Дене шынықтыру және спорт туралы




Скачать 421.56 Kb.
НазваниеДене шынықтыру және спорт туралы
страница2/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер421.56 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5
қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді

8-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау

1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлері бойынша қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттауды жүзеге асырады.

2. Спортта қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.

3. Журналистердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкілдерінің спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның ішінде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсіру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын өткізу кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жарнамалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ұйымдастырушылар мен жарнама қызметі субъектілерінің арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жүйесі

 

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  8-1-баппен толықтырылды

8-1-бап. Қазақстан Республика­сын­дағы дене шынықтыру (дене шы­нық­тыру-спорт) қозғалысының субъектілері

Қазақстан Республикасындағы дене шы­нықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы:

1) олимпиадалық даярлау орталық­та­рын;

2) олимпиадалық резерв даярлау орталықтарын;

3) жоғары спорт шеберлігі мектеп­терін;

4) спорттағы дарынды балаларға ар­налған мектеп-интернаттарды;

5) олимпиадалық резервтің спорт мектептерін;

6) олимпиадалық резервтің маман­дан­ды­рылған балалар-жасөспірімдер мек­тептерін;

7) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін;

8) дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын);

9) балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтарын;

10) балалар мен жеткіншектер клуб­тарын;

11) спорт медицинасы және оңалту орталықтарын;

12) дәрігерлік-дене шынықтыру дис­пансерлерін;

13) допингке қарсы комиссияларды;

14) кешенді ғылыми топтарды;

15) оқу-жаттығу базаларын;

16) қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық даярлығына бағытталған жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.

 

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді

9-бап. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi және басқа оқу орындарындағы дене тәрбиесi

1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.

Денсаулығы нашар оқушылар мен студенттер арнаулы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында шұғылданады.

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беретін мектептер және басқа да оқу орындары оқушыларға дене тәрбиесін беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізеді және қоғамдық бірлес­тіктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің қатысуымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуіне жәрдемдеседі.

2. Сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшiн спорт клубтары мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың құрамына балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдер дене шынықтыру клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң дене тәрбиесi мен спорттық даяр­лығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi.

3. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.

 

10-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кәсіпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды дамыту үшiн қаражат көздеуге және азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске асыруына жағдай жасауға мiндеттi.

Мемлекеттік кәсіпорындар және мем­лекеттің қатысу үлесі бар заңды тұл­ға­лар дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) қызметіне қатысуға міндетті.

2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен және дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді

11-бап. Тұрғылықты жердегi және халықтың жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтыру мен спорт

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Тұрғылықты жерде және халықтың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту:

1) спорттық клубтар мен секциялар жұмысын ұйымдастыруды;

2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;

3) дене шынықтыру-спорт ұйымдары­на жаппай демалатын орындарда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажетті үй-жайлар бөлуге және спорттық ғимараттар беруге жәрдемдесуді қамтиды.

2. Санаторий-курорт ұйымдарында, пансионаттарда, демалыс үйлерiнде, туристiк базаларда және қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерiнде жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткiзуге жағдайлар жасалады.

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді

12-бап. Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру мен спорт

1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене бiтiмi және әлеуметтiк жағынан оңалту құралдары болып табылады.

2. Жергілiктi атқарушы органдар мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.

3. Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк, медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адам­дардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледi.

4. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адам­дардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, республикалық жарыстар өткiзудi, мүгедектер арасындағы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға, оның ішінде Параолимпиадалық, Сурдолимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадаға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адам­дардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiндегi спорттық iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.

13-бап. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы

1. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы қызметтiк-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.

2. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тәртiппен анықтайды.

3. Әскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң командирлерi мен бастықтары әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

4. Қазақстан Республикасы құрама спорт командаларының мерзiмдi әскери қызметке шақырылған мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріледі.

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді

14-бап. Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысуы

Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:

дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады;

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады;

спорт медицинасы мен емдік дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады;

халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды;

Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi.

 

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау

1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткiзу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етедi.

2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай болуға тиiс.

4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салады.

6. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын - сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.

 

1   2   3   4   5

Похожие:

Дене шынықтыру және спорт туралы iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы...
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Дене шынықтыру және спорт туралы icon52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша ағымдағы және келешекте басымдылық берілуге, тиісті негізгі мәселелр
Дене шынықтыру және спорт туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Дене шынықтыру және спорт туралы icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница