«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі




Скачать 85.94 Kb.
Название«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Дата конвертации21.11.2012
Размер85.94 Kb.
ТипДокументы


«Нұр Отан» ХДП ОА ҚҚБ меңгерушісі Ж.К. Жүкеновтің

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
20 маусым 2012 ж.
Біздің бүгінгі кездесуімізді 2012 жылға арналған республикалық тізбектік кестесіне сәйкес «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппартының қоғамдық қабылдау бөлмесі өткізген азаматтарды көшпелі қабылдаудың ақпаратымен бастағым келіп тұр.

Осы іс-шара Қостанай облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Лисаковск және Түркістан қалалық партия филиалдарында өтті. Іс-шара барысында «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Лисаковск қаласында болған кездесуге 112-ден астам адам қатысты: бастауыш партия ұйымдарының, кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары, қалалық мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері.

Қостанай облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі азаматтармен жұмысты жетілдіру мақсатында ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап облыстық және қалалық радиода тікелей эфирде қабылдау жүргізілуде.

Біздің кездесуіміздің шеңберінде, әріптестеріміздің осы жаңа жұмыс тәсілін пайдалана отыра, радионың тікелей эфирінде Қостанай, Лисаковск қалаларының, Таран, Денисовский, Жетіқара аудандарының азаматтарын қабылдауын өткіздік. Азаматтардан түскен өтініштердің негізгі бөлігі коммуналдық қызметтерді төлеу үшін ересек мүгедектерге жеңілдіктер ұсыну, мүгедек балаларға арналған әлеуметтік пакетті қайта қарау, моноқалаларды дамыту бағдарламаларды іске асыру және тағы басқалары.

Сонымен қатар, облыс активімен кездесу аясында, 2011 жылдың ««Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Ең үздік қабылдау бөлмесі» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Қостанай облыстық және қалалық, Жетіқара аудандық партия филиалдарына дипломдар табыс етілді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында партия филиалының кызыметкерлерімен, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен, халықпен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау өтті.

Қабылдау барысында жастарды патриоттық тәрбиелеу, Ұлттық Бірыңғай тестілеуді өткізу, электртораптар тарифі, қылмысты істі заңсыз тоқтату және тағы басқада мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында облыстық филиалдың және Партияның орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне бірнеше рет өтініш берген және көп уақыт бойы олардың проблемалары шешілмеген азаматтарды, облыстың құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесе қабылдау жүргізілді.

Қабылдаудың нәтижесі бойынша нақты тапсырмалар беріліп және олардың орындалуының бақылауын партияның облыстық филиалына жүктелді.

Өздеріңізге белгілі 2011 жылдың қыркүйегінен бастап «Қазорталық ЖКХ» акционерлік қоғамымен бірлесе тұрақты негізде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасын іске асыру және насихаттау бойынша кеңес беру жұмысы жүргізілуде.

Осы мәселе партияның тұрақты бақылауында.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Н.З. Нығматулин ағымдағы жылдың сәуір айында азаматтарды қабылдау жүргізген кезінде Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша азаматтарды көшпелі қабылдауды жүргізу туралы партияның Орталық аппаратына тапсырма берген болатын.

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері тез арада азаматтарды көшпелі қабылдаудың кестесін әзірледі.

Мысалы, Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесі Астана қалалық партия филиалымен бірлесе ү.ж. 17 мамырда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша «Көктал» тұрғын үй массивінің азаматтарын көшпелі қабылдауды жүргізген.

Қабылдауға қатыскан Астана қаласының мемлекеттік органдардың өкілдері 60 адамға барлық мүдделі мәселелері бойынша кеңестер берді.

Осы іс-шара тәжірибелік сабақ ретінде Жоғарғы партия мектебі семинарының қатысушылары – аймақтық партия филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің меңгерушілеріне көрсетілді.

Ағымдағы жылғы мамыр айында көшпелі қабылдаулар Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстық және Астана қалалық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде жүргізілген, 500-ден астам адам қатысқан.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

3. Партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің деректері бойынша апта сайын азаматтар консультативтік кеңес алу мақсатында өтініш білдіреді.

Есеп беру кезеңінің өзінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне шамамен 4,5 мың адам өтініш білдірген, олардың 2 мыңнан астамы заң бойынша кеңес алу үшін өтініш жасаған.

Халыққа білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен Қазақстанның адвокаттар одағы арасында жасалған меморандумға сәйкес қоғамдық қабылдау бөлмелерінде адвокаттардың азаматтарды тегін қабылдауы жүргізіледі.

Партия Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде апта сайын дүйсенбі және сәрсенбі күндері Қазақстан адвокаттар одағының өкілдері және жұма күні Астана қаласының Есіл аудандық адвокаттарының алқасы азаматтарға тегін заң кеңесі беру қызметтерін көрсетеді.

Сондай-ақ, сот процестерінде олардың мүдделерін қорғау бойынша азаматтарға тегін көмек көрсетіледі.

Астана қаласының адвокаттар алқасы апелляциялық инстанцияларда зейнеткер В.А. Тұңғышбаеваның мүдделерін қорғау үшін ақысыз адвокат тағайындалды.

Біздің қызметіміздің тәжірибесінде қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметкерлерінің қалалық, аудандық және Жоғарғы сотының отырыстарына қатысу практикасы енгізілген.

Құрметті әріптестер!

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен өтініштердің көпшілігі жұмысқа орналасу проблемасына байланысты.

Ағымдағы жылғы 5 айы ішінде осы проблема бойынша 1604 өтініш келіп түскен, бұл жалпы келіп түскен өтініштердің 13 % құрайды.

Сондықтан, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысқа орналасуға байланысты азаматтардың проблемаларын шешу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе 19 маусымда «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» атты екінші республикалық акциясын өткізді.

Осы акция алғашқы рет 2011 жылғы қазан айында өткізілді, оған 1288 адам қатысты.

Акцияға «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты қызметкерлері, облыстар және қалалар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары қатысты.

Іс-шара барысында баспасөз-конференциялары, халықпен кездесу, жұмыспен қамтуды іске асыру мәселелерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырыстары, азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Акцияның көптеген қатысушылары кәсіпорындар ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесі шеңберінде жұмысқа шақырылды.

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің алдын ала жасаған деректері бойынша акцияға 1129 адам қатысты.

Құрметті әріптестер, енді 2012 жылдың мамыр айындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын қорытындылауға көшеміз.

Бірінші:

2012 жылдың мамыр айында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6597 азамат хабарласқан, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1028 адамға көп.

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен жазбаша өтініштерге жасалған тақырыптық талдау өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда болмашы көбейгенін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік салалар туралы негізгі мәселелер мыналар: жұмысқа орналасу – 3 пайыз, денсаулық сақтау – 1,8 пайыз және еңбек ақы төлемеу – 1,5 пайыз.

Партия филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тұрақты атқарып отырған жұмыстарына қарамастан, мына өтініштер саны жоғары болып қалуда: тұрғын үй-коммуналды саласы – 16,9 пайыз, баспанамен қамтамасыз ету – 11,2 пайыз, жұмысқа орналасу – 10,9 пайыз.

Өткен айларда осы мәселелер туралы өтініштер Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстық және Алматы, Астана қалалық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне көптеп түсті.

Сонымен бірге өтініштер санын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағым – 3 пайызға және сот шешімдерімен келіспеу мәселелері – 1,9 пайызға кеміді.

Екінші:

Есеп беру кезеңінде мемлекеттік және құзіретті органдарға 82 пайыз (1730) өтініш қарау үшін жіберіліп, оның 60 пайызына (1037) жауап алынды. Жартысына жуығы (506) өзінің оң шешімін тапты.

Енді оң шешімін тапқан өтініштерге тоқталсам:

• Мәселен, Ақмола облыстық партия филиалынының ықпал ету арқасында мына мәселелер шешілді:

- 9 адам жұмысқа орналастырылды;

- аудандық бюджет есебінен аз қамтылған отбасылар балаларының колледжде оқу мәселесі шешілді;

- жетім баланы қамқорына алған қамқоршының өтініші бойынша оқушы бала сауықтыру орнына тегін емделуге жіберілді.

• Павлодар облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі көп балалы анаға «Алтын алқа» белгісін және аз қамтылған отбасыға компьютер алып беру бойынша көмек көрсетті.

• Партияның Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ықпал етуімен Астана қаласының тұрғыны Г. Жанұзақова қайта жұмысқа орналасты, С. Байғазинаның өтініші бойынша А. Кемпірбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды және оған 200 мың теңге көлемінде алимент төленді.

Үшінші:

Партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейдегі депутаттар азаматтарды қабылдау жұмыстары жалғасуда және олар халықпен үнемі байланыста.

Мәселен, партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейдің депутаттары 643 қабылдау жүргізіп, 1571 адамды қабылдады. Партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мәліметі бойынша депутаттар 1435 жазбаша өтінішті қарады, оның 614-і өзінің оң шешімін тапты.

Сіздерге мәслихат депутаттарының азаматтар мәселелерін шешкен сұрақтарына тоқтасам.

Ол

• Үстіміздегі жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облыстық аудандық мәслихаттар депутаттары 46 қабылдау жүргізіп, 140 адамды қабылдады. Қабылдауда 20 адамның көкейкесті мәселелері шешілді. Онда емделу бойынша демеушілік көрсету, байқауға киім тігу, газ плитасын сатып беру, құрылыс материалдарын алып беру, жер телімін алу бойынша көмек көрсетілді.

Облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының қасында құрылған сыбайластықпен күресу облыстық Кенесінің төрағасы А.С. Айтымов өзі басқаратын жоғары оқу орнында заң аясында тегін көмек көрсететін заң клиникасын ашты.

• Астана қалалық партия қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаты су құбырын қалпына келтіру, су желісін тазалау бойынша көмек көрсетті.

Төртінші:

Азаматтардың мәселелерін шешу мақсатында алыс елді-мекендер тұрғындары үшін 106 қоғамдық көшпелі қабылдау өткізілді, оған 848 адам қатысты.

Шалғай елді-мекендерде тұратын тұрғындардың мәселелерін шешу үшін орталықтан, облыстық және аудандық, жергілікті атқарушы органдардың басшылары шығып, жұмыстар атқаруда. Аталған жұмыс түрі халықтың көңілінен шығып отыр.

Бесінші:

Орталық аппараттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары 9 қабылдау жүргізіп, 75 адамды қабылдады, олар барлық өтініштерге кеңестер мен түсіндірулер берді.

Партия Орталық аппараттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктері және Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жер ресурстары агенттігінің өкілдері жұмысқа орналасу, «Болашақ» бағдарламасымен оқу және жылыжай ашу бойынша 24 адамды қабылдады.

«Шаңырақ» жобасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй-коммуналды саласындағы мәселелер бойынша 17 адамға заң тұрғысында тегін кәсіби кеңес берілді.

Адвокаттар одағының өкілдері 14 адамға тегін құқықтық-кеңес беру қызметтерін көрсетті.

Құрметті әріптестер!

2012 жылғы мамыр айындағы партия қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметінің қортындысы осындай.

Сөзімді қортындылай келе, үстіміздегі жылдың маусым айындағы атқарылатын іс-шаралар туралы айтқым келеді.

• Үстіміздегі жылдың 29 маусым күні барлық жерде «Жол картасы бизнесі – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша республикалық «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясы өтеді.

• Тұрғын-үй коммуналды шаруашылығын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды көшпелі қабылдау өткізіледі.



Похожие:

«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Тақауда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы бизнесі-2020»...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмелерінің стандарты Осы стандарт «Нұр Отан»
Осы стандарт «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің (бұдан былай – Қоғамдық қабылдау бөлмелері)...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2010 жылғы І тоқсандағы жұмысы туралы Есебі
«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесі 2005 жылдан өз қызметін бастады, оның құрамында 16 аймақтық, және 258 аумақтық құрылымдық...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй–коммуналды шаруашылығы бағдарламасын модернизациялау бойынша тұрғындарға түсіндіру, іске асыру және насихаттау туралы «Нұр Отан»
Хдп орталық аппарты қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі қабылдау өткізгені туралы ақпарат
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі
«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі
«Нұр Отан» хдп қоғамдық қабылдау бөлмесінде 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі iconМинистр қабылдау жүргізді өткен аптада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «Нұр Отан»
Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «Нұр Отан» хдп орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде тоғыз...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі iconКелісілді Бекітемін Орал қалалық «НұрОтан» мәслихатының хатшысы хдп оқФ төрағасы А. Шыныбеков Б. Шәкімов 2012 ж. «Нұр Отан»
Орал қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында қалалық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі iconЖемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан былай – Байқау) жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін...
«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі icon2012 жылдың қазан айындағы партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі туралы брифингтің материалдары Партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелері үстіміздегі жылдың 15 тамыз және 2 қараша күндері республикалық «Халықтық ipo»
Партиямыздың қоғамдық қабылдау бөлмелері үстіміздегі жылдың 15 тамыз және 2 қараша күндері республикалық «Халықтық ipo» бағдарламасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница