Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже




Скачать 250.64 Kb.
НазваниеҚабылдау емтиханы туралы жалпы ереже
Дата конвертации24.03.2013
Размер250.64 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына 2009–2010 оқу жылына 6N0510 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже
1. Мемлекеттік және жергілікті басқару институтындағы қабылдау емтихандарының бағдарламасы мынадай үш пәннің блогынан тұрады: «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет негіздері», «Экономика негіздері», «Менеджмент негіздері».

2. Бағдарлама 6N0510 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаға үміткерлердің жоғары кәсіби білім беру оқу жоспары аясында оқытылатын базалық экономикалық пәндердің іргелі негіздерін білуін, сондай-ақ осы білімдерін теориялық және қолданбалы экономикалық міндеттерді шешуде қолдана білу дағдыларын қарастырады.

3. Бағдарламаға тек мынадай:

а) жоғары кәсіби білім берудің оқу жоспарындағы негізгі пәндер бағдарламаларының мазмұнына сәйкес келетін;

б) ұсынылатын оқу және әдістемелік әдебиеттерде, нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ кітапханаларда бар ғылыми басылымдар мен жарияланымдарда баяндалған мәселелер енгізілді.
Қабылдау емтиханына қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны
1-тақырып. Мемлекеттік басқару ұғымы мен ерекшеліктері

2-тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымының негіздері

3-тақырып. Мемлекеттік басқару нысандары және басқарушылық қызмет әдістері

4-тақырып. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары

5-тақырып. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру негіздері

6-тақырып. Мемлекеттік басқару процесінде мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы

7-тақырып. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және іске асыру негіздері

8-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы, қағидаттары, міндеттері мен ерекшеліктері

9-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу

10-тақырып. Мемлекеттік қызметші: ұғымы, мәртебесі, жауапкершілігі, құқықтық және әлеуметтік қорғалуы
1-тақырып. Мемлекеттік басқару ұғымы мен ерекшелігі

Мемлекеттік басқару ұғымы мен ерекшелігі әлеуметтік басқару түрі ретінде. Мемлекет қоғамдық процестерді басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттер типологиясы. Мемлекеттің нысандары. Мемлекет нысандарының мемлекеттік басқаруға ықпалы. Мемлекеттік басқарудың объективті негіздері және субъективті факторы.
2-тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымының негіздері
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы ұғымы. Мемлекеттік басқарудың мақсаты, мемлекеттік басқарудағы мақсаттар «діңгегі». Мемлекеттік басқару функциялары.
3-тақырып. Мемлекеттік басқару нысандары және басқарушылық қызмет әдістері
Мемлекеттік құрылыс және мемлекеттік басқару нысандары. Мемлекеттің бірегей құрылымының ерекшеліктері. Мемлекеттік егеменділік ұғымы. Қазақстан Республикасы – егемен, тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азамат. Басқарушылық қызметтің адамдар еңбегінің ерекше түрі ретіндегі ерекшеліктері. Басқарушылық қызметтің құрылымы, нысандары мен әдістері.
4-тақырып. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары
Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары ұғымы. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттарын жүйелеу. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттарының сипаттамасы.

5-тақырып. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және

іске асыру негіздері
Мемлекеттің негізгі функцияларының өзгеруі. Қоғамды реформалау міндеттері мен бағыттары. Мемлекеттік саясатты әзірлеу негіздері. 2030 – Стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын бөліп көрсету. Мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал ететін факторлар.
6-тақырып. Мемлекеттік басқару процесінде мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы
Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілдігі. Өкілдік нысандары. Өкілдік түрлері. Басқарудағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделердің өзара әрекеті. Жұртшылықпен байланыс және ақпарат. Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл түрлері.
7-тақырып. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеу мен іске асыру негіздері
Шешім қабылдау субъектілері. Басқару шешімдерін әзірлеу методологиясының негіздері. Мемлекеттік шешімдерді қабылдау және іске асыру технологиясы. Субъектілердің қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілігі.
8-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы, қағидаттары, қызметі және ерекшеліктері
Мемлекеттік қызмет ұғымы, мақсаты және міндеттері. Қоғамдық еңбек бөлінісіндегі мемлекеттік қызметтің орны мен рөлі. Мемлекеттік қызметтің ерекше белгілері. Мемлекеттік қызметтің қағидаттары мен міндеттері. Мемлекеттік қызметтің жіктелімі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті басқару.
9-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу
Мемлекеттік қызметтің конституциялық негіздері. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. Президенттің мемлекеттік қызмет туралы Жарлықтары. Үкіметтің мемлекеттік қызмет туралы қаулылары. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрықтары. Мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңнама.
10-тақырып. Мемлекеттік қызметші: ұғымы, мәртебесі, жауапкершілігі, құқықтық және әлеуметтік қорғалуы
Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік лауазымдар типологиясы. Мемлекеттік қызметшінің кепілдіктері және экономикалық қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Ар-намыс кодексі. Әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшінің құқықтық қорғалуы. Мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік қорғалуы. Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы // Егемен Қазақстан. – 1997. – 11 қазан.

  2. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында // Егемен Қазақстан. – 2005. 19 ақпан.

  3. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында // Егемен Қазақстан. – 2006. – 2 наурыз.

  4. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан. – 2007. – 1 наурыз.

  5. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты // Егемен Қазақстан. – 2008. – 7 ақпан.

  6. Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттілік және қоғам алдында есеп беру қағидаттарымен жаңғырту: ҚР Парламенті палаталарының пленарлық мәжілісінде жасаған баяндамасы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 2 қыркүйек.


Нормативтік құқықтық актілер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы : ЮРИСТ. – 2007.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті туралы : Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 2007 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен.

  3. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 қазандағы Конституциялық заңы 2007 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен.

  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 қазандағы Конституциялық заңы 2007 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен.

  5. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексі.

  6. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі // Егемен Қазақстан. – 2007. – 22 мамыр.

  7. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі.

  8. Әкімшілік рәсімдер туралы : Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 2007 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен.

  9. Нормативтік құқықтық актілер туралы : Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 2007 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен.

  10. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы : Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы өзгерістерімен.

  11. Қоршаған ортаны қорғау туралы : Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы өзгерістерімен.

  12. Мемлекеттік қызмет туралы : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі өзгерістерімен.

  13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес : Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы өзгерістерімен.

  14. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.

  15. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы: Қазақстан Республикасының 25 ақпандағы Заңы.

  16. Ұлттық қауіпсіздік туралы : Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы өзгерістерімен.

  17. Коммерциялық емес ұйымдар туралы : Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңы өзгерістерімен.

  18. Кәсіби одақтар туралы: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңы өзгерістерімен.

  19. Саяси партиялар туралы : Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы өзгерістерімен.

  20. Қоғамдық бірлестіктер туралы : Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңы өзгерістерімен.

  21. Дін бостандығы мен діни бірлестіктер туралы : Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы өзгерістерімен.

  22. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы : Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы өзгерістерімен.

  23. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы : Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы өзгерістерімен.

  24. Халықты жұмыспен қамту туралы : Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы өзгерістерімен.

  25. Мемлекеттік атаулы көмек туралы : Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы өзгерістерімен.

  26. Қазақстан Республикасы астанасы мәртебесі туралы : Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 16 тамыз.

  27. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері : Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығы.

  28. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметіндегі тәртіпті нығайту шаралары туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1550 Жарлығы.

  29. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2004. – 30 қыркүйек.

  30. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту шаралары туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 қаңтар.

  31. Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 304 Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 31 наурыз.

  32. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 21 маусым.

  33. Қазақстан Республикасының орталық атқару органы жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 2 тамыз.

  34. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген.

  35. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары : Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген // САПП, 2001. – № 43–44.

  36. Қазақстан Республикасында бағдарламалар әзірлеу ережелері : ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 23 мамырдағы № 789 қаулысымен бекітілген.

  37. Республикалық бюджет және төтенше бюджет жобасын әзірлеу ережелері : ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген // Егемен Қазақстан. – 2007. – 10 шілде.

  38. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі : ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген // Егемен Қазақстан. – 2007. – 12 шілде.

  39. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты: ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 7 ақпан.

  40. Дағдарыстан жаңару мен дамуға: ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 6 наурыз.

  41. Назарбаев Н.Ә. «Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзі // www.kyzmet.kz/ Адам және заң. – 2008. – 20 маусым.

  42. Мәсімов К.Қ. Әкімшілік реформаны тереңдету – бұл Елбасының тапсырмасы // Казахстанская правда. – 2008. – 13 мамыр.

  43. Қазақстан Республикасында тиімді мемлекеттік басқару стратегиясы / редакциясын басқарған Б.Қ.Есекина. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. – 2008. – 200 бет.

  44. Қапаров С.Ғ. Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жетілдіру. – Екатеринбург. – 2002. – 160 с.

  45. Мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру // Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметГосударственное управление и государственная служба. – 2008. – №3.

  46. Қазақстан Республикасында әкімшілік реформаны іске асыру // Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметГосударственное управление и государственная служба. – 2008. – №3.

  47. Мемлекеттік қызмет ұсынудың типтік регламенті : Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген // Егемен Қазақстан. – 2007. – 10 шілде.


Оқу әдебиеті:

  1. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. - М.: Омега-Л, 2005.

  2. Глазунова Н.И. Система государственного управления. - М., 2003.

  3. Государственное управление: основы теории и практики / Под ред.

Козбаненко В.А. - М.: Статут, 2002.

  1. Уваров В.Н. Теория государственного управления. - Алматы, 2003.

  2. Уваров В.Н. Государственное управление и государственная служба.

- Петропавловск, 2004.

  1. Шамхалов Ф.И. Теория государственного управления. - М., 2003.

  2. Эффективность государственного управления в Республике Казахстан: методология и приоритеты / под ред. А.С. Ахметова. Астана: Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан, 2007.


2-БӨЛІМ. ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны:
1-тақырып. Экономиканың негізгі ұғымдары

2-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеу тетігі

3-тақырып. Тұтынушының мінез-құлық теориясы

4-тақырып. Бәсекелес нарықтық құрылымдар

5-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы

6-тақырып. Нарықтық экономикадағы фирма (кәсіпорын)

7-тақырып. Жалпы тепе-теңдік және әл-ауқат экономикасы

8-тақырып. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

9-тақырып. Жұмыссыздық және инфляция

10-тақырып. Экономикалық цикл. Экономикалық өсім

11-тақырып. Ақша, кредит және банктер

12-тақырып. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты

13-тақырып. Әлемдік экономика
1-тақырып. Экономиканың негізгі ұғымдары
Қажеттіліктер және игіліктер. Экономикалық игіліктер мен таңдау мәселесі. Нарық құн және пайдалылық. Экономиканы ұйымдастырудың үш мәселесі.

Меншіктің экономикалық мазмұны және оның нысандары. Мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелендіру. Трансакциялық шығындар.

Экономикалық жүйелердің типтері: дәстүрлі, жоспарлы, нарықтық, аралас экономика: салыстырмалы талдау.

Экономикалық ресурстардың мәні және олардың түрлері. Қоғамның өндірістік мүмкіндіктері.
2-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеу тетігі
Нарықтың мәні мен оның қызметтері. Нарық түрлері. Көлеңкелі нарықтың жұмыс істеуі. Сұраныс және сұраныстың мөлшері. Жеке және нарықтық сұраныс. Сұраныс заңы. Ұсыныс және ұсыныстың мөлшері. Ұсыныс заңы. Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизмі. Нарықтық тепе-теңдік. «Төбе» мен «еден» бағасы: тауар нарығындағы дефицит пен қалдық.

Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Түйіскен икемділік. Баға бойынша ұсыныстың икемділігі. Икемділік теориясын қолдану.
3-тақырып. Тұтынушының мінез-құлық теориясы
Нарықтық экономикадағы тұтынушы. Тұтынушының мінез-құлқын зерттеудің негізгі алғышарттары. Кемитін шекті пайдалылық принципі. Тұтынушының артық көруі. Артықшылық беру түрлері. Пайдалылық қызметі және енжарлық қисығы. Тұтынудағы ауыстырудың шекті нормасы. Бюджеттік шектеулер. Номиналды және нақты табыс. Тұтынушының тепе-теңдігі. «Табыс – тұтыну», «баға – тұтыну» қисығы. Табыс және ауыстыру тиімділігі.

Тұтынушының мінез-құлық теориясын практикалық пайдалану.

4-тақырып. Бәсекелес нарықтық құрылымдар
Жалпы бәсекелестік немесе таза бәсекелестік және оның сипаттамасы. Жалпы бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс. Жалпы бәсекелестік нарықтық құрылымның идеалды түрі ретінде.

Жетілмеген бәсекелестік: монополистік бәсекелестік, олигополия, таза монополия.

Монополистік бәсекелестік және оның сипаттамасы. Капиталды шоғырландыру және орталықтандыру. Өнімді жіктеу. Бағадан тыс бәсекелестікке сүйену. Монополистік бәсекелестік кезінде экономикалық тиімділікке қол жеткізу шарттары.

Олигополия және оның сипаттамасы. Олигополияның пайда болу себептері. Нарықтың олигополиялық үлгісіндегі жалпыға бірдей өзара тәуелділік. Олигополиялық бағаның құрылуының төрт үлгісі. Құпия астыртын сөз байласу үшін кедергілер.

Таза монополия және оның сипаттамасы. Монополиялық билік факторлары. Салаға кірудегі кедергілер. Фирма – монополисттің тепе-теңдігі. Бағалық кемсітушілік: шарттары, нысандары, салдарлары.

Фирманың нарықтық билігінің көрсеткіштері. Нарықтық шоғырлану және монопольды билік. Шоғырлану теориясы, шоғырлану индексі.
5-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы
Өндіріс факторлары нарығында сұраныс тудыру ерекшеліктері. Өндіріс факторының шекті өнімі және шекті табыстылығы. Сұраныстың бағадан тыс факторлары. Өндіріс факторына ұсыныс.

Еңбек нарығы. Еңбек нарығының негізгі сегменттері. Еңбектің жеке және нарықтық ұсынысы. Жұмыс күшін жұмылдыру. Еңбек көші-қоны. Әлеуметтік-демографиялық топтардың еңбек ұсынысының ерекшеліктері. Еңбек ұсынысына салықтар мен әлеуметтік трансферттердің ықпалы.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі еңбекке сұраныс. Еңбектің өзара бірін-бірі толықтыратын және өзара бірін-бірі алмастыратын түрлеріне сұраныс. Еңбек нарығының әр түрлі құрылымындағы сұраныс: монопсония, монополия. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.

Еңбекақының мәні. Номиналды және нақты еңбекақы. Еңбекақыдағы айырмашылық. Еңбек нарығында ақы төлеудегі кемсітушілік.

Капитал нарығы. Нақты және ақша капиталы. Негізгі және айналым капиталы. Несиелік пайыз капиталдың факторлық кірісі ретінде. Қарыз құралдарының сұранысы мен ұсынысы. Қаржылық активтер мен пайыздық ставкалар. Нақты және номиналды пайыздық мөлшерлеме. Дисконттау қағидаты.

Капитал нарығы құралдары. Құнды қағаздардың түрлері. Құнды қағаздар қожайындарының кірісі, олардың нысандары. Тәуекелдер түсінігі мен инвестициялау кезіндегі тәуекел түрлері. Құнды қағаздар бағамы мен сұраныс пен ұсыныс механизмі.

Жер өндіріс факторы ретінде. Табиғи ресурстар нарығы. Табиғи ресурстар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Рента өндірістің белгіленген факторынан түсетін кіріс ретінде. Жер бағасы. Жер нарығын реттеу әдістері.
6-тақырып. Нарықтық экономикадағы фирма (кәсіпорын)
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары. Іскерлік кәсіпорындардың типтері. Корпоративтік, әріптестік, жеке фирмалар. Фирманың ұйымдық құрылымы. Фирманың мақсатты қызметтері мен нарықтық стратегия.

Кәсіпорында өндіріс процесін ұйымдастыру. Ресурстар, тауарлар мен кірістер айналымы. Өндірістік қызмет және техникалық прогресс. Өндіріс факторларының жалпы, орташа және шекті өнімдері. Изокванттар. Техникалық ауыстырудың шекті нормасы және ауыстыру икемділігі. Изокосттар. Кемитін қайтарым заңы. Техникалық және экономикалық тиімділік. Ауқымнан қайтарым. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы, өзгерудің шекті нормасы.

Фирманың экономикалық және бухгалтерлік шығындары. Фирманың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі шығындары. Жалпы, орташа және шекті шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындар.

Фирманың жалпы кірісі. Кәсіпорынның пайдасы мен оның түрлері. Пайданы көбейту кәсіпорынның нарықтық қатынастар жағдайындағы қызметінің мақсаты ретінде.
7-тақырып. Жалпы тепе-теңдік және әл-ауқат экономикасы
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. Жиынтық сұраныс пен оны өзгертетін факторлар. Жиынтық ұсыныс пен оны өзгертетін факторлар. Макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайлары.

Жиынтық сұраныс пен ұсыныстың классикалық макроэкономикалық моделі. Жинақ пен инвестициялар қызметтері.

Кейнсиандық макроэкономикалық үлгі. Тұтыну мен жинақтау қызметтері. Тұтыну мен жинақтауға орташа және шекті бейімділік. Инвестициялар қызметі. Инвестициялар мультипликаторы.

Жалпы және жеке тепе-теңдік. Жалпы тепе-теңдікке қол жеткізу шарттары. Өнім шығару, алмастыру және құрылымындағы тиімділік.

Қоғамдық әл-ауқат қызметтері. Тиімділік пен әділдік.
8-тақырып. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
Ұлттық есеп жүйесі түсінігі және оны құру қағидаттары. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ): экономиканың нәтижелілігі өлшемдері. Ағындар мен қорлар. Соңғы және аралық өнім. Қосымша құн. Жалпы ішкі өнімді есептеу әдістері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіндегі жеке табыс.

Номиналды және нақты көріністегі жалпы ішкі өнім. Баға индекстері. ЖІӨ дефляторы және тұтыну бағасының индексі.
9-тақырып. Жұмыссыздық және инфляция
Экономикалық белсенді және экономикалық енжар халық. Ұлттық экономиканың еңбек ресурстары.

Жұмыссыздықтың мәні мен оның көріністері. Жұмыссыздық деңгейін анықтау. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы байланыс. Өндірістің өсу қарқыны және жұмыспен қамту арасындағы өзара байланыстың ерекшелігі.

Инфляция мен оның пайда болу себептері. Сұраныс инфляциясының түрлері. Ашық және жабық (басып-жаншылған) инфляция. Инфляциялық күту және инфляция спиралі. Қазіргі экономикадағы инфляциялық процестердің ерекшеліктері.

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдарлары.

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филипс қисығы. Инфляция мен жұмыссыздық экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығының бұзылу факторы ретінде.

10-тақырып. Экономикалық цикл. Экономикалық өсу
Экономикалық цикл теориясы. Циклдік экономикалық дамудың жалпыға бірдей түрі ретінде. Өндірістік цикл және оның кезеңдері. Циклдік себептері. Н.Д. Кондратьев циклдері.

Экономикалық өсу теориясы. Экономикалық өсу көрсеткіштері. Экономикалық өсу көрсеткіштері. Экономикалық өсуге ықпал ететін факторлар. Кобба-Дугластың өндірістік қызметі және экономикалық өсу факторларын есептеу. Экономикалық өсу моделдері. Тұрақты экономикалық өсу тұжырымдамасы.

Индустриалды-инновациялық даму және оның экономикалық өсудегі рөлі.
11-тақырып. Ақша, кредит және банктер

Ақшаның мәні мен оның қызметтері. Ақша түрлері.

Ақша ұсынысы. Ақша сомасының құрылымы, ақша агрегаттары. Ақшаның қазіргі заманғы түрлері.

Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың әр түрлі тұжырымдамалары. Ақшаның сандық теориясы. Ақша айналымының жылдамдығы.

Ақша нарығы құралдарының түрлері және олардың табыстылық көрсеткіштері. Ақша нарығының тепе-теңдігі жағдайлары мен оны өзгертетін факторлар. Қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздар. Қысқа мерзімді банкаралық несиелер, олардың түрлері және ақша нарығындағы рөлі. Ақша нарығының баға кесімі. Экономиканың нақты және ақша секторының өзара іс-әрекеті.

Несиелік капитал және кредит. Кредит қызметтері. Кредит нысандары.

Банк жүйесі. Орталық банк, оның экономикадағы функциялары. Коммерциялық банк және оның қызметтері. Коммерциялық банктің негізгі операциялары. Банк тәуелдері мен оның түрлері. Коммерциялық банктің өтімділігі. Орталық банктің коммерциялық банктердің тәуекелін және өтімділігін реттеудегі рөлі. ҚР банк жүйесінің ерекшелігі.

Орталық банктің ақша айналымы мен инфляцияны реттеудегі рөлі.

12-тақырып. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты
Мемлекеттің экономикадағы рөлі мен қызметтері. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері. Әр түрлі экономикалық мектептерді түсіндірудегі мемлекеттік реттеудің рөлі.

Макроэкономикалық пропорцияларды мемлекеттік реттеу. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Циклдікке қарсы саясат. Экономикалық өсуді ынталандырудың мемлекеттік саясаты және экономикадағы прогрессивті құрылымдық ілгерілеу. Мемлекеттің инновациялық саясаты.

Фискальдық саясат. Салықтың мәні, қызметтері және түрлері. Салық салу қағидаттары. Салық мультипликаторы. Дискрециондық және дискрециондық емес фискальдық саясат. Фискальдық саясаттың тиімділігі. Лаффер қисығы.

Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Мемлекеттік бюджеттің статистикасы. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, олардың жиынтық шығарылымға ықпалы. Мемлекеттік сатып алу мультипликаторы. Әлеуметтік төлемдер (трансферттер), олардың жиынтық шығарылымға ықпалы.

Кредит-ақша саясаты: мақсаты және негізгі құралдары. Қымбат және арзан ақша саясаты. Кредит-ақша саясатының тиімділігі және оның өтпелі экономикадағы ерекшеліктері. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау.

Кейнс теориясы және монетаризм кредит-ақша саясаты мен фискальдық саясатың салыстырмалы түрдегі тиімділігі туралы. Күтудің макроэкономикалық саясат нәтижелеріне ықпалы. Мемлекеттік меншік, оның қазіргі экономика жүйесіндегі рөлі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік активтерді басқару және жекешелендіру. Мемлекеттік-жеке әріптестік Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының шарты ретінде. ҚР-дағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар. Мемлекеттік мекемелер қызметін реттеу, мемлекеттік кәсіпкерліктің ерекшелігі. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу. Жұмыспен қамтуды және еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.
13-тақырып. Әлемдік экономика
Әлемдік экономика ұғымы. Әлемдік экономиканың қалыптасуы және даму кезеңдері.

Халықаралық еңбек бөлінісі: мамандануы және өндірісті біріктіру. Әлемдік шаруашылық байланыстардың интернационалдау, трансұлттандыру және жаһандандыру.

Ашық және жабық экономика ұғымы.

Әлемдік сауданың мазмұны мен негізгі белгілері. Әлемдік сауданың құрылымы мен негізгі сауда ағымдары. Тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығындағы баға белгілеуі.

Халықаралық сауда классикалық және балама теориялары.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі.

Капиталдың халықаралық қозғалысы ұғымы мен түрлері. Тікелей және портфельдік инвестициялар. Капиталдың халықаралық қозғалысының ауқымы, қарқыны мен географиясы. Инвестициялық климат. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту.

Жұмыс күшінің халықаралық көші-қонының мәні. Көші-қон ағындарын тартудың негізгі орталықтары. Халықаралық көші-қонды реттеу. Қазақстанның көші-қон квотасы.

Ұлттық және әлемдік валюта жүйесі. Валюта бағамы мен конверсиялану. Номиналды және нақты валюта бағамы. Ұзақ мерзімді келешекте валюта бағамын болжау. Валютаның тұтынушылық қабілетінің паритеті. Валюта саясатының негізгі түрлері.

Төлем балансы. Төлем балансын құру қағидаттары. Төлем балансы баптарын жіктеу. Төлем балансын реттеу.


Ұсынылатын әдебиет:


  1. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы // Егемен Қазақстан. – 1997. – 11 қазан.

  2. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында // Егемен Қазақстан. – 2006. – 2 наурыз.

  3. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты // Егемен Қазақстан. – 2008. – 7 ақпан.

  4. Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096.

  5. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту шаралары туралы: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығы.

  6. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігі: әдіснама мен басымдықтары / редакциясын басқарған Ә.С.Ахметов. –ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана. – 2007. – 200 бет.

  7. Пол Самуэльсон, Вильям Д.Нордхаус. Экономика: пер. с англ.- М.: БИНОМ, 1997- 800 с.

  8. Экономическая теория. Учебное пособие. /Под ред. Рузавина Г.И. М., Проект. 2004.

  9. Экономика: Учебник . 3-е изд., перераб. и доп. /Под ред.А.С.Булатова.- М.: Юрист, 2004- 896

  10. Экономика. Учебник. Изд.второе, перераб . и доп. /Под ред. А.И.Архипова, А.Н.Нестерова, А.К.Большакова.- М.:ПБОЮЛ, 2001.- 784 с.

  11. Экономика: Учебное пособие. /Под ред. Журавлевой Г.П. М., Юрист, 2006.

  12. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: Принципы, проблемы и политика.I В 2-х т, 1993,2001г.

  13. Гребнев Л.С., Нуреев Р.М. Экономика. Курс основ – М., 2002

  14. Кураков Л.П. Курс экономической теории: Учебное пособие/Кураков Л.П., Яковлева Г.Е..- 4-ое изд., перераб., доп.-М.:Гелиос АРВ, 2005.- 516 с.

  15. Джон Сломан. Основы экономики: Учебник/ Пер. с англ. Е.А.Нильсен, И.Б.Руберт.- М.: Изд-во Проспект, 2004.- 568 с.

  16. Анализ экономики. Страна, рынок, фирма. Под ред. проф. В.Е.Рыбалкина. Учебник.- М.:МО,1999.- 304 с.

  17. Абрамов В.Л. Мировая экономика: Учебное пособие.- 3-е изд.перераб.М.: Дашков и К, 2006.- 312 с.

  18. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учебник/ М.:Юристь.- 2001.- 368 с.

  19. Кудров В.М. Мировая экономика: Учебное пособие.- М.:Дело, 2004.- 528 с.



3-БӨЛІМ. МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны
1-тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидаттары

2-тақырып. Менеджмент тұжырымдамалары мен оның шетелде даму үрдістері

3-тақырып. Ұйым басқару нысаны ретінде

4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

5-тақырып. Басқарудың ұйымдық құрылымы

6-тақырып. Сапа менеджменті жүйесі. Үрдістік көзқарас

7-тақырып. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

8-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың негізгі қызметтері

9-тақырып. Басқару еңбегі және оның ерекшелігі

10-тақырып. Басқару шешімдерін әзірлеу процесі

11-тақырып. Ұйымдық мәдениет және басқару стилі

12-тақырып. Қақтығыстарды басқару
1-тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидаттары
Басқару ұғымы. Нарықтық экономикадағы басқару объектілері мен субъектілері. Басқару ғылым және өнер ретінде.

«Менеджмент» ұғымының мәні мен мазмұны. Менеджмент ғылыми көзқарастар жүйесі және экономика, психология, құқық, әлеуметтану және басқа ғылымдар саласына негізделетін күрделі пәнаралық ғылым ретінде. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі менеджмент және оның Қазақстан қоғамындағы рөлі. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік менеджмент: ұқсастығы мен айырмашылығы. Мемлекеттік органдардағы менеджменттің ерекшеліктері.

2-тақырып. Менеджмент тұжырымдамалары және оның шетелде даму үрдістері
Басқару модельдері басқарушылық ой-пікір дамуының нысаны ретінде. Негізгі басқарушылық тұжырымдамалардың қалыптасуы және олардың дамуы. Менеджментке ғылыми көзқарас: үрдістік, жүйелі және ситуациялық. Басқару мектептері. Басқарудың ғылыми мектебі. Классикалық мектеп. Адам қатынастары мектебі және оның дамуы. Математикалық мектеп. Менеджмент теориясындағы жүйелі және ситуациялық көзқарастар.
3-тақырып. Ұйым басқару нысаны ретінде
Ұйым түсінігі. Ұйымның негізгі белгілері мен түрлері. Ұйымның жалпы сипаттамасы. Көлбеу және тік еңбек бөлінісі. Ұйымды басқару деңгейлері. Ұйымның сипаттамасы басқару нысаны ретінде. Ресми және бейресми ұйымдар. Ұйымдарды басқару тиімділігінің өлшемдері.
4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Басқару ортасының құрылымы. Ұйымдық элементтер және олардың сипаттамалары. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының негізгі құрамдас бөліктері. Мақсаттар мен ұйымдық құрылымның өзара байланысы. Күрделі және қарапайым іскерлік орта. Тұрақты және тұрақсыз іскерлік орта. Іскерлік ортаның белгісіздігі мен оны бағалау. Мемлекеттік органдардың іскерлік ортамен өзара қарым-қатынасы. Айналадағы іскерлік ортаға ықпал ету тәсілдері.


5-тақырып. Басқарудың ұйымдық құрылымы
Басқарудың ұйымдық құрылымының негізгі элементтері. Ұйымдық құрылымның қалыптасу және өзгеру процесі. Ұйымдық құрылымдардың типтері, түрлері мен олардың құрылу қағидаттары. Басқарудың иерархиялық (бюрократиялық) құрылымы: линейлік, функционалдық, линейлі-функционалдық, линейлі-штабтық, штабтық, дивизионалдық. Басқарудың бейімдік (органикалық) құрылымы: матрицалық, желілік, виртуалдық.
6-тақырып. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ). Үрдістік көзқарас

СМЖ мәні. Басқару процесін құжаттау. Процесті үлгіні құру қағидаттары. Сапа менеджментіндегі үрдістік көзқарас.
7-тақырып. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету
Менеджменттегі ақпараттың рөлі. Ақпарат, оның қасиеттері, ақпараттың басқару тиімділігіне әсері. Ақпараттың фирма ішілік жүйесінің негізгі қағидаттары, міндеттері мен қызметі.

8-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық процестерді


басқарудың негізгі қызметтері
Басқаруды талдау және оның тиімділігі. Басқару жүйесіндегі болжамдау мен жоспарлау. Жоспарлау басқару қызметі ретінде. Басқару қызметі ұғымы және құрамы. Жоспарлау ұғымы мен мәні. Жоспарлау қызметі, қағидаттары. Жоспарлау процесінің кезеңдері.

Ұйымдастыру мен үйлестіру басқару функциясы ретінде. Қарым-қатынас басқару функциясы ретінде. Уәждеме модельдері және басқарудағы ынталандыру. Бақылау басқару қызметі ретінде.

9-тақырып. Басқару еңбегі және оның ерекшелігі
Басқару еңбегі және оның ерекшелігі. Басқарушы қызметкерлер санаттары. Менеджерлер типтері. Менеджерлердің міндеттері. Менеджерлердің мемлекеттік органдардағы рөлі. Мемлекеттік органдар басшыларының кәсібилігі мен біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар.

10-тақырып. Басқару шешімдерін әзірлеу процесі
Шешім қабылдау процесінің кезеңдері. Басқару шешімдерін әзірлеу және іске асыру технологиясы. Басқару шешімдерін әзірлеу процесіне қойылатын талаптар. Шешімдер сапасы және процесс сапасы.
11-тақырып.Ұйымдық мәдениет және басқару стилі
Ұйымдық мәдениет ұғымы, құрылымы және мәні. «Күшті» және «әлсіз» ұйымдық мәдениеттің анықтамасы. Ұйымдық мәдениет тиімділік факторы ретінде. Ұйымдық мәдениеттің экономикалық қызметі. Ұйымның инновациялық мәдениеті. Ұйымдық мәдениетті басқару. Ұйымдық мәдениет пен басқару стилінің бір-біріне өзара ықпалы. Мемлекеттік органдардағы қарым-қатынас мәдениеті.
12-тақырып. Қақтығыстарды басқару
Қақтығыстар: түсінігі және мәні. Қақтығыстар типтері. Ұйымдағы қақтығыстардың себептері. Қақтығыстарды шешу технологиялары. Қақтығыстарды шешу стильдері.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Аристов О.В. Управление качеством: учебное пособие для вузов. – М.: ИНФРА-М, 2004. –240 с.

  2. Аристов О.В. Экономика управления качеством. – М.: МНЭПУ, 2001.

  3. Армстронг М. Основы менеджмента. – Ростов-на-Дону, 1998.

  4. Гунин В.Н.и др. Управление инновациями: 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 7. – М.: «ИНФРА-М», 1999. – 328 с.

  5. Дункан Джек У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики / Пер. с англ. - М.: Дело, 1996.

  6. ИСО 9000:2000 Системы менеджмента качества. Основные положения и словарь

  7. ИСО 9001:2000 Системы менеджмента качества. Требования.

  8. ИСО 9004:2000 Системы менеджмента качества. Рекомендации по улучшению деятельности.

  9. Кнорринт В. И. Искусство управления. - М.: БЕК, 1997.

  10. Кремнев Г.Р. Управление производительностью и качеством: 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 5. – М.: ИНФРА-М, 2000. – 256 с.

  11. Лукашевич В.В. Менеджмент в структурно-логических схемах: Учебное пособие / В.В. Лукашевич – М.: Издательство «Экзамен», 2003. – 224 с.

  12. Мескон М., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. - М.: Дело, 1998.

  13. Организационная культура: Учебное пособие /И.В. Грошев, П.В. Емельянов, В.М. Юрьев. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. – 288с.

  14. Румянцева З.П. и др. Общее управление организацией: принципы и процессы: 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 3. – М.: «ИНФРА-М», 1999. – 336 с.

  15. Смирнова В.Г. и др. Организация и ее деловая среда: 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 2. – М.: «ИНФРА-М», 2000. – 192 с.

  16. Теория управления: Учебник/Под.общ.ред. А.Л. Гапоненко, А.П. Панкрухина. – М.: Изд-во РАГС, 2003. – 558 с.

  17. Тотальное управление качеством: учебное пособие / Е.В. Шубенкова. Под ред. Профессора Ю.Г. Одегова. – М.: Издательство «Экзамен», 2005. – 256 с.

  18. Управление качеством: Учебник для Вузов/ С.Д. Ильенкова, Н.Д. Ильенкова, В.С. Мхитарян и др.: Под ред. С.Д. Ильенковой. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. – 199 с.

  19. Филонович С.Р. Лидерство и практические навыки менеджера: 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 9. – М.: «ИНФРА-М», 1999. – 328 с.

  20. Хеккаузен Х. Мотивация и деятельность. В 2-х тт. - М., 1986.

  21. Эффективность государственного управление /Под ред. С. А. Батчикова и С. Ю. Глазьева. - М.: «Консалтбанкир», 1998.


Похожие:

Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже icon«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттамасымен бекітілген (2011ж. 29. 12. жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік...
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже iconКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже icon«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен бекітілген 2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттама (12. 03. 2010ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі туралы ереже (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар...
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже iconПӘндер «гидромелиоративтік жүйелерін пайдалану»
М 081000 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы
Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже icon2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттама «Қазақтелеком» АҚ­ акционерлерінің Жалпы жиналысы туралы ереже
«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница