«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»




Название«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
страница3/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

біліктілік емтиханын, оның ішінде мамандандырылған магистратурада тапсырған;

медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;

сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген адамдарға тағылымдамадан өту талап етiлмейдi.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде жиырма жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

4. Судьялыққа кандидаттар тұрақты негізде сотта тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.


.

29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

1. Аудандық соттың судьясы болып:

жиырма бес жасқа толған;

жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар;

біліктілік емтиханын тапсырған. Мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдар оқуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде емтихан тапсырудан босатылады;

медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;

сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген адамдарға оқу аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде тағылымдамадан өту талап етiлмейдi.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде жиырма жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

4. Судьялыққа кандидаттар сотта тағылымдамадан өтеді, оның ішінде тұрақты негізде де тағылымдамадан өтеді. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.

Біліктілік емтиханын тапсырған және заң мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс стажы бар адамдар ерекше жағдайда Жоғары Сот Кеңесінің шешімімен тағылымдамадан өтуден босатылуы мүмкін.


1. Қазіргі кезде мамандандырылған магистратурада оқуын бітірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырмайды және тағылымдамадан өтпейді.

Сонымен бірге, оқуды бітірген сәттен бастап олардың білімінің көлемі мен деңгейі қолданыстағы заңнама тұрақты ауысып тұратындықтан, өзгереді.

Атап айтқанда, кемінде үш жыл тұрақты судья боп жұмыс істеген адамдар да жұмыстан шыққан күннен бастап алты жылдың ішінде ғана біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. Осы мерзім өткен соң, олар жалпы негіздерде емтихан тапсырады. Емтихан нәтижелерін қолданудың осындай мерзімі ЖСС жанындағы Біліктілік комиссиясында оны тапсырған адамдарға да көзделген.

Осыған байланысты, магистранттар үшін тағылымдама мен емтихан нәтижелерінің жарамды болуының шектеусіз мерзімін белгілеу мағынасы түсініксіз.

Бұдан басқа, магистратурада оқу оларды, мысалы, мемлекеттік қызметке кіру кезінде тест емтиханын тапсырудан босатпайды, ал үміткерлер үшін заңнама үнемі өзгеріп тұрады.

Судьялыққа кандидаттарға арналған жоғары өлшемдер мен стандарттар әзірлеу туралы тапсырманы Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде мемлекет Басшысы берді.

2. Қазіргі кезде жалпы отырыс, егер ол осы облыстық соттың судьясы немесе әр судьяға жақсы таныс болған жағдайда ғана кандидатқа толық және объективті баға бере алады.

Басқа жағдайларда жалпы отырыстың бағалары кандидаттардың ұсынған құжаттарының негізінде жүзеге асырылады және толық әрі объективті бола алмайды.

Осыған байланысты, жалпы отырыстың теріс қорытындысын алған кандидаттарға қатысты материалдарды қарау құқығын ЖСК-ға қалдырған дұрыс деп пайымдаймыз.

15.

30-бап


30-бап. Судья қызметіне кандидаттарды iрiктеу

1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.

2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

3. Аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы қызметіне кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.

Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Соттың Төрағасы, судьясы қызметінің бос орындарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

30-бап. Судья, сот төрағасы, сот алқасы төрағасы қызметіне кандидаттарды iрiктеу

1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етіледі.

2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.

Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

3. Аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі балама негізде қарайды.

Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі балама негізде қарайды.

Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы қызметіне кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.

Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Соттың Төрағасы, судьясы қызметінің бос орындарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.




11.

31-бап

31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

3. Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.

5. Жергілікті және басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.

5-1. жоқ.

6. алынып тасталды

7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиiстi сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, судьялардың жалпы саны қысқартылған кезде осы соттың судьялары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкiн.



31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

3. Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.

5. Аудандық соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үш жыл мерзiмге тағайындайды.

5-1. Облыстық соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.

6. алынып тасталды

7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиiстi сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың төрағасы және сот алқаларының төрағалары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны өзгерген кезде осы соттың судьялары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкiн.

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін аудандық сот төрағаларының өкілеттік мерзімін үш жылға дейін қысқарту ұсынылады.

Егер олар осы немесе бұрынғы қызметтеріне сайланбаса немесе тағайындалмаса, және Жоғарғы Сотта судьялардың бос орны болмаса, Жоғарғы Сот Төрағасының және сот алқаларының төрағаларының құқықтық жағдайын реттеу. Қазіргі кезде бұл олқылық реттелген жоқ.


Жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін реттеу мақсатында оларды Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оларды тағайындау көзделеді.

Нормаларды нақтыландыру


17.

33-баптың

1-тармағы

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру

1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;

2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;

3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi болса;

3-2) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын қызметіне сәйкес келмейтіні туралы Сот жюриінің қорытындысы болса.

Судьяның өкілеттіктері тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметіндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады;

4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру

1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;

2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;

3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот жюриінің шешiмi болса;

4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.




18.

34-бап

34-бап. Судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн тоқтату

1. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:

1) судья орнынан түскенде;

1-1) судья өз тiлегi бойынша қызметiнен босағанда;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;

3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;

4) осы судьяға қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;

6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;

7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

8) соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы немесе судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келiсiмiн бермесе;
1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 55 баптар)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына
Ның 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және судьяның орнынан түсуін тоқтату туралы
Мен судьяларының мәртебесі туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5-тармақтарына,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница