Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы




Скачать 151.87 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Дата конвертации24.03.2013
Размер151.87 Kb.
ТипДокументы




Жоба

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

қ а у л ы с ы


Алматы қ.

2011 жылғы «___» ___________

№ _____


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасында

валюталық операцияларды жүзеге

асыру ережесін бекіту туралы»

2006 жылғы 11 желтоқсандағы

129 қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 2 ақпанда № 17 (1046), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағында жарияланған, 2006 жылғы желтоқсан - 2007 жылғы қаңтар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінде:

2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Уәкiлеттi банк күнтiзбелiк ай iшiнде өзiне мәлiм болған, оның клиенттерi жол берген Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы (Экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесiнің 44-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) Ұлттық Банкке Ереженiң 1-1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша, келесi күнтiзбелiк айдың соңғы күнiнен кешiктiрмей хабарлайды.»;

7-тармақта:

бірінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) ақша жіберуші немесе алушы уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Ереженің 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық шарт (түпнұсқасы немесе оның көшірмесі);»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Ереженің 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, экспортпен немесе импортпен байланысты мәмiлелер бойынша мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын не орындауға негіз болатын құжаттар немесе олардың көшірмелері.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері ұсынылған кезде уәкілетті банк бұл көшірмелердің олардың түпнұсқаларымен сәйкестігін тексеруге құқылы.»;

7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1. Валюталық шартты Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылатын жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз ақша аудару үшін, сондай-ақ жеке тұлғалардың шетелдік банктердегі жеке шоттарына (жеке шоттарынан) аударымдар үшін ұсыну талап етілмейді.

Мәміле паспортын тіркеу, хабарлау немесе ресімдеу талаптары айқындалған валюталық операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары үшін валюталық шартты ұсыну міндетті. Резиденттердiң және резидент еместердiң банк шоттары бойынша баламасы он мың АҚШ долларына тең немесе аспайтын сомада ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүргiзген кезде егер:

1) ақша жіберуші (алушы) резидент емес немесе резидент - жеке тұлға болып табылса;

2) ақша жіберуші (алушы) резидент - заңды тұлға болып табылса және ақша жіберуші (алушы) осы ақша төлемiнiң және (немесе) аударымының тiркеу куәлiгiн, хабарлама туралы куәлiк алуды немесе мәміле паспортын ресiмдеуді талап ететiн валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты емес екенiн жазбаша растаса, Ереженің 7-тармағының 6) және 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.

Жүргізілетін ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы шынайы емес ақпарат ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк ақша жiберушiге (алушыға) жүктеледi.

Егер төлем және (немесе) аударым валютасы АҚШ долларынан өзгеше болса, төлем және (немесе) аударым сомасының баламасы операция жүргiзу күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледi.»;

8-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Резидентте хабарлама туралы куәлiк болмаған жағдайда уәкiлеттi банк оны алу қажеттiлігi туралы резидентке кез келген нысанда хабарлай отырып, операцияны жүргiзедi. Бұл ретте уәкiлеттi банк ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына резидент-клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына) жүргізілген валюталық операциялар бойынша Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысанда ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп бередi.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік ресімделген валюталық шартқа Ереженің 27-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларына сәйкес жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алуды талап ететін өзгерістер енгізілсе, Ереженің 7-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжат ретінде қолданыстағы тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті қабылдауға жол беріледі. Бұл ретте уәкілетті банк резидентке жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алу қажеттілігі туралы кез келген нысанда хабарлайды. Жаңа тіркеу куәлігін немесе хабарлама туралы куәлікті алуға уақтылы өтініш жасау жауапкершілігі резидентке жүктеледі.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақша жіберуші (алушы) – жеке тұлғаның Ереженiң 7-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ резидент емес – жеке тұлғалардың – Ереженiң 7-тармағының 5) тармақшасына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсыну мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi банк ақша төлемiн және (немесе) аударымын ақша жіберуші (алушы) осындай аударымның мақсатын көрсеткен кезде және оның өзі жасаған немесе растаған:

1) уәкiлеттi банкке осы ақша төлемi және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуi бойынша беруіне рұқсат ететiн;

2) осы ақша төлемi және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тiркеу куәлiгiн, хабарлама туралы куәлiк алуды, мәмiле паспортын ресiмдеудi талап ететiн валюталық операцияларды жүзеге асыруына байланысты еместiгiн растайтын (резидент жеке тұлғалардың аударымдары үшiн);

3) осы ақша төлемi және (немесе) аударымы жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты еместiгiн растайтын (жеке тұлғалардың уәкiлеттi банкте шоттар ашпайтын аударымдары үшiн) жазбалары болған жағдайда ғана жүргізеді.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүргізілетін ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы шынайы емес ақпарат ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк ақша жiберушiге (алушыға) жүктеледi.»;

12-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкiлеттi банк ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 2-қосымшасында белгiленген нысан бойынша жеке тұлғалардың күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырған мынадай ақша төлемдерi және (немесе) аударымдары туралы:»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Резиденттер және резидент еместер ішкі валюта нарығында мақсаттар бойынша шектеусіз және валюталық шартты және (немесе) орындалуы үшін шетел валютасын сатып алу және сату операциялары жасалатын басқа да құжаттарды ұсынбай шетел валютасын сатып алады және сата алады. Егер заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алу не сату (резидент еместер үшін) мақсатын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттарды ұсынбаса, тиісті операцияны уәкілетті банк шетел валютасын сатып алуға не сатуға өтінім негізінде жүргізеді.»;

21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Заңды тұлғалар Заңның 16-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген жеке тұлғаларға төлемдердi жүзеге асыру мақсатында өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алған кезде уәкiлеттi банкке жалақы төлеуге не қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберумен байланысты шығыстарды төлеуге негiз болатын, алынатын қолма-қол шетел валютасының сомасына арналған нұсқау бар және осы қолма-қол шетел валютасы сомасының тек осы мақсаттар үшiн ғана алынатынын растайтын құжаттарды ұсынады. Осындай құжаттар ретiнде бұйрық, өкiм, шешiм, қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберумен байланысты іссапар шығыстарының сметасы ұсынылуы мүмкiн.

Қолма-қол шетел валютасы корпоративтiк төлем карточкасы пайдаланыла отырып алынған жағдайда, көрсетiлген құжаттар уәкiлеттi банкке осындай алынған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде ұсынылады.

Заңды тұлғалардың қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберумен байланысты шығыстарды төлеу үшін бұрын алынған қолма-қол шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігін заңды тұлға қызметкерлердің іссапар мерзімі аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті банктердегі өздерінің банк шоттарына міндетті түрде аударуы тиіс.

22. Заңды тұлға қолма-қол шетел валютасын уәкілетті банктегі өзінің банк шотына аударған кезде заңды тұлға кіріс касса құжатында қолма-қол шетел валютасын алудың негіздемесін көрсетеді. Уәкілетті банк заңды тұлғалардың Заңның 16-бабы 1-тармағының 3), 4), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес алған қолма-қол шетел валютасын аудару жағдайларын қоспағанда, заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасын аудару фактісі туралы Ереженің 6-тармағына сәйкес Ұлттық Банкке хабарлайды.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Резиденттер тiркеу және (немесе) хабарлау орны бойынша валюталық шарттың қолданылу кезеңiнде туындайтын оған енгізілетін барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы осындай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып хабарлайды.»;

27-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Жаңа тiркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлiк алу бұрын берiлген тiркеу куәлiгiнде және (немесе) хабарлама туралы куәлiкте көрсетiлген мынадай мәліметтер өзгерген кезде талап етiледi:»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) шетелдік банктегі шоттың нөмірі өзгерген кезде;»;

28-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне резидент-заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы жазба енгізілсе;

1-2) қайтыс болу тіркелсе, сондай-ақ соттың резидент-жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау және қайтыс болу фактісін азаматтық хал актілерін жазудың мемлекеттік органдарында белгілеу туралы шешімдері болса;

1-3) қолданылу мерзімі аяқталған шарт бойынша тараптардың қаржылық міндеттемелерді орындауының болмауы туралы резиденттің жазбаша хабарын Ұлттық Банк алғаннан кейін;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Ереженің 27-тармағында көзделген жағдайларда жаңа тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы жаңа куәлiк берілген кезде;»;

29-тармақта:

мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) банктердің резидент емес-эмитенттердің бағалы қағаздарын және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алумен байланысты өз операциялары;

4-2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының резидент емес-эмитенттердің бағалы қағаздарын және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алумен байланысты операциялары;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) банктердің жұмыстардың және қызмет көрсетулердің экспортымен (импортымен), сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен байланысты өз операциялары;»;

32, 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Ұлттық Банк келiсiлген тәртiппен банктерге берiлген және күшi жойылған тiркеу куәлiктерi, хабарлама туралы куәлiктер жөнінде ақпарат ұсынады.

33. Уәкiлеттi банктер ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 3-қосымшасында белгiленген нысан бойынша заңды тұлғаларға (банктердi қоспағанда), сондай-ақ жеке тұлғаларға тiркеу куәлiктерi, хабарлама туралы куәлiктер берiлген валюталық шарттар бойынша жүргізілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп ұсынады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары осындай ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы резиденттен ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке енгізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

«36-1. Резидентте салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынуын тоқтата тұру туралы шешімі болған жағдайда алынған тіркеу куәліктері және (немесе) хабарлама туралы куәліктер бойынша есептілікті ұсыну осындай шешім қабылданған сәттен бастап және салық есептілігін ұсыну қалпына келтірілгенге дейін талап етілмейді.»;

39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер көрсетілген құжаттар Ұлттық Банкке соңғы ұсынылған сәттен бастап өзгермесе, Ереженің 27-тармағына сәйкес жаңа тіркеу куәлігін алу үшін олар қайтадан ұсынылмайды.»;

54 және 55-1-тармақтар алып тасталсын;

55-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«55-2. Жұмыстардың, қызмет көрсетулердің экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде резиденттер мен резидент еместер арасында төлемдер жүргiзген кезде резиденттiң хабарлауы талап етiлмейдi. Уәкiлеттi банк көрсетiлген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есепті ұсынады.»;

56-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«6) резидент емес эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарған бағалы қағаздарын, сондай-ақ қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру;

7) резидент эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және солардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыру, сондай-ақ резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына арналған депозитарлық қолхаттарды орналастыру;»;

58-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

60-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«60. Уәкілетті банктер ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша мынадай өз операциялары және резидент-клиенттердiң тапсырмасы бойынша баламасы бес жүз мың АҚШ долларынан асатын сомаға жүргiзiлетін операциялар бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есепті ұсынады:»;

63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«63. Резидент-жеке тұлға жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алуға байланысты ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргiзген кезде жеке тұлғаның Ұлттық Банкке валюталық операцияны жүргiзгенi туралы хабарлауы талап етiлмейдi. Уәкiлеттi банк резидент-клиенттердің көрсетiлген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) Ұлттық Банкке Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есепті ұсынады.»;

64-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64-1. Жеке тұлғаның Ұлттық Банкке шетелдік банктерде банк шоттарын ашу туралы хабарлауы талап етiлмейдi. Резидент-клиенттердің осындай шотқа (осындай шоттан) ақша аударымдарының көлемдері туралы ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-на дейiн (қоса алғанда) уәкiлеттi банк Ұлттық Банктiң орталық аппаратына Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша есеп түрiнде хабарлайды.»;

мынадай мазмұндағы 69-1-тармақпен толықтырылсын:

«69-1. Егер валюталық шарт бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы өзара міндеттемелердің жалпы сомасы Ереженің 37 және 50-тармақтарында көрсетілген шекті мәннен асып кетсе, қатысушылары бірнеше резидент болып табылатын валюталық шарт бойынша тіркеу (хабарлау) жүзеге асырылады.»;

1-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

«Ақша қаражатының нақты қозғалысы болмаған кезде тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат есепте көрсетілмейді.»;

3-қосымшада:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық Банктiң тiркеу куәлiктерi және хабарлама туралы куәлiктерi бойынша ақша төлемдері және (немесе) аударымдары туралы есеп»;

Толтыру бойынша нұсқау мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкiлеттi банктер Ұлттық Банкте тiркелген немесе Ұлттық Банктiң хабарлама туралы куәлiктерi алынған валюталық шарттар негiзiнде жүзеге асырылған барлық, оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген ақша төлемдері және (немесе) аударымдары бойынша есепті ұсынады. Есептiң 3-10-бағандары ақша аударуға арналған өтініштің және өзге төлем құжаттарының негізінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген, Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру ережесінің талаптары ескеріле отырып толтырылады. Егер төлем сомасына банктiң (алушы банктің және/немесе жiберушi банктің) комиссиясын қосылған болса, комиссия сомасы «Ескерту» 11-бағанында көрсетіледі.

Резидент-заңды тұлға шетелдік банктегi өз шотына/өз шотынан ақша аударған кезде бенефициар/ақшаны жiберушi ретiнде резиденттiң шоты ашылған шетелдік банк көрсетiледi.

Ақшаны валюталық заңнамаға сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты арқылы резиденттiң шотына аударған кезде резиденттiң шотына ақша аударылған күн төлем күнi болып саналсын. Бұл ретте жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шотына ақшаның түскен күнi «Ескерту» 11-бағанында көрсетiлуi тиiс.

Клиенттердің шоттары бойынша ақша қаражатының нақты қозғалысы болмаған кезде тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат есепте көрсетілмейді.

Ереженің 8-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған жағдайларда ақша төлемдері және (немесе) аударымдары кезінде «Ескерту» 11-бағанында резиденттің жаңа тіркеу куәлігін (хабарлама туралы куәлікті) алу қажеттігі туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл ақпаратты келесі есептерде көрсету талап етілмейді.

Есептен дәлсіздіктер анықталған жағдайда уәкілетті банк «Ескерту» 11-бағанында түзетуді (нақтылауды) көрсете отырып, түзетулерді (нақтылауларды) ұсынады.

Ескертулерде төлемнің өзге де ерекше талаптарына сілтемелер болуы мүмкін.»;

4-қосымшаны толтыру бойынша нұсқауда:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық шарттың қолданылу мерзiмi (қысқа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi) қаржы заемдары мен коммерциялық кредиттер тiркелген (хабарланған) жағдайда ғана қойылады. Валюталық шарттан оның қолданылу мерзiмiн нақты белгiлеу мүмкiн болмаған жағдайда, қолданылу мерзiмi тіркеу сәтінде Қаражаттың түсу және берешекті өтеу графигінде көрсетілген болжамды өтеу мерзіміне қарай көрсетіледі.»;

мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Валюталық шарттың өзінің талаптарында және (немесе) құжаттандырылған аккредитивтерге арналған бірегейлендіру ережелері мен дәстүрлерінде көрсетілген валюталық шарттың сомасын ұлғайту мүмкіндігі «Ескерту» жолында көрсетіледі.»;

5-қосымшаның 1-бөлімін толтыру жөніндегі нұсқаулар мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Егер сақтандыру сыйлықақысының сомасы негізгі борыштың бір бөлігі болып танылса, 1-тармақта валюталық шарттың сомасы сақтандыру сыйлықақысының сомасы ескеріле отырып көрсетіледі, ал 10-тармақта қаражаттың түсу және берешекті өтеу графигі жалпы сомаға жасалады.»;

7-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқауда:

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер инвестициялау объектiсiнiң есептi тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептiлiгiне сәйкес ұсынылады.»;

мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Ағымдағы жылғы 1-тоқсан үшін есеп берген кезде инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер:

1-бөлімде аяқталған жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы және аяқталған жылғы 31 наурыздағы, 30 маусымдағы, 30 қыркүйектегі және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша;

2-бөлімде аяқталған жылғы 1-тоқсан, 6, 9 және 12 ай үшін ұсынылады.

Ағымдағы жылғы 2-тоқсан үшін есеп берген кезде инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер:

1-бөлімде аяқталған жылғы 31 желтоқсандағы және ағымдағы жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша;

2-бөлімде ағымдағы жылғы 1-тоқсан үшін ұсынылады.

Ағымдағы жылғы 3-тоқсан үшін есеп берген кезде инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер:

1-бөлімде аяқталған жылғы 31 желтоқсандағы, ағымдағы жылғы 31 наурыздағы және 30 маусымдағы жағдай бойынша;

2-бөлімде ағымдағы жылғы 1-тоқсан және 6 ай үшін ұсынылады.

Ағымдағы жылғы 4-тоқсан үшін есеп берген кезде инвестициялау объектiсi туралы мәлiметтер:

1-бөлімде аяқталған жылғы 31 желтоқсандағы, ағымдағы жылғы 31 наурыздағы, 30 маусымдағы және 30 қыркүйектегі жағдай бойынша;

2-бөлімде ағымдағы жылғы 1-тоқсан, 6 және 9 ай үшін ұсынылады.»;

10-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқаулар мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Шетелдік банктегі шоттағы қаражат қозғалысы туралы есеп осы шетелдік банкте осы шотқа (депозиттік шоттарды қоса алғанда) қосымша жүргізілетін шоттардағы ақша қозғалысы мен қалдықтары есепке алына отырып қалыптастырылады.».

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі

2011 жылғы «___» ___________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

2011 жылғы «___» ___________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі

2011 жылғы «___» ___________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

2011 жылғы «___» ___________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрлігі

2011 жылғы «___» ___________

Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қ аулыс ы алматы қаласы 2007 жылғы 24 қыркүйек №111 Қазақстан Республикасының
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Басқармасының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін ақша төлемдері мен аударымдарын...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер
Республикасының Заңына сәйкес және қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлемдерді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница