Дене шынықтыру және спорт туралы




Скачать 421.56 Kb.
НазваниеДене шынықтыру және спорт туралы
страница4/5
Дата конвертации20.11.2012
Размер421.56 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

13) білім беру ұйымдарындағы қыз­метті қоспағанда, жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауық­тыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында қызмет көрсетумен байланысты спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;

14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;

15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;

16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;

17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;

18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;

19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының құрама командасы» деген атауды пайдалануға рұқсат береді;

20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды.

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  21) тармақшамен толықтырылды

21) дене шынықтыру (дене шы­нықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  22) тармақшамен толықтырылды

22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, Дә­рігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  23) тармақшамен толықтырылды

23) спорт түрлері бойынша жарыстар­дың ережесін бекітеді;

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  24) тармақшамен толықтырылды

24) Спортшының бір дене шынық­тыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекітеді;

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  25) тармақшамен толықтырылды

25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын­дағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  26) тармақшамен толықтырылды

26) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

27) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 23-1-бап өзгертілді

23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi

1. Облыстың (республикалық ма­ңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:

1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;

2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;

3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;

5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;

6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;

7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;

8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;

9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

13) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, спорт түрлері бой­ынша жергілікті қоғамдық бірлестіктердің қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  14) тармақшамен толықтырылды

14) емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен ай­на­лысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспан­сер­лерінің қызметін қамтамасыз етеді.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;

2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;

3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;

5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;

6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;

7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi.

3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерінде және жаппай де­малатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жағдайлар жа­сайды.

 

ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-бап. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер

1. Қазақстан Республикасында спорт түрлері бой­ынша қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.

2. Спорттың әрбір түрі бойынша тек бір республикалық қоғамдық бірлестік аккредиттелуі мүмкін, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.

3. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.

ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-1-баппен толықтырылды

24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау

1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, лицензиялауға жатады.

2. 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

24-2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бақылауды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырады.

2. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Тексеру «Қа­зақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қа­дағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру,

материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен қамтамасыз ету

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Дене шынықтыруды және спортты қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.

6. 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  алып тасталды
1   2   3   4   5

Похожие:

Дене шынықтыру және спорт туралы iconДене шынықтыру және спорт туралы
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconІ. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2010 жыл көлемінде атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары
Ауданда «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасында» дене шынықтыру мен...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың
Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы...
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Дене шынықтыру және спорт туралы icon52 қаулысына №1 қосымша Тарбағатай аудандық дене шынықтыру және спорт
Дене шынықтыру мен спорт саласы бойынша ағымдағы және келешекте басымдылық берілуге, тиісті негізгі мәселелр
Дене шынықтыру және спорт туралы icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Дене шынықтыру және спорт туралы icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
Дене шынықтыру және спорт туралы icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық...
Дене шынықтыру және спорт туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница