САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру




НазваниеСАҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру
страница1/5
Дата конвертации05.11.2012
Размер0.52 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4   5




ӘОЖ 378.016.017.4-053.67(574) Қолжазба құқығында

САҒЫНДЫҚОВ АМАНТАЙ

Оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасында орындалды


Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы

Керимов Л.К.
Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы

Табылдиев Ә.Т.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Серикова Н.У.

Жетекші ұйым: І.Жансүгіров атындағы Жетісу

мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 ж. «14 сәуірде» сағат 10.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14.05.01. диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек-би 30, 3-қабат.
Автореферат 2010 жылы «____ » ____________ таратылды.




Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы: Көшербаева А.Н.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы көпұлтты Қазақстан мемлекетінде мекендейтін халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығын нығайту патриоттық тәрбиеге тікелей байланысты. Өйткені бұл ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі.

Ол, әсіресе оралман-тыңдаушы жастардың патриоттық сезімдері мен қасиеттерін өз ұлтының мәдени, рухани мұраларын пайдалану арқылы дамытудың қажеттілігін талап етеді. Осыған орай қазіргі таңда тыңдаушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін отан тарихын оқып үйрену және туған елге қызмет ету мүмкіндігін туғызу мақсатында мемлекеттік деңгейдегі маңызды құжаттар орын алады: «Қазақстан Республикасы Конституциясы», Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, және т.б. ҚР-ның азаматтарына патриоттық тәрбие берудің (2006-2008ж.ж.) арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама, мемлекеттік құжаттар республикадағы білім және тәрбие үдерістерінде басшылыққа алынып отыр.

Себебі, қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – оралман-тындаушыларды патриотизмге тәрбиелеу болып табылады. Бұл талаптың көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынан да өзекті бола түсуде.

Өйткені, әлемдік осы құбылыстан шет елдерде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері де тыс қалған жоқ.

Мәселен, Қазақстан Республикасының Президенті 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308-ші «Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» - туралы жарлығының үлкен бір саласы – шет елдегі қазақ диаспорасына білім беру мәселесіне арналады. Осыған сәйкес шет елдерде тұратын қазақ жастарына арналған (орта білімі бар) дайындық бөлімдерін ұйымдастыру қолға алынды.

Жастарға патриоттық тәрбие беру проблемасы кеңестік педагогика, психология ғалымдарының еңбектерінде де (М.А.Терентий, В.Ф.Фарфоровский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкий, Э.Моносзон, Н.Скаткин, Ю.Бабанский, Л.И.Божович, Н.И.Болдырев, Л.И.Леонтьев, Б.Т.Лихачев, И.С.Марьенко, С.Л.Рубинштейн, В.Сластенин және т.б.) ерекше көрініс алады. Оларда жастарды кеңестік патриотизмге тәрбиелеудің мазмұны, принциптері мен әдістері қарастырылады.

Қазақтың ақын-жыраулары Ж.Баласағұн, М.Қашғари, Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Махамбет Өтемісұлы патриоттық қасиеттерді жас ұрпақтың бойында тәрбиелеу туралы көзқарастарын терме-жырлар арқылы толғаған.

Өз еліне, халқына, оның тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне, тіліне деген сүйіспеншілік, Отандық сезімнің нағыз үлгісін оларды жастардың бойында тәрбиелеу мәселелерін қазақтың белгілі ағартушы педагогтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А,Байтұрсынов , М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. өзіндік өмірлік-шығармашылық қызметінде көрсеткен еңбектерінде аса көп көңіл бөлген. Халық қаһарманы, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Б.Момышұлының шығармаларында патриоттық тәрбие мәселелері кеңінен көрініс тапқан.

Патриотизм, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм проблемаларына көптеген философтар (М.Қозыбаев, Ә.Нысанбаев, А.Қалмырзаев, Л.Ахметова, К.Меңлібаев және т.б.) аса назар аударды.

Республикамызда зерттеліп отырған проблемаға байланысты Ә.Марғұлан, Т.Тұрлығұл сияқты тарихшы ғалымдар, әдебиет саласы бойынша М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Нұршайықов, А.Сейдімбек және т.б. зерттеушілер өз еңбектерінде патриотизмнің ұлттық мәнін терең зерттеді.

Педагогика саласында бұл мәселеге Тажібаев Т., Ә.Сембаев, Қ.Жампейсова, А.Көбесов, С.Иманбаева, А.Калимолдаева, Мажитова Ж., Д.Құсайынова, Е.Жұматаева, А.Бейсенбаева, Л.Т.Сейдахметова, Ж.Қалиев, Н.Н.Рыбкина, С.Нұрмұқашева, Р.Н.Кенжебаева, Ж.Дауренбаева, Н.Серикова және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты.

Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары арасында оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу проблемаларын зерттеуге қызығушылықтың артқандығы байқалады. Халықтық педагогиканың мүмкіндіктері арқылы оқушы-жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселесі А.А.Қалыбекова, Т.М.Әлсатов, Р.К.Төлеубекова, А.Н.Көшербаева, Р.А.Жаңабаева, Қ.Қ.Шалғынбаева, Ә.Т.Табылдиев, С.Ғаббасов, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Қ.Ж.Қожахметова және т.б. еңбектерін ерекше атауға болады.

Қазақ музыка шығармашылығының құралдары арқылы оқушы-жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселелері отандық педагог-ғалымдар С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Р.Дүйсембінова, Ш.Б.Құлманова, Р.Рысбекова, Қ.Ибрагим және т.б. зерттеу еңбектерінде көрініс тапқан.

Дей тұрғанмен, аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау бүгінгі күнге дейін педагогика ғылымында жоғары оқу орындарының дайындау бөліміндегі оқу-тәрбие үдерісінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру зерттеу объектісі болмағанын дәлелдейді. Қазіргі заманда оралман жастарды оқу-тәрбие үдерісі негізінде патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігі мен оның бір жүйеде зерттелмеуі арасында; оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Оқу-тәрбие үдерісінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің нысанасы–ЖОО-ң дайындық бөліміндегі оралман-тыңдаушылардың оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні –оқу-тәрбие үдерісінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның ғылыми-әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы – егер, оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың ЖОО-ның дайындық бөлімінің оқу үдерісіндегі гуманитарлық және жаратылыстану циклдеріндегі пәндерге патриоттық мазмұндағы тақырыптар кіріктіріліп, ғылыми-педагогикалық негізі анықталса және ұлттық тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілсе, сондай-ақ, олардың мазмұны, ғылыми-әдістемесі жасалып тәжірибеге ендірілсе, онда оралман-тыңдаушылардың өз халқының рухани, мәдени мұралары туралы білімі толықтырылады және патриоттық қасиеттері қалыптасады. Өйткені, бұл бүгінгі таңдағы ұлттық бірегейлікті сақтауға үлкен септігін тигізеді.

Зерттеудің міндеттері:

- шет елдердегі қазақ диаспорасының атамекенге оралуының тарихы және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтау;

- зерттеудің ғылыми-педагогикалық негізін анықтау және «патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық» ұғымдарына мазмұндық сипаттама беру, оралман-тыңдаушылардың әлеуметтік- педагогикалық ерекшеліктерін нақтылау;

- ЖОО-дағы оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделін даярлау және оның компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау;

- оқу-тәрбие үдерісіндегі оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу, қорытынды нәтижесін шығару.

Жетекші идея өз ұлтының рухани мәдениеті – студент жастардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың жетекші құралы.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін қоғамның және адамзаттың даму тарихы туралы заңдылықтары, ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтардың өзара бірлігі жөніндегі қағидалар, жеке тұлғаның дүниетанымдық көзқарастары, философиядағы, тарихтағы, психология мен педагогикадағы оқу-тәрбие идеялары, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы пәндердің Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік оқу жоспарлары мен бағдарламалары, тұжырымдамалары, заңдары және т.б. мемлекеттік ресми құжаттары құрайды.

Зерттеудің көздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру» туралы мемлекеттік бағдарламасы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының дайындық бөліміндегі (қазақ диаспорасына) арналған гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша типтік бағдарлама, сондай-ақ автордың жеке басының педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі саналады.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

- алыс-жақын шетелдердегі қазақ диаспорасының өз атамекеніне оралуының тарихы және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары анықталды;

- «Патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық» түсініктері зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайтын ұғымдары тұрғысынан анықталды және оралман-тыңдаушылардың әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері нақтыланды;

- алғашқы рет оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі даярланды және оның компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталды;

- алғашқы рет ЖОО-ның оқу-тәрбие үдерісіндегі оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі жасалып оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жүргізу арқылы тәжірибеге енгізілді.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің негізгі қағидалары ЖОО-ң дайындық бөліміндегі пән мұғалімдеріне арналған «Оқу-тәрбие процесінің патриоттық тәрбиедегі мүмкіндіктері» атты арнайы курс бағдарламасы, қазақ тілі, әдебиет, қазақстан тарихы, физикалық география, экономикалық география, биология, химия және т.б. пәндерден жаңа технология бойынша ұйымдастырылып өткізілген сабақтардың әртүрлі формалары мен үлгі тақырыптары және оқудан тыс уақыттағы патриоттық тәрбие жұмыстары бойынша: «Мұзда жанған алау», «Егеменді ел тарихы», «Сен өз Республикаңды білесің бе?», «Атамекен ауылына саяхат» және т.б. тақырыптарда өткізілген іс-шаралар жоспары мен мазмұны оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында дайындық бөлімінің оқу-тәрбие үдерісіне ендірілді.

Ұсынылған әдістемелік нұсқаулар ЖОО-дағы дайындық бөлімнің оралман-тыңдаушыларына сабақ беретін пән мұғалімдері мен тьюторларына патриоттық тәрбие беруде көмек болады. Сонымен қатар, зерттеу материалдарын мұғалімдер даярлайтын арнайы орта және жоғары оқу орны практикасында, нақтырақ айтқанда студенттердің педагогикалық практикасында педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- алыс-жақын шетелдердегі қазақ диаспорасының өз атамекендеріне оралуының тарихи және әлеуметтік-педагогикалық алғышарттарын анықтау. Олардың бойындағы патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады;

- оралман-тыңдаушылардың әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап, олардың бойында қалыптастырылатын «патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық» ұғымдарының мазмұнына ғылыми-теориялық, әдіснамалық тұрғыдан сипаттама беруге бағыт-бағдар береді;

- ЖОО-дағы оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық моделі эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер, өлшемдер мен деңгейлер арқылы сипатталады;

- ЖОО-ның дайындық бөліміндегі пән мұғалімдері мен тьюторларына арналған әдістемелік нұсқаулар мен арнайы курс бағдарламасы, патриоттық тақырыптардағы тәрбиелік іс-шаралар мазмұны оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2002-2004) зерттеу проблемасының тақырыбы нақтыланып, ғылыми және ұғымдық аппараты құрылды, тақырыпқа сәйкес материалдар жинақталып, сараланды.

Екінші кезеңде (2005-2007) зерттеу проблемасы бойынша жинақталған материалдар зерттеудің міндеттері бойынша жүйеге келтірілді. Тәжірибелі-эксперименттің бағдарламасы жасалды, анықтау және қалыптастыру эксперименті жүргізілді. Оқу-тәрбие жұмыстарының формалары мен әдістері айқындалды, олардың тиімділігі тексерілді. Ғылыми мақалалары басылым көрді.

Үшінші кезеңде (2008-2009) тәжірибелі-эксперимент жұмысы жалғасын тапты, бақылау эксперименті жүргізілді. Алынған нәтижелер математикалық өңдеуден өтті, диссертация әдебиеттері жүйеге келтірілді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының мақсатына сәйкестігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштер нәтижелерін қорытындылаумен, жалпы білім беретін мектептің сыныптарында олардың тиіміділігін тексерумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің базасы. Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қазақ қыздар педагогикалық институтының және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дайындық бөлімдерінде өткізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық, республикалық (Алматы, Шымкент 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008 жж.) ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды, эксперимент барысында жүзеге асты, сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалаларда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар мазмұндалады.

«Оқу-тәрбие үдерісінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде шетелдерде тұратын қазақ диаспорасының атамекенге оралуының тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары мен олардың бойында қалыптастырылатын «патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық» ұғымдарының өзара байланысы зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады және оқу-тәрбие үдерісінде ескерілетін шетелдерден келген қазақ диаспорасының әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері айқындалады.

«Оқу-тәрбие үдерісі арқылы оралман-тыңдаушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастырудың әдістемесі» атты екінші бөлімде оқу-тәрбие үдерісінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық моделі ұсынылып, дайындық бөлімінің оқу-тәрбие процесіндегі гуманитарлық пәндер циклі бойынша оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың формалары мен әдістері негізделеді, тәжірибелік-эксперимент жұмысының әрбір кезеңдеріндегі нәтижелері көрсетіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдары мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Қосымшада оқу-тәрбие үдерісінде патриоттық мазмұндағы өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны толық көрініс табады (А, Ә, Б қосымшалары).
  1   2   3   4   5

Похожие:

САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconОҚу-тәрбие процесінде денсаулық сақтау технологиясын қолдану қасымова А.Қ. Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, №13 орта мектеп Түйіндеме
Берілген мақалада қазақ тілі пәні бойынша оқу-тәрбие процесінде денсаулық сақтау бағыты бойынша жұмыс түрлері көрсетілген
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconТәрбие жұмысы бойынша қорытынды есебі 2011 2012 оқу жылы
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған...
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconСабақ тақырыбы: Білімді тексеру сабағы
Сабақ мақсаты: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде...
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconҚазақстан Республикасының Заңы
«оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше «Оқу-тәрбие процесін», «оқу-тәрбие процесінің» деген...
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconТақырыбы: Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу пәндері арқылы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу
Республикалық комплекстік программаның негізі 8-ші бағытының бірі қазақстандықтарға патриоттық сезімді қалыптастыру болатын. Онымен...
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconАзаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнiндегi республикалық кеңес туралы
Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi...
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру icon«Қазақстан – елім менің» Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын. Мақсаты
Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconБайсарина сандуғаш сайлауқызы қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconТәрбие сағат тақырыбы: Желтоқсанның ызғары
Мақсаты: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру
САҒындықов амантай оқу-тәрбие процесінде оралман-тыңдаушылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру iconДәулетбеков Амантай
Совет жауынгерлерінің батырлығы мен ерлігін көрсететін суреттердің ішінен мен Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбековтің фотосуретін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница