Дене шынықтыру және спорт туралы




Скачать 421.56 Kb.
НазваниеДене шынықтыру және спорт туралы
страница3/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер421.56 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)

15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелер

Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.

 

3-тарау. Спортты ұйымдастыру және дамыту

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

16-бап. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеу

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жоғары дәрежедегі спортшылар даярлауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекіткен спорт түрлері жөніндегі бағдарламаларға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы отандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының жоғары дәрежедегі спортшыларын даярлау келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келiсiм-шартты жасасу мен бұзу талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар мен мiндеттер болуы мүмкiн.

17-бап. Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары

1. Қосымша бiлiм беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылады.

2. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады.

18-бап. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында қатысу мақсатында құрылады.

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Спорттың әр түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер конкурстық негiзде құрады. Спорт принциптерiн сақтай отырып, алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамаған, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктердің ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады.

19-бап. Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келiсiм-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар.

2. Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртiбi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келісiм-шарттар жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

20-бап. Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi заңды тұл­ғалармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21-бап. Спорт резервін даярлау

1. Спорт резервін даярлау оқу-жаттығу процесі кезеңінде оқу-жаттығу бағдар­ламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу процесі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:

1) спорттық-сауықтыру;

2) бастапқы даярлық;

3) оқу-жаттығу;

4) спорт шеберлігін жетілдіру;

5) жоғары спорт шеберлігі.

2. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.

3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді

22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер мен құралдар

1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:

Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бірлестіктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;

қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.

2. алынып тасталды

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-1 баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-1-бап. Спорттық сыныптама

1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бередi.

Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.

2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:

1) спорттық атақтар:

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы;

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы;

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;

Қазақстан Республикасының спорт шеберi;

2) спорттық разрядтар:

Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;

1-разрядты спортшы;

2-разрядты спортшы;

3-разрядты спортшы;

жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;

жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;

жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.

3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:

бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;

бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.

4. Жаттықтырушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;

бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;

бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.

5. Спорт төрешілеріне мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:

жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;

ұлттық спорт төрешiсi;

бiрiншi санатты спорт төрешiсi;

спорт төрешiсi.

 

4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару

 

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  22-2-баппен толықтырылды

22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) спорт түрлері бойынша республи­калық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді;

2) спорттық іс-шараларды матери­алдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді;

3) республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегер­лерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республи­касының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді;

4) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы мате­риалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді;

5) Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 23-бап өзгертілді

23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;

2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;

4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;

6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;

9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

10) техникалық реттеу сала­сындағы уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;

11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;

12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;

1   2   3   4   5

Похожие:

Дене шынықтыру және спорт туралы iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы...
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Дене шынықтыру және спорт туралы icon52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша ағымдағы және келешекте басымдылық берілуге, тиісті негізгі мәселелр
Дене шынықтыру және спорт туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Дене шынықтыру және спорт туралы icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница