Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар




Скачать 363.83 Kb.
НазваниеӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар
страница1/3
Дата конвертации20.11.2012
Размер363.83 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы

Аудит негіздері пәні бойынша

050509 Қаржы мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР



Павлодар

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы





Нысан ПМУ ҰС Н

7.18.1/05






БЕКІТЕМІН




ОІ жөніндегі проректор




___________Н.Э. Пфейфер

«____»_____________20 ж




Құрастырушы: аға оқытушы Жакупова Д.Е. ___________
Есеп және аудит кафедрасы
Аудит негіздері пәнінен

050509 Қаржы мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерделеу бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР

20 ж. «___» _____________ кафедра мәжілісінде ұсынылған

№ ___хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________ Р.И. Смагулова
ОӘК төраймы________Л.А. Сидорова

№ _____ хаттама 20__ж. «__»__________ қаржы – экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
ЖжӘҚБ МАҚҰЛДАНҒАН

ЖжӘҚБ бастығы ______________А.А. Варакута 20__ж. «__»___________
№ ___ хаттама 20__ж. «__»______________ университетінің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданған

Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы
Аудиттің пайда болуы

Аудит термин осыдан екі мың жыл бұрын «аудио» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе « естуші» дегенді білдіреді.

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

Бұл арада клинттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз растауы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.

Бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:

- ақпарат жасаушылардың және пайдаланушылардың мүдделерінің қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп соқтыруы мүмкін;

- объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;

- алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;

- компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқжат.
Аудиттің мәні, мақсаты және функциялары.

Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істейметін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшклеп мыналарды бөліп көрсету керек:

  • кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;

  • шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзыретті мағлұматтарды алып, бағалау;

  • кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;

  • кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;

  • заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шыныйы мазмұнына шаруашылық операциялардың қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;

  • кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;

  • клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.

Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру мен бағалау.

Талдамалық функциясы – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.

Кеңес берушілік функциясы – есеп, менеджмент, салық салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.

Өндірістік функциясы – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді жасау.
Аудиттің түрлері

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

  • аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;

  • құқықтық негізінде: міндетті, бастамашыл инициативтік;

  • қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;

  • толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;

  • жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын;

  • аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік;

  • тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық, қаржылық есептеме аудиті және талапқа сәйкестік аудиті.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. Қаржылық бақылаудың тәуелсіз формалары пайда болуының алғы шарттары қандай?

  2. Кәсіби аудиттің қажеттілігі, мәні және міндеті неде?

  3. Аудиторлық қызмет туралы әдебиеттерде келтірілген арнайы терминдердің глоссарийін зерделеңдер.

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.–6-40 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 29-41 б.
Тақырып 2 Аудиторлық қызмет және оны нормативтік-құқықтық реттеу

Аудиттіқ өызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемелекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемелекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

  • ҚР Конституциясы;

  • ҚР Азаматтық Кодексі;

  • ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы;

  • ҚР Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңы;

  • ҚР қылмыстық кодексі;

  • ҚР салық кодексі;

  • ҚР бюджет кодексі;

  • ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі және т.б.

Жоғарында аталған заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданысиағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүлікктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін елеміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

Қарастырылып отырған нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны өткізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтыры, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісімшарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге аудиторларды қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.

Әдістемелік нұсқау

Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға жауап беру керек:

1.Қандай нормативті-құқықтық актіде аудитордың құқығы мен міндеттері толығырақ айтылған?

2. Қандай факторлар аудитордың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді?

3. Аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың тәжірибелік қызметінің нормативті актілерінде кездесетін сәйкессіздіктерді анықтандар.

Әдебиет

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 47-78 б.

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 61-64 б.

ҚР «Аудиторлық қызмет тұралы» заң.
Тақырып 3 Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұлұға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижлерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжіребелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.

Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын негізгі талаптар:

  • даярлығы;

  • құзыреттілігі;

  • тәуелсіздігі;

  • ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына кіретіндер:

  • аудиторлық тексеруге дайындалу;

  • қадағалауды жүзеге асыру;

  • анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;

  • ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп және кәсіби әдеп.

әдеп термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешүші элемент бар:

  • шешімді таңдау проблемасы;

  • жаман мен жақсы туралы түсінік;

  • әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе қәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің және т.б кәсіби кодекстері бар.

Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

1988 жылы АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.

4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

5. Тиісті. Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түоін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаьарды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болимау керек.

Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дауөжанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмалауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептілік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін қажетті екжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек.

Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.
  1   2   3

Похожие:

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды № хаттамасы
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Міндеті: Тәуке ханның тұсындағы адамдардың құқықтары мен бостандықтарына талдау жасау
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығының студенттеріне арналған
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Тіл біліміне кіріспе» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған...
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
...
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Шетел әдебиеті» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді...
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Хандық дәуір әдебиеті тарихы» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді...
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
«Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница