Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi




НазваниеҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
страница7/26
Дата конвертации21.11.2012
Размер3.13 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

94-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын

қолданғаннан кейiн жаза тағайындау

1. Қылмыс жасағаннан кейiн немесе жазасын өтеу кезiнде өз iс-әрекетi үшiн өзiне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескiру мерзiмi өтпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негiз болмаса, ол сауыққаннан кейiн сот жаза қолдана алады.

2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейiн бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жаңарту кезiнде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бiр күнi бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен жазалау мерзiмiне есептеледi.

95-бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы

мәжбүрлеу шаралары

1. Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнiң в) және г) тармақтарында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы - бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөнiндегi өзге де жаза түрлерi денсаулық сақтау органдарының емханалық психиатриялық көмек көрсететiн мекемелерiнде орындалады.

2. Сотталған адамның стационарлық емдеудi талап ететiн психиатриялық жай-күйi өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесiне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртiп пен негiздер бойынша жүргiзiледi.

3. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрi емделуi қажет болмай қалған кезде көшiрме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртiп бойынша жасалады.

4. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолдануын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде сот жүргiзедi.

Ескерту. 95-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыс

96-бап. Адам өлтiру

1. Кiсi өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру -

алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кiсi өлтiру:

а) екi немесе одан көп адамдарды;

б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;

в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепiлге алумен ұштасқан;

г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;

д) аса қатыгездiкпен жасалған;

е) көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;

ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған;

з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;

и) бұзақылық ниетпен;

к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;

л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек себебi бойынша;

м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тiнiн пайдалану мақсатымен жасалған;

н) осы Кодекстiң 97-100-баптарында көзделген әрекеттердi қоспағанда, бұрын адам өлтiрген адам жасаған адам өлтiру -

мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз өлiм жазасына не мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 96-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi

Анасының өзiнiң жаңа туған сәбиiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтiруi -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

98-бап. Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру

1. Жәбiрленушiнiң күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) болған кенет пайда болған жан күйзелiсi (аффект) жағдайында, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң жүйелi түрдегi заңға қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтiру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайлар кезiнде жасалған екi немесе одан да көп адамды өлтiру -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған

кiсi өлтiру

Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi

шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi

өлтiру

Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру -

үш жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру

1. Абайсызда кiсi өлтiру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру -

бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу

1. Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзге де тәуелдiлiктегi адамға қатысты жасалған дәл сол әрекет -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру

1. Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;

г) аса қатыгездiкпен;

д) ұйымдасқан топпен;

е) жалдау бойынша;

ж) бұзақылық ниетпен;

з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында;

и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тiнiн пайдалану мақсатында;

к) бiрнеше рет жасалса немесе оны бұрын осы Кодекстiң 96-бабында көзделген кiсi өлтiрудi жасаса, -

төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -

бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян

келтiру

1. Адамның өмiрiне қауiптi емес және осы Кодекстiң 103-бабында көрсетiлген зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру -

үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiн қамауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. <*>

2. Нақ сол әрекет:

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;

в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты;

г) ұйымдасқан топпен;

д) бұзақылық ниетпен;

е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында;

ж) бiрнеше рет жасалса немесе бұрын осы Кодекстiң 96-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрген немесе кiсi өлтiрген адам жасаса -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 104-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

105-бап. Денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру

Денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру -

елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiн қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

106-бап. <*>

Ескерту. 106-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

107-бап. Азаптау

1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстiң 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса, -

елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекет:

а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға қатысты;

б) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

в) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты;

г) азаптап;

д) жалдау бойынша;

е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында жасалған әрекет, -

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында

зиян келтiру

Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде

денсаулыққа ауыр зиян келтiру

Денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана ауыр зиян келтiру, -

бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде

денсаулыққа ауыр зиян келтiру

Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру

1. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру, -

жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру, -

төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. (алып тасталған)

4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -

елу айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

Ескерту. 111-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2004.12.09. N 10 Заңымен.

112-бап. Қорқыту

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемiн не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi кезiнде, -

төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

113-бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету

немесе заңсыз алу

1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тiнiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасау -

үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттер:

а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi көрiнеу белгiлi адамға қатысты;

б) кәмелетке көрiнеу толмаған адамға қатысты;

в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;

д) бiрнеше рет;

е) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Похожие:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (1997 жылғы 16 шiлде №167-1)
Республикасының Заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің мәтінін қара
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
Р Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР 1997 жылғы 16 шiлдедегi №168-1 Заңын қараңыз
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
Р Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР 1997 жылғы 16 шiлдедегi №168-1 Заңын қараңыз
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
Источник: ис параграф-www
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚылмыстық заң Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін...
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн...
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
Азақстан республикасының заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексiнің МӘтінін...
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
Азақстан республикасының заңдар жинағының III томына енгізілген қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексiнің МӘтінін...
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
...
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi iconҚазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница