«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020»




Скачать 30.06 Kb.
Название«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020»
Дата конвертации24.03.2013
Размер30.06 Kb.
ТипДокументы
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы.
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуының қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлігі үшін мемлекеттің қолдауы кешенді дамытудың сұранысқа ие және заманауи құралы екенін көрсетеді.

2012 жылдың 4 қаңтарындағы Республикамыздағы Ресми мәліметтерге жүгінсек, «жаңа бизнес – бастамаларды қолдау» (2010 жылдың қаңтар айынан бастап берілген несиелер) атты бірінші бағыт бойынша жасалған жәрдемақы беру келісімдерінің саны 567. Несиелердің ортақ сомасы 96 848 млн. теңге, төленген жәрдемақы сомасы 2 875 млн.теңге.

«Кәсіпкерлік секторды сауықтандыру» атты екінші бағыт бойынша жәрдемақы берудің 116 келісіміне қол қойылған. Несиелердің ортақ сомасы 110 696 млн.теңге, төленген жәрдемақы сомасы 3 923 млн.теңге.

«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» (экспорттаушылардың) атты үшінші бағытта 58 келісімге қол қойылды. Несиелердің ортақ сомасы 46 466 млн.теңге, төленген жәрдемақы сомасы - 2 681 млн. тенге.

Барлық бизнес – жоспарлар бойынша жасалынып отырған келісімдердің 49 % несиелік қаржысы өңделетін өнеркәсіпке, 18 % - көлік пен жинауға, 10 % - ауыл, орман және балық шаруашылығына, 9% денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге, 5 % - күн көру мен тамақтану қызметтеріне, 3 % - білім беру мен тағы басқа салаларға жұмсалады.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның барлық аумақтары ішінде Аймақтық үйлестіру кеңесімен қабылданған жобалар, төленген жәрдемақылар көлемі, қол қойылған жәрдемақы беру туралы келісімдер саны бойынша БІРІНШІ ОРЫНҒА ие болды. Нәтижесінде, игерілген сома 1млрд.теңгеден асты – яғни бұл облыстың экономикасына бағытталған каражат. 01.01. 2012 жылы 1, 2 және 3-ші бағыттар бойынша 50 жобаға жәрдемақы беру туралы келісім жасалып, Аймақтық үйлестіру кеңесімен қабылданып, қол қою сатысында 18 жоба тұрды. Қазіргі күні 55 жобаның келісіміне қол қойылып, тағы 21 жоба келісілді, қорыта келгенде 1, 2 және 3-ші бағыттар бойынша 76 жоба қамтылды.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының 4-ші қаржылық емес бағытының шеңберінде келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді.

2011 жылдың ішінде ШҚО бойынша Өскемен, Аягөз қалаларында, Көкпекті, Үлкен Нарын ауылдарында, Зырян, Шар, Риддер, Семей қалаларында, Қарауыл ауылында, Глубокое кентінде, Шемонаиха қаласында, Ақсуат, Үржар, Күршім, Бесқарағай ауылдарында, Зайсан қаласында, Ұлан, Бородулиха, Жарма, Зырян аудандарында 50 семинар – тренинг өткізілді. Мамыр – шілде және тамыз – қазан айлары аралығында 1286 тыңдаушы, оның ішінде 264 адам немесе 20,5% кәсіпкер, 1022 адам немесе 79,5% ықтимал кәсіпкер, оның ішінде 891 адам немесе 69,3% әйел адам оқытудан өтті.

Семинарлардың барлық қатысушылары куәлік пен ары қарай тәжірибеде пайдалануға арналған қағазда және электрондық тасымалдауыштардағы мәліметтерді тегін алды.

ШҚО атынан 15 қатысушы «Назарбаев Университеті» АҚ-да сабақ алды, 1 қатысушы өзінің бизнес – дағдыларын нығайтып, шетелдік компаниялардың бизнес жүргізу тәжірибесінен сабақ алып шетелде тегін тәжірибеден өтті.

2012 жылы ШҚО кәсіпкерлік пен өнеркәсіпкерлік Басқармасы, «Даму» ШҚО бойынша кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыруды жалғастырады.

Ықтимал және қызмет жасап жүрген кәсіпкерлердің бизнес – дағдыларын нығайту мен үйретуге бағытталған «Бизнес - кеңесші» бағдарламасы жалғасады. Жоспарланған мерзімдері 2011 жылдағыдай мамыр айы мен қазан айларының аралықтары.

Шетелде және «Назарбаев Университетінде» оқытылатын кіші және орта бизнес өкілдерінен таңдау жүргізіледі.

Бағдарламаның шарттарын түсіндіру жөніндегі кеңес беру шаралары «Даму» Фонды мен екінші дәрежелі банктердің қатысуымен жиі өтетін болады.
Мекенжайы: ШҚО Кәсіпкерлік басқармасы

Қазақстан Республикасы, ШҚО

Өскемен қ., Горький к., 40

тел.: +7 (7232)  241-883
Мекенжайы: «Даму» КДҚ

Қазақстан Республикасы, ШҚО

Өскемен қ., Орджоникидзе к., 2

тел.: +7 (7232)  214-486, 263-876, 260-867, 268-458
Семей қ, Кабанбай батыр к., 26, 512 жұмыс бөлімі

тел.: +7 (7222)  563-112
Ақпараттық сайттар:

www.damu.kz

www.dkb2020.kz

Похожие:

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» icon«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» iconС. Ш. Оралова а. Ясауи атындағы ХҚту-нің магистранты А. У. Ищанов экономика ғылымдарының кандидаты, профессор «бизнестің жол картасы – 2020»
«бизнестің жол картасы – 2020»: КӘсіпкерлік ел экономикасын дамытудың маңызды факторы
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» iconАнкета «Бизнестің жол картасы 2020»
Субсидиялау ережесі Сізден төмендегілерге сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде сыйақы ставкасының бір бөлігін...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» icon«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме
Президентінің және Қазақстанның дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 Қаулысы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» iconӨтініш-сауалнама
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» iconДиверсификация экономики основа новой экономической политики казахстан
...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» iconБағдарламасын жүзеге асыру басталды. Бағдарламаның мақсаты
Кәсіпкерлік секторды қолдау үшін 2010 жылғы сәуірден бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталды
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» iconҚазақстан Республикасының Үкіметінің ж
Сізден төмендегілерге сәйкес «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ақ алдында кредитті ішінара кепілдендіру...
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020» icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница