5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі




Название5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі
страница2/5
Дата конвертации24.03.2013
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

5.2. Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметіне қарыз қаражатын тарту
Инновациялық қызметті қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту, коммерциялық несиелеу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Тұрғындардың нақты кірісінің жоғарлауы мен мемлекетке сенімділіктің қайта орнына келуі инновациялық қызметке тұрғындардың жинақтарын тартуға мүмкіндік береді.

Коммерциялық несиелеу жабдықтаушылардың өз сатып алушыларына төлемді кейінге қалдыру түрінде, векселмен рәсімделеді. Вексельдік айналым инновациялық қызмет саласында кең таралуы мүмкін. Тұрғындардың ағымдағы жинағы бірнеше миллиард доллармен бағаланады. Бұл қаражаттардың көп бөлігі байлардың қолында. Ол тұлғалар бұл қаражаттарын қысқа мерзімде жоғары кіріс әкелетін активтерге, жинақтау көзі ретінде немесе шетелге жіберіп отыр. Шетелдерде жаңалық енгізулерді қаржыландыру үшін арнайы қор көздері тартылады, оларды кіші және орта кәсіпорындарға беру кезінде мемлекеттік кепілдік көрсетіледі [36, 37].

Қазақстан нарығындағы трансұлттық компаниялар (шикізат саласында, қоғамдық тауар өндіріс, телекоммуникация саласы мен жоғары технология саласында) тұрып қалған өндірістік қуаттарға инвестициялар салмайды.

Инновациялық инвестициялар (венчурлы) негізінде альтернативті капитал нарығының дамуы инвесторлар мен жаңа технологияны құрушылар арасындағы қызығушылықтардың келісуіне мүмкіндік береді.

Венчурлы (инновациялық) қорлар-инвестициялық қорлардың бір инновациялық өнімді тұтынушы мен құрушы, тұрғындардың жинақтары және мемлекет есебінен қалыптасады. Инновациялық қорлар, инновациялық жобаларды жеңілдіктер есебінен қаржыландыра алады. Ол инновациялық қызметті қаржыландырады әртүрлі көздерден қайта бөлу арқылы жүзеге асырады. Инновациялық қорлар инновациялық қорларды қаржыландырумен қатар, инновациялық кәсіпорындар мен жеке ғылымдар мен мамандарға қаржылық көмек көрсетумен айналысады.

Инновацияны қаржыландырумен байланысты тәуекел қордың акционерлік капиталындағы үлесінен бөлінеді. Пайда табу мүмкіндігі, бірнеше инновациялық жобаларға қаражат салу арқасында жоғарлайды.

Қаржы-несие қызметімен қатар, инновациялық қорлар көптеген делдалдық қызметтер атқарады: ақпараттық қамтамасыз ету, инновациялық жобалардың патенттік талдау, лицензиялау, кеңес беру және т.б. Мұның бәрі инноваторлар қызметіне оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Венчурлы инвестициялар деңгейі Қазақстанда өте төмен. Ол венчурлы инвестиция жүйесінің дамуына мүмкіндік жасайтын құқықтық негіздің болмауына, интелектуалды меншік саласындағы қатынастардың реттелмегенімен, инновациялық жобалардың нарықтық мүмкіндіктерін бағалайтын менеджерлердің болмауынна байланысты. Венчурлы қорларды басқару, инновациялық жобаларды іздеу, сараптау, талдау, басқарумен айналысатын инновациялық компаниялармен жүзеге асады. Мұндай қор, қаражаттық қаражатынан басқа, инновациялық кәсіпорындарға маркетинг, аудиторинг (бухгалтерлер мен заңгерлер) ақпараттық және т.б. кеңес қызметтерін көрсетеді.

Қазақстанда венчурлы қорлардың көзі болып, сауда және өнеркәсіптердің артық капиталы жеке жинақ капиталынан тұруы мүмкін. Ұзақ мерзімді қаржы капиталын, зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары беруі мүмкін. Венчурлы қорлар криминалды капиталдың көп бөлігін тартуы мүмкін. Мұндай салымға тәуекел капиталын салған инвесторлардың белсенділігі олардың материалдық қызығушылығының деңгейін көрсетеді. Мұндай қызығушылық келесідей жағдайға байланысты болуы мүмкін:

жоғары пайыз алып келетін басқа капитал салу әдістерінің болмауы;

несие нарығында басқа да операциялар үшін ссудалы пайыз мөлшерінің төмендігі;

мемлекеттің ақша-несие саясатының тәуекелге қаржылық қолдауы;

өнеркәсіп-қаржылық топтардың біріктірілген қызығушылығы және т.б.

Отандық венчурлы тәуекел нарығын дамыту үшін, менің ойымша несие ресурстарының нарығында жеңілдіктерді мемлекеттік жолдармен беру, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар инновациялық фирмалар мен венчурлы кәсіпорындарға салықты төмендету керек.

Инновациялық жобаларды қаржыландыруда белсенді орынды шетелдерде зейнетақы қоры алады. Бірақ Қазақстандағы зейнетақы қорлары коммерциялық қызметпен айналысуға құқы жоқ. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтерін орналастырумен арнайы компаниялар айналысады. Бұл қорлармен арақатынасы активтері басқару келісім шарты негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері инновациялық жобаға салынған біздің елде 10% аспайды. Ал экономикалық дамыған елдерде зейнетық қорлары ірі инвесторлар болып табылады. Қазақстанның зейнетақы қорларының инновациялық жобаларды қаржыландыруын жоғарылату үшін олардың қызметін арнайы заңдарға, негіздеп, нормативті қамтамасыз ету керек.

Инновациялық процестерді жанама қаржыландыру түрі болып-франчайзинг табылады. Франчайзинг-жеке немесе заңды тұлғаға белгілі бір тауар белгісі арқасында, тауар немесе қызмет өндіруге, немесе сатуға лицензия беруі. Франчайзинг өндіріс технологиясын қалыптастыру, нарықты қамтуға, қызметкерлерді оқытуға, жарнамаға кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді сондай-ақ басқа да қаржылық, технологиялық және коммерциялық көмек көрсетеді. Бұл жаңа кәсіпорындар өзі жеке құру кезінде пайда болатын тәуекел деңгейін қысқартады. Келісім шартта лицензия берілетін мерзім, тауар және қызмет өндірілетін немесе сатылатын территория, төлем түрі көрсетіледі.

ҚР ТМД елдерінің ішінде тікелей шетел инвестициясын тартатын негізгі мемлкеттің бірі болып табылады. ТШИ көлемі бойынша екінші орынды алады. Қазіргі таңда ТШИ Қазақстан экономикасының кейбір секторларында маңызды орынды алады. ТШИ негізінен көп табиғи ресурсы бар секторларына бағытталады, ТШИ 50% мұнай-газ өнеркәсібіне салынуда [36, 37].

Шетел инвесторлары және жалпы шетел капиталы ағынының өсуі ҚР-ғы өтпелі кезеңінің жеңіл болуына әсер етеді. Бұл ішкі қаржы ресурстарының жетіспеуі мен маңызды сыртқы әсерлердің болмауы себептеріне байланысты да маңызды болып табылады. Осы шетел инвесторлары арқасында жаңа нарыққа және шетел ноу-хау, технология мен инновациялық процестерді жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Капиталдың көп ағымы Қазақстан экономикасын жақсартудың негізгі шартының бірі болып табылады.

Шетел инвестициялары Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін артыруға үлес қосуы мүмкін. Себебі шетел капиталының тікелей салымдары, елдің сыртқы қарызын көбейтетін несиелерге қарағанда тиімді болып табылады. Ол отандық экономика саласында жаңа технологияны тартуға мүмкіндік береді. Экономиканың нақты секторына шетел инвестициясын тарту бойынша, мемлекеттік стратегияны іске асыру, елде оңтайлы инвесторлық жағдайды қалыптастыруға жол береді. Осы мақсатта басқарудың мемлекеттік органдары шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер жүйесін құрып, оны салық және кеден кодекстерінде бекітуі керек.

Қаржылық емес активтерге салынған инвестиция көлемі жылдан жылға өсуде соның ішінде компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етуге салынатын инвестиция әр жылы әртүрлі болып бірде артып бірде кеміп отырғанын келесі кестеде көруге болады. Мысалы 2006 ж 4505, 2007 ж 10257 көтерілген болса, ал 2008 ж 2616 төмендеп 2009 ж 6552 аз ғана жоғарылаған (нақты бағамен млн. тг). Бұл тербелістер өз еліміздегі бағдарламалық қамтамасыз етулердің дамығанын көрсетеді.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлеміде жылдан жылға көбейіп келуде. Оның ішнде мемлекеттік инвестиция көлемі азайып Мыс, 2006 ж 18,9%, ал 2003 ж 1 жарты жылдығында 13,2% ғана құраған. Жеке меншік секторындағы инвестиция жағдай да солай мысалы 2006 ж жалпы нег. Кап. Салынған инвестиция көлемінің 72,9%, ал 2003 ж 1 жарты жылдығында 56,6% көрсетіп тұр. Шетел инвестициясы керісінше өсуде 2006 ж 8,2%, 2009 ж 30,2% өскен.

Экономикалық қызмет түріне байланысты негізгі капиталдарға инвестицияны талдап қарастырсақ, онда балық аулау және балық өндіру саласына ешқандай инвестицияның бөлініп жатпағанын көреміз. Ал ең көп инвестиция көлемі таукен өнеркәсіптеріне тиіп тұрғаны анық және ол жыл сайын өсуде 2006 ж 42,0% құраса, 2003 ж 1 жарты жалдығында 50,6% өскенін байқауға болады. Соңғы жылдары көлік және байланыс саласына инвестиция салымының өсуі байқалуда мысалы 2006 ж 7,5%, ол өсе келе 2003 ж 17,9% жеткен, ал қаржы қызметі, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жекеменшік қолдану, қонақ үйлер, әлеуметтік салаларға салынған инвестиция көлемі жылдан жылға азаюда. Елімізде білімге назар аударып жатқанын көрсететін жақсы көрсеткіштердің бірі болып келесідей мәліметтерді келтіруге болады. Себебі инновациялық қызметті іске асыруда міндетті түрде жоғары білім талабы қойылады. Соңғы статистикалық мәліметерді талдап қарасақ, онда білім саласына бөлініп жатқан инвестиция көлемі жылдан жылға өсуде 2006 жылы 1057 млн., 2007 жылы 3981млн., 2008 жылы 6914млн., 2009 жылы 7976млн., ал 2003 жылдың бірінші жартысында 4895млн. теңгені құраған. Пайыз түрінде көрсететін болсақ, негізгі капиталға салынған инвестицияның үлесінде, білім саласына бөлінген инвестицияның мөлшері келесідей болған: 2006 жылы 0,3%, 2007 жылы 0,7%, 2008 жылы 0,8%, 2009 жылы 0,7%, ал 2003 бірінші жартысында 1,3% құраған.

Несие нарықтық қатынастар сипатына көбірек сай келеді. Ол инновациялық қызметтің барлық кезеңдерінде қолданыла алады. Коммерциялық банктер ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды келісіп шарт негізінде несиелей алады. Төлем ақысын жұмыс толық біткен соң төлейді. Банк инновациялық жобаның координаторы қызметін, ақша қаражаты ретінде белгілі бір орган атынан атқара алады. Бұл салынған қаражаттың тиімділігін арттырады және жүзеге асырушының жауапкершілігін артырады.

Қазақстанда ұзақ мерзімді несиелердің тәуекелі жоғары, оларға деген пайыз мөлшері ең төмен болып табылады. Ол қарыз алушылардың қаржылық мүмкіндіктерінің төмендігіне байланысты. Қазақстан банктері тек меншік капиталы жетіспеумен емес, резервтік мөлшердің жоғары болуымен сипатталады.

Инфляцияның төмендеуі, ақша массасының қысқаруы банктердің капитал салымының жаңа салаларын іздеуге мәжбүр етеді. Бірақ спекулятивті операциялардан бас тартып, өндірісті несиелеуге бас бұрған банктер күрделі қаржылық проблемаларға ұшырауда. Инвестицияны қажет ететін өнеркәсіптердің 1% ғана несие қайтаруға мүмкіндігі бар.

Экономикалық әдебиеттерде коммерциялық банктердің инновациялық қызметті несиелеуге бағытталған ұсыныстары көп. Кей жағдайларда банктердің пайдасының бір бөлігін бюджеттік емес инновациялық қорларды қалыптастыру үшін әкімшілік құқықтық әдістерді қолдану ұсынылады.

Үкімет инвестициялаудың маңызды бағыттарымен қатар, нақты секторды несиелеудің жаңа құралдарын да ұсынуда, мысалы авиациялық лизинг. Менің ойымша инновациялық салаға қызмет ету үшін несие мекемелерінің қызығушылығын арттыруға бағытталған күрделі әдістер қолдану керек:

инновациялық жобаларды іске асырушы кәсіпорындардың жедел қарыз сомаларын қысқарту немесе мүлдем жою;

отандық кәсіпорындардың инновациялық жобаларын несиелеуші коммерциялық банктердің міндетті резерв көлемін 50% төмендету;

коммерциялық банктерден алынған несиелерді өз мерзімінде қайтаруға кепілдік беру. Оны Ұлттық банктің белгілі мерзімге пайыссыз несиелеу арқылы жүзеге асыру;

инновациялық процестерді несиелеу мақсатында Ұлттық банктердің ресурстарын коммерциялық банктер төмен пайыз ставкаларымен беру.

Инновациялық қызметтің барлық кезеңдерін несиелеуші коммерциялық

банктерге салық салу бойынша жеңілдіктер көрсету керек. Еліміздегі инновациялық қызмет саласын дамыту үшін инвестицияны тарту мәселесіне назар аударып, оны қолға алу керек.

Сонымен қатар инновациялық қызметте лизингтің алатын орны маңызды. Лизинг - кәсіпкерлік құрылымның және қаржылық институттардың байланысу формасы. Ол инвестициялық белсенділіктің өсуіне және кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау әдісі болатын лизинг ретінде уақытша бос немесе тартылған қаржыларды инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметті түсінуге болады.

Лизингтің дамуына байланысты «жаңа» теория қалыптасты, ол неге тұтынушылардың жеке меншік құқы мен оны қолдану мүмкіндігінен ажыратуын қарастыра бастағанын түсіндіреді.

Осы теорияға сүйене отырып, өндірушілердің басты мақсаты-көп өндіру үшін активтерді жинақтау. Сондықтан тұтынушылар жол принципін, ал банктер клиенттің алдынғы нәтижелеріне қарап несие беруге жақын болып табылады.

Экономикалық дамудың қазіргі замандағы дамуы өндірістің дамуы мен жаңалануы, сондай-ақ өнімді өткізуде өтімді қаражаттардың жетіспеушілігін анықтады. Өндіріс саласына инновацияны енгізу қажеттілігі, лизинг операцияларының кең таралуына жол ашты. Көптеген кәсіпорын үшін лизинг-қаржыландырудың жалғыз көзі болып табылады. Осылайша лизингтік келісімдер, инновациялық процесті белсендіреді, лизинг алушы кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын жақсартады, кіші және орта бизнестегі бәсеке жағдайын көтереді.

Сондай-ақ лизингті қаржылық қиындыққа шалдықпаған трансұлттық кәсіпорындарда тұтынады. Осылайша АҚШ-та фирмалардың 80% лизинг шартының негізінде өздеріне қажет машиналар мен құрылғыларды алуда. лизинг капитал салымын қаржыландырушы ретінде 50 бастап қолдана бастады. Лизингтік операциялар келесі белгілері бойыша бөлінеді:

шартқа тұрушы қатысушылар құрамы;

лизингке берілетін зат түрі, оның өтеу деңгейі;

амортизация шарты;

қызмет ету көлемі;

операциялар жүргізілетін нарық секторы;

салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынас;

лизинг төлемдерінің сипаты.

Қаржы лизинг көбінесе қымбат құрылғыларды бақылау-өлшеу техникасын, ЕЭМ, көлік құралдары және т.б. қажет ететін ірі техниканың инновацияны тез игеру қажеттілігі туғанда қолданылады. АҚШ-та лизинг үлесі машина мен жабдықтардың жалпы соммасының 30%-і құрайды. Қаржылық жол жөніндегі келісім шарт бойынша (лизингте) жалға беруші (лизинг беруші) нақты сатушыдан келісім шарт бойынша бір меншік түрін жалға алушыға (лизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытша қолдануға береді:

1. «Стандартты» келісім шарт («Standard financial lease») лизинг объектінің иесі лизинг берушінің өзі болмаса. Бұл операцияда үш партнер қатысады, ал лизинг операциясына келесі кезеңдер кіреді: жабдықты сатып алу, меренг құралын жалға және сатуға опцион. Қарым қатынастардың үш нақты сипатын лизинг шартына қатысушы үш субъектті көрсетеді: жабдық иесі (лизинг беруші), жабдықты қолданушы (лизинг алушы), жабдықты сатушы (өндіруші-кәсіпорын).

2. «Қайтымды лизинг» келісім шарты (lease-back); лизинг құралының жабдықтың иесі жабдықтаушы лизинг берушіге оны сату сатып алу шартымен және сол жабдықты қаржы лизингі шартымен сатып алады. Бұл келісім шарт алғашқы иемденушіге өзінің қаржылық жзағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл келісім шарт түрі инновациялық қызмет саласында кен таралған.

3. «Жабдықтаушы» келісім шарт түрі (“deliver”), лизинг құралы лизинг беруші. Сатылады және қаржы лизингі шартымен бірінші болып сатып алынады. Сондай-ақ соңғы тұтынушы болып үшінші тұлға табылады.

Лизингтік компаниялар, жалға алушыға тек құрылғыны жабдықтаушы таңдау құқын ғана емес сондай-ақ келісім объектін қабылдау құқын да береді. Қабылдаған құрылғының жөндеуін өндіруші кәсіпорындар және жалға алушының өзі жүргізеді.

Лизинг - бұл жалға берушінің жалға алушыға нақты затты, белгілі бір уақытқа беру келісімі. Лизингте ең азы үш қатысушы болуы керек: өндіруші, лизинг компаниясы, жалға алушы.

Жалға беруші ретінде лизингтік операцияларға келесілер кіреді:

қаржылық лизинг компаниялары;

арнайы лизинг компаниялары;

брокерлік лизинг компаниялары;

лизингпен айналысатын өнеркәсіп корпорациялары мен банктердің бөлімшелері;

банктік ұйымдар;

сақтандыру және зейнетақы қорлары.

Лизингте маңызды орынды банктер алады. Олардың қатысуы тікелей (егер олармашина және құрылғыларды өздері лизингке берсе) және жанама (егер олар лизингтік компанияларға ссудалар берсе) түрде жүзеге асады. Ірі лизингтік операция әдетте банктің қатысуынсыз жүзеге аспайды. Осылайша АҚШ-та 70жж 100 млн. долл. активі бар әрбір бесінші банк, тікелей лизингкке қатысқан; лизингтік операцияларға қатысушы банктер саны 500 асқан.

Сақтандыру компаниялары да тікелей және жанама түрде лизингке қатысады. Лизингттің негізгі артықшылығы, кәсіпкер құрылғыны алуға немесе жаңа өндірісті ашуға ірі шығындарды жұмсамайды. Бұл кіші және орта инновациялық кәсіпорындарға ыңғайлы. Мерзім өткен соң жалға берушіге зат қайтарылады немесе өзінің меншігі болып қалады. Тағы бір артықшылығы ол аванстық төлемді қажет етпейді, ол дамушы кәсіпорындардың материалдық негізін жаңартуға мүмкіндік береді. Ескі құрылғыларды жаңамен ауыстыру арқылы лизинг моральдік ескіру тәуекелін төмендетеді. ЭЕМ өндірісіндегі лидер болып табылатын IВМ және Хеrох көшірме техникасы фирмалары жыл сайын жаңа үлгілер шығарып, ескілерін лизингке бере отырып 50-70% кірісін қамтып отыр.

Өкінішке орай Қазақстанда лизинг қызметі нарығының инфрақұрылымы қалыптаспаған, лизингтік қызмет көрсету мүмкіндігі бар лизингтік компаниялар жоқ. Лизингтік операциялардың негізгі қатысушылары-банктер лизингтік келісім агенттеріне қызмет етуге мүмкіндігі жоқ.

Қазақстанда лизингтік іскерлікті мемлекеттердің орны мен оған инновациялық бағыт беруге маңызды болып табылады. Инновациялық кезеңнің ұзақтығы мен мұндай өңдеу жұмыстарының құнының жоғарылығын есепке ала отырып, лизингтік келісімдерді әртүрлі көздерден қаржыландыруды қолдану керек. Жаңа өнімді өндіруші үшін лизинг тауарды нарықта ұсынудың негізгі құралы болып табылады.

Инновациялық қызметті жүзеге асырудың қиындықтары қатысушылардың тәжірибесінің болмауына, айналым құралдарының аздығына байланысты болып табылады. Инновациялық жобалардың көбі кіші және орта кәсіпорындарда жүзеге асады. Себебі көптеген ірі ескі кәсіпорындардың басшылары инновациялық процесті тиімді басқарып, енгізе алмайды, әртүрлі қолайсыз жағдайларды болдырмайтын негізгі бір жолы-сақтандыру болып табылады. Инновациялық салада тәуекелге бейімді екі капитал салымының құралы бар: құрылған жаңалықтар және техника-технологиялық база. Сондай-ақ олар меншікті ғана сақтандырып ғана қоймай, инвестициялық құралдар мен кәсіпкерлік қызығушылықтарды қорғауды ұйымдастырады.

Инновациялық қызмет субъектілері мен олардың материалдық құндылықтары әртүрлі қауіптерге төнуде. Олар инновациялық өнімнің тиімділігіне кедергі жасайды. Инновациялық салаға әсер ететін қауіптің бәрін есепке алып алдын алу мүмкін емес.

Инновациялық қызметті іске асыру процесінде келесідей сақтандыру түрлерін бөліп қарастыруға болады:

өз қызметін атқару барысында денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру;

тұтынушыларға келтірген зиян келтіргені үшін өндірушілердің жауапкершілігін сақтандыру;

қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыру;

өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкерлікті сақтандыру.
1   2   3   4   5

Похожие:

5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Тақырып 3 Аспап жасау кәсіпорынның және өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің айналмалы құралдары
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconТехнологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1037 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconМемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Оса беріліп отырған мемлекеттік көліктік бақылау органдарының қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЖергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1038 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЖобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі icon«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Республикасы инновациялық қызметiнiң бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектiлерiнiң жүйесi
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЗайсан ауданында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Зайсан ауданында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2009-2011 жылдарға арналғАН
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЛ. Н. Гумилева Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің
М. У. Спанов Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тұжырымдамалық негіздерін атап көрсеткен, онда елдің экономикалық...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілде №922 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconАммиакты тоңазытқыш қондырғылар классификациясы
Суықпен қамтамасыз етудің шартты графикалық бейнесі 1 кестеде көрсетілген алты принципиалды схеманы ажыратады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница