5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі




Название5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі
страница5/5
Дата конвертации24.03.2013
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

5.4. Қаржы нарығын дамыту және бәсекелестікті қорғау
Монетарлық саясаттың мақсаттары экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтайтын инфляцияның төменгі деңгейін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерге қолайлы бәсекелестік жағдайды және елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, банктік процентік ставкаларды төмендетуін ынталандыру арқылы банктердің экономиканың нақты секторына кредит беруінің одан әpi өcyi үшін жағдай жасау болмақ.

Монетарлық саясаттың негізгі мақсаты 2003-2004 жылдары орташа жылдық инфляцияны 4-6% шегінде ұстап тұру және оны 2005 жылға қарай 3-5%-ке дейін, ал одан кейінгі жылдары 2-4%-ке дейін азайту болады.

Монетарлық саясаттың негізгі құралдары РЕПО операциялары сияқты ашық рынок операциялары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару және вексельдермен қайта есептеме операциялары болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкті РЕПО ставкасы және вексельдер бойынша есептеу ставкасы сияқты өзінің ресми ставкаларының реттеушілік рөлін күшейту шараларын қолдануды жалғастыра береді әpi оларды нақты мәніндегі әлсіз оң сипатын сақтайтын болады. Бұл ақша-кредит саясатын инфляция керсеткіштерін жоспарлауға көшуге дайындық үшін база болып табылады. Инфляция көрсеткіштерін жocпapлayғa көшумен қатар жүргізілетін ақша-кредит саясатына сенімді арттырып, aлғa қойылған мақсатқа қол жетгізу жөнідегі міндеттемелерді қатаң сақтауды қамтамасыз ететін тетік жасалатын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелері саласында микропроцессорлық карточкалар негізіде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйeсін енгізуге баса назар аударатын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдағы жылдары ЕурАзЭҚ елдерінің орталық банктерімен бірлесіп ЕурАзЭҚ елдерінің ортақ төлем жүйесін ұйымдастыру және қаржы рыноктары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмысты жалғастыра береді.

Монетарлық саясат қаржы рыногының тұрақтылығын caқтayғa, сақдандыру рыногын, бaғaлы қағаздар рыногын одан әpi дамытуға және банк жүйесін нығайтуға, банктердің экономиканық нақты секторына кредит беруінің одан әpi өcyi үшін жағдай жacayғa, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге жәрдемдесетін болады.

Валюта қатынастарын ырықтандыру

Қазақстан Республикасының қолданыстагы валюталық заңамасымен белгіленген шектеулер мен кедергілер нарықтық қатынастар дамып келе жатқан елдердің көпшілігіне тән.

Міндет валюталық операциялар жүргізу, уакыттың және халықаралық практиканың талаптарына сәйкес валюталық операцияларды реттеудің өзге әдістерін қолдану кезінде жекелеген шектеулерді кезең-кезеңмен алып тacтayғa келіп саяды.

Бағамдық саясат өңдеуші өнеркәсіп пен экспортқа бaғдapлaнғaн саланы қолдауға бағытталатын болады.

Валюта режимін толық ырықтандыруға 2007 жылы қол жетізу көзделуде. Қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекелестігін арттыру мақсатында АҚШ долларымен салыстырғанда теңгенің айырбас бағамын реттеуде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан валюталық реттеу деңгейі біртіндеп төмендетілетін болады. Қазақстанның қаржы рыногында шетелдік банктердің қатысуын кеңейту көзделуде.

Қазақстан стратегиялық тұpғыдан алғанда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал экспортына бағдар ұстанған шағын, ашық экономикалы ел ретінде қалыптасуда.

Экономиканың ғaлaмдaнyы жағдайында дамыған ipi рыноктар тауарлар мен қызмет көрсетулерден гөpi, инвестиция iздеcтipyгe нeғұpлым баса назар аударады. Бұл олар үшін ұзақ мерзімді кірістердің жаңа көздерін aшyғa мүмкіндік бepeдi. Егер қазақстандық каржы ресурстары Қытай мен Ресей сияқты ipi рыноктардың дамуына қатысатын болса, онда бұл кәсіпкерлерге табыстардың тұрақты және cенімді көзіне ие болуға мүмкіндік береді.

Қаржы рыногының қатысушыларын институционалдық дамыту.

2004 жылы қаржы рыногын қадағалау жөніндегі дербес бірыңғай реттеуші орган құру жоспарлануда, оның қызметі аясында барлық қаржы институттарына жедел бақылау жасау және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін кешенді қорғay жүзеге асырылатын болады.

Банк секторын дамыту

Банк секторын дамытудың негізгі бағыттарының бipi банктерден, банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұратын кредиттеу жүйесінің үш деңгейін құру болып табылады.

Бірінші деңгей - банк секторын одан әрі дамыту, бұл орайда екінші деңгейдегі банктерде корпорациялық басқару және тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, сондай-ак ағымдағы қадағалау, оның ішінде банк қадағалауы жөніндегі Базель комитетінің Негізгі қағидалары мен стандарттарына сәйкес топтастырылған қадағалау әдістерін одан әpi жетілдіру жөніндегі ic-шараларды жүзеге асыру көзделеді.

Қаржылық жағынан тұрақты шетелдік банктер үшін банк секторының тартымдылғын арттыру жұмысы жалғастырылатын болады.

Бұған қоса қызметі банк кызметтерінің белгілi тізбесін жүргізуді көздейтін мамандандырылған банктер құрылатын болады. Атап айтқанда, осындай банктер құрудың тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, мамандандырған ипотекалық банктер шеңберінде келешегі бар.

Eкінші деңгей - қаржы институттарының кредиттік серіктестіктер сияқты түрлері дамытылатын болады, бұл орайда олардың заемшылары клиентураның нeгiзгі бөлігін құрайтын шағын және орта заемшылар бола алады.

Үшінші деңгей - микрокредит берумен ғана айналысатын ұйымдардың қызметімен тікелей байланысты кредит беру жүйелері Микрокредиттік ұйымдар кредит беруді өз капиталы, гранттар және шағын кәсіпкерлерге арналған бaғдapлaмaғa қатысушылар жарналары есебінен жүзеге асыратын болады.

Сақтандыру рыногы

Сақтандыру секторын дамыту саласында шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың мүдделерін әртүрлі қатерлерден қорғаудың, тиімді тетігі және ұзақ мерзімді түрде ішкі инвестициялардың көзі ретінде сактандыруды белсенді пайдаланатын қaзipгi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясы қалыптастырылатын болады. Сақтандыру жүйесінің әлеуетті республика экономикасын тұрлаулы түрде дамыту тетіктерінің бipi ретінде пайдаланылатын болады.

Сақтандырудың міндетті түрлері, оның ішінде міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, экологиялық сақтандыру және басқа түрлері енгізіліп, оларды тиімді қолдану қамтамасыз етілетін болады.

Сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту және оның кәсіби қатысушыларының (сақтандыру брокерлерінің, актуарийлер мен уәкілетті аудиторлардың) қызметін жандандыру жөніндегі жұмыс жaлғacтыpылaтын болады. Бағалы қағаздap рыногының кәсіби қатысушыларының әртүрлi санаттарының қызметіндегі тәуекелдерді сақтандыру тиісті дәрежеде дамиды. Сақтандыру шарттары бойынша клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында caқтандырушыларға (caқтандырылғандарға, пайда aлyшылapғa) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құрылды. Бірінші кезеңде міндетті сақтандырудың негізгі түрлері бойынша кепілдік беруді енгізу, ерікті сақтандыруды қоса алғандағы қалған барлық түрлеріне кепілдік беруді одан әpi кеңейту көзделуде.

Басымдықтардың бipi қаржы және азаматтық нopмaлapғa сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату кезінде олардың кредиторларының құқыктары мен заңды мүдделерін қopғay болып қала береді.

Бағалы қаздар рыногы

Бағалы қаздар рыногын дамытудың 2010 жылғa дейінгі кезеңге apнaлғaн негізгi бағыттары мыналар болады:

- ішкі институционалдық инвесторларды дамыту;

бaғaлы қағаздардың және олардың туындыларының сапасын жақсартуды ынталандыру және қаржы құралдарының жаңа түрлерін енгізу;

- инвесторлардың құқықтарын қорғауды жетілдіру және зейнетақы мен резервтік активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

бaғaлы қағаздap рыногының техникалық инфрақұрылымын дамыту;

- бағалы қағаздар рыногының eкi деңгейлі жүйесін одан әpi дамыту. Іpi институционалдық инвесторлар ретінде ресурстардың ең көп көлемін жинақтаған банктер ретінде екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ сақтандыру рыногының даму дәрежесіне қарай сақтандыру ұйымдары дамытылатын болады. Сақтандыру ұйымдарын дамыту шеңберінде олардын резервтік активтерін рыноктық бaғaлay зейнетақы активтерін бағалаумен бірыңғай стандартқа келтіріледі.

Бағалы қағаздар портфелін ұстап отырған брокерлік және дилерлік ұйымдарды және құнды қағаздар рыногының басқа да кәсіби қатысушыларын дамыту 2004 жылдан бастап олардың капиталдану деңгейін жoғapылaтy арқылы жетілдірілетін болады.

Қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңыызды міндет болып табылады, мұның аясында корпорациялық басқару нормаларының сақталуына, ұсақ акционерлердің құқығы мен мүдделерін қорғаудың қағидаларын, акционерлік қоғамдардағы төлем тәртібін және акционерлік қоғам қызметінің ашықтығын нығайтуға, салық заңнамасының бағалы қағаздар бойынша кіріске салық салу бөлігінде жетілдіруге назар аударылатын болады.

Фискалдық саясат

Экономиканың жедел даму процесі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс icтeyi үшін ынталандыру жағдайларын жасаумен ұштасады. Бұл белгігі бip деңгейде салық режимінің жетілдірілуімен байланысты.

Жандану саясатынан экономикалық дамудың тұрақты жоғарғы қарқыны стратегияна көшу алынатын кірісті мемлекеттің халыктьң және кәсіпорындардың арасында қайта бөлу процесін реттеу тетіктерін жетілдіруді қажет етеді.Бұл проблеманы шешудің өзектілігі экономикалық өсімнің негізін шикізаттарды өндіру және бастапқы қайта өндеумен айналысатын салалар құрайтынында болып отыр. Бұл салалардьң өнімдері елдің өнеркәсіп өндірісі мен экспорты көлемінің 70%-інен астамын иеленеді.

Бұдан басқа, экономиканың басқа салаларының, тауарлар мен қызмет көрсетулерінің ішкі өндірісінің жартысынан астамы шикізат секторы кәсіпорындарының тауарлар мен қызмет көрсетулерге деген қажеттігін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан экономикасының тұрлаулы түрде дамуына кepi әсерін тигізеді, өйткені мұнайдың металдар мен астықтың әлемдік бағаларының күрт құлдырауы елдің кептеген кісіпорындарының жұмысының бұзылуына әсер етіп, мемлекеттік бюджетке кірістердің түсімін айтарлықтай қысқаруына ықпал етеді.

Республика экономикасының негізгі экспорттық тұрғыдағы әлемдік бағалар конъюнктурасына тәуелділігін азайту үшін қосылған құнның үлесі жоғары өнімдер өндірісін дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасау қажет. Бұл мақсатта орта мерзімді кезеңде қосылган құны жоғарғы меншікті өндіріс өнімдерін өндіретін кәсіпорындар үшін корпоративті табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салық салудың жекеленген тәртібін енгізу қажет.

Инновациялық белсенділікті дамыту және инновациялық түрдегі экономикаға өту республикадағы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етудің тәсілдерінің бірі болып табылады. Алайда, практикада бұл міндеттерді жүзеге асыру инновациялық инфрақұрылымның, инновациялық белсенділікті ынталандырудың icкe қосылған тетіктерінің әлсіздігінен, инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерінің мүлдем болмай отырғандығынан күрделене түседі.

Экономиканың шикізаттық емес саласына инвестицияларды жеделдете тартуға ықпал ететін ұйымдық нысалдардың бipi еркін кеден аймағының айрықша режимі бар арнайы экономикалық аймақтарын (бұдан әpi - АЭА) құру болып табылады.

АЭА-ны дамыту үшін түрлі жоғары технологиялық қызмет түрлерін (ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар, ядролық технологиялар, радиоэлектроника, байланыс және т.б.) ынталандыратын экономикалық қолайлы жағдай жасау қажет. АЭА-ның инновациялық әзірлемелерді игеpyi кезеңінде олардың есептелген корпоративті табыс салығын азайту, мүлік салығын және жер салығын төлеуден босату заңнамамен айқындалады деп көзделуде.

Сонымен бipгe, айрықша режимнің белгілі бip шектеулі аумақ шеңберінде қолданылуы экономиканың барлық салалары мен өңірлерді тең әpi тиімді дамыту міндетін толық көлемде icкe асыруғa мүмкіндік бермейді.

Бұл үшін ғылыми және инновациялық қызметті салықтық ынталандыру жөнінде қосымша ұсыныстар қарастырылады.

Салық салудың жеңілдк режимін енгізумен қатар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту процестерін қаржыландыру түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөніндегі заңнамасында ecкipген тіркелген активтерді жаңартуды ынталандыру, ғылымды көп қажетсінетін және жоғары технологиялы жаңа өндірістерге инвестициялар тартудың негізгі бағыттарының бipi болып табылады.

Негізгі қорларды жаңартуды ынталандыру салық төлеушілердің жиынтық жылдық табысынан қосымша шегерімдерге, қайта енгізілген тіркелген активтер бойынша мүлікке салық төлеуден және нақты инвестициялық немесе инновациялық жобаны іске асыруүшін алынған және пайдаланылатын телімдерге жер салығын төлеуден босату құқығы түрінде инвестициялық салық преференцияларын беру арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар өнімділікті төмендетуге, материалдық-энергия қажетін жоғарылатуға және тиісінше отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін төмендетуге алып келетін негізгі қорлардың моральдық және табиғи тозуы проблемасы сақталып қалып отыр. Қазіргі уақытта республикада негізгі құралдардың тозу дәрежесі экономикалық қызмет салаларына байланысты 50-75 % құрайды.

Негізгі қорлардың жай-күйін жан-жақты тексеру негізінде оларды тозу нормаларын қайта байқау мүмкіндігін жапңартуды ынталандырудың бipi ретінде қарастыру қажет.

Аталған жеңілдіктер экономиканың басым салаларындағы іскерлік белсенділікті ынталандыруға, тіркелген активтерді жаңартуға бaғыттaлғaн және салық салудың әділ қағидатын бұзбайды.

Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау

Бәсекелестік – экономиканың тиімді дамуы мен жұмыс істеудің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновациялық саясатының негізгі міндеті – экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды icкe асыруға ықпал ету тиіс.

Байсалды инвестициялық саясат, сондай-ақ биржа саудасы тауар рыноктарында бәсекелестік ортаны қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу практикасының шектен тыс шоғырлануы мен өcyi проблемаларын шешуге бағытталған. Бәсекелестік саясатының негізгі бағыттары:

- монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту мен монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу, шарттарға кем қою талаптарын енгізу, басқа кәсіпорындардың тауар және қаржы нарықтарына кіруіне кедергі жасау, рынок субъектіері жјне олардыѕ бірлестіктерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату, рынок субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу жөніндегі монополистер әрекеттерінің жолын кесу арқылы басым жaғдaйғa ие нарық субъектілерінің асыра сілтеуіне жол бермеу;

- бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеуге, рынокты аумақтық принципі бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердің рынокқа қол жеткізуін шектеуге немесе рыноктағы бәсекелестік субъектілер арасында сөз байласуға бағытталған, бәсекелестер арасындағы келісілген әрекеттердің жолын кесу арқылы бәсекелестікті жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестік пен бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйым салу;

- мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың жекеленген кәсіпорындарға жеңілдіктер беруі, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің белгігі бip тобына тауарлар мен қызмет көрсетудің бірінші кезектегі жеткізілімі туралы шаруашылық субъектілеріне нұсќау бepyi арқылы бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекетінің жолын кесу.

Стратегияны табысты icкe асыру мақсатында қазіргі күні қолданыстағы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар саласына барлық қатысушыларына - субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бaғытталғaн икемді тарифтік реттеу саясатына көшу қажет.

Бүгінгі күні экономиканы дамыту инфрақұрылымы болып табылатын табиғи монополия саласынын, қарқынды өсуінсіз өнеркәсіп кешенін дамыту мүмкін емес.

Табиғи монополиялардың қазіргі жағдайы негізгі құралдар мен жабдықтардың тозу деңгейін жоғарылығымен сипатталады.

Іс жүзінде оның барлық салалардағы моральдық, табиғи, тозу деңгейі сындарлы шекке жетті.

Моральдық жaғынaн тозған жабдықты пайдалану ұсынылатын қызмет көрсетулер кәлемінің азаюына, сапасының нашарлауына және апатты жағдайлардың туындауына әкеледі.

Бұдан өзге, жеке айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі жабдықты ауыстыруға бағытталған капиталал салымдарын (инвестицияларды) жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі қорларды жаңарту оларды пайдалану тиімділігін, көрсеілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларын жақсартудың және түптеп келгенде, экономикалық өсім мен ел индустриясын тұрақты дамытудың басты факторларының бipi болып табылады.

Бүгін тарифтік реттеу әдістері табиғи монополия саласына инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауды және өндірісті жаңғыртуға негізделген, aтaлғaн экономика секторының басып озатын қарқынына қол жеткізуді қамтамасыз ету кажет.

Сондықтан, индустрияның тұрақты дамытуын қамтамасыз ету, олар көрсететін қызметтер сапасын жақсарту, өзіндік құны төмендету мен қызмет көрсетулерге тариф деңгейлерінің тұрақтылығы үшін тарифтік саясатты;

инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзімді кезеңде тарифтердің тұраќтылығын қамтамасыз ететін тарифті қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу;

есептеудің халықаралық стандарттарын және тиісті қызметтер көрсету түрлері мен шығындар элементтері бойынша шығындарды бөлек есептеу әдістерін енгізу;

табиғи монополиялардың тұтынушыларға әсерін талдау үшін ақпараттық мәліметтер базасын жасау арқылы одан әpi жетілдіру қажет.

Аталған ic-шараларды кең ауқымда icкe асыру және тарифтерді белгілеудің жаңа әдістерін енгізу табиғи монополия саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту әpi ресурстарды сақтайтын және шығыны аз жаңа технологияларды енгізу үшін, олардың қайтарымдылығы мен 5 жылға дейінгі перспективада тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.

Экологиялық саясат

Мемлекеттің экологиялық саясаты өндірісті экологияландыруға бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғау шешілу нәтижесі экономиканың барлық салаларына, сондай- ақ мемлекеттік саяси және әлеуметтік жағдайына ықпал ететін, стратегиялық міндет болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістердің күллі жетістігі қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатқа тікелей байланысты.

Республикада қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанғысыз болып отыр әрі ауаның , топырақтың және судың ластануы халық денсаулығына кepi әсер тигізуде. Бұл факторларды өнеркәсіпті және тұрмыстық қалдықтардың және лacтaнғaн ағын сулардың шоғырлана жиналуы едәуір күшейте түсуде.

Елде ecкipген технологиялардың болуы ластайтын заттарды қоршаган ортаға тастаудың жақын арада азаймайтынын болжауға негіз болады.

Экономика салаларын қалпына келтіру мен дамыту ластанған заттарды қоршаған ортаға шығару мен тастау көлемін бip деңгейде ұстап тұрған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан өнеркәсіпті дамыту, қала құрылысы және басқа да ауқымды кез келген салалық бағдарламаны әзірлеу кезінде, оның қоршаған ортаға әсерін бағалау мәселелері қаралуы тиіс. Осылайша қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіретін экономиканы экологияландыру жүзеге асырылуы тиіс.

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетіне орай, пайдалану процесін реттеу үшін, өндірістің ecyi кезінде қалдықтарды шығару, тастау және жиналу деңгейін тұрақтандыру қажет әрі қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектілерін қалпына келтіру жөніндегі нақты шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру қажет.Бұл қолданысты табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтіруді сөзсіз талап етеді.

Экономика мен экологияның ортақ мүдделерін барынша жақындата түсу үшін экспорттық саясатты өзгерту, жоғарғы технологиялық өндірістерді дамыту, табиғи ресурстарды мейлінше аз пайдаланатын, қоршаған ортаға мейлінше аз залал келтіретін өндірістерді құру қажет.

Экологиялық қауіпсіздік проблемаларын кешенді түрде шешу үшін қоршаған ортаны нормадан артық, ластайтын кәсіп орындар үшін міндетті экологиялық аудитті енгізе отырып халықаралық стандарттардың ИСО сериясы 14000 және ИСО сериясы 9000 «Сапа менеджментінің жүйесін» практика енгізу қажет.

Қоршаған ортаны басқару жүйесі ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыруға. өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық міндеттемелерін орындауға, нәтижесіне импорт пен экспорт өнімдері бойынша көптеген проблемаларды шешуге байланыс ДСҰ-ға кipyгe ықпал етеді.

Жоғары технологиялы өнімдерге, тayapлapғa, қызмет көрсетулерге бағытталған экономикалық даму қоршаған ортаға салмақтың аз түсуін қамтамасыз етеді.

Барлық экономикалық ic-әрекетте табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану принцип болуы тиіс. Қалдықсыз технологияларды мемлекет марапаттауы тиіс. Әуе бассейні. Республика қалалары әуе бассейнінің тым ластануы ластаушылардың металлургия, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпрындарының автомобиль және темір жол көлігінің зиянды заттарды шығаруынан, сондай-ақ қоспаларды сейілтетін қолайсыз климаттық жағдайлардан туындап отыр.

Республика қалалары әуе бассейнінің ластануына автомобиль көліктерін пайдаланудың да үлесі аз емес.


1   2   3   4   5

Похожие:

5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Тақырып 3 Аспап жасау кәсіпорынның және өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің айналмалы құралдары
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconТехнологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1037 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconМемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Оса беріліп отырған мемлекеттік көліктік бақылау органдарының қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЖергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы №1038 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЖобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі icon«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Республикасы инновациялық қызметiнiң бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектiлерiнiң жүйесi
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЗайсан ауданында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2009-2011 жылдарға арналған өҢірлік бағдарламасы
Зайсан ауданында жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2009-2011 жылдарға арналғАН
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconЛ. Н. Гумилева Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің
М. У. Спанов Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тұжырымдамалық негіздерін атап көрсеткен, онда елдің экономикалық...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілде №922 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту...
5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі iconАммиакты тоңазытқыш қондырғылар классификациясы
Суықпен қамтамасыз етудің шартты графикалық бейнесі 1 кестеде көрсетілген алты принципиалды схеманы ажыратады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница