Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы




Скачать 396.4 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы
страница1/3
Дата конвертации25.03.2013
Размер396.4 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3





Қазақстан Республикасы Статистика агентігі


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

төрағасының

«03» шілде 2010 жылғы

№ 169 бұйрығына қосымша

Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті


Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Астана, 2010 жыл

Мазмұны




1.

Әдістемелік нұсқаулықта қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар

4










2.

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі туралы жалпы мағлұмат

5










3.

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізуде қолданылатын сыныптамалар тізбесі

6










4.

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізуді ұйымдастыру


7

5.

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін көкейкесті ету көздері

9










6.

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінен жиынтық ақпаратты қалыптастыру

10













Қосымша

11













Осы әдістемелік нұсқаулық тұрғын үй қорын талдауға тұрғын үйлер мен тұрғын жайлар туралы мәліметтерді қалыптастыру және қорландыру мақсатында тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу жұмысында қолдану үшін жасалды. Әдістемелік нұсқаулық тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізуді іске асыратын мамандарға арналған.


  1. Әдістемелік нұсқаулықта қолданылатын негізгі терминдер және анықтамалар


Осы әдістемеде келесі анықтамалар қоданылады:

1) Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын жайлар;

Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорына мыналар кіреді:

жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың бiрлестiктерiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын жай;

мемлекеттік тұрғын үй қоры -  мемлекеттік меншік құқығына тиесілі және жергілікті атқарушы орган қарауындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) немесе мемлекеттік кәсіпорын қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорын тұрғын үй қоры) тұрғын жай.

Тұрғын үй қорына тұрғын үйдегі тұрғын емес жайлар кірмейді.

2) Тұрғын жай – техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін тұрақты тұруға арналған және қолданылатын, жеке тұрғын бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

3) Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бірліктерден тұратын құрылыс;

4) Үй - жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;

5) Тұрғын үй - жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;

6) Тұрғын емес үй - жай – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, дәмхана, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);

7) Тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;

8) Тұрғын жайдың тұрғын алаңы - тұрғын жайдың тұрғын алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;

9) Тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;

10) Тұрғын жайдың жалпы алаңы - тұрғын жайдың пайдалы алаңының және нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес төмендететiн коэффициенттер қолданылып есептелетiн балкондар (лоджиялар, дәлiздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;

11) Халықты тұрғын үймен қамсыздандыру – тұрғын үйлердің жалпы ауданының (шаршы метрмен) сонда тұратын тұрғындар санына қатынасы ретінде анықталады;

12) Тұрғын үй қорын абаттандыру – абаттандырудың жекелеген түрлерiмен тұрғын үйлердi жабдықтау (су құбырымен, кәрізбен, орталық жылытумен, газбен, ыстық сумен, ванна бөлмелерiмен және т.б.).

13) Сыртқы қабырғалар материалдары – үйдің сыртқы қабырғасы салынған құрылыс материалдары. Егер үй қабырғасы бірнеше материалдардан тұрғызылса, басым материал көрсетіледі.



  1. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі туралы жалпы мағлұмат


Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі (ТҚТ) тұрғын-үй қорының статистикасын қалыптастыру және үй шаруашылықтарын зерттеу үшін іріктемелерді қалыптастыруға тұрғын үйлер және тұрғын жайлар бойынша деректерді қалыптастырып жинау мақсатында жасалған.

ТҚТ жүргiзудің негiзгi міндеттері мыналар: тұрғын үйлер және тұрғын жайлар туралы деректер жинау;

тұрғын-үй қоры бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру және көкейкесті ету (бар болуы, жағдайы, iске қосу, қатардан шығару);

іріктеме зерттеулерді өткiзу және статистикалық әзірлемелерде қолдану;

үй шаруашылықтарында іріктеме зерттеулерді өткiзу;

ТҚТ есепке алу бірліктері Қазақстан аумағындағы барлық тұрғын үйлер және тұрғын үй-жайлар болып табылады. Оларға жататындар:

пәтер;

бiр пәтерлi (жеке) үй;

екi пәтерлi үй;

үш және одан да көп пәтерлі үй.

Тіркелімнің құрылымы. Тіркелім республиканың тұрғын үй қоры туралы және пәтерлерде тұратын адамдар саны туралы деректерді құрайды. Тұрғын-үй қорының деректер қоры екі кестеден тұрады:

ҮЙ - негiзгi кесте, жалпы тұрғын үйлер бойынша ақпараттардан тұрады;

ПӘТЕР - қосымша кесте, тұрғын үйдiң әрбiр пәтерi туралы ақпараттардан тұрады.







ҮЙ кестесі

ПӘТЕР кестесі

ТҚТ құрылымы сызбасы

ҮЙ кестеcі - әрбiр үй туралы мәлiметтері бар үйлер тiзiмі, яғни үйдің түрін, үйдің сыртқы қабырға материалдарын, үйдегі пәтер санын, жалпы және тұрғын аудан көлемін сипаттайтын атрибуттар қатарынан тұрады.

ПӘТЕР кестесі – аудан көлемі, бөлмелер саны, тұрғындар саны туралы мәліметтермен бірге белгілі - бір үйге кіретін пәтерлер тізімін қосады.

ҮЙ кестесiндегi әрбiр жазу ПӘТЕР кестесiндегi жазуларға мiндеттi түрде сәйкес келедi. Пәтерлер бойынша кесте үйдiң сәйкестендірме коды бойынша кестесімен байланысты. Әрбiр кесте өзінің атрибуттар құрамынан тұрады (қосымша 1, 2).
3. Тіркелімді жүргізу кезінде қолданылатын жіктелімдер тiзiмi
ТҚТ жүргізу ӘАОЖ (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші) мемлекеттік жіктеуіштерді, сондай-ақ жергілікті анықтамалықтарды қолданумен жүзеге асады (3 қосымша):

Көшелер кодификаторы;

Имарат түрлерiнiң анықтамалығы;

Үйдi абаттандыру түрлерiнiң анықтамалығы;

Үйдiң сыртқы қабырғалары материалдарының анықтамалығы;

Үй ахуалының анықтамалығы;

Тұрғын үйдiң қатардан шығу себебінің анықтамалығы;

Тұрғын үйдi енгiзу шарттарының анықтамалығы;

Пәтерлер меншiк нысанының анықтамалығы;

Үйдi салушылардың анықтамалығы;

Үйдегi жайды беру шарттарының анықтамалығы;

Пәтер ахуалының анықтамалығы;

Пәтердiң қатардан шығу себебінің анықтамалығы.

Үй категориясының анықтамалығы;

Жергілікті анықтамалықтарды қолдану үйлерді жекелеген нышандары бойынша жіктелуге мүмкіндік береді. Ахуалдық код зерттеу кезіндегі үйлердің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Үйлерді сәйкестендіру үшін үйлерді сәйкестендіру кодының бірегей коды (IKD) пайдаланылады, әрбір үйге тіркелімге жазу кезінде беріледі. Келешекте, көкейкесті етуге қарай үйлерді сәйкестендіруді әрбір үйге Жылжымайтын мүлік орталығымен берілетін кадастрлық нөмір бойынша жүргізуге болады.

Көшелер кодификаторын жандандыру. Көшелер кодификаторы екі негізгі секциядан тұрады – «Көше түрлері» және «Көше атауы», сондай-ақ түрлердің немесе көше атауларының (немесе көшелер демографиясы туралы) өзгеруі жөніндегі мәліметтерге арналған мекенжай анықтамалығы.

Түр – көшенің сәулет-жоспарлау сипаттамасын анықтайтын топтық нышан.

Атау – көшелер атауынан тұратын жеке нышан.

Көше кодификаторына өзгерістер енгізуге қолданыстағы жаңа көше атаулары, сонымен қатар көше атауларының өзгеруі туралы ақпарат негіздеме бола алады. Көшелердің жаңа атаулары туралы мәлімет көзі көше атауын беруге және өзгертуге уәкілетті орган болып табылатын маслихаттар және әкімдер, ономастикалық комиссия шешімдері болып табылады. Нақты бар және жаңа көшелер туралы ақпараттар жинау, сонымен қатар көше атауын өзгерту аумақтық деңгейде жүзеге асырылады (маслихаттар және әкімдер шешімі) және республикалық деңгейге жіберіледі. Аумақтық деңгейде тұрғын үй қоры тіркелімі көше кодификаторына түзетулер автотүзету тәртібінде енгізіледі.

4. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізуді ұйымдастыру
Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу мен жандандыру ақпараттық жүйені (бұдан әрі – АЖ) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

АЖ Қазақстан Республикасы тұрғын үй қоры туралы мәліметтерді жинау, сақтау және бейнелеудің орталықтанған жүйесін білдіреді.

Жүйе барлық процесс қатысушыларының қолжетімділік құқықтарының ескеріліп, мәліметтерді шынайы уақыт жағдайында және сақталған кесінді мәліметтер күйінде ұсыну қажеттілігінің ескерілуімен жасалған.

АЖ Қазақстан Республикасы Статистика органдарының ұйымдастырылған құрылымы негізінде мына құрамда қызмет атқарады:

республикалық деңгейде: Қазақстан Республикасы Статисттика агенттігінің (бұдан әрі – ҚРСА) тіркелімдер және сыныптамалар департаменті және «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ақпараттық есептеу орталығы» РМК (бұдан әрі – АЕО) қызметкерлері.

Аумақтық деңгейде (16 облыс) : облыстық (қалалық) статистика департаменттері.

Деректерге республикалық деңгейдегі қолжетімділік барлық өңірлер бойынша мәліметтердің ұсынылуын білдіреді.

Ақпараттық жүйе келесі функционалдық блоктардан тұрады:

1) Алғашқы деректерді жинау және ұсыну бойынша жиынтық міндеттер.

2) Сыртқы дереккөзерден мәліметтерді жүктеу бойынша жиынтық мәселелер.

3) Анықтамалар мен жіктелімдерді алып жүру жиынтық мәселелері.

4) Есептілікті қалыптастырудың кіші жүйесі.

Алғашқы деректерді жинау және ұсыну бойынша мәселелер кешені тұрғын үй қоры мәліметтерін жинау, көкейкесті ету процестерін автоматтандыруға арналған. Мәселелер кешенін ҚРСА аумақтық органдарындағы жауапты орындаушыларға тұрғын үй қоры жағдайы туралы мәліметтерді (үйлер каталогы және пәтер) аумақта көкейкесті етуге, ҚРСА республикалық деңгейдегі өкілдеріне үй шаруашылығы түсірілімдері мен мәліметтер кесінділерін статистикалық бақылаулар мен есептілікте қолдану үшін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сыртқы дереккөздерден мәліметтерді жүктеу кешенді мәселелері жүйе мәліметтерін келесі сыртқы дереккөздер негізінде көкейкесті етуге арналған.

Тұрғын үй қоры тіркелімін жүргізу бойынша АЖ-ға келесі сыртқы дереккөздер енгізілген:

«Тұрғын үй қоры тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры жүйесі (ТҚТ МДҚ);

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (ӘАОЖ);

Өзге сыртқы дереккөздер.

ТҚТ МДБ және өзге сыртқы дереккөздер мәліметтерді бірыңғай XML форматта беруі қажет.

Анықтамалар мен жіктеуіштерді алып жүруші мәселелер кешені анықтамалар мен жіктеуіштерді жүйе интерфейстері арқылы көкейкесті етуге арналған.

Есептілікті қалыптастырудың кіші жүйесі келесі мәселелерді шешуге арналған:

1) тұрғын үй қоры деректері кесінділерінің негізінде регламентті есептерді қалыптастыру;

2) әр-шаруашылық дәптерін қалыптастыру;

3) тоқсан сайынғы деректер кесіндісі үшін «Қазақстан Республикасы тұрғын үй қоры туралы» статистикалық жинақтың құрамына кіретін регламенттелген есеп жинақтарын қалыптастыру;

4) регламентті емес есептілікті қалыптастыру.

АЖ жүргізу үшін республикалық деңгейдегі мамандар және аумақтық деңгейдегі мамандарға пайдаланушылар басшылығы қолданылады.

Ақпараттарды енгізу және түзету өңірлік деңгейдегі мамандармен іске асырылады. Ақпараттарды енгізу және түзетуде келесіні ескеру қажет:

анықтамаларға өзгерістер тек республикалық деңгейде енгізіледі;

барлық анықтамалық ақпарат мәзірден алынады;

жеке үй үшін пәтер № жолағында «0» қойылады;

екі және одан да көп пәтерлі үй үшін пәтер № жолағында пәтердің сәйкес номері қойылады;

егер үй істен шыққан болса, онда міндетті түрде үйдің істен шығу себебі жолы және ПӘТЕР кестесінде әр пәтердің Sk=2 жолағы толтырылуы тиіс;

үйдің жалпы ауданына үйдегі шыққан пәтерлердің жалпы ауданы кіреді;

үйдің тұрғын ауданына шыққан пәтерлердің жалпы ауданы кірмейді; үйдің тұрғын ауданына тұрғын емес жағдайдан тұрғынға өзгертілген пәтердің тұрғын ауданы кіреді;

егер тұрғын үй қорынан пәтер шығарылса, онда «пәтердің шығарылу себебі» жолағы міндетті түрде толтырылуы керек;

түзетулер енгізілген кезде базада тек қана өзгерістер келіп түскен мәліметтер ғана өзгертіледі, қалған деректер өзгертілмейді;

тіркелімге тек қана тұрғын жапсаржайлар енгізіледі;

ТҚТ базасындағы кез-келген өзгерістер кезінде «соңғы көкейкесті ету күні» атрибутына жүйелік мерзімі енгізіледі.

Тұрғын үй қоры абаттандырылуын көкейкесті ету кезінде, мына жағдайларда тұрғын-жай жабдықталған деп есептелетінін ескеру қажет:

егер құбыр тұрғын-үйдiң iшiнен салынса, су құбырымен. Су құбыры орталық желiден, немесе жеке қондырулардан қарастырылуы мүмкін;

егер үйдің ішінде шаруашылық-фекал суларын көшедегі кәріздік желіге ағызуға арналған сорып алатын құдықтар немесе кәріздік құрылғылары болса, кәрізбен;

егер орталық жылыту станциясы көмегімен немесе қондырғыдан немесе ғимарат немесе үй ішінде орналасқан құрылғы көмегімен жүзеге асырылса және энергия көздеріне байланыссыз жылыту мақсатына арналған, орталық жылытумен;

егер үйдің ішінде көрсетілген жабдық түрлерінің біреуі орнатылса ванна немесе себезгімен,;

орталықтан немесе жеке су ысытқыштардан берілетіндігіне қарамастан тұрмыстық қажеттілікке тұрғын үйге ыстық су беретін арнайы су құбырынан ыстық сумен жабдықтау;

жерде тұратын газ плитасы орнатылған жағдайда, желілік не болмаса сұйытылған газбен;

егер тұрғын үй орталық электр желісіне немесе жеке қондырғыларға қосылған болса, электрмен;

Республикалық деңгейдегі мәліметтерді түзету негізінде тоқсан сайын «тарихи кесінді» қалыптастырылады (белгілі бір кезеңде қалыптастырылған дерекқор).

Тарихи кесінді ұйғарынды кестелерді қалыптастыру тіркелім мен әр шаруашылық дәптерін қалыптастырудан қолданылады.
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы «27» сәуірдегі №97 бұйрығына 4-қосымша «Кәсіпорындарды тікелей инвестициялар бойынша зерттеу сауалнамасы»
Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы «27» сәуірдегі №97 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2011 жылғы 2 тамыз №211 Астана қаласы
Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №233 Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы
Көлік статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша Қазақстанның ұлттық тәжірибесі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының 2011 жылғы «15» шілде №192 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде серверлік жабдықтың...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының
Статистикалық көрсеткіштер жіктелімінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпараттық-талдамалық жүйесінде оларға...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconАгенттігі төрағасының 2006 жылғы
Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2006 жылғы «03» тамызда №317-ө және Қазақстан Республикасы Білім...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының
Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде статистикалық әдіснамаға...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconСумен жабдықтау және су бұру қызметінің КӨрсетілген көлемін анықтау әдістемесі
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 30. 12. 2010 жылғы №611...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының м а. 2011 жылғы «21» қыркүйек №263 бұйрығымен бекітілген 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары»
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде серверлік жабдықтың...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «03» шілде 2010 жылғы iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі
Стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жауапты хатшысымен бекітілген Атырау облысының Статистика департаментінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница