тармағы


23-бап. Судья мәртебесi

1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.

Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот билiгiн жүргiзушi болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

23-бап. Судья мәртебесi

1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.

Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды тұлғасы болып табылады.

Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы  (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру  жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын іске асыру мақсатында жергілікті соттар судьяларының 378 штат бірлігі қысқартылды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 24-бабына сәйкес мемлекеттік органның штаты (саны) қысқарған жағдайда мемлекеттік қызметшiге мемлекеттік органдардағы жұмыс стажы үш жылдан кем болмаған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде шығу жәрдемақысын төлеу жүргiзiледi.

Практикада штат санын қысқарту кезінде судьяларға өтемақы төлеу мәселелерінде бір айдағы орташа жалақысының мөлшерінде төлеу көзделетін Еңбек кодексінің ережелері басшылыққа алынды.

Дегенмен, біздің көзқарасымызша, судьялар мемлекеттің ерекше мәртебесі бар лауазымды адамдары болып табылады.

14.

29-бап

29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

1. Аудандық соттың судьясы болып:

жиырма бес жасқа толған;

жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар;
1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 55 баптар)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына
Ның 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және судьяның орнынан түсуін тоқтату туралы
Мен судьяларының мәртебесі туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5-тармақтарына,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница