«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»




Название«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
страница5/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

38-бап. Судьялардыѕ тјртiптiк-бiлiктiлiк алќалары

Судьяныѕ орнынан түсу ќўќыєын жјне оны тоќтатуды растау үшiн, сондай-аќ судьялардыѕ тјртiптiк жауапкершiлiгi мјселелерiн шешу не судьяныѕ ґкiлеттiгiн тоќтату үшiн, осы Конституциялыќ заѕмен кґзделген жаєдайларда, Республикалыќ жјне облыстыќ тјртiптiк-бiлiктiлiк алќалары ќўрылады.

      Тјртiптiк-бiлiктiлiк алќаларын ќўру жјне оныѕ жўмысын ўйымдастыру тјртiбi, сондай-аќ тјртiптiк iстердi ќарау тјртiбi Ќазаќстан Республикасыныѕ Президентi бекiтетiн Ережемен аныќталады.

алып тасталсын




23.

38-1-бап

38-1-бап. Сот жюриi

Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау үшiн жетi судьядан тұратын Сот жюриi құрылады.

Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi Сот жюриiнде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшiн негiз болып табылады.

Сот жюриiнде материалдарды қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережеде айқындалады.


38-1-бап. Сот жюриі

1. Жұмыс iстеп жүрген судьяның кәсiби жарамдылығын анықтау, судьяның орнынан түсу және оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді, тәртіптік істерді қозғау туралы мәселені қарау үшін он бір судьядан тұратын Сот жюриi құрылады.

2. Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi немесе облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Сот Төрағасының немесе Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының ұсынымы Сот жюриiнде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшiн негiз болып табылады.

Сот жюриiнде материалдарды, тәртіптік істерді қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережеде белгіленеді.

1. Нормаларды нақтыландыру. Практикада Сот жюриінің шешіміне қарамастан, Жоғарғы Соттың Төрағасы өзге негіздер (өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты) судьяны қызметінен босату туралы ұсыным енгізетін оқиғалар болуы мүмкін.

2. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 2-бабына сәйкес судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмауына кепілдік қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, Кеңеске теріс себептермен судьяларды босату туралы шешімдердің күшін жою құқығын беру ұсынылады. Бұл судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдіктерін күшейтуге, судьяларды теріс негіздермен қызметінен негізсіз босату оқиғаларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.

26.

44-бап

44-бап. Тәртiптiк iстер бойынша қабылданатын шешiмдер

Тәртiптiк iс жөнiндегi тәртiптiк-бiлiктiлiк алқа:

1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;

2) тәртiптiк iс жүргiзудi қысқарту туралы;

3) алып тасталды

4) төменгi тұрған тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаның шешiмiн өзгерту не оның күшiн жою және iстi жаңадан қарауға жiберу туралы не шешiмдi өзгерiссiз қалдыру туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.


44-бап. Сот жюриінің шешiмдері мен қорытындылары

1. Сот жюриі тәртiптiк iс бойынша:

1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртiптiк жаза қолдану туралы;

2) тәртiптiк iс жүргiзудi қысқарту туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

2. Сот жюриі кәсіби біліктілігіне күмән келтірілген судьяға қатысты материалдарды қарау кезінде:

1) оның атқарып отырған қызметіне сәйкестігі туралы;

2) судьяның кәсіби биліктілігін арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау (судьяны оқуға жіберу, судьяға тәлімгерлік белгілеу, жоғары тұрған сотта тағылымдама ұйымдастыру және басқа) туралы;

3) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқарып отырған қызметіне сәйкес келмеуі туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.

3. Сот жюриінің шешімі мен қорытындысы Жоғарғы Сот Төрағасының судьяны қызметтен босату туралы тиісті ұсынымды Жоғары Сот Кеңесіне енгізу үшін негіз болып табылады.

4. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны қызметінен босатуға кепілдеме беруінен бас тартуы Сот жюриі шығарған шешімнің немесе қорытындының күшін жоюға және оны қайта қарауға негіз болып табылады.

Нормаларды нақтыландыру.

Практикада тәртіптік-біліктілік алқасының шешіміне қарамастан, Жоғарғы Соттың Төрағасы өзге негіздер (өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты) судьяны қызметінен босату туралы ұсыным енгізетін оқиғалар болуы мүмкін.


27.

45-бап.

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.

2. Судья мiнсiз тәртiбiмен өз мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алынуы мүмкiн.

Тәртiптiк жазаны берген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.

45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi

1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.

2. Судья мiнсiз тәртiбiмен өз мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн Сот жюриі оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.

Тәртiптiк жазаны берген тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.




28.

46-бап

46-бап. Тәртiптiк-бiлiктiлiк алқаларының шешiмдерiне шағымдану

1. Облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмiне өзiне қатысты шешiм шығарылған судья Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасына шағымдануы мүмкiн.

2. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.


Алып тасталсын


Ұсынылып отырған түзету судьяға да, тәртіптік-біліктілік алқасына судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселемен жүгінген адамға да бірдей құқықтар береді. Қазіргі кезде, судьяға қатысты өте жеңіл жаза берілген жағдайда, оған шағымдану үшін құқықтық негіздер жоқ.

Заңның 2-бабына сәйкес судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмауына кепілдік қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, Кеңеске теріс себептермен судьяларды босату туралы шешімдердің күшін жою құқығын беру ұсынылады. Бұл судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмау кепілдіктерін күшейтуге, судьяларды теріс негіздермен қызметінен негізсіз босату оқиғаларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.

29.

49-бап

49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.

2. жоқ

49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары

1. Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емдеу орнына жетуге және кері қайтуға судьяның және оның отбасы мүшелерінің жол жүру құнының шығыстары өтеліп, судьяларға сауықтыру үшiн екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.

2. Судьяға оның заң кәсібі бойынша еңбек стажы ескеріліп:

5 жылдан 10 жылға дейін – 5 жұмыс күні;

10 жылдан 15 жылға дейін – 10 жұмыс күні;

15 жылдан астам – 15 жұмыс күні жыл сайынғы қосымша ақысы төленетін демалыс беріледі.

Судьялардың жеке жағдайына әсер ететін жүктеменің артықтығын ескере отырып, жұмыстың жауапты да күрделі болуына байланысты жұмыс стажын ескеріп, қосымша демалыс берген дұрыс деп пайымдаймыз.

«Құқық қорғау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380 Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарына қарай ақысы төленетін қосымша демалыс беріледі.

«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407 Заңмен мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне ғылым докторлары үшін ұзақтығы елу алты күнтізбелік күн, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейінділігі бойынша докторлар үшін қырық екі күнтізбелік күн, өзге де ғылыми қызметкрелер үшін отыз бес күнтізбелік күн ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру көзделеді.

30.

51-бап

51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс iстеген судьялардың тұрақты тұруға арналған қызметтiк тұрғын үйi оның қалауы бойынша қалдық құны бойынша сатып алынуы мүмкiн.


3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.

51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету

1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс iстеген судьялардың тұрақты тұруға арналған қызметтiк тұрғын үйi оның қалауы бойынша қалдық құны бойынша сатып алынуы мүмкiн.

Судьяларға қызметтік тұрғын үйді беру және оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік қамсыздандыру түрі екендігін ескеріп, судьяларға қызметтік тұрғын үй беру және сатып алу тәртібін уәкілетті орган басшысының өкімімен айқындау қажет деп пайымдаймыз.

31.

55-1-бап

55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi кепiлдiктерден айыру

Судья өзiнiң қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi бойынша оның өкiлеттiктерi тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығына байланысты Сот жюриiнiң қорытындысы бойынша:

1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен;

2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.

55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi кепiлдiктерден айыру

Судья өзiнiң қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты Сот жюриінің шешiмi бойынша оның өкiлеттiктерi тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығы туралы қорытынды бойынша:

1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен;

2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.






1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 55 баптар)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына
Ның 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан...
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және судьяның орнынан түсуін тоқтату туралы
Мен судьяларының мәртебесі туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5-тармақтарына,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница